Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 7страница 8
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899), 10 қарашадағы № 535-536 (26928), 15 қарашадағы № 541-542 (26934), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997), 9 желтоқсандағы № 606-610 (27002), 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007), 18 желтоқсандағы № 640 (27032), 30 желтоқсандағы № 666-672 (27064), 31 желтоқсандағы № 673-679 (27071) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 32, 391-құжат "Казахстанская правда" от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585), 26.05.2011 г., № 167 (26588);


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық құралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      17) «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      18) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 394 қаулысымен 
бекiтiлген   

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – арнайы комиссияның жұмыс органы) ұсынады.


      Сондай-ақ мемлекеттiк қызмет баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы ұсынылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрi – Заң) 11-бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу қағидасының 2-тарауы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң https://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, арнайы комиссияның жұмыс органдарының стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады, сондай-ақ нөмiрлерi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерiнiң телефондары арқылы алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу туралы шешiм жөнiнде хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет мынадай жеке тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушылар):
      әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;
      1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;
      1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;
      осы тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балаларына, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себептi байланыстар анықталған ретте көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      арнайы комиссияның жұмыс органында – жиырма күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде;
      орталықта – жиырма күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде (мемлекеттiк қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (талон алғанға дейiн) 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Арнайы комиссияның жұмыс органының жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      Орталықтың жұмыс кестесi: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз, орталықтың филиалдары мен өкiлдiктерiнде демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер бар, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген арнайы комиссияның жұмыс органының үй-жайында;
      залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер орналастырылған, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетiледi.
      Арнайы комиссияның жұмыс органының және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай келедi, үй-жай режимi – еркiн.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн куәландыратын құжат;
      4) салық төлеушiнiң куәлiгi (бар болған жағдайда жеке сәйкестендiру нөмiрi);
      5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiк (бар болған жағдайда жеке сәйкестендiру нөмiрi);
      6) жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;
      7) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары; еңбек кiтапшасы; оқу орнын бiтiргенi туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлiк, орта бiлiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк; Заңда белгiленген тәртiппен берiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретiнде жеңiлдiктер алуға құқығын растайтын куәлiк).
      Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса – ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешiмi.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, азаматтар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен жүгiну үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.
      12. Арнайы комиссияның жұмыс органында өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны және басқа құжаттар заңды мекенжайлары, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмiрi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат жазылған арнайы комиссияның жұмыс органының стендiсiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлгенде құжаттарды қабылдау «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      14. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:
      1) арнайы комиссияның жұмыс органында – тұтынушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;
      2) орталықта:
      өтiнiштiң нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      орталықтың құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған жауапты инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      15. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу не тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау жөнiнде хабарлама беру:
      арнайы комиссияның жұмыс органына жүгiнген кезде тұтынушының арнайы комиссияның жұмыс органына өзi келуi арқылы;
      орталыққа өзi барған кезде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      16. Тексеру қорытындысы бойынша iс макетi ресiмделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақының төлену фактiсiнiң анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәлiметтер ұсынуы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.
      Арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алған күннен бастап жиырма күнтiзбелiк күн iшiнде бас тарту себебiн көрсете отырып, хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бас тарту себебiн жазбаша негiздей отырып, оларды кейiн тұтынушыға беру үшiн орталыққа жiбередi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Арнайы комиссияның жұмыс органы мен орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк мiндетiн орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Арнайы комиссияның жұмыс органының, орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi және шағымды дайындауда жәрдем көрсетiлетiн мемлекеттiк органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетiлген.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерiнiң телефондары бойынша түсiндiрiледi.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген аталған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыруға жауапты арнайы комиссиядан жоғары тұрған жұмыс орган басшысының атына берiледi.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi арнайы комиссияның жұмыс органының, облыс әкiмi аппаратының, орталықтың ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген арнайы комиссияның жұмыс органының, облыс әкiмi аппаратының, орталықтың басшысының атына берiледi. Арнайы комиссияның жұмыс органының жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкiмi аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға өтiнiш берушi қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш және талап беру себебi көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күнi, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, 6-кiреберiс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

«Семей ядролық сынақ полигонында


ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тiркеу және есепке
алу» мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша

Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 [email protected]

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 [email protected]

8-71646 2-14-26




6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 [email protected]

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 [email protected]

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 [email protected]

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 [email protected] [email protected]. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 [email protected] [email protected]

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 [email protected]

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 [email protected]

8-71637 2-11-83




14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 [email protected]

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 [email protected]

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан [email protected]

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

следующая страница>


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1189.94kb.

13 09 2014
7 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1330.88kb.

13 09 2014
8 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
807.53kb.

14 12 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
673.55kb.

09 10 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1314.37kb.

13 09 2014
8 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
815.45kb.

25 12 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
220.94kb.

05 09 2014
1 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
805.32kb.

14 12 2014
5 стр.