Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

               есептеу және арттыру

      Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.


      Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

  4-тарау. Әлеуметтiк төлемдер және олардан ұстап қалу

      25-бап. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер

      Әлеуметтiк төлемдер ағымдағы ай үшiн Орталық арқылы алушының банктiк шоттарына аудару жолымен жүргiзiледi. Төлемнiң кешiктiрiлгенi үшiн осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсiмақы есептеледi.


      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу

      Еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда, сондай-ақ жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және олар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы  заңдарына сәйкес алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  5-тарау. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры

      27-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры

      1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.  

      2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.

      28-бап. Қордың қызметi

      Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.
      Комиссиялық сыйақының проценттiк ставкасының шектi шамасы мен оны пайдаланудың тетiгiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.

      29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қордың:  

      1) мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;  

      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;  

      3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;  

      4) қаржы қозғалысы туралы Орталықтан ақпарат алуға;  

      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.  

      2. Қор:
      1) Орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;  

      2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;  

      3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;  

      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.  

      3. Қор:
      1) Қор активтерiн кепiлге беруге;  

      2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.

      30-бап. Қордың инвестициялық қызметi

      1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.  

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөнiндегi, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.

      31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы

      1. Қордың активтерi:  

      1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс;  

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.  

      2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:  

      1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;  

      2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;  

      3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.

      32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру

      1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi. 

      2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.



6-тарау. Қорытынды ережелер

      33-бап. Дауларды шешу

      Қордың, Орталықтың, мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

      34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк


              сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн
              жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi

<предыдущая страница


Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-іі қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгi

613.97kb.

25 12 2014
3 стр.


Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат. "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 5 мамыр n 107

371.21kb.

09 10 2014
3 стр.


Ж. №08-02-3/2831 Барлық сақтандыру ұйымдарына тізім бойынша

Агенттік сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағандығы ту

26.92kb.

09 10 2014
1 стр.


2002 ж. 3 маусымдағы №211 қаулысы «Сақтандыру қызметi туралы»

Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының

252.7kb.

09 10 2014
1 стр.


Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру кезіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қысқаша жадынама Қазақстан Республикасының «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы»

Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әр көлік құралы иесі әрбір жеке ауыспалы егіс алқабындағы өз жеке мүліктік мүдделерін тиісінше сақтандыру шартын жасау (бұдан әрі-Шарт) жолымен сақт

53.05kb.

04 09 2014
1 стр.


Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы

Асында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы»

1640.63kb.

26 09 2014
12 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы

Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар

28.67kb.

09 10 2014
1 стр.


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

51.77kb.

04 09 2014
1 стр.