Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 11страница 12




Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысы

-->
      «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Мыналар:
      1) халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты;
      2) халықты әлеуметтiк қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты;
      3) халықты әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1222 қаулысымен  
бекiтiлген     

Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi және «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзiрлендi.


      2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулiк бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес меншiк нысанында стационарлық үлгiдегi ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң көлемiн және шарттарына және тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi, медициналық-әлеуметтiк ұйымдар қызметiнiң тәртiбiн, медициналық-әлеуметтiк ұйымдарға:
      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрi – балалар);
      2) тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрi – ТҚА бұзылған балалар);
      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан мүгедектердi (бұдан әрi – он сегiз жастан асқан адамдар);
      4) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi (бұдан әрi – мүгедектер), егде жасына байланысты өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз адамдарды (бұдан әрi – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жiберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
      Жоғарыда аталған санаттар бiрлесiп қызмет алушылар болып аталады.
      3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулiк бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгiдегi ұйымдар (бұдан әрi – стационарлық үлгiдегi ұйымдар) болып танылады.
      4. Осы стандартты меншiк нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн барлық субъектiлер сақтайды.
      5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
      6. Стационарлық үлгiдегi ұйымдар:
      1) мыналардың:
      барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде арнайы бiлiм беру түзету ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн) болуы;
      барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды қиындататын жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;
      жарыместiгi болғанда айына төрт реттен жиi емес ұстамасы бар (оның iшiнде симптоматикалық) эпилепсия;
      өнiмдi симптоматикасыз дефектiсi айқын бiлiнетiн шизофрения;
      бас миының органикалық зақым алғаннан кейiнгi жарыместiгi салдарынан стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың.
      Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсеткiштер:
      өнiмдi симптоматикасы бар шизофренияның
      жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм эпилепсияның
      кез келген нозологиялық тиiстiлiк шеңберiндегi психопатияға ұқсас симптоматиканың
      балалар мен айналасындағылар үшiн қауiптi, мiнез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың
      белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялар, терi мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi қажет ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады.
      2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектiсi сақталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi ТҚА бұзылған балалардың.
      ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткiштер:
      психикалық аурулардың
      барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң
      жиi эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);
      мiнез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының
      қайтымсыз гидроцефалияның
      жiтi психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнiң
      мiнез-құлықтың психоұқсас түрлерi мен (немесе) интеллектiлiк-мнестикалық бұзылушылықтарының
      белсендi процесс сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялардың, терi мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi қажет ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады.
      3) мыналардың:
      барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн адамдар) болуы;
      барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;
      жiтi психотикалық симптоматикасының болмауымен, жарыместiгi немесе психикалық кемiстiгiнiң өрескел көрiнуiмен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлерi;
      психотикалық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектiсi айқын бiлiнетiн шизофрения;
      жарыместiк белгiлерi мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттерi бар эпилепсияның түрлi нысандары;
      жарыместiк белгiлерi бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулездi менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисi және т.б.);
      айқын бiлiнетiн жарыместiк белгiлерi бар тұрақты алкоголизм;
      айқын бiлiнетiн психомоторлық мазасыздығы жоқ және есiнiң өзгеру жай-күйiнiң ұзақ немесе қайталанатын жарыместiк белгiлерi жоқ қан-тамыр және сенильдiк аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегiз жастан асқан бiрiншi, екiншi топтағы адамдардың.
      Он сегiз жастан асқан адамдардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсеткiштер:
      белсендi процесс стадиясындағы туберкулездiң, карантиндi инфекциялардың, терi мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң
      мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi қажет ететiн басқа да аурулардың
      жiтi және қатты стадиядағы психикалық аурулардың
      созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының
      айқын бiлiнетiн психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мiнез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетiлетiн адамның өзiне және айналасындағыларға қауiптi психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ұстамалы түрдегi немесе жиi өршiмелi немесе аурудың жиi декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендтi өтетiн кез келген психикалық аурулардың
      эпилепсия және басқа этиологиядағы жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм тырыспалы синдромның
      тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерiнен асқынған басқа да психикалық аурулардың
      түрлi генездегi айқын бiлiнетiн депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивтi жай-күйлердiң
      айқын бiлiнетiн психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивтi, параноидтi, паранояльдiк, қояншық ауруларының болуы болып табылады.
      4) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 131-бабы бойынша өздерiнiң ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективтi себептер бойынша (егде жасына, бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгiнiң, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз ете алмайтын туыстары бар мүгедектер мен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен, өзiне-өзi күтiм көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйiне байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың тәулiк бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) тұруына арналған.
      Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұруына:
      ауру процесi белсендi сатыдағы туберкулездiң
      психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезiндегi невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлердi, ақыл-ес кемшiндiгi мен жеке басының айқын бiлiнетiн өзгеруi жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бiр реттен артық емес) этиологиясы әртүрлi тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
      карантиндiк инфекциялардың, терi мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi қажет ететiн аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткiштер болып табылады.
      7. Стационарлық үлгiдегi ұйым заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметiн құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      8. Стационарлық үлгiдегi ұйымдар:
      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);
      2) психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);
      3) қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);
      4) тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым);
      5) тәулiк бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрiнде құрылады.

2. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мiндеттерi мен функциялары

      9. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың негiзгi мiндеттерi:
      1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тiршiлiк жағдайын жасау;
      2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi осы стандартта белгiленген көлемге сәйкес көрсету;
      3) қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кiрiгу деңгейiн арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету;
      4) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру;
      5) кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiнен, физикалық және психикалық  күш көрсетуден, қорлаудан, дөрекiлiктен қорғау болып табылады.
      10. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың негiзгi функциялары:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейiмдеу бойынша iс-шаралар жүргiзу;
      2) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) стационарлық үлгiдегi ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
      4) осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтiк-оңалту iс-шараларын жүргiзуге бағытталған қажеттi арнаулы әлеуметтiк қызметтер кешенiн ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
      5) қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушiлердi қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
      6) қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерiн арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi, стационарлық үлгiдегi ұйымдардағы iшкi тәртiп ережесi туралы хабардар ету;
      8) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру;
      9) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгiдегi ұйымдардың әкiмшiлiгiне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңында белгiленген тәртiппен орындау;
      10) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
      11) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.

3. Стационарлық үлгiдегi ұйымға қабылдау шарттары

     11. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн қызмет алушыларды стационарлық үлгiдегi ұйымдарға облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы стационарлық үлгiдегi ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негiзiнде жүзеге асырады.
      13. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн стационарлық үлгiдегi ұйымдарға қызмет алушыларды қабылдау уәкiлеттi орган стационарлық үлгiдегi ұйымдарға ұсынатын мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) қызмет алушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдар үшiн – заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтiнiшi (осы стандартқа 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдау хаты;
      2) жергiлiктi атқарушы органның арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету туралы шешiмi;
      3) уәкiлеттi органның жолдамасы;
      4) баланың туу туралы куәлiгi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi бар (ЖСН) жеке куәлiгi.
      ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiктерi қосымша берiледi;
      5) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi;
      6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);
      7) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
      8) он сегiз жастан асқан адамдар үшiн – соттың адамды әрекетке қабiлетсiз деп тануы туралы шешiмi (болған жағдайда);
      9) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн – зейнетақы куәлiгi;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн – Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiк.
      14. Құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқаларымен бiрге ұсынылады, салыстырып тексерiлгеннен кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады.

4. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұру жағдайлары

      15. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұру жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiгiне, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiкке қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.
      16. Құрылтайшы стационарлық үлгiдегi ұйымдарды қазiргi заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етедi.
      17. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергiсiз кiрiп-шығуды, орынжай iшiнде және ғимаратқа iргелес жатқан аумақта жүрiп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
      18. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесiмдiлiгi ескерiлiп орналастырылады. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұратындар қатарындағы ерлi-зайыптыларға бiрге тұру үшiн жеке орынжай бөлiнедi.
      19. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда тұру тәртiбi стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтетiн iшкi тұру тәртiбi ережесiнде айқындалады.
      20. Қызмет алушылардың стационарлық үлгiдегi ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкiлiмен жасасатын келiсiмшартпен ресiмделедi, онда уақытша болу мерзiмi, қызметтердiң көлемi мен түрлерi айқындалады.

5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтiк қызметке сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзiрлеу



      21. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi (түрлерi мен көлемiн) әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер, педагогтар және стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары (бұдан әрi – стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары) (осы стандартқа 3-қосымша) айқындайды.
      22. Қызмет алушылардың қажеттiлiгiн бағалау негiзiнде мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары әрбiр қызмет алушыға бiр жыл мерзiмге жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрi – жеке жоспар) (осы стандартқа 4-қосымша) әзiрлейдi.
      23. Жеке жоспарлар қызмет алушыларды стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейiн стационарлық үлгiдегi ұйымдарға түскен немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде әзiрлейдi, кейiнгi бес жұмыс күнi iшiнде толтырады және стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтедi.
      24. Жеке жоспарда көрсетiлген оңалту iс-шараларын стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары жеке жоспарда бекiтiлген мерзiмде жүргiзедi.
      25. Қызмет алушылардың жай-күйiндегi өзгерiстердi стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) қарауға тиiс.
      26. Өткiзiлген iс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары әрбiр қызмет алушыға жеке жүргiзiлетiн жеке жоспардың (мониторингтiң) орындалуы жөнiндегi журналда/электрондық картотекада (бұдан әрi – журнал/электрондық картотека) (осы стандартқа 5-қосымша) көрсетедi.
      27. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетедi.
      28. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзiрлеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      29. Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы немесе уәкiлеттi орган:
      1) отбасыларға қайтарылған (берiлген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер алатын;
      2) тұрмыстық және еңбек қызметiне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюi бойынша бағалайды.
      30. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарға қажеттi мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзiрлеу, оңалту iс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелiгiн бағалау үшiн келiсiмшарт негiзiнде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
      31. Стационарлық үлгiдегi ұйымның әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге қатысады.
      Оңалту iс-шараларының нәтижелерi тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгiленiп отырады.
      32. Стационарлық үлгiдегi ұйымның әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманы ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтiк көмек қызметi мен мейiрбикенiң күтiмi қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингiн жүргiзедi.
      33. Стационарлық үлгiдегi ұйымның әкiмшiлiгi стационарлық үлгiдегi ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтiк мiндеттердiң сапалы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

6. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шарттары



      34. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетуге:
      1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегi, оның iшiнде, төсектен тұру, төсекке жату, киiну және шешiну, жуыну, тамақ iшу, сусын iшу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тiсiн немесе жағын күту, көзәйнектi немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кiсiлерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделiктi рәсiмдердi орындауға қабiлетсiз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтердi көрсету;
      2) тұрғын жай беру, оның iшiнде бiр балаға, ТҚА бұзылған балаға кемiнде төрт шаршы метр және он сегiз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемiнде бес шаршы метр жатын бөлмелерiн беру;
      3) оңалту, емдеу, бiлiм беру, мәдени iс-шараларына, дiни рәсiмдердi жасауға, емдiк еңбек қызметiн ұйымдастыруға, өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негiздерiне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
      4) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс iстеуге болатын мүгедектерге және он сегiз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн жағдай жасау;
      5) бөгде адамның көмегiне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейiмделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
      6) дағдарыс палаталарын, паллиативтiк көмек палаталарын (бөлiмшелерiн) жасау үшiн интенсивтiк күтiм және терапия жүргiзуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
      7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергiлiктi атқарушы орган бекiткен тәртiппен ақылы келiсiмшарт негiзiнде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейiн) болу үшiн орынжайлар ұсыну;
      8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету;
      9) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекiтiлген интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
      10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
      11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кiр жуу, кептiру, үтiктеу, iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
      12) қалалық телефон байланысы қызметiн ұсыну;
      13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу iс-шараларына қатысу үшiн тасымалдау кезiнде көлiк қызметiн ұсыну;
      14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
      15) әдеттегi шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкiн болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметiн көрсету;
      16) жерлеу қызметiн ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкiлдерi) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
      35. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
      1) берiлетiн тұрғын үй орынжайлары көлемi мен басқа да көрсеткiштерi бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйi, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етедi.

следующая страница>


Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы

Асында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы»

1640.63kb.

26 09 2014
12 стр.


001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет

«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің

179.03kb.

09 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

2378.32kb.

11 10 2014
13 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

2023.9kb.

25 12 2014
10 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
807.53kb.

14 12 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1189.94kb.

13 09 2014
7 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1330.88kb.

13 09 2014
8 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1314.37kb.

13 09 2014
8 стр.