Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 12страница 13
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2342 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 27 ақпандағы № 76-77 (25923); "Казахстанская правда" от 17.04.2010 г., № 94-96 (26155-26157)


      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2342 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

Мазмұны

      1. Миссиясы және пайымдауы


      2. Ағымдағы ахуалды талдау
      3. Қызметiнiң стратегиялық бағыттары
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттiң стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгi
      5. Функционалдық мүмкiндiктерi және ықтимал қатерлерi
      6. Қатер менеджментi
      7. Негiзiнде Стратегиялық жоспар әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттардың тiзбесi
      8. Бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi

Миссиясы

      Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.



Пайымдауы

      Лайықты еңбектiң iлгерiлеуiн және әлеуметтiк қорғаудың конституциялық кепiлдерiнiң iске асырылуын қамтамасыз етушi мемлекеттiк орган.



2. Ағымдағы ахуалды талдау

      2008 - 2009 жылдары әлеуметтiк-экономикалық сала әлемдiк қаржы дағдарысының керi әсерiнiң ықпалымен дамып келедi.


      2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған халықтың саны 7 862,1 мың адам болды немесе 2008 жылдың басымен салыстырғанда 231 мың адамға көбейдi. Бұл ретте 2008 жылдың төртiншi тоқсанында 2008 жылдың үшiншi тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халық санының 63,3 мың адамға азайғаны байқалады. Жұмыспен қамту деңгейiнiң төмендеуi 2009 жылдың бiрiншi тоқсанында да жалғасты, экономика салаларындағы өндiрiс ауқымының қысқаруына байланысты жалдамалы қызметкерлердiң саны аталған кезеңде 31,7 мың адамға қысқарды. 2009 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша жұмыссыздар саны 583,1 мың адам болды, ал жұмыссыздық деңгейi экономикалық белсендi халықтың санынан 6,6 %-нан 6,9 %-на көбейдi.
      Iшiнара жұмыспен қамту айтарлықтай өрiс алды. Егер 2009 жылдың басында 281 кәсiпорын өндiрiсiн iшiнара тоқтатса, 2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ол сан 590-ға жеттi. Iшiнара жұмыспен қамту жағдайында 51,1 мың жалдамалы қызметкер жұмыс iстейдi. Тағы 19,6 мың қызметкер жалақысы сақталмайтын мәжбүрлi еңбек демалысында (жылдың басымен салыстырғанда олардың саны 2 есеге көбейген).
      Ағымдағы дағдарысты еңсеру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi дағдарысқа қарсы бағдарлама және оны iске асыру жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралардың жеке жоспарын әзiрледi. Оларды iске асыру үшiн Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатынан экономикаға 2,7 трлн. теңге, оның iшiнде өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын iске асыруға 140 млрд. теңге бағытталды. Жергiлiктi бюджеттерден қосымша осы мақсаттарға 51,5 млрд. теңге бөлiндi.
      Көрсетiлген жоспарға сәйкес жаңа жұмыс орындары құрылуда, кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген жұмыссыздардың және халықтың нысаналы топтарының өзге де өкiлдерiнiң саны артуда. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтiк жұмыс орындарын құру және жастар практикасын ұйымдастыру бағдарламаларын кеңейту, бос орындар жәрмеңкесiн өткiзу және т.б. жөнiнде шаралар қабылдануда.
      Қазақстанның еңбек нарығындағы ахуал еңбек ресурстары сапасының төмендiгiне байланысты қиындап отыр (Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2008 жылдың қорытындысы бойынша деректерге қарағанда, жұмыспен қамтылған халықтың 35 % кәсiби бiлiмi жоқ. Экономиканың еңбектi көп қажетсiнетiн салаларында жұмыс iстейтiндердiң үлес салмағының жоғары болуы - жұмыспен қамтылған халықтың 30 % астамы - тиiмсiз жұмыспен қамтудың орын алғанын бiлдiредi). Жұмыс iстейтiн халықтың үштен бiрiнен астамы өзiн өзi жұмыспен қамтыған болып табылады (оның iшiнде бiр млн. астам адам өзiнiң жеке үй шаруашылығымен айналысады), көлеңкелi жұмыспен қамту сақталып отыр.
      Жастар мен әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейi сақталуда.
      Қалыптасқан жағдай және экономиканың дағдарыстан кейiнгi тұрақты даму жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жұмысынан (жұмысының болмауы) айрылу қатерiн басқаруды Министрлiк қызметiнiң басты стратегиялық бағыты ретiнде айқындайды.
      Еңбек қатынастарын реттеуде мынадай жұмыстардың жандандырылғанын атап көрсету қажет:
      - еңбек қатынастарын мемлекеттiк кепiлдiктердi шарттық бастамамен байланыстыру негiзiнде жетiлдiру;
      - ұжымдық-шарттық қатынастарды дамыту;
      - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қатынастарды регламенттеу;
      - әлеуметтiк әрiптестiк және бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi мәселелерiн дамыту.
      Жүргiзiлген «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» республикалық акциясының нәтижесiнде қолданыстағы ұжымдық шарттардың саны акцияның басынан берi 2 еседен астам өстi (40767), жұмыс берушiлердiң БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттарын iлгерiлету жөнiндегi келiсiмге қосылуы жалғасуда. Республикада әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласында бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша Меморандумдар жасау тәжiрибесi дами бастады. Меморандумдар әлеуметтiк шиеленiстердi қысқартуды және:
      - қызметкерлердiң жаппай босатылуының алдын алу;
      - жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру;
      - халықтың табысын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу;
      - кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      - ауылдық жерде жұмыспен қамтуға және халықтың нысаналы топтары қатарындағы адамдарды жұмыспен қамту;
      - әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандарды салуға, демеушiлiк пен қайырымдылық жөнiндегi өзара мiндеттемелердi көздейдi.
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың халықаралық стандарттарын, мысалы, «Кәсiби еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау менеджментi жүйесi. Талаптар» (ҚР СТ 1348-2005); «Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Ұйымдағы еңбектi қорғауды басқару жүйесiне қойылатын жалпы талаптар» (ҚР СТ 12.0.001-2005) және «Ұйымдағы еңбектi қорғауды басқару жүйесiне қойылатын жалпы талаптар» (ҚР МЕМСТ 12.0.230-2007), ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 халықаралық стандарты, OHSAS 18001: 1999 «Occupational Health and Safety Assesment Series. Requirements (MOD)» енгiзу жөнiнде жұмыс жалғастырылуда. Бұл өндiрiстегi жарақат деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк бердi. 2008 жылы өндiрiстегi жарақат деңгейi 2001 жылғы деңгейге қарағанда 25,5 % төмендедi, жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi 1000 жұмысшыға шаққанда 0,97-ден 0,53 дейiн төмендедi.
      Қатердi бағалау жүйесiн (ҚБЖ) енгiзе отырып, еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жетiлдiру және еңбек заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi нақтылау; қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды енгiзу; азаматтық қызметшiлердiң, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң, қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң еңбекақы жүйесiн (еңбекақыны қызмет нәтижесi бойынша төлеу) жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдануда. 2009 жылы бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақы деңгейi 25 % арттырылып, шамамен 43 864 теңгенi құрады (2009 жылғы мамыр).
      Елiмiз бойынша бiр қызметкердiң орташа жалақысы 2007 жылы 52 479 теңгеден 2008 жылы. 60 805 теңгеге дейiн өстi. Бiр уақытта жасалған салалық үшжақты келiсiмдер шеңберiнде алты салада: тау-кен-металлургия, машина жасау, көмiр, мұнай-газ, құрылыс және химия салаларында салалық арттырушы коэффициенттер (ЕТТС) бекiтiлдi.
      Сонымен қатар, еңбек саласын одан әрi дамыту стратегиясын айқындауда мынадай проблемаларды да назарға алу қажет:
      1. Ұжымдық-шарттық қатынастардың жеткiлiктi дамымауы;
      2. Кәсiптiк қатерлердi басқару жүйесiнiң жетiлмеуi, соның салдарынан өндiрiстегi (өлiммен аяқталатын) жарақаттанудың бiршама жоғары деңгейiнiң сақталуы;
      3. Еңбектi нормалаудың тиiмдi жүйесiнiң болмауы. Елде экономикалық қызмет салалары бойынша 174 үлгi еңбек нормалары мен нормативтерi қолданылады, бұл олардың негiзгi санының 26 % құрайды. Бұл ретте, аталған нормалар мен нормативтер тек оларды тарифтердi бекiткен кезде монополияға қарсы заңнама үшiн қажет ететiн ұйымдарда ғана бекiтiлген.
      4. Бюджеттiк саладағы еңбекақы деңгейiнiң төмендiгi, ел өңiрлерiндегi халық табысын саралау, жалақының өсу деңгейi мен қызметкердiң еңбек өнiмдiлiгi арасында өзара байланыстың болмауы, сондай-ақ жалақының ең төменгi стандартының жетiлмегендiгi;
      Осыған байланысты, еңбек құқықтарының бұзылуы қатерiн басқару Министрлiк жұмысының екiншi стратегиялық бағыты болуға тиiс.
      Көшi-қон саясатын iске асыру да Министрлiктiң құзыретiне жатады. Еуразия құрлығындағы басқа да елдер сияқты Қазақстан да еңбек және этникалық көшi-қонның, Транзиттiк және заңсыз көшi-қон ағындарының айтарлықтай өсуiнiң әсерiн бастан кешiруде. 2004 жылдан бастап елiмiзде көшi-қонның оң сальдосы сақталып отыр.
      Iшкi көшi-қонның жандануы соңғы жылдардағы ерекшелiк болып табылады (2007 - 2008 жылдары 300 мыңнан астам жыл сайын). Iшкi көшiп келушiлердiң негiзгi бөлiгi - ауыл тұрғындары. Жалпы елiмiз бойынша соңғы бес жыл iшiнде (2004 - 2008 жж.) бұған үш миллионнан астам, оның iшiнде 1 млн. астам ауыл тұрғындары қатысқан. Iшкi көшiп келушiлердiң негiзгi бөлiгi - еңбекке жарамды жастағы адамдар (шамамен 76 % 15-тен 39 жасқа дейiнгiлер).
      2008 жылға дейiн шетелдiк жұмыс күшiн тарту 2005 жылы 24760 адамнан 2007 жылы 58810 адамға дейiн едәуiр артты, 2008 жылы бұл көрсеткiштiң 54204 адамға дейiн айтарлықтай төмендегенi байқалады. Ағымдағы жылы жергiлiктi персоналдың мүддесiн қорғау мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота 2008 жылғымен салыстырғанда 2 есеге азайтылды. 2009 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша 25307 шетел қызметкерi жұмысқа тартылған.
      Қазақстан шетелде тұратын көпшiлiк қазақ диаспорасының мұң-мұқтажына жауап беретiн этникалық көшi-қон саясатын жариялаған және iске асырып жатқан елдiң бiрi болып табылады. Қуғын-сүргiн және қудалау, ұжымдастыру және аштық жылдарында елден кетуге мәжбүр болған қазақтар тарихи отанына қайта оралуға нақты мүмкiндiк алды. 1991 жылдан бастап 2009 жылғы қыркүйекке дейiнгi кезеңде республикамызға 750 мыңнан астам оралман көшiп келдi. Соңғы жылдары елге келген оралмандардың нақты қатары олардың көшiп келу квотасынан айтарлықтай асып отыр.
      2008 жылы 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды. Этникалық көшiп келушiлердi; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елiмiздiң қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу оның негiзгi мiндетi болып табылады. Осы бағдарламаның шеңберiнде 2009 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысында (575 отбасына арналған «Асар» шағын ауданы, Шымкент қ.), Ақмола облысында (279 отбасына арналған, Красный Яр ауылы, Көкшетау қ.,), Шығыс Қазақстан облысында (200 отбасына арналған, Курчатов қ.) қанатқақты жобалар iске асырылуда.
      Сонымен қатар, көшi-қон саласында: iшкi көшi-қон процестерiнiң бытыраңқы түрде дамуы; шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану тиiмдiлiгiнiң жетiспеушiлiгi; заңсыз көшi-қонның сақталуы; оралмандардың тарихи отанына баяу кiрiгуi; институционалдық базаның әлсiздiгi байқалады.
      Осыған орай, көшi-қон ағынын реттеудiң тиiмдi және кешендi жүйесiн жасау, көшiп кету пиғылын төмендету жөнiнде шаралар өткiзу, этникалық қазақтардың отанға оралуы саясатын одан әрi iске асыру және Қазақстанның бұрынғы азаматтарының қайта оралуын ынталандыру, заңсыз көшi-қон саласындағы бақылауды күшейту - көшi-қон саясаты саласының өзектi мiндеттерi болып табылады.
      Осы орайда көшi-қон процестерiн басқару мәселелерi Министрлiк қызметiнiң келесi стратегиялық бағыты болмақ.
      Жоғарыда аталған бағыттармен қатар, адам дамуы үшiн жағдай жасау әлеуметтiк қамсыздандыруды ұйымдастыруды да қамтиды.
      Соңғы жылдары ол көп деңгейлi үлгi шеңберiнде дамып келдi. 2008 жылы инфляцияның азаматтардың сатып алу қабiлетiне ықпал етуiн iрку мақсатында әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру жөнiнде жаңа қадам жасалған болатын. 2008 жылғы 1 шiлдеден бастап заңнамалық тұрғыдан ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң жаңа мөлшерi 12 025 теңге болып белгiлендi, осыған сәйкес мемлекеттiк базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi арттырылды. Арттыру 2,3 млн. астам адамды қамтыды.
      Ынтымақты зейнетақының мөлшерi жыл сайын инфляцияның болжамды деңгейiнен iлгерiлетiлiп индекстелдi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауына және «Нұр Отан» ХДП саяси тұғырнамасына сәйкес 2012 жылға қарай орташа зейнетақы мөлшерiн 2007 жылғымен салыстырғанда 2,5 есеге, оның iшiнде 2009 жылы - 25 %-ға, 2010 жылы - 25 %-ға, 2011 жылы - 30 %-ға арттыру болжанады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 2011 жылға қарай ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң кемiнде 50 % құрайтын болады.
      2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн зейнетақы есептеуге ұсынылатын ең жоғары табысты шектеудiң 28 АЕК-ке дейiн арттырылуын ескере отырып, орташа есеппен 25 %-ға арттыру жүргiзiлдi. Базалық зейнетақы төлемiнiң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап мөлшерi 5388 теңге, ал 1 шiлдеден бастап - 5487 теңге көлемiнде белгiлендi.
      Жинақтаушы зейнетақы жүйесi дамуда. 2009 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) жұмыс iстейдi; жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары 1 721,5 млрд. теңгенi құрайды. ЖЗҚ салымшыларының мүддесiн қорғау мақсатында мiндеттi зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттiк кепiлдiктi инфляция деңгейiн ескере отырып, iске асырудың құқықтық тетiгi енгiзiлдi. 2009 жылы осы мақсатқа 1,5 млрд. теңге көзделген.
      2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс iстейтiн әйелдер үшiн жүктi болу, босану және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша әлеуметтiк сақтандыру енгiзiлдi.
      Осындай оң өзгерiстерге қарамастан, Министрлiк халықаралық тәжiрибеде қолданылатын жоғалтқан табысты алмастырудың ең төменгi стандартына (40 %) кезеңiмен жақындауға бағытталған қызметiн жалғастыруда, бұл өз кезегiнде, әсiресе инфляцияның өсу жағдайында әлеуметтiк төлемдердi сатып алу қабiлетiнiң артуына әсер етедi.
      2009 жылы табысты зейнетақы төлемiмен алмастыру ставкасы 37,6 %-ға, (МӘСҚ-тан берiлетiн төлемдердi ескергенде) мүгедектiгi және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылармен алмастыру ставкасы 30-31 %-ға артқаны байқалды.
      Қарттық туындаған кезде лайықты зейнетақы төлемi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтарының жеткiлiксiздiгi; халықты жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiмен және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiмен толық қамтымау, ерiктi зейнетақы жинақтары жүйесiнiң даму дәрежесiнiң жеткiлiксiздiгi; тиiмдi, сонымен қатар сенiмдi және өтiмдi бағалы қағаздар және т.б. тапшылығы жағдайында зейнетақы жинақтарын тиiмдi инвестициялау мәселелерi өзектi болып табылады.
      Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оларды оңалту, кiрiктiру жөнiндегi жұмыс 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  және мүгедектердi оңалтудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылды. Осыларға сәйкес негiзгi күш-жiгер мүгедектiктiң алдын алуға; мүгедектердi тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етудiң халықаралық стандарттарын енгiзу; заманауи оңалту және медициналық-әлеуметтiк мекемелер мен ұйымдар тапшылығын еңсеру; мүгедектердiң жеке қолайсыздығына сәйкес заманауи техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталды.
      Әлеуметтiк қызмет көрсету саласын кеңейту, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн ұлғайту мақсатында 2008 жылы «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Заң қабылданды. Қазiргi кезде психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасын, ауқымы мен шарттарын белгiлейтiн арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты әзiрлендi, қызметтердi көрсету бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер бекiтiлдi. Арнаулы мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 20,0 млрд. теңге сомасындағы қаражат, оның iшiнде 2009 жылы 5,4 млрд. теңге көзделген. Астана, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында үкiметтiк емес ұйымдардың арасында психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша қанатқақты жобалар iске асырылуда.
      2010 жылдан бастап 2011 жылға дейiнгi кезеңде психоневрологиялық патологиясы бар балаларға; қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ тiрек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына толықтыру енгiзу жоспарланады.
      Алайда, әлiге дейiн бәсекелестiк орта тиiсiнше дамымаған, әлеуметтiк қызметкерлер институты жоқ. Бұл өмiрдiң қиын жағдайларында жүрген адамдарды әлеуметтiк қолдауды қиындатады.
      Осының негiзiнде қарттықтың, асыраушысынан айрылу және мүгедектiктiң туындауы салдарынан болатын қатердi басқару Министрлiк қызметiнiң төртiншi стратегиялық бағыты болуға тиiс.
      Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар әлеуметтiк көмекпен және әлеуметтiк қолдаумен толықтырылуда. Мұндай қолдауға шынайы қажеттiлiк елде сақталып отырған кедейлiкпен байланысты. 2008 жылы табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен темен халықтың үлесi 12,1 %-ды құрады (2007 жылы - 12,7 %), ал ауылдағы кедейлiк деңгейi 15,9 % асты. Анағұрлым қамсыздандырылған 10 % халықтың табысы анағұрлым төмен қамсыздандырылған 10 % халықтың табысынан шамамен 7,2 есе артық болды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 - 2008 жылдардағы Жолдауларына сәйкес кедейлiк жағдайынан өз бетiмен шығуға мүмкiндiгi жоқ, халықтың анағұрлым мұқтаж буындарына берiлетiн атаулы көмекке баса назар аударылды. Осы мақсатта атаулы әлеуметтiк көмек, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы, тұрғын үй көмегi, отбасылық және балалар жәрдемақылары жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтардың жекелеген санаттарына берiлетiн әлеуметтiк төлемдер пайдаланылды.
      Әлеуметтiк саясаттың тағы бiр маңызды басымдығы ана мен баланы қорғау болды және солай бола бередi. 2008 жылдан бастап бала туғанда 30 АЕК мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы; бала бiр жасқа толғанға дейiн сараланған ай сайынғы бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы (5-тен 6,5 АЕК дейiн); аз қамтамасыз етiлген отбасылардағы 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (1 АЕК); көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (3,9 АЕК) төленедi.
      Халықтың әлеуметтiк осал тобына төленетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi жыл сайын 9% индекстеледi.
      Нәтижесiнде, экономикадағы уақытша қиыншылықтарға қарамастан, бiр миллионнан астам қазақстандыққа қосымша әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.
      Сонымен қатар, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеңберiнде өңiрлерде халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау үшiн әр түрлi әлеуметтiк бағдарламалар iске асырылуда.
      Қабылданған шараларға қарамастан, елде кедейлiк сақталып отыр. Кедейлiкке ең алдымен, көп балалы аналар мен ауыл тұрғындары душар болады; жұмыс iстейтiн кедейлер де бар.
      Кедейлiктiң сақталуының негiзгi себептерi:
      - жұмыссыздық
      - еңбекақының салыстырмалы төмен деңгейi;
      - әлеуметтiк қамсыздандырудың барабар болмауы;
      - кедейлiктен шығу жөнiндегi белсендi шаралар тиiмдiлiгiнiң төмендiгi.
      Кедейлiк табыс деңгейiндегi елеулi алшақтықтан, әлеуметтiк қызметтердiң салыстырмалы қол жетiмсiздiгiнен ушығып тұр.
      Бұл жағдайда табыстың белгiленген ең төменгi шектi деңгейiнен төмен болуы қатерiн басқару стратегиясы Министрлiк жұмысының бесiншi стратегиялық бағыты болып табылады.

3. Қызметiнiң стратегиялық бағыттары

      Мемлекеттiк әлеуметтiк саясаттың мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қызметiнiң негiзгi стратегиялық бағыттары:


      1. Жұмысынан айрылу (жұмысының болмауы) қатерiн басқару
      2. Еңбек құқықтарының бұзылуы қатерiн басқару
      3. Көшi-қон процестерiн басқару
      4. Қарттықтың, асыраушысынан айрылу, мүгедектiктiң басталуы салдарынан туындайтын қатердi басқару
      5. Табыстың белгiленген ең төменгi шектi деңгейiнен төмен болуы қатерiн басқару

Қызметiнiң стратегиялық бағыттары, даму мақсаты және негiзгi
индикаторлары

      Ескерту. Кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.14 № 415, 2010.12.27 N 1417 Қаулыларымен.



1-стратегиялық бағыты. Жұмысынан айрылу (жұмысының болмауы) қатерiн басқару




1.1-мақсат

Нысаналы индикатор

Есептi кезең

Жоспарлы кезең

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

1.1.

Жұмысынан айрылу (жұмысының болмауы) қатерiнiң алдын алу

1. Жұмыссыздық деңгейi






















%-бен

6,9

8,0

6,6

6,4

6,2

6,0

5,9

оның iшiнде:






 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


әйелдер

7,9

8,2

7,1

6,8

6,5

6,2

6,1

жастар

7,4

8,5

7,4

7,1

6,8

6,6

6,4

 

Мiндеттер

Көрсеткiштер

1.1.1.

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы заңнамасын жетiлдiру

1.Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту бағдарламасын әзiрлеу (2011 ж.)

2.«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзiрлеу (2011-2012 жж.)

1.1.2.

Еңбек нарығының мониторингi және еңбек нарығындағы жағдайды болжау жүйесiн жақсарту (ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, БҒМ, АШМ, СИМ, ТСМ, СА бiрлесiп)

1. «Еңбек нарығы» бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру (2009 - 2011 жж.)

2. Жұмыс орындарын құрудың және олардың кадрлық қамтамасыз етiлуiнiң бас тәсiмiнiң (теңгерiмiнiң) жобасын әзiрлеу (Индустриаландыру картасының негiзiнде) (2011-2012 жж.)

1.1.3.

Қайта құрылымдау, өндiрiс көлемiн қысқарту және банкротқа ұшырау салдарынан жұмыс күшiн босатудың алдын алу

1.Жұмыс орындарын сақтау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар әзiрлеу (2010 - 2014 жж.)

1.1.4.

Байланыс орталығы арқылы халықтың жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде хабардар болуын арттыру

1. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде халықтың хабардар болуы үшiн Контакт-орталығын құру (2010 - 2011 жж.)

2. Ақпараттық-консультациялық қызметтермен қамтылған халықтың үлесi






















 




%-бен ЭБХ

5

10

15

20

30

35

40

 

1.2-мақсат

Нысаналы индикатор

1.2.

Еңбек ресурстарын дамыту

1. Еңбек ресурстарының құрамындағы бiлiктi қызметкерлердiң үлесi






















 




%-бен

65,1

65,4

64,8

64,8

64,9

65,0

65,0

 

Мiндеттер

Көрсеткiштер

1.2.1.

Экономиканың еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн кәсiптiк бiлiм беруге сәйкестiгiн бекiтуге жәрдемдесу (жұмыс күшiне болжамды сұраныстың көлемi мен құрылымы) (БҒМ бiрлесiп)

1. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының шеңберiнде мамандарды даярлау қажеттiгiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу (2010-2014 жж.)

1.2.2.

Халықтың нысаналы топтарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жәрдемдесу

1. Кәсiби даярлауға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздардың және халықтың нысаналы топтарының өзге де өкiлдерi,






















мың адам

26,4

85,6

65,5

27,0

28,0

29,0

30,0

2. ШЖК күшiн ауыстыру мақсатында дайындалған жергiлiктi персоналдың саны,






















тартылатын ШЖК жалпы санына %

2

5

5

5

7

8

10

1.2.3.

Кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлауда мемлекеттiк-жеке әрiптестiктi дамыту

1. Жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен кәсiби даярлауға және қайта даярлауға жiберiлген адамдардың саны,






















мың адам

235,5

193

195

200

210

220

240

 

1.3-мақсат

Нысаналы индикатор

1.3.

Жұмыспен тиiмдi қамтуға жәрдемдесу

1. ЖАО-ға жұмыспен қамту үшiн өтiнiш бергендердiң iшiнен жұмысқа орналастырылғандардың үлесi,






















%-бен

87,3

88,0

88,2

88,4

88,6

88,8

90,0

оның iшiнде:






















әйелдер

84

84,2

84,3

84,4

84,5

84,6

84,8

жастар

85,4

86

86,2

86,3

86,4

86,6

86,8

2. Бәсекеге қабiлеттiлiктiң мемлекеттiк индексiндегi позиция «Жұмыс күшiне әйелдердiң қатысуы» 7.10-тармағы төмен емес

13

19

20

19

18

17

15




Мiндеттер

Көрсеткiштер

1.3.1.

Жұмысынан айрылған жағдайда азаматтарды әлеуметтiк қорғау құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету

а) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу



ә) жұмысынан айрылу қатерiн әлеуметтiк сақтандыру

1. ЖАО-ға жұмыспен қамту үшiн өтiнiш бергендердiң қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың саны






















мың адам

197,6

282,6

224,1

228,6

230,3

232,5

234,0

оның iшiнде:






















әйелдер

100,6

134,8

106,8

108,8

110,2

111,6

112,5

жастар

59,5

109,3

99,2

99,4

99,6

100,2

100,5

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына,






















жастар практикасына, мың адам

8,0

72,4

26,4

8,6

8,8

9,0

9,2

қоғамдық жұмыстарға мың адам

2,6

50,4

26,3

4,6

4,8

5

5,2

жiберiлген адамдардың саны, мың адам

101,2

101,4

94,7

93

92,5

92,0

91,5

1. Әлеуметтiк сақтандыру
жүйесiмен қамтылған қызметкерлердiң үлесi






















жұмыспен қамтылған халықтың %

67

70

71

72

73

74

75

2. Жұмысынан айрылу жөнiнде
әлеуметтiк төлем алатын
адамдардың саны






















мың адам

1,7

136,4

136,4

60

50

18

18

2-стратегиялық бағыт. Еңбек құқығының бұзылу қатерiн басқару




2.1-мақсат

Нысаналы индикаторлар

Есептi кезең

Жоспарлы кезең

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2.1.

Еңбек құқығының бұзылу қатерiнiң алдын алу

1. Кәсiпорындардың үлесi:






















а) ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесiмен қамтылған,






















қызмет ететiн iрi орта кәсiпорындардың санынан %

91,8

90,0

91,0

92,0

93,0

94,0

95,0

ә) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.14 № 415 Қаулысымен.

2. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.14 № 415 Қаулысымен.

3. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.12.27 № 1417 Қаулысымен.

4. Бәсекеге қабiлеттiлiктiң мемлекеттiк индексiндегi позиция «Қызметкер - жұмыс берушi қатынасындағы ынтымақтастық» 7.01-тармағы төмен емес

63

76

70

64

58

53

48




Мiндеттер

Көрсеткiштер

2.1.1.

Еңбек заңнамасын жетiлдiру

1.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу (2010 ж.)

2. Еңбекақы төлеудiң ең төменгi стандарты енгiзiлген еңбек жағдайлары зиянды салалардың үлесi (ЕТТС)






















%-бен

37

56

32

37

42

48

53

3. Дүниежүзiлiк банктiң «Doing Business» рейтингiсiнде Қазақстанның «Жұмыс күшiн жалдау» индикаторы бойынша позициясын күшейту

29

38

38

38

32

29

26

следующая страница>


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

2378.32kb.

11 10 2014
13 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

2023.9kb.

25 12 2014
10 стр.


001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет

«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің

179.03kb.

09 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет код

3170.87kb.

08 10 2014
19 стр.


Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған

Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген

208.44kb.

25 12 2014
1 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы

Асында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы»

1640.63kb.

26 09 2014
12 стр.


Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 –iv бюджет Кодексінің 62 бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлеке

282.39kb.

11 10 2014
1 стр.