Перейти на главную страницу
2. Компанияның Инсайдерлік ақпараты – Компанияның Акциялары, олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ эмитент ретінде Компания акцияларын шығарған (берген), онымен әрекеттер жасаған Компания туралы шынайы, құпия ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаға беймәлім, оның жария болуы Компания Акцияларының құны өзгеруіне және эмитент Компанияның жұмысына ықпал жасай алатын өзге де ақпарат.
3. Компанияның Инсайдерлік ақпаратына:
1) жалпыға белгілі мәліметтердің негізінде дайындалған ақпарат, оған қоса Компанияның құнына, Компанияның мүліктік жағдайына қатысты, инвестициялық шешімдерді қабылдау және (немесе) Компания Акцияларымен операцияларды жасау туралы ұсыныстарды дайындау мақсатында жасалған зерттеулер, болжау және бағалау;
2) БАҚ алынған ақпарат;
3) көпшіліктің арасында беймәлім таратылатын дәлелсіз ақпарат,сондай-ақ Компанияның ағымды қызметіне немесе жоспарына қатысты болжамдар;
4) Компанияның ағымды қызметіне немесе жоспарына қатысты мемлекеттік органдары жария еткен ақпарат.
3. Инсайдерлік ақпаратын ашу тәртібі және мерзімдері
4. Компания компания туралы Инсайдерлік ақпаратты Компанияның корпоративтік веб-сайтында мемлекеттік және орыс тілінде орналастыру арқылы ашады.
5. Компания компания туралы Инсайдерлік ақпаратты:
1) БАҚ-да жариялау арқылы қаржы есептемеге (Компания қызметінің қорытындысы) қатысты:
- Қазақстан заңнамасына, қаржы есептемесінің халықаралық үлгілеріне сәйкес тоқсандық есептеме (i), кіріс және шығыс туралы бухгалтерлік баланс, ҚР ХБ бекітілген тәртіп пен мерзімдерде, олардың аудиторлық дәлелдемесіз жариялайды;
- жылдық есептеме (i) Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастыру арқылы БАҚ-та ҚҚК жылдық қаржы есептемені бергеннен кейінгі бір айдың ішінде жарияланады, (ii) аудиторлық ұйыммен дәлелденген жылдық шоғырланбаған есептеме де ҚР заңнамасымен бекітілген мерзімде ҚБД интернет-ресурсында (веб-сайты) жариялайды.
2) маңызды корпоративтік оқиғаларға қатысты – керек мәліметтер Компанияның корпоративтік веб-сайтында және ҚБД интернет-ресурсында (веб-сайт) орналастыру арқылы жариялайды.
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес маңызды корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат сол ақпарат пайда болған күнінен кейінгі бес жұмыс күн ішінде жариялайды (акционерлерге мәлімделеді).
3) «құпия транзакцияға» қатысты – керек мәліметтер Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастыру арқылы БАҚ жариялайды.
4. Компания Инсайдерлерін анықтау
6. Компания Инсайдерлері болып танылады:
1) Директорлар Кеңесінің төрағасы және мүшелері;
2) Компанияның төрағасы және мүшелері, бас бухгалтер;
3) - қаржы есептемесін жасауға (ҚД);
5) Компанияның қаржы есептемесіне аудит өткізетін аудиторлық ұйым;
6) бағалаушы, құнды қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары және Компанияның Инсайдерлік ақпараты ашылуын көздейтін шартқа сәйкес (оның ішінде ауызша) қызмет көрсететін өзге де тұлғалар;
_________________________
7) құнды қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша берілген функцияларына қарай Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болушы мемлекеттік қызметкерлері (мысалы, ҚҚК Компания кураторы);
8) қоғамдық бірлестіктер және осы тармақтың 4-7-тармақшаларында көрсетілген ұйымдарының мүшелері болып табылатын, оларға берілген өкілдігіне қарай Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болушы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;
9) өз қызметіне және еңбек міндеттеріне қарай Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болған осы тармақтың 4-7, 8-тармақшаларында көрсетілген ұйымдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері;
10) осы тармақтың 1-9-тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан ақпарат алған тұлғалар.
5. Инсайдерлер тізілімін өзекті деңгейде жүргізу және қолдау тәртібі
7. Компания Инсайдерлер тізіліміне Ережелердің тек 6-тармағы 1-6-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар енеді. Инсайдерлер тізілімі келесі мәліметтердің негізінде ЗБ ай сайын жасалады:
1) Ережелердің 6-тармағының 1-,2-,4-,5-,6-тармақшалары бойынша –жеке ақпаратының негізінде;
2) Ережелердің 6-тармағының 3-тармақшасы бойынша – көрсетілген бөлімшелер жетекшілерінің мәліметтерінің негізінде, Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына шын мәнінде ие болған қызметкерлер бойынша ғана;
3) Ережелердің 6-тармағының 5,6-тармақшалары бойынша – Ережелердің 6-тармағының 5,6-тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен тиісті шарттар жасаған бөлімшелер жетекшілерінің мәліметтерінің негізінде.
8. Ережелердің 6-тармағының 3,5,6-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бойынша ЗБ берілетін ақпарат:
1) Инсайдерлер тізіліміне жоғары көрсетілген тұлғаларды енгізу үшін келесі мәліметтерді құрайды:
- жеке тұлғаның тегі, аты (болған жағдайда –әкесінің аты) және оның туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, оның орналасу орны, мемлекеттік (қайта) тіркеуін дәлелдейтін құжаттың деректемелері (сондай құжаттың нөмірі мен күні);
- тұлғаны Инсайдерлер тізіліміне енгізу негізі және негіздің туындау күні;
- хабарламаларды жолдау үшін пошталық (нақты) мекенжайы және қолданыстағы электрондық поштаның адресі;
2) Инсайдерлер тізілімінен жоғарыда көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау үшін келесі мәліметтерді құрайды:
- жеке тұлғаның тегі, аты (болған жағдайда –әкесінің аты) немесе заңды тұлғаның атауы;
- тұлғаны Инсайдерлер тізілімінен шығарып тастау негізі және негіздің туындау күні;
3) Инсайдерлер тізіліміне енген, жоғарыда көрсетілген тұлғалар туралы ақпараттың өзгерту үшін келесі мәліметтерден тұрады:
- жеке тұлғаның тегі, аты (болған жағдайда –әкесінің аты) немесе заңды тұлғаның атауы;
- өзгертуге жататын ақпараттың көрсетілуі (мысалы, бұрын көрсетілген мекенжайды мынадай мекенжайға өзгертуін сұраймыз).
ЗД Инсайдерлер тізілімін ҚР ХБ бекітілген талаптарға сәйкес жасайды.
9. Ережелердің 7-тармағында көрсетілген бөлімшелердің жетекшілері Ережелердің 6-тармағының 1-6-тармақшалары бойынша берілетін ақпараттың толықтығына және шынайылығына, сондай-ақ оны тапсыру мерзімін сақтау және оны өзекті деңгейде қолдау үшін (оның ішінде, Инсайдерлер деректемелерінің өзектілігіне қатысты) жеке жауаптылықта болады.
10. Ережелердің 6-тармағының 3,5,6-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бойынша ақпаратты ЗД-не Ережелердің 7-тармағында көрсетілген тұлғалар береді [немесе бұрын берілген ақпараттың өзектілігі дәлелденеді]:
1) алғашқы рет – осы Ережелерді қолданысқа енгізу күнінен кейінгі 1 ай ішінде;
2) кейін – әр есеп айының бірінші күнінен кешіктірмей;
3) Инсайдерлер тізілімі өзгерген жағдайда – өзгерту үшін негіз туындаған күні.
11. Алған ақпараттың негізінде:
1) ЗД әр айдың алғашқы жұмыс күніне біркелкі Инсайдерлер тізілімін жасайды;
2) Компанияның корпоративтік хатшысы (ол болмаған жағдайда – ЗБ жауапты қызметкері) Инсайдерлер тізілімін есеп айынан кейінгі ай сайын Директорлар Кеңесінің бекітуіне ұсынады.
6. Тұлғаларды Инсайдерлер тізіліміне енгізу/ Инсайдерлер тізілімінен шығару туралы хабардар ету тәртібі және мерзімдері
12. Компания жазбаша түрінде [хабарлау формасын осы Ережелердің №1-Қосымшасында және №2-Қосымшасында қара] Ережелердің 6-тармағының 1-6-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды Инсайдерлер тізіліміне енгізу (Инсайдерлер тізілімінен шығарып тастау) туралы жазбаша келесі тәртіпте:
1) Компанияның корпоративтік хатшысы – Ережелердің 6-тармағының 1-2, 4-6-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды, сондай-ақ Ережелердің 6-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген бөлімшелер жетекшілеріне;
2) Ережелердің 6-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген бөлімшелер жетекшілері – Инсайдерлер тізіліміне енгізілген өз бөлімшелерінің қызметкерлеріне хабардар етеді.
13. Хабарламалар сондай тұлғаларды Инсайдерлер тізіліміне енгізу (Инсайдерлер тізілімінен шығарып тастау) күнінен кейінгі 1 (бір) күннен кешіктірілмей жіберіледі. Хабарламалар Инсайдерлер тізіліміне (-н) енгізілген (шығарылған) Компанияның қалауынша: (1) пошта арқылы қағаз тасымалдағышта (ескертпе хатпен), Ережелердің 7-тармағында көрсетілген бөлімшелер жетекшілері берген олардың мекенжайларына немесе (2) Ережелердің 7-тармағында көрсетілген бөлімшелер жетекшілері берген олардың адрестеріне электрондық түрінде электрондық пошта арқылы жіберіледі, немесе (3) қолма-қол тапсырылады (Компанияның қызметкерлері болып табылатын Инсайдерлерге ғана).
14. Ережелердің 6-тармағының 1-6-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар Ережелердің 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан енгізуге (сайлау, тағайындау, құнды қағаздарды сатып алу, шарт жасау және т.б.) негізі туындаған туралы хабарламаны алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірілмей Инсайдерлер тізіліміне енгізіледі, және Ережелердің 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан шығаруға (қызметінің тоқтатылуы, құнды қағаздарды сату, шарттың тоқтатылуы және т.б.) негізі туындаған туралы хабарламаны алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірілмей Инсайдерлер тізілімінен шығарылады, егер Компания мен сондай тұлғалардың арасында құпиялылықты сақтау туралы келісім жасалмаса. Мұндай келісім болған жағдайда көрсетілген тұлғалар Ережелердің 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан құпия туралы келісімде көрсетілген, Компанияның Инсайдерлік ақпаратына қатысты құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғаны туралы хабарламаны алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірілмей шығарылады. Жауапты бөлімшелер аталған ақпаратты ЗБ мәлімдейді (Ережелердің 7-тармағына сәйкес).
15. Ережелердің 6-тармағының 4-6, 8-тармақшаларында көрсетілген ұйымдар:
1) өз қызметіне және еңбек міндеттеріне қарай оған қатысты бұл заңды тұлғалар Инсайдерлері болып танылатын, Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болған өз қызметкерлері тізімін (оның ішінде лауазымды тұлғалар) жүргізуге;
2) өз қызметкерлерін (оның ішінде лауазымды тұлғалар) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын және осы Ережелерді қолдануға байланысты ҚР заңнамасының талаптары туралы, ал Компанияны - өз қызметіне және еңбек міндеттеріне қарай Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болған өз қызметкерлері (оның ішінде лауазымды тұлғалар) туралы хабардар етуге;
3) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болған мұндай қызметкерлермен (оның ішінде лауазымды тұлғалар) құпиялықты сақтау туралы келісімдер жасасуға міндетті. Бұл ретте, бұл келісімде Компанияның Инсайдерлік ақпараты қызметкерлерге мәлім болған соңғы күнінен кейінгі (соның ішінде, жұмыстан босатылған жағдайда да) кемінде 5 (бес) жыл ішінде Компанияның Инсайдерлік ақпаратына қатысты құпиялықты сақтау міндетті екендігі көрсетілуі тиіс;
4) мүшелері ретінде қоғам бірлестіктерін және өзін-өзі басқаратын ұйымдарды Компанияның Инсайдерлік ақпаратын және осы Ережелерді қолдануға байланысты ҚР заңнамасының талаптары туралы хабардар етуге міндетті. Бұл ретте, мұндай тұлғалар да [қоғам бірлестіктері және өзін-өзі басқаратын ұйымдар] осы тармақтың 1-5-тармақшаларының, Ережелердің 16-тармағының, Компанияның Инсайдерлік ақпаратын және осы Ережелерді қолдануға байланысты ҚР заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті;
5) Компанияны Ережелердің 6-тармағының 4-6, 8-т. көрсетілген ұйымдарының мүшелері ретінде қоғам бірлестіктері және өзін-өзі басқаратын ұйымдар туралы хабардар етуге, сол тұлғаларға Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсаты берілгенге дейінгі 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей. Бұл ретте, Ережелердің 6-тармағының 4-6, 8-т. көрсетілген ұйымдарының мүшелері болып табылатын қоғам бірлестіктеріне және өзін-өзі басқаратын ұйымдарға Компанияның Инсайдерлік ақпараты Компанияның алдын-ала жазбаша келісімі бойынша ғана ашылуы мүмкін. Егер Компания мұндай бірлестіктерге (ұйымдарға) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын ашудан бас тартқан жағдайда Компанияның Инсайдерлік ақпараты бұл тұлғаларға ашылуға жатпайды.
16. Ережелердің 6-тармағының 4-6, 8-т. көрсетілген ұйымдар жазбаша түрінде хабардар етеді:
1) Компанияның қызметкерлеріне (оның ішінде лауазымды тұлғаларға) Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсаты берілген күнге дейін 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей – (i) Компанияны Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсаты берілген қызметкерлер туралы және (ii) өз қызметкерлерін – оларға Инсайдер мәртебесі берілгені туралы, Компанияның Инсайдерлік ақпаратын және осы Ережелерді қолдануға байланысты ҚР заңнамасының талаптары туралы;
2) қызметкерлерге (оның ішінде лауазымды тұлғалар) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алуға рұқсат берілмейтін (күші жойылған) күнге дейін (соның ішінде, шығарылған /қызметтен босатылған жағдайда) 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей – (i) Компанияны Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алуға рұқсат берілмейтін (күші жойылған) қызметкерлер туралы, ал Компанияны (ii) және қызметкерлерін - Компанияның Инсайдерлік ақпаратына қатысты құпиялықты сақтау міндеттемелердің мерзімі қашан аяқталатыны туралы [Компанияның Инсайдерлік ақпараты сол қызметкерге мәлім болған соңғы күнінен 5 (бес) жылдан кейін];
3) қызметкерлерге (оның ішінде лауазымды тұлғалар) Компанияның Инсайдерлік ақпаратына қатысты құпиялықты сақтау бойынша міндеттемелері аяқталу күніне дейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей – (i) Компанияны жоғары көрсетілген мерзім аяқталғаны туралы, ал (ii) өз қызметкерлерін (оның ішінде бұрыңғылары да) – Инсайдерлердің мәртебесі жойылғаны туралы хабардар етеді.
17. Ережелердің 6-тармағының 4-6, 8-т. көрсетілген ұйымдар Компанияның Инсайдерлік ақпаратын және осы Ережелерді қолдануға байланысты ҚР заңнамасы талаптарының сақталуы үшін, соның ішінде, Компанияны және қызметкерлерді (оның ішінде лауазымды тұлғаларды) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсаты берілгені туралы және/немесе тоқтату (жою) туралы уақтылы хабардар етуі үшін жеке жауаптылықта болады.
18. Инсайдерлер тізілімі құпия болып табылады. Компанияның ішінде Инсайдерлер тізілімін алу рұқсатына Директорлар Кеңесі, Басқарма Төрағасы, сондай-ақ ЗД, ЗБ басқаратын Директорлары және МБ Бастығы ие.
19. Инсайдерлер тізілімі Компанияның Корпоративтік хатшысында сақталады, уәкілетті органының жазбаша сұранымы бойынша ұсынылуы мүмкін.
20. Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу мүмкіндігі шектеулі. Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсаты Инсайдерлерге Компанияның акцияларына ие болуына, Компанияға қосылуына, Компанияны басқару органдарында немесе Компаниямен немесе оның үлестес тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт және т.б. жасасқан мүшесі болуына байланысты беріледі.
1) құнды қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға, сондай-ақ нарықтың Компания туралы пікіріне ықпал жасау мақсатында Компания жөнінде дәйексіз немесе күмәнді мәліметтерді таратуға;
2) құнды қағаздар нарығымен айла-шарғы жасау мақсатында Компанияның Акцияларымен мәмілелер жасауға;
3) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын пайдаланып, өз мүддесіне немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне Компанияның Акцияларымен мәмілелер жасауға;
4) Компанияның Инсайдерлік ақпаратын үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғаларға қол жетімді қылуға, заңнамамен және/немесе осы Ережелерде көзделген жағдайлардан басқа;
5) үшінші тұлғаларға Компанияның Инсайдерлік ақпаратына негізделген Компанияның Акцияларымен мәмілелер жасау туралы ұсыныс беруге.
23. Инсайдерлер Компанияның Инсайдерлік ақпаратынан тұратын құжаттарды өкілетті емес тұлғалардың қол жеткізуіне тиісті бақылау жасауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сол ақпаратты өкілетті емес тұлғалар – Компания қызметкерлері және/немесе ұйымдардың Инсайдерлері болып табылатын тұлғалар (хатшылар, жүргізушілер және басқалары), сол сияқты Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алуға құқығы жоқ үшінші тұлғалар естуі мүмкін болатын кез келген жерде талдаудан аулақ болуға міндетті.
24. Инсайдерлердің ережелерді сақтауына бақылау:
1) Инсайдерлерді ҚР заңнамасының талаптарымен және осы Ережелермен таныстыру;
2) Инсайдерлер осы Ережелерде көрсетілген, тыйым салынған әрекеттерді жасаған жағдайда Директорлар Кеңесі немесе Басқарма Төрағасы Инсайдерлерге қатысты шара (Ережелердің 6-тармағының 1-3-тармақшаларында көрсетілген) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
25. Инсайдерлер Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған осы Ережелермен таныстырылады. Шығындар мөлшерін шегеріп, Ережелердің көшірмелері қағаз тасымалдағышта Компанияның Инсайдерлеріне олардың жазбаша сұрауы бойынша беріледі.
26. Басқарма Төрағасы Компанияның, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері құнды қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын және осы Ережелерді сақтауына бақылау жасайды.
27. Инсайдерлер осы Ережелердің талаптарын бұзғаны туралы мәлімет алған жағдайда Басқарма Төрағасы немесе Директорлар Кеңесі Инсайдерге қатысты келесі шараларды қолдану туралы (онымен шектелмей) шешім қабылдайды:
• бұдан бұлай Ережелерді бұзбау туралы талап ету;
• Ережелердің сақталуына бақылауды күшейту;
• құнды қағаз нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәміле деп уәкілетті органында танылуы үшін Компанияның Акцияларымен жасалған мәміле туралы ақпарат жіберу;
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қолданылуы мүмкін жағдайларда тәртіп жазасын қолдану шаралары;
• келтірілген материалдық зиянды өтеу және/немесе Инсайдердің әрекеттерімен Компанияның іскерлік беделіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап;
• қылмыстық іс қозғау үшін (қылмыс белгілері болған жағдайда) құқыққорғау органдарына іс материалдарын жіберу;
• өзге де заңды шаралар.
Құнды қағаз нарығында Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолдануына немесе ақпараттың рұқсатсыз таратылуына немесе құнды қағаз нарығында айла-шарғы жасау мақсатына байланысты әрекеттер жасалып жатса, Басқарма Төрағасы немесе Директорлар Кеңесі келесі шешімдерді қабылдауы мүмкін:
• кінәлі тұлғаларды немесе ақпаратты тарату көзін анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізу туралы;
• Компания жағдайдың шын мәні туралы пресс-релиз шығару туралы;
• қаржы қадағалау немесе сот органдарына жүгіну туралы;
• өзге де заңды шаралар.
10. Қорытынды ережелер
28. Осы Ережелермен танысқан Компания Инсайдерлері:
• осы Ережелерді бұзған үшін және құнды қағаз нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәміле жасау, оның ішінде Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолданыуымен, Инсайдерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жеке жауаптылықта болатынына;
• Компания Инсайдерлер туралы немесе құнды қағаз нарығында коммерциялық құпиясы бар жасаған мәмілелері туралы ақпаратты уәкілетті органдарға беруге құқылы екендігіне келіседі.
29. Осы Ережелерде реттелмеген өзге мәселелер заңнамаға және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес шешіледі.
30. Осы Ережелерді Компанияның Директорлар Кеңесі бекіткен күнінен бастап олар күшіне енеді.
Орынд. Нурлыбек Толыкбаев
ҚД
тел.2445606 (ішкі 406)
Осымен «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (ары қарай – Компания) Сіз Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңының 56-1-б. 3-т.сәйкес «____»__________201__ж. бастап Компанияның инсайдері болып таныласыз деп ________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсету) хабардар етеді.
Осыған байланысты, Сіз Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолдануға/жариялауға қатысты Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінің [Компанияның веб-сайтында www.kklife.kz орналастырылған] талаптарын сақтауға, оның ішінде:
1) эмитент Компанияның құнды қағаздарымен мәміле жасау барысында Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолданбауға;
2) үшінші тұлғаларға беруге немесе Компанияның Инсайдерлік ақпаратын үшінші тұлғаларға қол жетімді қылуға;
3) үшінші тұлғаларға Компанияның Инсайдерлік ақпаратының негізінде құнды қағаздармен мәміле жасау туралы ұсыныстарды бермеуге міндеттісіз. .
Қазақстан Республикасының заңнамасының және/немесе «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінің талаптарын бұзған үшін Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарасыз.
Құрметпен,
____________________ _____________ ________________
«Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ
(«Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы)
Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді
ішкі бақылау Ережелеріне
Қосымша №2
Осымен «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (ары қарай – Компания) «____»__________201__ж. бастап Компанияның инсайдері мәртебесін алғаны туралы ________________________________________ (заңды тұлғаның атауын көрсету), ары қарай - Ұйым, хабардар етеді, өйткені Ұйым (негізді көрсету керек):
□ Тура немесе жанама түрінде Компанияның он немесе одан да астам пайызда дауыс беретін акцияларына иелену, пайдалану және (немесе) өкім құқығы бар;
□ Компанияның Инсайдерлік ақпаратының ашылуы көзделіп жасалған шартқа сәйкес (оның ішінде ауызша) Компанияға қызмет көрсететін аудиторы болып табылады;
□ Компанияның Инсайдерлік ақпаратының ашылуы көзделіп жасалған шартқа сәйкес (оның ішінде ауызша) Компанияға қызмет көрсететін бағалаушы болып табылады;
□ Компанияның Инсайдерлік ақпаратының ашылуы көзделіп жасалған шартқа сәйкес (оның ішінде ауызша) Компанияға қызмет көрсететін өзге де заңды тұлға болып табылады.
Осыған байланысты, Ұйым Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолдануына/жариялауына қатысты Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінің [Компанияның веб-сайтында www.kklife.kz орналастырылған] талаптарын сақтауға, оның ішінде:
1) эмитент Компанияның құнды қағаздарымен мәміле жасау барысында Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолданбауға;
2) үшінші тұлғаларға беруге немесе Компанияның Инсайдерлік ақпаратын үшінші тұлғаларға қол жетімді қылуға;
3) Компанияның Инсайдерлік ақпаратына негізделіп құнды қағаздарымен мәміле жасау туралы үшінші тұлғаларға ұсыныстарды бермеуге;
4) өз қызметіне және еңбек міндеттеріне қарай Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болған өз қызметкерлерінің тізімін жүргізуге;
5) өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңымен Компанияның Инсайдерлік ақпаратын және «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерін талаптары туралы хабардар етуге;
6) «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінде бекітілген тәртіп пен мерзімдерде өз қызметіне және еңбек міндеттеріне қарай Компанияның Инсайдерлік ақпаратын алу рұқсатына ие болған қызметкерлерді хабардар етуге;
7) Ұйым олардың мүшелері болып табылатын қоғам бірлестіктерін және өзін-өзі басқаратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын, соның ішінде Компанияның Инсайдерлік ақпаратын қолдануға тыйым салуына байланысты Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңының және «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінің талаптарын сақтау керектігі туралы хабардар етуге (сондай ұйымдарға Компанияның инсайдерлік ақпараты ашылған жағдайда);
8) Компанияны «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінде бекітілген тәртіп пен мерзімдерде ұйым олардың мүшелері болып табылатын қоғам бірлестіктері және өзін-өзі басқаратын ұйымдар туралы хабардар етуге (сондай ұйымдарға Компанияның инсайдерлік ақпараты ашылған жағдайда) міндетті.
Ұйымға ( лауазымды тұлғаларды қоса) Қазақстан Республикасының заңнамасының және/немесе «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді ішкі бақылау Ережелерінің талаптарын бұзған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық артылады.
«Казкоммерц-Life»Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ (Казкоммерцбанк»АҚ еншілес ұйымы) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуді ішкі бақылау осы Ережелерінде (ары қарай – Ережелер) келесі т
17 12 2014
1 стр.
Полистің/ өтініштің № берілген
09 10 2014
1 стр.
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы» Kaspi Bank" Акционерлік қоғамынның Еншілес компаниясы" АҚ
12 10 2014
1 стр.
«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды енгізеді
06 10 2014
1 стр.
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
04 09 2014
1 стр.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы
09 10 2014
1 стр.
Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына
09 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.