38. Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтiк-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсiнуде және шешуде бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, он сегiз жастан асқан адамдарда өзiне-өзi қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтiк дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтiк-педагогикалық бейiмсiздену дәрежесi, бiлiм деңгейi, физикалық және психикалық жай-күйi ескерiлiп жүзеге асырылады;
3) тұрмыстық бағдарлану негiздерiне үйрету көрнекi және тиiмдi болып табылады, оның нәтижесiнде қызмет алушылар тамақ пiсiру, киiм жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсiмдердi толық көлемде игередi;
4) отбасы мүшелерiн қызмет алушыларда қажеттi өмiрлiк дағдыларды оңалту және қалыптастыру негiздерiне үйрету отбасы мүшелерiне үй жағдайында оңалту iс-шараларын көрсетуге бағытталған бiлiмдердiң қажеттi көлемiн қамтамасыз етедi.
Отбасы мүшелерiн үйрету кезiнде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегiз жастан асқан адамдардың жеке ерекшелiктерi, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң осы рәсiмдерге дайындық дәрежесi ескерiледi;
5) отбасы мүшелерiне балаларды мектепке дейiн тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алуы үшiн жағдайлар жасау мәселелерi жөнiнде консультация беру тәрбиелiк жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелi жүргiзiлуiне мүмкiндiк бередi;
6) кәсiптiк бiлiм алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабiлетiн, олардың таңдаған кәсiптерi бойынша жұмыс iстеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.
39. Он сегiз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-еңбек қызметтерiне:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектердi кәсiптiк бағдарлау;
2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерiн үй еңбегiн ұйымдастыруда консультация беру;
3) мүгедектердiң жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.
40. Әлеуметтiк-еңбек қызметiн көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектердi кәсiптiк бағдарлау оларға кәсiп таңдауға көмектесе алатын iс-шаралармен жалғастырылады;
2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерiне үйдегi еңбектi ұйымдастыру мәселесi жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға өзiнiң материалдық жағдайын және отбасының өмiр сүру деңгейiн қолдау және жақсарту мәселелерiн шешуде көмегiн тигiзедi;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезiнде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабiлеттерi, оның таңдаған кәсiбi бойынша жұмыс iстеу мүмкiндiгi ескерiледi.
41. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу iс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйiрме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
3) қызмет алушыларды тынығу iс-шараларына, мәдени iс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да iс-шараларға бару) тарту жатады.
42. Әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткiзу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу iс-шараларын өткiзу медициналық-әлеуметтiк ұйымның басшысы бекiткен тоқсандық жоспар бойынша өткiзiледi;
2) көркемөнерпаздар үйiрмелерiн ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтiк-мәдени және рухани қажеттiлiгiн қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюiне бағытталады;
3) қызмет алушыларды концерттердiң бағдарламалары мен өткiзiлетiн iс-шаралардың сценарийлерiн әзiрлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрiсiнiң кеңеюiне, шығармашылық белсендiлiгiнiң артуына мүмкiндiк бередi;
4) қызмет алушыларды тынығу iс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өмiрiне қатысу арқылы әлеуметтiк және коммуникативтiк байланыстарды дұрыстауға мүмкiндiк бередi.
43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-экономикалық қызметтерге:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тиесiлi жеңiлдiктердi, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдердi алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегiз жастан асқан адамдарды күтудi жүзеге асыратын отбасыларға өзiн-өзi қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелерi бойынша консультация беру жатады.
44. Әлеуметтiк-экономикалық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) қызмет алушыларға жеңiлдiктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшiн мүдделi мәселелердi шешуде уақытылы, толық, бiлiктi және тиiмдi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
2) өзiн өзi қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелерiне отбасылық кәсiпкерлiктi, үй кәсiпшiлiгiн дамытуда олардың құқықтары мен мүмкiндiктерiн түсiндiредi және өзiнiң материалдық жағдайын және отбасының өмiр сүру деңгейiн қолдау және жақсарту мәселелерiн шешуде бiлiктi көмек көрсетедi.
45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлiк консультация беру;
2) заңды мәнi бар құжаттарды ресiмдеуге көмек көрсету;
3) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне өтiнiш дайындауға және беруге көмек көрсету;
4) заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтiк төлемдердi сенiмхат бойынша алу;
6) қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелерiне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
7) қамқоршы және қорғаншы органдарға балаларды, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу;
8) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға құжаттарды ресiмдеуге көмек көрсету;
9) кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi комиссияға балаларының, оның iшiнде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесiнен жалтарған ата-аналардың үстiнен ұсынымдар ресiмдеу;
10) қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәнi бар басқа да құжаттар алу үшiн құжаттарды ресiмдеуде заңгерлiк көмек көрсетуге жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгiленген жағдайларда және тәртiппен адвокаттың тегiн заңгерлiк көмегiн алуға жәрдемдесу жатады.
46. Әлеуметтiк-құқықтық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызметтер алу және өз мүдделерiн қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнiнде консультация беру заңнамамен белгiленген құқықтарды және пайда болуы мүмкiн бұзушылықтардан қорғау тәсiлдерiн толық түсiндiредi;
2) қызмет алушыларға әлеуметтiк-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа да мәселелер) жөнiнде консультация беру олар бiлгiсi келетiн заңнама актiлерi және көтерiлiп отырған мәселелердегi құқықтары туралы толық түсiнiк бередi, осы мәселелердi шешу үшiн қажеттi құжаттарды (өтiнiштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиiстi мекенжайларға жiберуде қажеттi көмек көрсетедi;
3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған iс-әрекеттiң мәнiн заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негiзделедi;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиiстi жеңiлдiктердi алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудiң басқа нысандары, мүгедектердiң жұмысқа орналасуы үшiн және т.б.) рәсiмдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажеттi құжаттардың мазмұнын түсiндiрудi, құжат мәтiнiн баяндауды және жазып берудi (қажетiне қарай) немесе нысанды бланкiлердi толтыруды, iлеспе хаттар жазуды қамтамасыз етедi;
5) құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн адвокаттың тегiн көмегiн алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесi бойынша объективтi шешiм қабылдау мақсатында заңды көмекке кепiлдiк бередi;
6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелерiне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгiну үшiн зардап шеккен адамдардың қажеттi құжаттарын дайындауға, жәбiрленушiнiң құқын қорғау және кiнәлiлердi жазалау мақсатында сот процесiне қатысуға негiзделедi;
7) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияға жiберу үшiн балаларын, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ресiмделген ұсынымдарда барлық қажеттi материалдар болады және ата-аналарды жауапкершiлiкке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғаумен байланысты мәселелердi одан әрi тәжiрибеде шешу үшiн негiздеме болып табылады.
6. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату және тоқтата тұру шарттары
47. Үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтатуға:
1) қызмет алушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдар үшiн – заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының) өтiнiшi;
2) мүгедектiк алынған, үшiншi топ мүгедектiгi белгiленген жағдайда;
3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлген кезде;
4) қызмет алушының басқа елдi мекенге көшуi;
5) куәгерлердiң жазбаша көрсеткiштерiмен расталатын қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелерi тарабынан күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерге негiзсiз оның адами құндылықтарын кемсiтетiн сөздер айтуы және кiнә тағуы;
6) ақылы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету туралы келiсiмшарттың бұзылуы негiздеме болып табылады.
48. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi қалпына келтiру осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету осы стандарттың 47-тармағының 5) тармақшасында көзделген негiз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсетудi қалпына келтiру арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейiн бiр күнтiзбелiк жыл асқаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
49. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетiлiм пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету тоқтатыла тұрады.
Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi қалпына келтiру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетiлiм болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
50. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату және тоқтата тұру үйде қызмет көрсету ұйымы басшысының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
51. Бұл ретте мiндеттi түрде үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресiмделедi, ол қызмет алушының, не оның заңды өкiлiнiң қолына берiледi.
7. Үйде қызмет көрсету ұйымын басқару
52. Үйде қызмет көрсету ұйымын уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы (меңгерушi) басқарады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымын уәкiлеттi органның немесе құрылтайшының келiсiмi бойынша аталған заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындайтын және босататын меңгерушi басқарады.
53. Үйде қызмет көрсету ұйымының штаттық нормативтерiн уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 5-қосымшада көзделгеннен кем емес көлемде бюджет қажеттiлiктерiн және мүмкiндiктерiн ескере отырып бекiтедi.
54. Үйде қызмет көрсететiн ұйымның мамандарына жүктеменi (қызмет көрсетiлетiн қызмет алушылардың саны және бiр аптаға бару кезегi) алушының мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн ескере отырып, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант айқындайды және үйде қызмет көрсететiн ұйымның басшысы бекiтедi.
55. Үйде қызмет көрсететiн ұйымның мамандары қызмет алушыларға баруды ұйымның басшысы бекiтетiн қызмет алушыларға бару кестесiне сәйкес жүзеге асырады.
56. Қызмет алушыға барған күнi ұйым мамандары көрсетiлген арнаулы әлеуметтiк қызметтердi есепке алу журналына (осы стандартқа 7-қосымша) тиiстi белгi қояды, ол қызмет алушыда (заңды өкiлiнде) болады және ай аяқталған соң күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерге берiледi.
57. Уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы, басшы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету үшiн жағдай жасайды, оның iшiнде:
1) қажеттi техникамен және байланыспен, оңалту iс-шараларын жүргiзуге қажеттi диагностикалық және дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
2) персоналды қызмет алушыларға күтiм көрсету жөнiндегi бiлiмiн, iскерлiгiн және дағдыларын қалыптастыруға септiгiн тигiзетiн әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз ету;
3) персоналды қажет болған кезде көлiк құралымен немесе жол жүру билеттерiмен немесе жол жүру билетiнiң құны мөлшерiнде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
4) қарттар мен мүгедектердiң күтiмi жөнiндегi әлеуметтiк қызметкердi арнайы киiммен, шаруашылыққа қажеттi керек-жарақтармен:
жуғыш заттар;
ескi заттар;
резеңке қолғаптар;
шаруашылық инвентарлармен қамтамасыз етедi.
58. Үйде қызмет көрсететiн ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ұйымның басшысында сақталады және оны әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант қызмет алушылардың немесе олардың заңды өкiлдерiнiң бiрiншi талабы бойынша ұсынады.
59. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкiлеттi орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
60. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшiн заңды тұлға болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымының демеушiлiк, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.
Халықты әлеуметтiк қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтiк
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Нысан
Жергiлiктi атқарушы органның немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген мемлекеттiк ұйымның басшысы
______________________________________________________________
(Жергiлiктi атқарушы органның немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген мемлекеттiк ұйым басшысының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(үйде қызмет көрсететiн ұйымның атауы)
Т.А.Ә.________________________________________________________
Туған күнi ______ жылы «____»_________________________________
Тұратын жерi__________________________________________________
Телефон нөмiрi (үйдiң, ұялы)__________________________________
Мүгедектiк санаты (болған жағдайда)___________________________
Бiрге тұратын отбасы мүшелерi (Т.А.Ә., туыстығын көрсету
керек)________________________________________________________
______________________________________________________________
ӨТIНIШ
______________________________________________________________
(қызмет алушының Т.А.Ә. көрсету керек)
үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн есепке алуыңызды сұраймын.
Үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету тәртiбiмен және шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Т.А.Ә. және қолы __________ күнi 20__ жылғы «___» ___________
___________________________ өтiнiштi қабылдады
(Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)
Қолы _____________ Күнi 20__ жылғы «___» __________
Халықты әлеуметтiк қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтiк
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу
актiсi № _____ *
1. Қызмет алушының Т.А.Ә.____________________________________
2. Туған күнi _____ жылғы «___» ____________
3. Тұрғылықты мекенжайы______________________________________
4. Телефон нөмiрi____________________________________________
5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрi және мөлшерi_____________
6. Отбасылық жағдайы_________________________________________
7. Соңғы жұмыс орны__________________________________________
8. Балалары және жақын туыстары туралы мәлiметтер
(Т.А.Ә., тұратын жерi, жұмыс орны, байланыс телефондары)_____
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
9. Тұрмыс жағдайы_____________________________________________
(жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй)
_______________________________________________________________
(пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа)
_______________________________________________________________
(нешiншi қабат екенiн, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан жылытыла
ма екендiгiн, лифтiнiң болуын және басқаны көрсету)
_______________________________________________________________
(басқа да жағдайлар)
10. Аулалық учаскенiң болуы___________________________________
Актiнi жасаған адам ______________ __________________________
(қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Күнi 20___ жылғы «___»_________
Ескертпе: Қарттар мен мүгедектер үшiн толтырылады.
Халықты әлеуметтiк қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтiк
қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Нысан
Есепке тұру үшiн келген арнаулы әлеуметтiк қызмет алушыларды тiркеу журналы
р/н
№
|
Т.А.Ә.
|
Туған жылы
|
Диагнозы
|
Мекенжайы
|
Өтiнiш жасаған күнi
|
Есепке алу күнi
|
Есептен шығару күнi және негiздемесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Ескерту: Журнал нөмiрленген, тiгiлген және мөрмен бекiтiлген болуға тиiс. Журнал күнтiзбелiк жылға толтырылады.
Халықты әлеуметтiк қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтiк
қызмет көрсету стандартына
4-қосымша
Үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең төмен штаттық нормативтерi
№
|
Лауазым атауы
|
Бiрлiк саны
|
Лауазымдарды енгiзу шарттары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Меңгерушi (басшы)
|
1
|
бiр бөлiмшеге (үйде қызмет көрсету субъектiсi)*
|
2
|
Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант
|
0,5
|
40 қызмет алушыға
|
3
|
Күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер**
|
1
|
1) жабдықталған тұрғын үйде тұратын 8 қартқа және бiрiншi және екiншi топтағы мүгедекке;
2) жабдықталмаған тұрғын үйде тұратын 5 қартқа және бiрiншi және екiншi топтағы мүгедекке;
3) 4-6 психоневрологиялық ауытқулары бар балаға, психоневрологиялық ауруы бар он сегiз жастан асқан адамдарға, ТҚА бұзылған балаларға (денсаулығы мен қимылдау функциясының хал-жайына қарай)
|
4
|
Жүргiзушi
|
1
|
Бiр техникалық жарамды автокөлiк құралына
|
Ескерту:
1) * Бөлiмше (үйде қызмет көрсету субъектiсi) санатына қарай (қарттар мен мүгедектер, психоневрологиялық ауруы бар балалар мен он сегiз жастан асқан адамдар) 80 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсеткенде құрылады. Қызмет алушылардың жекелеген санаттарының болуы бөлiмше құруға мүмкiндiк бермейтiн жерде онда бiр бөлiмше қызмет алушылардың бiрнеше санаты үшiн құрылады;
2) ** Күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер қызмет алушыға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi аптасына кемiнде екi рет көрсетедi.
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгiдегi ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
2) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;
3) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;
<предыдущая страница | следующая страница>