Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезiнде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшелiктерi, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттерi, психологиялық үйлесiмдiлiгi, жеке даму және әлеуметтену деңгейi ескерiледi;
Барлық тұрғын, қызметтiк және өндiрiстiк орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауiпсiздiк талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретiн телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етiледi және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетiледi. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердiң сапасына керi әсер ететiн әртүрлi факторлардың әсерiнен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дiрiлден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
Оңалту iс-шараларын, емдеу-еңбек және бiлiм беру қызметiн, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн ұсынылатын орынжайлар көлемi, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетiлетiн қызмет алушылардың ерекшелiгiн ескере отырып, жоғарыда аталған барлық iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етiледi;
2) стационарлық үлгiдегi ұйымдардың мамандарының кабинеттерi қажеттi жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
әрбiр мамандандырылған кабинетке ерiктi нысанда ресiмделген паспорт толтырылады;
3) қызмет алушылардың пайдалануына берiлетiн жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес болады;
4) қызмет алушылардың пайдалануына берiлетiн жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйiн және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап бередi;
5) қызмет алушыларға берiлетiн киiм, аяқ киiм, iш киiм және бiрiншi қажеттiлiктегi басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдерiне сәйкес келедi, мүмкiндiгiнше олардың сұраған фасоны мен түсiне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап бередi;
6) ыстық тамақ, оның iшiнде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзiрленуге, теңгерiмдiлiгi мен калориялық талаптарына жауап бередi, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескерiп ұсынылады.
Стационарлық үлгiдегi ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзiрдi және екiншi аптаға перспективалық мәзiрдi бекiтедi;
7) бақылаудағы, төсек режимiндегi және денсаулығының жағдайы бойынша өзiн-өзi күтудiң қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бiр зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметтi көрсету кезiнде қызмет көрсетушi персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
8) шаштараз қызметiн көрсету санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;
9) созылмалы дамушы аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы он сегiз жастан асқан адамдарды, мүгедектердi, қарттарды үздiксiз бақылау мақсатында паллиативтi көмек палаталары (бөлiмшелерi) құрылады;
10) өзiне дене зақымын келтiруi мүмкiн және (немесе) айналасындағыларға қауiп тудыруы мүмкiн және осы себептермен қосымша күтiмге, күшейтiлген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегiз жастан асқан адамдар үшiн дағдарыс палаталары (бөлiмшелерi) құрылады;
11) жеке және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн қол шеберлiгi мен еңбек дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн қызмет алушылардың ауруының және/немесе мүгедектiгiнiң сипаты, физикалық жай-күйi ескерiлiп, тиiстi жағдай жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесiнде оларға қажеттi жайлылықты қамтамасыз етедi;
12) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзiрлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлменi/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негiздерiне үйрету үшiн қажеттi тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтiк-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады;
13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени iс-шараларға қатысу үшiн автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарын пайдалану нормативтерi мен ережелерi, жол жүру қауiпсiздiгiнiң талаптары сақталады;
14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептiру, үтiктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап бередi;
15) дiни ғұрыптарды орындау үшiн жағдай жасау кезiнде қызмет алушылардың дiни наным-сенiмi, жасы, жынысы, физикалық жай-күйi, әртүрлi концессияларда қабылданған дiни салттардың ерекшелiгi қатаң түрде ескерiледi;
16) жерлеу қызметiн ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының дiни наным-сенiмi ескерiлiп жүзеге асырылады.
36. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетуге:
1) медициналық-әлеуметтiк тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
2) дәрiгерге дейiн көмек көрсету;
3) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
5) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
8) мүгедектердiң жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездiк-ортопедиялық және есту-протездiк көмек алуына жәрдемдесу;
9) әлеуметтiк-медициналық мәселелер бойынша, оның iшiнде жасына қарай бейiмделу мәселелерi бойынша консультация беру;
10) арнайы маманның, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;
11) денсаулыққа байланысты рәсiмдердi жүргiзу (дәрi-дәрмек қабылдау, дәрi тамшылату және басқа рәсiмдер);
12) емдiк-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
13) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;
14) денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтiмiн қамтамасыз ету;
15) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
16) санитарлық-гигиеналық қызметтердi көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
17) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және iлесiп жүруге жәрдемдесу;
18) емдеу-сауықтыру iс-шараларын, оның iшiнде денсаулық сақтау мекемелерiнде ұйымдастыру;
19) әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын, оның iшiнде дәрi-дәрмектiк емес терапия қызметiн жүргiзу;
20) диспансеризациядан өтуiн ұйымдастыру;
21) емдеушi дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу (терi асты және бұлшық етке дәрiлiк препараттарды жiберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлердi, жарақат бетiн тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды алу, катетердi және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
22) медициналық көрсеткiштер мен жас ерекшелiктерiне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
23) балаларға, он сегiз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтiк көмек қызметтерiн көрсету;
24) балаларға және он сегiз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерiн көрсету жатады.
37. Әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) қызмет алушылардың әлеуметтiк-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткiштерiн, физикалық және психикалық жай-күйiн ескерiп, қызметтердiң уақтылы және қажеттi көлемде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсiмдер мен iс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етедi;
3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескерiп стационарлық үлгiдегi ұйымдарда күтудi қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделiктi бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеушi дәрiгерлердiң тағайындауына сәйкес дәрi-дәрмек беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетiне көмектесу сияқты қызметтердi қамтиды;
4) медициналық рәсiмдердi (терi асты және бұлшық етке дәрiлiк препараттарды жiберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлердi, жарақат бетiн тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды алу, катетердi және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсiмдердi (дәрi-дәрмек қабылдау, дәрi тамшылату және басқа рәсiмдер) жүргiзу қызмет алушыларға қандай да бiр зиян келтiрiп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
5) дәрiгерге дейiн көмек көрсетудi ұйымдастыру уақтылы жүргiзiледi және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрi-дәрмектi дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрiгер келгенше оларды қабылдау тәртiбiн айқындауды қамтамасыз етедi;
6) психотерапевтiк көмек қызмет алушылардың өмiрлiк қиындықтары мен жеке бас шиеленiстерiнiң негiзiнде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмiрi мен тұрмысының өзгермелi әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әлеуметтiк бейiмделу сияқты және басқа да проблемаларды тиiмдi шешуiне жәрдемдеседi;
7) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйiн, оның жеке қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып жүргiзiледi;
8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелерiне немесе санаторлық-курорттық емдеуге жiберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргiзiлуге тиiс және қатаң түрде медициналық көрсеткiштер бойынша жүзеге асырылады;
9) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бiрге баруды әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман және (немесе) жетекшi дәрiгер жүзеге асырады;
10) әлеуметтiк-медициналық мәселелер жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған әлеуметтiк медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлi аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейiмделу, жасына байланысты өзгерiстер және т.б.) дұрыс түсiнуге және шешуге бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
Қызмет алушылармен зиянды әдеттердiң алдын алу және олардан арылу, мүгедектердi отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөнiндегi жеке жұмыс зиянды әдеттердiң (алкоголь iшу, есiрткi пайдалану, темекi шегу және т.б.) қауiптiлiгiн, олар әкеп соғатын керi нәтижелердi түсiндiруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердiң алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажеттi ұсынымдар берiледi;
11) стационарлық үлгiдегi ұйымдарда паллиативтi көмек және мейiрбике күтiмi қызметтерi қажет болған сәттен бастап өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн көрсетiледi.
Паллиативтi көмек палаталарында (бөлiмшелерiнде) дәрiгердiң ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейiрбике) тәулiк бойы бақылауы белгiленедi, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлер тағайындалады, дәрi-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттiлiк айқындалады.
Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативтi көмек көрсету және мейiрбике күтiмi мәселелерi жөнiндегi өзара iс-әрекеттi әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман мен жетекшi дәрiгер жүзеге асырады;
12) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеудi қоса алғанда, «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 750 қаулысымен белгiленген тәртiппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде қызмет алушылардың әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiктерiн айқындау мақсатында куәландырудан өту үшiн құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
13) оңалту iс-шараларын жүргiзу қызмет алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге асырылады, әлеуметтiк-орта бағдарына және әлеуметтiк-тұрмыстық бейiмделуге және т.б. бағытталған өзi үшiн қолайлы медициналық iс-шаралар кешенiн орындауды қамтамасыз етедi;
14) емдiк-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында олардың қолжетiмдi және денсаулыққа қауiпсiз дене жаттығулары кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етедi;
15) диспансеризациядан өтудi ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетiп және жан-жақты тексеру үшiн қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрiгерлерге баруын қамтамасыз етедi;
16) медициналық-әлеуметтiк тексерудi, бiлiктi консультация берудi ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексерудi және бастапқы санитарлық тазалауды жүргiзу, дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
17) протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады;
18) техникалық (орнын толтырушы) көмекшi құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздiгiнен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
19) санитарлық-гигиеналық қызметтердi көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседi, жағымсыз қолайсыздық сезiмiн жоюға мүмкiндiк бередi;
20) медициналық көрсеткiштер мен жас ерекшелiктерiне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерi мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;
21) дәрiгерлердiң ұйғарымдары бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын алуға және жоюға ықпал етедi;
22) арнайы мамандардың, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседi.
38. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
2) әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi бақылау);
3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық (оның iшiнде телефон бойынша) көмек;
6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткiзу жатады.
39. Әлеуметтiк-психологиялық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшiн тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негiзiнде iшкi ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседi;
2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтетiн психодиагностикалық пакет негiзiнде жүзеге асырылады.
Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мiнез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететiн олардың психикалық жай-күйiн және жеке тұлғалық ерекшелiктерiн анықтау мен талдаудың нәтижесi бойынша түзету iс-шараларын жүргiзудiң болжамын жасау және ұсынымдарды әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат беруге тиiс;
3) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық түзету қызмет алушылардың мiнез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйiндегi ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мiнез стереотипiнiң жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мiнез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етедi, бұл аталған көрсеткiштердi жас нормалары мен әлеуметтiк орта талаптарына сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi;
4) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық тренингтердiң психологиялық жара салу жағдайларының, нервтiк-психологиялық шиеленiстердiң салдарын жоюда, тұрмыс-тiршiлiктiң бейәлеуметтiк нысанын жеңушi адамдарды әлеуметтiк құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелi жағдайларға бейiмделу үшiн тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиiмдiлiгiмен бағаланады;
5) әлеуметтiк-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелi тексеру негiзiнде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаiшiлiк) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмiрлiк жағдайын одан әрi қиындата түсетiн басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажеттi әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткiзуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзiмдiлiгiн, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейiн арттыруға көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi қамтамасыз етедi;
8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық бiлiмге және оларды өзiн түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргiзу үшiн пайдалану ықыласына қажеттiлiгiн қалыптастыруға, тұлғаның әрбiр жас кезеңiнде толыққанды психикалық дамуы үшiн жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседi;
9) әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзiмдiлiгi мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етедi.
40. Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегiз жастан асқан адамдарға әлеуметтiк-педагогикалық қызметтерге:
1) әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегi дағдыларының негiздерiне үйрету;
5) өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзiн-өзi ұстауды, өзiн-өзi бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тiршiлiктiң басқа да нысандарын қалыптастыру жөнiндегi қызметтер;
6) баланың, оның iшiнде ТҚА бұзылған баланың және он сегiз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейiне педагогикалық диагностика жүргiзу және тексеру;
7) балаларды, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;
8) балалардың дене мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оларды оқытуды ұйымдастыру;
9) есту қабiлетi бұзылған балалар мен мүгедектердiң, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделi адамдардың ымдау тiлiн үйренуiне жәрдемдесу;
10) ымдау тiлiне аудару қызметтерi жатады.
41. Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтiк-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсiнуде және шешуде бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
2) адамды педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестiлердi пайдалана отырып жүргiзiледi және дағдарыс немесе шиеленiс жағдайына тап болған қызмет алушыға белгiленген диагнозына сәйкес тиiмдi педагогикалық көмек көрсету үшiн, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегiз жастан асқан адамдардың зияткерлiк дамуын айқындау, олардың бейiмдiлiктерiн зерттеу және т.б. үшiн балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегiз жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негiзiнде оның жай-күйiнiң шынайы бағасын бередi;
3) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жеке қажеттiктер негiзiнде әзiрленетiн авторлық бағдарламалар (үлгiлер) бойынша қызмет алушылардың өзiне-өзi қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтiк дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол берiледi.
Авторлық бағдарламалар (үлгiлер) қандай да бiр қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу материалын қабылдау және меңгеруге қабiлеттiгiн ескере отырып құрылады;
4) әлеуметтiк дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргiзу үшiн балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегiз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшелiктерiн әлеуметтiк дағдылары мен когнитивтiк дамуын ескерiп, (үш жастан бес жасқа дейiн, алты жастан сегiз жасқа дейiн, тоғыз жастан он үш жасқа дейiн, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiн, он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiн және қажеттiгiне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейiннен толықтыра отырып бөлу жүргiзiледi:
өзiне-өзi қызмет көрсетудiң және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда (өздiгiнен жүрiп-тұра алмайтын және өздiгiнен тамақтана алмайтын), үнемi бөгде адамның күтiмiне мұқтаж алты адамнан асырмай;
қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) өзiне-өзi қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда, үнемi бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегiз адамнан асырмай;
қалыптасқан (iшiнара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда он адамнан асырмай;
қалыптасқан қолымен жұмыс iстей алу дағдылары болған жағдайда он екi адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын iске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кiшi топтарға бөлiнедi) бөлiнедi.
Арнайы оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегiз жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтiк-педагогикалық бейiмсiздену дәрежесiн, бiлiм деңгейiн, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетудi қамтиды.
5) тұрмыстық бағдар негiздерiне оқыту көрнекi және тиiмдi болып табылады, нәтижесiнде қызмет алушылар ас әзiрлеу, киiмдi ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсiмдердi толық көлемде үйренедi;
6) ымдау тiлiн игеруге жәрдемдесу және ымдау тiлiне аудару жөнiндегi қызметтер қызмет алушылардың стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседi.
<предыдущая страница | следующая страница>