Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Міндетті және ерікті сақтандыру шарттарын жасаған кезде қаржылық қызметті тұтынушылар үшін қысқаша жадынама

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 806-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес ерікті сақтандыру – тараптардың еркіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру, ал міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптары күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерікті немесе міндетті сақтандыру шартын жасау мақсатында сақтандырушылар (жеке және заңды тұлғалар) мыналар қажет:

1. Сақтандыру ұйымын (сақтандырушы) таңдау, ерікті немесе міндетті нысандағы таңдап алынған сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін уәкілетті органның лицензиясының болуын тексеру.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 175-бабымен сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

2. Ерікті және міндетті сақтандырудың әр түрі үшін Сақтандыру ережесінде (бұдан әрі - Ереже) жазылған сақтандыру шарттарымен мұқият танысу. Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасау кезінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) болып табылатын уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге жол беріледі. Бұл ретте Ереженің соңғы парағында уәкілетті органмен келісілгендігін куәландыратын штамп болуы тиіс.

3. Ережеде мыналар болуы тиіс:

1) сақтандыру объектілерінің тізбесі;

2) сақтандыру сомаларын анықтау тәртібі;

3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;

4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыру жағдайларын шектеу (сақтандыру аумағы, франшизалардың мөлшері және түрлері, қандай тәуекелдерді сақтандыру қорғанысы жаппайды);

5) сақтандыру шартының іс-қимыл жасау мерзімі және орны;

6) сақтандыру шартын жасау тәртібі;

7) тараптардың құқықтары және міндеттері;

8) сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының іс-қимылы;

9) сақтандыру жағдайы басталғанын және шығын мөлшерін растайтын құжаттар тізбесі;

10) сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары;

11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемін жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі;

12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;

13) дауларды шешу тәртібі;

14) қосымша талаптар.

4. Сақтандыру шартын жасағанға дейін немесе сақтандыру полисіне (бұдан әрі – Шарт) қол қойғанға дейін оның Ережеге сәйкес келуін тексеру керек.

Ережеде, сондай-ақ Шартта да сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі көрсетілуі тиіс. Егер сақтандырушы Шарттағы қажетті құжаттардың тізбесінде нақты емес «өзге құжаттар» көзделген болса, сақтандыру ұйымын сақтандыру тәуекелін жабуға негізсіз итермелеу мүмкіндігін болдырмау мақсатында Шарттағы олардың тізбесін нақтылауды ұсынамыз.

Сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының және сақтандырушының құқықтары мен міндеттері Ережеге сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар, Шартта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемі және оны жүзеге асыру туралы қабылдаған шешімінің нақты мерзімі, сондай-ақ осы мерзімдерді санап қою сәті көрсетілуі тиіс.

5. Егер сақтандыру сақтанушының қоятын талаптарына жауап беретін болса Шартты жасау керек. Мынаны ескерген жөн, егер шартқа сақтандыру мәмілесін жасаушы тараптардың екі жағы да қол қойған болса, онда шарт тараптардың өзара келісімі арқылы жасалды деп есептеледі.

6. Сақтандыру сыйлықақысы Шартта белгіленген мөлшердегі тәртіппен және мерзіммен төленеді. Мына жағдайды ескеру керек, сақтандыру сыйлықақысын төлемеу немес уақтылы төлемеу, сақтанушының басқа да міндеттерін орындамау Шарттың заңсыз болып қалуына душар етуі мүмкін.

7. Ережеде және Шартта көзделген өзінің ағымдағы міндеттерін уақтылы орындау.

8. Сақтандыру жағдайы Ережеде және Шартта көзделген тәртіппен және мерзімде пайда болған жағдайда бұл туралы сақтандыру ұйымына уақтылы хабардар ету, сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсыну.

9. Сақтанушы сақтандырудың барлық талаптарын орындаған жағдайда сақтандыру төлемін сақтандыру ұйымы қатаң түрде Ережеде және Шартта белгіленген мерзімде жүзеге асыруы тиіс.

10. Егер жауапкершіліктің жоғары деңгейі Шартта көзделмеген болса, сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353-бабына сәйкес жауапкершілікте болады.



11. Сақтанушы сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөнінде негізсіз бас тарту алған жағдайда және басқа да даулы мәселелер бойынша сақтандыру ұйымына, Агенттікке не жауап беруші сақтандыру ұйымының тұратын жері бойынша сотқа өтініш беруіне құқығы бар.

Міндетті және ерікті сақтандыру шарттарын жасаған кезде қаржылық қызметті тұтынушылар үшін қысқаша жадынама

Азақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 806-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес ерікті сақтандыру – тараптардың еркіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру

34.91kb.

04 09 2014
1 стр.


Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда заем шарттарын жасасқанда қаржылық қызметті тұтынушылар үшін қажетті қысқаша жадынама

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда

36.77kb.

10 09 2014
1 стр.


Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру кезіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қысқаша жадынама Қазақстан Республикасының «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы»

Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әр көлік құралы иесі әрбір жеке ауыспалы егіс алқабындағы өз жеке мүліктік мүдделерін тиісінше сақтандыру шартын жасау (бұдан әрі-Шарт) жолымен сақт

53.05kb.

04 09 2014
1 стр.


ҚРӘМ №5603 24. 03. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ

Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы

491.25kb.

25 12 2014
3 стр.


Сақтанушыға ерікті сақтандыру бойынша жадынама

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы

54.97kb.

09 10 2014
1 стр.


Банк салымы шарттарын жасау кезіндегі қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар үшін

Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асыратын почтаның Ұлттық Операторы жүргізуге құқылы

31.42kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі

Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржы

402.97kb.

04 09 2014
1 стр.


Сұрақ: Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі қай сәттен бастап пайда болады? Жауап

Міндетті сақтандыру объектісі (бұдан әрі – тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру) жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе)

13.56kb.

09 10 2014
1 стр.