Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 6страница 7
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899), 10 қарашадағы № 535-536 (26928), 15 қарашадағы № 541-542 (26934), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997), 9 желтоқсандағы № 606-610 (27002), 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007), 18 желтоқсандағы № 640 (27032), 30 желтоқсандағы № 666-672 (27064), 31 желтоқсандағы № 673-679 (27071) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 32, 391-құжат "Казахстанская правда" от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585), 26.05.2011 г., № 167 (26588);


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған:
     
     
      7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы     


Үкiметiнiң            
2011 жылғы 7 сәуiрде      
№ 394 қаулысымен       
бекiтiлген          

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайы осы «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi. Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi мемлекеттiк қызмет алу үшiн кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне (бұдан әрi – ауылдық округтiң әкiмi) өтiнiш жасайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тарауының, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-ө бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң https://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тұтынушыға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушыларға) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      уәкiлеттi органға - жетi жұмыс күнi iшiнде;
      тұрғылықты жерi бойынша селолық округтың әкiмiне - жиырма екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн кезекте күтудiң ең жоғары шектi уақыты бiр өтiнiш берушiге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.16 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның немесе ауылдық округ әкiмiнiң үй-жайында көрсетiледi, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер болады, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.
      Уәкiлеттi органның және ауылдық округ әкiмiнiң үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай болады, үй-жайға кiру режимi – еркiн.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi көрсетiлген белгiленген үлгiдегi өтiнiш, әлеуметтiк жеке кодтың нөмiрi;
      2) белгiленген үлгiдегi отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
      3) белгiленген үлгiдегi отбасы мүшелерi алған табыстары туралы мәлiметтер;
      4) белгiленген үлгiдегi жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәлiметтер;
      5) өтiнiш берушiнiң (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi не мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтiк келiсiмшарттың көшiрмесi.
      Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.16 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      12. Уәкiлеттi органда өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Ауылдық округтiң әкiмiнде өтiнiш нысандары құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жерi бойынша ауылдық округ әкiмiне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмiрлерi туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ақпараты орналастырылған стендiсiнде iлiнген.
      14. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн уәкiлеттi органда немесе ауылдық округ әкiмiнде тұтынушыға мемлекеттiк қызметке тұтынушыны тiркелген және алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      15. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткiзу тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне тұтынушының өзi келгенде не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мынадай:
      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген кедейлiк шегiнен асатын жағдайда;
      2) мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      3) уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсiби даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтiк көмек қайта қалпына келтiрiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер көзделмеген.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.16 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның және ауылдық округ әкiмiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi органның және ауылдық округ әкiмiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауда жәрдем көрсететiн мемлекеттiк органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, электронды поштасының мекенжайлары, телефон нөмiрлерi осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетiлген.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген аталған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның, облыс әкiмi аппаратының, орталықтың стендiсiнде көрсетiлген уәкiлеттi органның, облыс әкiмi аппаратының, орталық басшысының атына немесе ауылдық округ әкiмiне берiледi. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкiмi аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берiлгенде қызметiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiш беру және талап ету себептерi көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағым берген өтiнiш берушiге берiлген шағымға жауап алуға болатын күнi және уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк     


көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет 
стандартына 1-қосымша        

Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 [email protected]

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 [email protected]

8-71646 2-14-26




6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 [email protected]

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 [email protected]

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 [email protected]

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 [email protected] [email protected]. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 [email protected] [email protected]

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 [email protected]

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 [email protected]

8-71637 2-11-83




14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 [email protected]

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 [email protected]

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан [email protected]

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 [email protected]

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Алға ауданы, Алға қаласы, Сейфуллин көшесi, 17 [email protected]

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Байғанин ауданы, Байғанин кентi, Қонаев көшесi, 37 [email protected]

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ырғыз ауданы, Ырғыз кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 52 [email protected]

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Патсайы көшесi, 11а [email protected]

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қобда ауданы, Қобда кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 47 [email protected] [email protected]

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесi, 38 [email protected]

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесi, 2 [email protected]

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темiр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi 13 [email protected]

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, [email protected]

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Жеңiс даңғылы, 4 [email protected]

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Үргенiшбаев көшесi,13 [email protected]

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесi, 289 А

87132
51-22-49,
51-64-18

следующая страница>


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1189.94kb.

13 09 2014
7 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1330.88kb.

13 09 2014
8 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
807.53kb.

14 12 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
673.55kb.

09 10 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1314.37kb.

13 09 2014
8 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
815.45kb.

25 12 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
220.94kb.

05 09 2014
1 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
805.32kb.

14 12 2014
5 стр.