Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ
«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды енгізеді:

  1. Өмірді сақтандыру.

  2. Аннуитетті сақтандыру.

  3. Өмірде белгілі бір оқиғаның пайда болуына байланысты сақтандыру.

4. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуы арқылы өмірді сақтандыру.
Сақтандырушы – сақтандырудың осы түрі (сынып) бойынша қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.

Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаған тұлға. Егер сақтандыру шартымен өзгесі көзделмеген болса, сақтанушы бірмезгілде сақтандырылған деп есептеледі.

Cақтандырылушы – сақтандыру сақтандыру жүзеге асырылатын адам.

Пайда алушы - сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Сақтандыру объектісі – сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына байланысты сақтанушының (пайда алушы) мүліктік мүддесі.

Сақтандыру жағдайы – оның пайда болуына байланысты сақтандыру шартының талаптары бойынша көзделген тәртіппен сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісін сақтандырған және сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырушының жауапкершілігінің көлемін білдіретін ақша сомасы.

Сатып алу сомасы – сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кездегі сақтанушыға сақтандыру шартының талаптарына сәйкес төленуге тиісті ақша сомасы.

ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда немесе сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не жасқа байланысты сақтандыру шартымен анықталған жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

Өмірді сақтандыруға сақтандырудың мынадай түрлері кіреді:



    1. өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру;

    2. қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру;

    3. өмірді жинақтап сақтандыру.


1. ӨМІРДІҢ АҚЫРҒЫ МЕРЗІМІНЕ ДЕЙІН САҚТАНДЫРУ
Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру - бұл сақтандырушының сыйлықақы төлеудің орнына егер сақтандырылушы аталған мерзімге немесе жасқа дейін өмір сүрсе пайда алушыға сақтандыру төлемін жасауды міндетіне алады. Осы сақтандырумен жабылатын тәуекел бұл сақтандырылушының кірісті кеміту мүмкіндігі факторын ескере отырып, айрықша өмірінің ұзақтығы тәуекелі.

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандырудағы сақтандыру жағдайы болып қайтыс болу емес, өмірдің ақырғы мерзімі алынады, сондықтан медициналық тексеру, сақтандырылушының денсаулық жағдайы туралы өтініш тапсыру міндетті емес. Сақтандырылу немесе сақтандырылмау жөнінде таңдауды сақтандырылушының өзі жүзеге асырады, өйткені денсаулығы нашарлаған адамға сақтандырылу тиімді емес.

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін сақтандырудың негізгі түрлері:

Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыру;

Дереу өмірлік рентасы бар сақтандыру.

Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыру. Сақтандыру сомасын төлеу белгілі бір уақыт кезеңінен басталған кезде сақтандыру баяулатылған болып табылады. Сөйтіп, егер сақтандырылушы аталған сақтандыру мерзіміне дейін өмір сүрген болса, онда сақтандыру төлемі сақтандыру шартында көрсетілген белгілі уақыт кезеңі аралығында жүзеге асырылады. Егер сақтандырылушы сақтандыру шартында көрсетілген күнге дейін өмір сүрген болса, онда сақтандырушы баяулатылған сақтандыру капиталы арқылы пайда алушыға сақтандыру сомасын төлеуді міндеттенеді.

Сыйлықақыларды сақтанушы сақтандырудың барлық мерзімі аралығында немесе сақтандырылушы қайтыс болған күнге дейін төленеді.

Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандырудың екі түрі бар: сыйлықақыны өтеу арқылы және сыйлықақыны өтемей жасалатын.

Сыйлықақыны өтемей жасалатын баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыруда егер сақтандырылушы сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болса, төленген сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. Сақтандырудың бұл түрі тек жинақтық болып табылады, өйткені оның мақсаты – сақтандырылушының кәртаюына жинақ жасау.

Сыйлықақыны өтеу арқылы жасалатын баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыруда егер сақтандырылушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болса, онда төленген сыйлықақылар пайда алушыға төленеді.

Қалыптағы жағдайда сақтандырылушы шартта көрсетілген жастан ұзақ өмір сүрген жағдайда сақтандыру рентасын жасау арқылы белгілі бір соманы төлем жасауға сақтандырылуға ұмтылады. Төлем жасалатын сәттеге қатысты ренталар шұғыл және баяу жасалатын болып бөлінеді.



Шұғыл өмірлік рента – бұл өздерінің қалған күндерін қамтамасыз ету үшін капитал салымын салғысы келген егде жастағы адамдар үшін тиімді сақтандыру. Баяу жасалатын өмірлік рентаның екі түрі бар: сыйлықақы өтелетін және сыйлықақы өтелмейтін. Сыйлықақы өтелетін баяу жасалатын рентаны сақтандыру кезінде сақтандырылушы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда сақтандырушы төленген сыйлықақыларды пайда алушыға қайтарады. Сыйлықақы өтелмейтін рентаны сақтандыру кезінде сақтандырылушы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда сақтандыру жойылды деп есептеледі, және сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. Баяу төленетін рентамен сақтандыру – бұл қосымша зейнетақымен қамсыздандыру жөнінде қамкөңілдік танытып отырған адамдар үшін тиімді. Ол әлеуметтік сақтандыруға қосымша ретінде қызмет етеді.

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыруға байланысты төленуге тиісті сақтандыру сомаларын анықтау әдістемесін қарайық.

Сақтанушы не сақтандырылушы сақтандыру сомасын алу үшін соңғы жарналарын төлеу орны бойынша сақтандыру ұйымына сақтандыру куәлігін және егер онда ақшаны банкке аудару жөнінде өтініш бар болған жағдайда төлем жасау туралы өтінішін беруі тиіс. Егер жарналар сақтандыру агентіне түбіртектер арқылы қолма-қол төлеген болса немесе банкке есеп кітапшасы бойынша жасалған болса, онда соңғы жарнаны төлеген түбіртек немесе есеп кітапшасының түбіршегі беріледі.

Төлем жасаудың негіздемесі болып сондай-ақ тиесілі сақтандыру жарналарының толық төленгенін көрсететін сақтанушының белгіленген нысандағы жеке шоты табылады.

Аталған құжаттарды талдау кезінде барлық жарналарды төлеудің толықтығы, барлық құжаттардағы сақтандырылушының фамилияларының, атының және әкесінің атының ұқсастығы тексеріледі. Егер соңғы үш жыл ішінде жекелеген жарналардың төленбегендігі анықталған болса, онда төленетін сақтандыру сомасынан ұсталуы тиіс болады. Артық төленген жарналар сақтандыру сомаларымен бірге қайтарылады.

Төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін негізінде тікелей ақша төленетін белгіленген нысандағы төлемге есеп жасалады.

Сақтандырылушының өмірінде тартымды жағдайдың пайда болуына байланысты өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру төлемдері өмірді сақтандыруды танымал етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан уақтылы төлем жасау - сақтандыру сомаларын төлеу және өмірді сақтандыруды одан әрі дамыту арасындағы кері байланысты бекітуге ықпал жасайтын маңызды фактор болып табылады.

Сатып алу сомасын алу құқығы бар сақтанушы өмірді сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу кезінде өтініш, сақтандыру куәлігін, сондай-ақ соңғы жарнаны қолма-қол ақшамен төлегені туралы түбіртекті (есептеу кітапшасының түбіртегінің түбіршегі) береді. Осы құжаттардың және сақтанушының жеке шоты негізінде сатып алу сомасының есебі және төлемі жасалады.




2. ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ САҚТАНДЫРУ

Қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандыру жеке сақтандыру түрінің қатарына жатады. Оның мейлінше жиі қолданылатын түріне мыналар жатады:



Мерзімді сақтандыру;

өмірлік сақтандыру.

Сақтандырудың осы түрлерімен жабылатын тәуекел – сақтандырылушының қандай да болсын себеппен қайтыс болуы (науқастану, жарақат немесе жазатайым жағдай).



Мерзімді сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы пайда алушыға сақтандырылушы қайтыс болғаннан кейін бірден төленеді, егер ол шарттың қолданылу мерзімі ретінде көрсетілген мерзім ішінде қайтыс болатын болса. Тек сақтандырылушы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қайтыс болған жағдайда ғана сақтандырушы сақтандыру сомасын төлейді. Бұдан басқа жағдайда, яғни егер сақтандырылушы шарттың аяқталу мерзіміне дейін өмір сүретін болса, онда ешқандай капитал төленбейді, ал төленген сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады.

Мерзімді сақтандырудың негізгі сипаттамаларын келтірейік:

Мерзімді сақтандыру шартының құны мейлінше төмен, өйткені шарттардың мұндай түрлері үшін сатып алу сомалары болмайды, сондықтан сақтандыру сомасы мейлінше жоғары болуы мүмкін.

Әдеттегідей мерзімді сақтандыру шарты 60-65 жасқа дейінгі тұлғалармен жасалады, сөйтіп сақтандыру жағдайының жастары 65-тен жоғары адамдар үшін пайда болу ықтималдығы өте жоғары.

Қайтыс болу жағдайына байланысты төленуі тиіс сақтандыру сомаларын анықтау әдістемелерін қарайық.

Сақтанушының немесе сақтандырылушының қайтыс болуына байланысты сақтандыру сомасын төлеу жеке сақтандырудың сол немесе өзге түрлері бойынша сақтандыру жауапкершілігінің тиісті көлемінің болуына себепші болады. Осы көлем ұлғайған сайын сақтандыру сомасын анықтау әдістемесі және төлем жасау тәртібі жеңілдейді немесе керісінше.

Сақтандыру сомасын алушы тиісті сақтандыру ұйымына төлем жасау туралы өтінішті, сақтандыру куәлігін, қайтыс болу туралы куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмесін, егер жарналар төленген болса, өмірді сақтандыру бойынша қайтыс болған күнгі кезекті жарнаны төлеу жөніндегі түбіртекті беруі тиіс. Сақтандыру ұйымы сонымен қатар егер сақтандыру талаптары бойынша қажет болған жағдайда қайтыс болу құқық бұзушылықпен байланысты болған жағдайда сот-тергеу органдарының құжаттарын сұратады және алушының өтінішіне бар сақтандыру құжаттарын қоса береді. Егер алушылар заңды мұрагерлер болып табылатын болса, онда олар мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ұсынады.

Егер өмірді жинақтап сақтандырудың алғашқы алты айы ішінде қайтыс болу жүрек-қан тамырлары немесе қатерлі ісік ауруларымен, өзіне-өзі қол салу негізінде және басқа сақтандырылмайтын себептерге байланысты болса, онда сақтандыру талаптарына қатысты тиісті құжаттарды ұқыпты түрде талдағаннан кейін сақтандыру төлемін жасау немесе сатып алу сомасын төлеу не төлем жасаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.


3. ӨМІРДІ ЖИНАҚТАП САҚТАНДЫРУ
Өмірді жинақтап сақтандыру - өмір жағдайы мен қайтыс болу жағдайына байланысты сақтандыру комбинациясы. Жинақтап сақтандырудың артықшылығы мынада, ол сақтандырылушыға аз бағаға тәуекелді жабу және шарттарды қайталап жасаудан қаша отырып, бір ғана полистің көмегімен жинақты қамтамасыз ету шартын жасауды ұсынады. Сақтандырушы сақтандырудың осы түрі арқылы мыналарды міндеттенеді:
1) егер шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан бұрын сақтандырылушы қайтыс бола салысымен дереу сақтандыру сомасын төлеу;

2)егер сақтандырылушы өмір сүруді жалғастырған жағдайда шарттың қолданылу мерзімі аяқталған сәтте сақтандыру сомасын төлеу.

Жинақтап сақтандырудың мынадай бірқатар қасиеттері бар:

Белгілі бір уақыт аралығында қайтыс болуы мүмкін адамдардың санына және белгілі бір жасқа дейін өмір сүруі мүмкін адамдардың санына объективті түрде баға беру мүмкіндігі;

Cыйлықақы өтелмейтін баяулатылған сақтандыру зардаптарына душар ететін ыңғайсыздықтарды жою керек болады, өйткені сақтандырылушы шарттың қолданылу мерзімі аяқталардан бұрын қайтыс болған жағдайда осылайша сақтандыру сомасын алуға кепілдік беретін мерзімді сақтандыру іске кіріседі;

Капиталы тұрақты түрде кеміп отыратын мерзімді сақтандырудың сай келуі және осылайша тұрақты өсіп отыратын жинақтың немесе резервтердің екі компоненттерінің сомасы сақтандыру сомасына теңестіріледі;

Кепілдік берілген құқықтарын (сатып алу, кепілдік беру) ұсынады.

Сақтандырушы жинақталған сақтандыру арқылы сақтандырылушымен шарттың қолданылу мерзімі аралығында сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда немесе сақтандырылушы осы уақытта әлі тірі болып, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде пайда алушыларға арналған капиталды төлеуге кепілдік береді. Сыйлықақыны төлеу сақтандыру шартының мерзімінің аяқталуымен немесе егер сақтандырылушы осының алдында қайтыс болған болса, онда соған байланысты тоқтатылады. Сақтандырудың осы әртүрлілігі – мерзімді сақтандыру комбинациясынан және ұзақтығы және сақтандыру сомасы бірдей сыйлықақыларды өтемейтін капиталға баяулатып төлем жасау жөніндегі сақтандырудан артық емес.

Жинақталған сақтандырудағы қайтыс болу және өмірді сақтандыруға байланысты төлем жасау мөлшері әр уақытта бірдей болғандықтан, сақтандыру компаниялары жинақтан гөрі тәуекелді көбірек өтеуге келісім жасауға мүмкіндік беретін бірнеше комбинацияларды таңдауға мүмкіндік ашады және керісінше. Бұл комбинациялар сыйлықақылар мөлшерінің арақатынасын реттейді.

Сонымен қатар, өмірді жинақтап сақтандыру бойынша банктік қызмет көрсетуге ұқсас басқа да қызметтер бар. Сақтандыру ұйымы өмірді жинақтап сақтандыру заемдарын бере алады, яғни Сіз 10 жылға сақтандырылған болсаңыз, сіз осы 10 жыл ішінде сақтандыру ұйымынан жинақталған сома мөлшерінде заем ала аласыз. Заемдар кез-келген мақсаттар үшін беріледі, сыйақы мөлшерлемесі мынадай шектерден құралады: құнсызданудан немесе кепілдік берілген инвестициялық кірістер және 2% тұрады. Қазіргі сәтте сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9%-дан тұрады, бұл әрине екінші деңгейдегі банктер ұсынып отырған пайыздан қомақты түрде төмен. Болашақта заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі 9%-дан төмендейді, өйткені мемлекет құнсыздануды кеміту жөнінде бірқатар бағдарламалар әзірледі. Егер сақтандыру компаниясы заемды кепілдік берілген инвестициялық кіріс мөлшерімен ұсынып отырса, онда құнсыздану инвестициялық кіріс мөлшерінен төмен деген сөз, өйткені сақтандыру компаниясы сақтанушыға заемды құнсыздану немесе кепілдік берілген инвестициялық кіріс шегінен жоғары сыйақы мөлшерлемесі бойынша беруі тиіс.

Егер сақтанушы жинақтаушы сақтандыру шартын шарт жасаған күннен бастап он төрт пен отыз күн аралығында біржақты тәртіппен бұзған жағдайда сақтандырушы сақтанушымен жинақтаушы сақтандыру шартын жасау кезіндегі сақтандыру сыйлықақы сомаларының жиырма пайызынан аспайтын сақтандырушыға келтірілген шығыстарды шегере отырып, сақтанушыға алынған сақтандыру сыйлықақы сомаларын қайтарып беруге міндетті.


АННУИТЕТТІК САҚТАНДЫРУ


Сақтандыру аннуитеті - сақтанушы бірмезгілде немесе мерзімін ұзартып өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру компаниясына белгілі ақша сомасын салатындығын білдіретін сақтандыру ренталары мен зейнетақылардың барлық түрлері туралы ұғымды қорытындылайды, соңынан бірқатар жылдар бойы немесе өмір бойы тұрақты кіріс алады. Былайша айтқанда бір жолғы сыйлықақыға төлем жасау үшін бір жолғы сыйлықақыға төлем жасау үшін өмірді жинақтап сақтандыру, өмірдің ақырғы кезеңіне дейін немесе жинақталған зейнетақы қаражатынан алынған жинақтау сомалары пайдаланылады. Былайша айтқанда сақтандыру аннуитеті – белгілі бір кезең ішінде тең үлеспен немесе сақтандырылушы өмір сүріп отырған кезең ішінде төленген сақтандыру сомасы. Егер өмірді сақтандыру шарты егер сақтандырылушы өте ерте қайтыс болған жағдайда адамды қорғайтын болса (яғни оның мұрагерлерін) онда аннуитет адамды қорғайды, ал сақтандырылушы өте ұзақ өмір сүрген жағдайда сақтандыру компаниясы адамнан аннуитетті сатып алғандықтан адамның барлық өмірін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алғандықтан оны қорғайды. Мысалы, егер адам зейнеткерлікке шығар сәтте жинақтаушы зейнетақы қорында белгілі қаражатты жинақтаған жағдайда ол құнсыздануды ескере отырып, осы қаражат көлемінде зейнетақы алады. Бірақ онда өз жинақтаған қаражаты «оның өмірінің аяғына дейін жетпейтіндігі» тәуекелі бар. Сондықтан ол зейнетке шығу сәтінде өзінің зейнетақы үшін жинақтаған қаражатын өмірді сақтандыру компаниясына аударып, оған аннуитет сатып алуына болады, осыдан кейін ол зейнетақы немесе былайша айтқанда барлық қалған өмірі үшін тіпті зейнетақы шотындағы қаражат таусылып, ол зейнетақы мерзімінен артық өмір сүрген жағдайда да рента алатын болады. Сонымен қатар, аннуитет – 20 жыл және одан артық ұзақ мерзімге арналған өнім, сіздің тікелей енгізген сомаңыздың бөлігінен басқа, сіз шоттағы өз ақшаңыз жасаған кіріс арқылы инвестициялық тұрақты түрде пайда алып отырасыз.

Аннуитет бойынша сақтандыру сыйлықақысын анықтау үшін жалпы халық үшін қайтыс болу кестесі пайдаланылады, ал денсаулық көрсеткіші жоғары халық құрамы үшін тиісінше қайтыс болудың мейлінше төмен коэффициенті пайдаланылады.



1. Жай өмірлік аннуитет – сақтанушының барлық өмірі ішіндегі тұрақты төлемдер мөлшерімен белгіленген аннуитет.

2. Кепілдік берілген төлем кезеңі бар өмірлік аннуитет– Сақтанушының өмір сүруі мен қайтыс болуына қатысы жоқ кепілдік берілген кезең ішіндегі белгіленген төлемдері бар аннуитет. Егер сақтанушының өмірі кепілдік берілген кезеңнен асып кететін болса, төлемдер өмір бойы жалғасады.

3. Кепілдік берілген төлем кезеңі бар мерзімді аннуитет – Сақтанушының өмір сүруі мен қайтыс болуына қатысы жоқ кепілдік берілген кезең ішіндегі белгіленген төлемдері бар аннуитет. Егер сақтанушының өмірі кепілдік берілген кезеңнен асып кететін болса, төлемдер аннуитет шартының мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады.

4. Сатып алу сомасы бар өмірлік аннуитет – сақтанушының барлық өмірі ішіндегі және егер осы айырма оң болған жағдайдағы (шарттың қолданылу кезеңі ішіндегі инвестициялық кіріс қосымша төлем мөлшерімен есеп айырысу кезінде ескерілмейді) бастапқы сыйлықақы мен сақтанушы қайтыс болғанға дейін жүзеге асырылған жай сома арасындағы айырмаға тең қайтыс болу сәтіндегі қосымша төлемдері бар аннуитет.

5. Бірлескен өмірлік аннуитет – егер сақтанушы жұбайынан (зайыбынан) бұрын қайтыс болған жағдайда жұбайына (зайыбына) төленетін аннуитет

6. Құнсыздану төлемдеріне индекстелген өмірлік аннуитет.

7. Ауыспалы аннуитет – төлем мөлшері сақтанушы таңдаған инвестициялық портфельдің нақты кірістілігіне (акциялар, облигациялар және басқа қаржы құралдары), қатысты аннуитет. Сақтанушы өзіне жай аннуитеттік кіріс төлемдерімен салыстырғанда тұрақты сатып алу қабілеттілігін қолдайтын кірістер төлемі жасалатындылығына үміттеніп, өзіне инвестициялық тәуекелді алады, сонымен бірге сақтандырушы ретінде өзіне тек шығыстар тәуекелі мен актуарлық тәуекелді алады. Тәртіп бойәынша мұндай аннуитет барынша төмен төлемге (немесе барынша төмен кепілдік берілген кіріске) кепілдік береді, бірақ барынша төмен кепілдік беру мөлшері жоғары емес. Бұл инвестицияның тәуекел портфелінің кірістіліктің біресе түсіп, біресе көтеріліп, аса жоғары ауытқушылықта болып отырғандығына себепші болады.
ӨМІРДЕГІ БЕЛГІЛІ БІР ОҚИҒАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САҚТАНДЫРУ

Сақтандырудың осы сыныбы сақтандырылушының өмірінде осының алдында айтылған оқиғаның пайда болу жағдайларындағы белгіленген сомадағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақталған сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді. Сақтандырудың осы өнімі бойынша сақтандыру жағдайы өмірдегі белгілі бір оқиғаның пайда болуы болып табылады, яғни сіз сақтандыру компаниясында белгілі бір соманы некеге отыру, нәрестенің дүниеге келу, ЖОО оқуға түсу және басқалар есік қаққанға дейін жинақтай беруіңізге болады. Өмірдегі белгілі бір оқиғаның пайда болуы болып табылатын сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін, яғни жинақталған соманы беруге кепілдік береді.


САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІСІНЕ САҚТАНУШЫНЫ ҚАТЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ (UNIT LINKED).

«Unit linked» шарттары мынаны негізге алады, осындай өнімдер бойывнша төлемдердің белгіленген сипаты жоқ, олар толық немесе ішінара инвестициялау нәтижесіне қатысты болады.

Өмірді сақтандыру бойынша дәстүрлі өнімдерде тәуекелді сақтандырушы алатын «Unit linked» шарттарымен инвестициялық тәуекел жағдайында ол сақтанушыға ауыстырылады (орайында сақтандыру сомасына қатысты қандай да бір кепілдіктер болуы мүмкін). Мұндай шарттар ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде өте тартымды болып табылады, өйткені рыноктың ауытқуы ұзақ аралықтағы мерзім ішінде қалпына келетін болады.

Осындай өнімді сатып алатын сақтанушы одан келіп түскен сақтандыру сыйлықақылары есебінен құрылған белгілі бір қаржы құралдарын инвестициялау үшін олардың кірістілік және тәуекелділік шаралары арқылы сақтандырушыны қалыптастырған қорды таңдай алады. Сақтандыру ұйымдары тәуекелділік жағдайына байланысты, мысалы, мейлінше төмен тәуекелді, тәуекелді және мейлінше жоғары тәуекелді қорларды қалыптастыра алады. Бірнеше қорларға қатысуға жол беріледі және соңынан сақтанушы қатысып отырған қорға ауысуға болады.

«Unit linked» сақтандыру бағдарламасының басқа артықшылықтары бірмезгілде тікелей сақтандыру қорғанысын және инвестициялық кірісті алу мүмкіндігі болып табылады.

Соңында «Unit linked» өнімдерінің бір артықшылығы акцияларға салым жасаудан түскен тарихи пайда белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар қаржы құралдарының кірістілігінен асып кететіндігіне негізделеді. Осы ұзақ мерзімді асып кету жалпы алғанда 0,5-1% тәртіпті құрайды. Әрине, бұл айырма онша үлкен болмаса да, сөз ұзақ кезеңдер туралы болған кезде жеткілікті түрде қомақты болып көрінеді. Нәтижесінде «Unit linked» өнімдері көптеген еуропа елдерінің сақтандыру рыногында маңызды роль атқарады: кейбір елдерде оның үлесі барлық өмірді сақтандырудың 50%-нан асады.

Сөйтіп, «өмірді сақтандыру» саласында қызмет атқаратын сақтандыру ұйымдары, және атап айтқанда «Unit-linked» өнімдерін ұсынушылар өз ұлттық рыноктарындағы ірі институционалды инвесторлардың бірі болып табылады. Ең негізгісі, сақтандыру ұйымдарының активтерін ұзақ мерзімді жобаларға (тұрғын үй құрылысына және басқалар) салынуына, инвестициялық ережелердің икемділікпен инвестициялану мүмкіндігіне себепші болады.

Қазақстан Республикасында «Unit-linked» шарттарына сақтандырылушының сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісіне қатысу тәртібін анықтайтын арнайы және нақты әзірленген нормативтік құқықтық кесім қолданылады.



САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ


Сақтандыру шарты жазбаша нысанда мынадай жолдармен жасалады: 
 1) тараптардың сақтандыру шартын жасау; 

2) сақтандырушының бір жақты тәртіппен әзірлеген (қосылу шарты), сақтанушының типтік шарттарға (сақтандыру ережелері) қосылуы, және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру шарттарын беру;

Сақтандырушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеп отырған себепші болған сақтандыру сыйлықақысы үшін сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырылушыға немесе жасалған өзге адамның пайдасы үшін жасалған сақтандыру шартымен сақтандыру төлемін жүзеге асыруды міндеттенеді.

Қазіргі сәтке дейін Қазақстанда өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған 5 отандық өмірді сақтандыру компанияларының лицензиялары бар - «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «БТА Өмірді сақтандыру» АҚ, «Халық-Life» Қазақинстрах өмірді сақтандыру еншілес компаниясы» АҚ, «Валют-Транзит Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және «Казкоммерц-Life» ӨСК» АҚ.



Ресми сайт АФН – www.afn.kz

Өмірді сақтандыру «Өмірді сақтандыру»

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды енгізеді

151.95kb.

06 10 2014
1 стр.


«Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) Директорлар Кеңесімен

«Казкоммерц-Life»Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ (Казкоммерцбанк»АҚ еншілес ұйымы) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуді ішкі бақылау осы Ережелерінде (ары қарай – Ережелер) келесі т

205.18kb.

17 12 2014
1 стр.


«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

48.68kb.

09 10 2014
1 стр.


«Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ

Полистің/ өтініштің № берілген

16.43kb.

09 10 2014
1 стр.


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

51.77kb.

04 09 2014
1 стр.


Сақтанушыға ерікті сақтандыру бойынша жадынама

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы

54.97kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстандағы сақтандыру омбудсманы

Бүгінгі таңда қазақстанның сақтандыру рыногы тұрақты өсім қарқынына ие деп сенімді айтуға болады. Ол туралы сақтандыру сыйақылары мен сақтандыру резервтерінің көлемдерін сипаттайты

95.03kb.

15 09 2014
1 стр.


Ж. №08-02-3/2831 Барлық сақтандыру ұйымдарына тізім бойынша

Агенттік сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағандығы ту

26.92kb.

09 10 2014
1 стр.