Перейти на главную страницу
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 30- бабының 2- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (1-қосымша);
2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (2-қосымша);
3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (3-қосымша).
3. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына
______________ қаласы 20__жылғы «____»__________ №_____
Жинақтаушы зейнетақы қоры
____________________________________________________________________
(Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы,
____________________________________________________________________
нақты орналасқан жері),
бұдан әрі «Қор» деп аталады, _________________(Жарғы немесе сенімхат) және зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға _____ жылғы «____» ______ №___ лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты,
____________________________________________________________________
(бар болса - әкесінің аты)),
арқылы бір жағынан және ______________________________________________
(тегі, аты, ____________________________________________________________________
(бар болса - әкесінің аты),
____________________________________________________________________
туған жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат),
____________________________________________________________________,
(сериясы, нөмірі)
__________________________________ «___»_____________жылғы берілген,
(кіммен және қашан)
№ __________________әлеуметтік жеке коды, немесе бар болса -____________
2. Қор:
2) Салымшыға (Алушыға) № ________________ жеке зейнетақы шотын ашуға;
3) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тек уәкілетті кастодиан банкте қалыптастыруға және сақтауға;
4) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты мен оған жасалған төлемдерінің жеке есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
5) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кірісті есептеуге;
6) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға;
7) күнтізбелік жылың аяғына есептелетін Қордың зейнетақы активтері бойынша номиналды кіріс көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы айырманы Қордың меншікті капиталы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалпына келтіруді;
8) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, ақы алмастан, оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен (Алушымен) келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;
9) Шарт жасау кезінде, сондай-ақ сұрату бойынша Салымшыға (Алушыға) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы мәліметтерді осы Шарттың 5-тармағында белгіленген көлемде ұсынуға;
10) Шарт жасау кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы ережелерімен таныстыруға;
11) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының және кастодиан банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережесіне енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;
12) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сатып алу күнін және бағасын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына осы бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшерінің пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;
13) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Салымшыны (Алушыны) алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны туралы екі баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;
14) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
15) соңғы күнге есептелген инвестициялық кірісті қоса алғандағы Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасын түгел басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;
16) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ол туралы Салымшыны (Алушыны) екі баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;
17) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;
18) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу күнінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға(Алушыға) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуге;
19) Салымшы(Алушы) зейнеткерлік жасқа келмей қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның отбасына не жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге арналған біржолғы төлемді елу айлық есептік көрсеткіші шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан асырмай төлеуге;
20) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Салымшының(Алушының) мұрагер(лер)іне төлеуге;
21) Қордың міндеттемелерін орындауға әсерін тигізетін Салымшының(Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;
22) шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты қоныс аударған жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға міндеттенеді.
3. Қордың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде және тәртіппен комиссиялық сыйақы алуға;
2) зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты мәселелері бойынша Салымшының (Алушының) жазбаша өтініші бойынша оның мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;
3) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты бағалы қағаздардың атауы мен санын, сатып алу күні мен бағасын, сондай-ақ осы бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшерінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына пайыздық ара қатынасын көрсете отырып жариялау;
4) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.
4. Салымшы(Алушы):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарт талаптарына сәйкес тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
2) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге;
3) Қордың міндеттемелерін орындауына әсерін тигізетін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.
5. Салымшының (Алушының):
1) Шарт жасасқан кезде, сондай-ақ кез келген жазбаша сұрату бойынша сұратылған күніне Қордың акционерлері туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы, нақты орналасқан жері, олардың акционерлері және Қордың акционерлері туралы ақпаратты мынадай көлемде алуға:
жеке тұлғаға қатысты: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, азаматтығы, қатысу үлесі (пай ызбен);
заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почталық индекс, қала, көшесі, ғимараттың нөмірі, телефон, факс, электронды адресі), мемлекеттік тіркелу туралы деректер, бірінші басшы туралы деректер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) және қатысу үлесі (пайызбен);
2) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;
3) Қордың зейнетақы ережесімен танысуға;
4) Қордан жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, бірақ жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға;
5) төлемдерді жүзеге асыру күніне Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;
6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдыруға;
7) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты қоныс аударғанда жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;
8) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
7. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
8. Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аудару кезеңінде Салымшының (Алушының) жаңа зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасуға не жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударым жасаудан бас тартуға жол берілмейді.
9. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі төлем жасау күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
1) Шартты жасаған күннен бастап және өткен жылы келіп түскен зейнетақы жарналар, өсімпұл, аударым сомасы туралы, олардың нақты келіп түскен күндері көрсетілген ақпарат;
2) өткен жылдың әрбір айына есептелген инвестициялық кіріс сомасы мен ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы сомасы туралы;
3) Қордың инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен уәкілетті органымен бекітілген комиссиялық сыйақысының мөлшері туралы;
4) күндерін және ұсталған жеке табыс салығы сомасын көрсете отырып, зейнетақы төлемдері және (немесе) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының сомасы туралы ақпарат.
11. Егер Салымшының (Алушының) сұратуында өзгесі көрсетілмесе, Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша кез келген сұратылған күніне Қормен ұсынылатын есептілікке Шарттың 10-тармағында аталған, сұратылған күндегі жағдай бойынша сұратуда көрсетілген кезеңге жасалған мәліметтер кіреді.
12. Салымшыны (Алушыны) жыл сайынғы міндетті хабардар етуі Қордың меншікті қаражаты есебінен күнтізбелік жыл аяқталған соң екі ай ішінде жүргізіледі.
13. Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабардар етуі төлем карточкасы арқылы, сондай-ақ байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және өзге байланыс құралдары) арқылы немесе Салымшының (Алушының) жеке өтініш жасағанда жүргізілуі мүмкін.
15. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (бұдан әрі – Орталық) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламаны орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін Қор Салымшының (Алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының 2,5-еселенген мөлшерінде өсімпұл төлейді.
16. Зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін Қор құқықтары бұзылған тұлғаның пайдасына төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5-еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
17. Өсімпұлды төлеу Қорды жинақталған зейнетақы қаражатын аудару (зейнетақы төлемдерін жүргізу) жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
18. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
6. Төтенше жағдайлар
19. Егер тиісінше орындау дүлей күштiң салдарынан мүмкін болмай қалса, егер бұл жағдайлар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына тiкелей әсер етсе, Шарттың тараптары өз мiндеттемелерiн ішінара немесе толық орындамау жауапкершілігінен босатылады.
Осы Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау осы жағдайлар орын алған шамалас мерзiмге тоқтатыла тұрады.
20. Осылармен шектелмей, қоса алғанда, мыналар дүлей күш жағдайлары болып табылады: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, толқулар, ереуілдер, әскері іс-қимылдары, осы Шартта көрсетілген қызметтерге тыйым салатын заңдардың, қаулылардың және мемлекеттік органдарының өзге де актілерінің қабылдануы.
21. Қор Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша осы Шартқа сәйкес қабылдаған Қордың міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың пайда болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс.
23. Шарт:
1) заңдық күшіне енген сот шешімінің негізінде;
2) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан басқасына аударым жасау жағдайларын қоспағанда, жинақталған зейнетақы қаражаты және осы Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен;
3) корпоративті Қордың бастамасы бойынша Салымшы (Алушы) корпоративті Қордың акционері заңды тұлғамен еңбек шартын бұзған жағдайда бұзылады.
24. Салымшы (Алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен жасаған кезде осы Шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылады. Қор Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражаты аударылғаны туралы электронды хабарламасын алғаннан кейін, жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған кезде, Шарт бұзылады.
26. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанша Шарт қолданыста болады.
28. Шарт екі данада, әрқайсысы бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Әр тарапта бір данадан болады. Қор өзінің Шарт данасының және Шарт солардың негізінде жасалған құжаттар көшірмесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
_______________________________ ______________________________
(Қордың атауы, бизнес тегі, аты (бар болса - әкесінің аты),
сәйкестендіру нөмірі, банк _______________________________ ______________________________ салық төлеушінің тіркеу нөмірі не
деректемелері, Қордың нақты бар болса жеке бірегейлендіру нөмірі
орналасқан жері (оның филиалының,
_______________________________ _______________________________
өкілдігінің), телефон тұрғылықты жері, телефон)
Зейнетақы ережесімен таныстым
_______________________________ ______________________________
(Қор өкілінің қолы) (Салымшының (Алушының) қолы)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына
______________ қаласы 20__жылғы «____»__________ №_____
__________________________________________________________________
(Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы,
__________________________________________________________________
нақты орналасқан жері ),
бұдан әрі «Қор» деп аталады, ______________(Жарғы немесе сенімхат) және зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға _____ жылғы «__» ______ №_________ лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
(лауазымы,
____________________________________________________________________
тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)),
арқылы бір жағынан және жеке тұлға ____________________________________
(тегі, аты, ____________________________________________________________________
(бар болса - әкесінің аты)
____________________________________________________________________
туған жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат),
____________________________________________________________________,
(сериясы, нөмірі)
_______________________________ «___»_______________жылғы берілген,
(кіммен және қашан)
№ _____________әлеуметтік жеке коды, немесе бар болса - ___________жеке бірегейлендіру нөмірі бар, бұдан әрі «Салымшы(Алушы)» деп аталады, екінші жағынан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) мына төмендегілер жайында жасасты:
2. Қор:
2) Салымшыға (Алушыға) № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;
3) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тек уәкілетті кастодиан банкте қалыптастыруға және сақтауға;
4) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты мен оған жасалған төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;
5) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кірісті есептеуге;
6) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға;
7) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, ақы алмастан, оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен (Алушымен) келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;
8) Шарт жасау кезінде, сондай-ақ сұрату бойынша Салымшыға (Алушыға) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы мәліметтерді осы Шарттың 5-тармағында белгіленген көлемде ұсынуға;
9) Шарт жасау кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы ережелерімен таныстыруға;
10) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережесіне енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;
11) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сатып алу күнін және бағасын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына осы бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшерінің пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;
12) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Салымшыны (Алушыны) алдағы уақытта қайта ұйымдастырылуы туралы екі баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;
13) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз етуге;
14) соңғы күнге есептелген инвестициялық кірісті қоса алғандағы Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын түгел басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;
15) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ол туралы Салымшыны (Алушыны) екі баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;
16) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;
17) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу күнінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға (Алушыға) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуге;
18) Салымшы(Алушы) қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге арналған біржолғы төлемді елу айлық есептік көрсеткіші шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан асырмай төлеуге;
19) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Салымшының (Алушының) мұрагер(лер)іне төлеуге;
20) Қордың міндеттемелерін орындауға әсерін тигізетін Салымшының (Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;
21) Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты қоныс аударған жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға міндеттенеді.
3. Қордың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде және тәртіппен комиссиялық сыйақы алуға;
2) зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты мәселелері бойынша Салымшының (Алушының) жазбаша өтініші бойынша оның мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;
3) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты бағалы қағаздардың атауы мен санын, сатып алу күні мен бағасын, сондай-ақ осы бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшерінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына пайыздық ара қатынасын көрсете отырып жариялауға;
4) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.
4. Салымшы (Алушы):
1) Шартқа қол қойылғаннан кейін үш күн ішінде өзінің зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агентіне (бұдан әрі – агент) Шартқа қол қою күнін, жеке әлеуметтік кодының нөмірін немесе бар болса – жеке сәйкестендіру нөмірі, Қордың деректемелерін хабарлауға, сондай-ақ оған Шарттың көшірмесін тапсыруға;
2) Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып Қорға хабарлауға міндетті.
5. Салымшы (Алушы):
1) ерікті зейнетақы жарналарын _________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
(ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын, бір жолғы немесе тараптардың келісімі бойынша)
Салымшы (Алушы) белгілейтін мөлшерде енгізуге;
2) Шарт жасасқан кезде, сондай-ақ кез келген жазбаша сұрату бойынша сұратылған күніне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы, нақты орналасқан жері, олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы ақпаратты мынадай көлемде алуға:
жеке тұлғаға қатысты: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, азаматтығы, қатысу үлесі (пай ызбен);
заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почталық индекс, қала, көшесі, ғимараттың нөмірі, телефон, факс, электронды адресі) мемлекеттік тіркелу туралы деректер, бірінші басшы туралы деректер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты), қатысу үлесі (пайызбен);
3) Қордың зейнетақы ережесімен танысуға;
4) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;
5) Қордан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, бірақ жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға;
6) төлемдерді жүзеге асыру күніне Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;
7) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдыруға;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты қоныс аударғанда жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;
9) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы
25 12 2014
3 стр.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қ
04 09 2014
1 стр.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 32-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қад
04 09 2014
1 стр.
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы Қаулы етеді
23 09 2014
1 стр.
Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әр
04 09 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы н
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бе
15 09 2014
6 стр.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 39-бабын іске асыру мақсатында
25 12 2014
1 стр.