Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:«Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері

және түрлері»














Алматы: 2006

МАЗМҰНЫ


Кіріспе………………………………………………………………………………...3
Тарау 1. Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану

    1. Салық құқық бұзушылықтар және салық санкциаларының экономикалық мазмұны, алыптау ерекшеліктері...............................................................................5

    2. Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданылуы ...........15


Тарау 2. Қазақстан Республикасында салықтық құқық бұзушылықтар және салық санкцияларын қолдану аясы

2.1 Қазақстан Республикасында салық санкцияларын қолдану механизмі....................................................................................................................28

2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларындағы салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану тиімділігіне баға беру және оны талдау......................................................................................................39
Тарау 2. Салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану механизмін жетілдіру

3.1 Салық санкцияларын қолданудың шетелдік тәжірибесі................48 3.2 Қазақстан Республикасында салықтық құқық бұзушылыққа қолданылытын салық санкцияларының орын алған кемшіліктері мен оларды жетілдіру жолдары......................................................................................................................57


Қорытынды.................................................................................................................69Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………...………...71

КІРІСПЕ

Қоғам даму тарихында еш бір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар тек қана салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болғандықтан, оның уақытында және толығымен мемлекет қазынасына түсіп отыруы қазіргі нарықтық экономикадағы күрделі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда, ондағы салық санкцияларын қолданудың маңызы өте зор.

Еліміз бұрынғы әкімшілік-жоспарлы эканомикадан нарықтық эканомикаға өткен кезде мемлекет алдында көптеген эканомикалық қиыншылықтар кездескен. Солардың ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі - салық және салық салу мәселесі болды.

Cалық мемлекеттің ірге тасы болғандықтан, тиімді салық жүйесін құру біз үшін өте қажет. Өйткені қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік бюджетінің 80-85 %-ын салық және салықтық түсімдер құрайды, яғни бюджет кірістерінің негізгі қайнар көзі болып отыр. Салық салуды барынша жетілдірмегенше қазірге кездерде орын алып отырған қаржы тапшылығын және бюджетті толықтыру мәселесін шешу мүмкін емес. Салық заңының орындалуын қамтамассыз ететін механизмді мемлекеттің ең басты мақсаттарының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда қағамдағы көптеген келеңсіз жағдайлармен бірге салықтан жалтару да үлкен орын алып отыр. Әрине салықтан жалтарудың макроэкономикалық зардаптары мемлекетке едәуір зиян келтіруде. Сондықтанда салық санкцияларын қолдану - салықтан жалтаруға қарсы күресудің алғы шарты негізінде туындап отыр. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы да осы мәселеге байланысты “Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі ерекшеліктері мен түрлері” деп аталады.

Бұл дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым - салықтық құқық бұзушылықтың мәнін ашу, олардың Қазақстандағы қолданылу механизмін зерттеу, шетелдер тәжірибесінде салық санкцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Жалпы салық санкциялары туралы түсінік, салықтан жалтарудың басты себептерін, салықтық құқық бұзушылықтың мәнін, теориялық аспектілерін бірінші бөлімде қарастырып өтеміз. Ал екінші бөлімде салық санкцияларының Қазақстан Республикасындағы қолдану механизмін қарастырып, салық санкцияларының макро деңгейдегі экономикалық талдауын жүргізе отырып, олардың Қазақстанда қалай жүзеге асырылатынын зерттейміз. Салық санкцияларын қолданудың шетелдік тәжірибесін, Қазақстан Республикасында салық санкцияларын қолдану механизмін жетілдіру жолдарын үшінші бөлімде қарастырып, талдау жасаймыз.

Тарау 1. Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану


    1. Салықтық құқық бұзушылықтыр және салық санкцияларының экономикалық мазмұны, қалыптасу ерекшеліктері

Салықтар - бұл мемлекетке заңды түрде белгілі бір мөлшерде және белгілі бір мерзімде төленетін міндетті төлем болып табылады.

Салықтың мәжбүрлі төленұі екі жағдайда байқалады. Бірін-шіден, салық мәжбүрлі түрде, яғни, міндетті төлем салық төлеу-шінің еркіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттемесін өз еркімен орындамаса, онда мемлекет одан ақшаны күшпен тартып алады. Осы салықты өндіріп алудың мәжбүрлі сипаты мемлекетке берілетін әр түрлі қайырымдылық жасаулардан ерекшелендіреді. Жалпы, салықты өндіріпалу мемлекеттік қазына-шылықтың шығындарын көбейтпес үшін, халыққа арзан түсуі тиіс.

Салық халықтың қалтасынан оған ауырпалық тигізбейтіндей алыну керек. Едәуір жоғары салық мемлекеттегі өнеркәсіптің да-муын бәсеңдетеді, көпшілікті саудамен еңбектің түрлі салаларынан ажыратады. Осылайша, ауыр салық халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін табыстың кейбір көздерін азайтады, тіпті жойып жібереді. Ауыр салық салық төлеушінің салықтан жалтаруға сеп-тігін тигізеді. Ауыр салықты бекітетін заңның өзі салық төлеуші-лерді салықтан жалтаруыға итермелейді, ал одан кейін оған баруға мәжбүр болған салық төлеушілерді жазалайды.

Батыс ғалымдары осыған байланысты мынандай қорытындыға келді: “Мемлект ауыр салық салудан гөрі, салық ауыртпалығын төмендетуден гөрі, салық ауыртпалығын төмендетуден көбірек ұтады; босатылған қаражаттар қосымша табыс табуға мүмкіндік береді, ал одан қазынаға салық түседі. Бұл кезде төлеушілер еш ауыртпалықсыз, өз еріктерімен бұл төлемдерді жасайды, ол сәйкесінше мемлекетті жазалаумен, еріксіз өндіріп алумен байланысты салықтарды жинауға кететін қосымша шығындардан босатады”. Салықтарды 40-50 %-дан жоғары өндіріп алу кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін төмендетеді және салық базасының төмендетуіне апаратын салықтан жаппай қашуға жағдай жасайды1.

Соныменен, салықтық қатынастар міндетті қарым-қатынас болып келсді. Бұл міндеттемесінің мәні салықты төлеуінде жатыр: «Әрбір салық төлеуші заңмен бекітілген салықтармен алымдарды төлеуге міндетті.

Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші:

1) салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;

2) салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, соңдай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;

3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;

4) салық есептілігі мен құжаттарды заңда көзделген тәртіппен табыс етуге;

5) заңға сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жадысы бар бақылау-касса машиналарьш міндетті түрде пайдалана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізуге міндетті.

Осы салық міндеттемелері ішіндегі ең негізгі мақсаты - ол салықты толығымен және уақтылы төлеу болып саналады.

Мемлекет салық кызметі органы арқылы салық төлеушінің өз салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Салықтық міндеттемені орындамауы - салық заңын бұзуы деген сөз.

«Салықтық құқық бұзушылық - бұл мемлекетпен бекітілген салықтар, алымдар мен міндетті төлемдерді төлеуден салық төлеушінің бас тартуы бо­лып табылады.

«Салық төлеуден жалтару - мемлекеттің кірісіне ақшалай қаражаттарды төлеу бойынша міндеттемесін ол соманы төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, әдейілеп орындамауы.

Америкам экономисі А.Лаффер бұл жайында былай деген: «Салық ставкаларының неғұрлым жоғары болуы, экономикаға соғұрлым кері әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде салық төлеушілерге тиімсіз болады. Яғни, салық ауыртпалығы жоғары болған сайын, салық төлеушілер салықты төлеудің емес, салықтан қалай жалтарудың жолын іздестіреді. Бұның басты себебі - өте жоғары салық ставкасы кәсіпкерліктің дамуын тежейді, адамдардың жұмыс істеу ьштасын жойып жібередің.2



Салықтан жалтару түсінігі - салық төлеуге байланысты салық төлеушінің заңсыз іс-әрекеті болып табылады.Салықтан жалтарудың салық декдарациясын бермеу, салықтық тексеруяерге кедергі жасау, тиісті құжаттарды бермеу сиякты көптеген нысаңдары бар. Жалпы салықтан жалтару көбінесе мынадай жағдайларда көп туындайды. Салық төлеушінің салықтық сауаты аздығынан, салық заңын дұрыс білмегендіктен немесе өте жоғары салық ставкаларының болуынан, тиімді салық механизмдері жұмыс істемегендіктен және т.б. жағдайлардан туындайды.

Салықтарды төлеуден жалтарудың макроэкономикалық зардаптары мемлекетке едәуір зиян келтіреді. Бюджет тапшылығы - көптеген елдердің экономикалық қныншылықтарының негізінде жатыр және оны жою көптеген экономикалық тұрақтандыру бағдармалардың басты мақсаты болып табылады. Сондықтан, бұл жағдайларда салықтардың жиналуын жақсарту мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Салық салудан жалтару кез-келген қоғамға едәуір қауіп төндоретіні туралы айтып кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларда бейнеленеді:

1. егер мемлекетке тиісті бюджеттік қаражаттар түспесе, онда мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру қысқарады;

2. салықтарды төлемеушілер заңды орындайтын, тәртіпті төлеушілерге қарағанда ұтымды жағдайда болады, ал олардың іс-әрекеттері басқа субъектілерді қызықтырады;

3. салық қылмыстарының көбеюі, таралуы бюджеттің кіріс жағының тапшылығына әкеледі, ал үкімет қаражаттардың жетіспеушілігін жаңа саяық түрін енгізу және салықтардың ставкасын жоғарлату арқылы толтыруға мәжбүр болады.

Сондықтан да, үкімет пен сәйкесінше министрліктер салықтардың толығыменен және уақтылы төленуіне бақылау жүргізу керек. Салық әкімшілігін жүргізу - бұл салық қатынастарын мемлекеттік басқару жүйесі. Салық бақылауы салық әкімшілігін жүргізудің қажетті шарты болып табылады.

Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау. Салық бақылауы тек салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау ғана емес, сонымен қатар, салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уактылы төленуін тексеріп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылмауын қадағалайды. Салық бақылауының мақсаты мен міндеті әртүрлі. Басты міндеті - салықтан жалтаруға тосқауыл жасау, мемлекеттің табыс бөлігіне түсетін кірістерді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою.

Салықтық бақылау:

- салық төлеушілерді тіркеу есебі;

- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

- бюджетке түсімдерді есепке алу;

- қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;

- салық тексерістері;

- камералдық бақылау;

- салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;

- фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;

- акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

- мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;

- уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.

Салық бақылауының негізгі мақсаттарының бірі - салықтан жалтаруға жол бермеу. Бұл құбылыс бұрынғы уақыттан бері салық салумен бірге дамып келе жатыр және тұрақты зандылық қалпына ие болды. Тәжірибеден дәлелденгендей, салық салудан жалтару қаржы нарығындағы операцияларды жүзеге асырғанда өте жиі кездеседі.

Салық теориясы мен тәжірибесінде салықтан жалтарудың төрт түрлі себептері көрсетіледі:

- моралді;

- саяси;


- экономикалық;

- техникалық.

1. Көптеген азаматтар қазынадан ұрлауды ұрлау деп санамайды. Кез келген мемлекетте жоғарғы билік органдарында жемқорлықтың бар екені және олардың мемлекеттік қаражаттарды жеке қажеттіліктеріне пайдаланатыны туралы бәрімізге белгілі. Сондықтан да салық төлеушілер салықтан жалтаруға ешбір моралді жауапкершілікті сезбейді. Көптеген салық төлеушілер өздерін қазыналық алымдарына олардың тым ауыртпалығына қарай қарсы тұруына құқылы деп есептейді. Мемлекет өзінің қаржы ресурстарының көп бөлігін салықтар мен алымдарды жинау арқылы қамтамасыз етуі - салық төлеушілерді салықтан жалтаруға итермелейді.

2. Сонымен қатар, салық төлеушілерді салықтан жалтаруға итермелейтін саяси себептері де бар. Егер де мемлекет экономикалық саясатын жүргізу барысында жеке топ мүдделерін ешбір себепсіз басқа топтардың мүдделерінен жоғары етіп қарастырса, онда өздерін ұтылған деп санайтын салық төлеушілер салықтық төлемдерін төмендетудің әртүрлі жолдарын іздестіреді, тіпті салық салынатын табыстары мен объектілерін жасыруға дейін барады.

3. Салықтан жалтаруға өте жиі әсер ететін жағдайларголар салық төлеушінің экономикалық жағдайы және жалпы экономикалық конъюнктура. Салық ставкалары жоғары болған сайын, салықтан жалтаруды көбірек ынталандырады. Төлеушінің қаржылық жағдайы тұрақсыз болтан сайын, салықтан кщцу ойы күшейе береді. Экономикалық құлдырау кезінде үкіметтің нарықты реттеуі салықтан жалтарудың көбеюіне апарады. Осындай регламенттелген нарықтың пайда болуына әкеледі.

4. Капиталдардың халықаралық қозғалысыньщ бақылаусыз, еркін болуы - салықтан жалтаруға жағдай жасайды. Көптеген жағдайда салықтық бақылау ұлттық аумақ шеңберінде ғана шектеледі, ол өсіресе дағдарыстар және экономикалық бағамның өзгеруі кезінде байқалады. Ол трансұлттық компаниялардың, біріккен кәсіпорындардың алдында әлсіз болып қалады. Бұл салықтан техникалық жалтаруға жақсы жағдай жасайды. Салықтан жалтарудың тағы бір маңызды техникалық жағдайы - ол ұлттық заңдардың карама-кайшылығыменен күрделілігі болып табылады. Салық салудың техникалық күрделілігі салық төлеушіге салық төлемінен заңды бұзбан кашуға мүмкндік береді. Бұл әрине салықтық бақылаудың тәжірибесін қнындатады.

Осыған байланысты салық бұзушылығының ұлғаюына жағдай жасайтын қазіргі кездегі ең манызды мәселелердің бірі - салық заңының толығыменен жетілмеуі, тұрақсыз болуы. Бұл жерде Т.Джефферсонның пікірін айтып кеткен жөн. Ол былай деген: «Заңдар қарапайым адамдарға арналып жазылады, сондықтан олар салауатты мәндегі қарапайым ережелерге негізделуі қажет.3

Ал біздің казіргі салық заңымыз өзінің едәуір артық көлемімен және күрделілітімен еркшеленеді. Жиі-жиі енгізіліп отыратын өзгертулермен толықтырулар жаңа қныншылықтар тудырып отыр. Қазақстанда бүгінгі күні салық заңының нормаларын сақтау 60% шамасында болып отыр. Яғни, дұрыс есептелінген, бюджетке толығыменен және уақытында түсетін салық сомаларының 60 %-ы ғана қазнаға түсіп отыр. Алдыңғы қатардағы елдерінде бұл көрсеткіш 90-100 % мөлшерінде. Қазақстанның салықтар жинау бойынша қабілеттілігі “Үлкен Жетілік” елдерінің көрсеткіпттері-нен ғана емес, сонымен бірге Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америка елдерінің көрсеткіштерінен де едәуір төмен болып отыр.

Осыдан: “Неліктен Қазақстанда салық заңын сақтау денгейі өте төмен болып отыр ?” деген сұрақ туындайды. Оның ең басты себептері - ол салық кодексінің мемлекеттің өнеркәсіптік саясатының талаптарына сай келмеуі, салық салу ставкаларының өте жоғары болуы және олардың елдегі өндірістің мүмкіндіктерін, өнеркәсіптің экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескермеуі болып табылады.

Жалпы, салықтан жалтару заңды және заңсыз болуы мүмкін. Егер де тұтынушы оның тұтынатын тауарына акциз енпзгеннен кейін немесе акцизді көтергеннен кейін сол тауарды сатып алуды тоқтатса немесе оны аз мөлшерде сатып алатын болса, онда мұндай жағдайды заңды салықтан жалтаруға жатқызуға болады. Ал егерде салық төлеуші салық салынуға тиісті объеюісін жасыратын болса, мысалы, кеден бажын төлемеу мақсатында шекарадан жасырын түрде тауар өткізсе, аз табыс салығын төлеу мақсатында нақты табысын төмендетіп көрсететін болса, онда заңсыз салық төлеуден жалтаруға жатады. Заңды салықтан жалтарумен мемлекет тек қаржылық әдістерін пайдалана отырып күресу мүмкін, яғни, салық салынатын тауарды тұтыну қысқарған кезде акцизді төмендету, акциздік өндірістің техникасы ұлғайған кезде - дайын өнімге салық салуды енгізу керек. Заңсыз жалтарумен тек қаржы аішаратын жетілдіру арқылы күресу керек, яғни, қаржы аппараты төлеушілердің салық бұзупшлықтарын көбірек ашып, оларды тиісті жазалауға қабілетті болу керек.

Қазіргі кезде салықтан жалтарудың көптеген жолдары бар. Олар мына төмендегі нысандарда кездеседі:

- заңдар мен нормативті-құқыктық актілердің келіспеушілігі, салық заңы нормаларын дұрыс емес түсіндірілуіне әкелетін накты аныктамалардың жоктығы, экономикалық және салықтық өзара қарым-қатынастар тәжірибесіне сүйене отырып жасалынатын заңдардың жоктыгы. Бұл жағдайда салық төлеуші уақытында салық декларацияларын тапсырып, салық органдарының талаптарын орындайды, бірақ та нормативтік-құқықтық актілеріндегі кемшіліктерге байланысты табыстарын жасырады;

- екі жақты бухгалтерияны жүргізу. Бұл жағдайда салық төлеуші салық органдарьғаың барлық талаптарын дұрыс орындайды, бірақ та, салық органдарының қарсы тексерулерін аса қолданбайтындықтан, салық төлеушілердің ресми есеп берулерде сату көлемін және алған табыстарын төмендетіп көрсетуге мүмкіндік туады. Екі жақты жазу ресми органдар үшін және өзінде жүргізеді. Біріншісінде - тек қызмет етуінің минимадді мүмкіндіктері, қызметінің минималді нәтижелері көрсетіледі. Екіншісінде - шынайы, нақты, яғни бизнестің дамуына қажетті көрсеткіштер жазылады.

- салық органдарында тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу. Бұндай жағдайда кәсіпкерлер контрактілерде, келісім-шарттарда, шот-фактураларда, банктік құжаттарында және т.б. құжаттарда ойдан шығарған кезкелген СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) қояды да салық органдарында есеп бермейді және әдеттегідей олар ұзақ өмір сүрмейді; бюджетке төлейтін төлем қарыздары жинақталуы бойынша «салық органдарымен байланысын жоғалтқанң төлеушілер категориясына өту. Салық төлеуші жұмыс істейді, салық бойынша есеп береді, бірақ бюджетке төлейтін төлемдерді төлемейді және олардың жинакталуы бойынша өз активтерін сатып, салық органдарымен байланысын жоғалтады. Әдетте, олар жалған адрестер мен жалған тұлға аттарын пайдаланады;

төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығын төлемеу немесе толығыменен төлемеу. Бұл жалтарудың түрі - шаруашылық субъектінің еңбекақыны натуралді түрде, яғни кәсіпорынның өзі шығаратын немесе бартер арқылы алынған өнімдермен төлеуімен байланысты болып отыр. Бұндай жағдайда натуралды түрде төленген еңбекақыны аныктау қиынға түседі.

табыс жасыру мақсатында жалған тұлғаяарға нарядтарды жазып беру арқылы еңбекақыны төлеуге кететін шығындарды көбейтіп көрсету; шегерістерді көбейту арқылы табыстарды жасыру

- өзіндік құнға кәсіпкерлік саласыньщ басшыларының, жұмыскерлерінің тұтыну шығьғадарын енгізу жолымен жүзеге асырылады. Бұндай әдіс әлеуметтік және табыс салықтарды төлеуін үнемдеуге мүмкіндік береді. Фирманың есебінен «офисқа арналған үй-жайларң түрінде басшылардың пәтерлері ұсталынады, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алынады, газеттер мен журналдарға жазылу жүзеге асырылады. «Фирмалық киімң деген атпен өз игілігіне пайдаланылатын өте қымбат киімдерді сатып алуды жасыруға болады;

- жалған банкроттылық. Бірнеше фирмаларды бірдей құрылтайшылар ашады да, біраз уақыттан кейін активтерді бір фирмадан екінші фирмаға аудара бастайды, ал содан кейін біріншісін банкрот деп жариялайды;

- жасалмаған операцияларға немесе бағасын жоғары етіп көрсетілген жөнелтпе қүжаттарьш жазу. Бұл экономиканың кезкелген саласына тен нәрсе және ол жалған бағаларды қолдану арқылы табысын төмендетіп көрсетуге жағдай жасайды. Бұл жерде қаржылық-шаруашылық қызметінен тапқан табысын төмендетуте мүмкіндік беретін, оларды бухгалтерлік кітаптарда бейнелеу үшін жөнелтпе қүжаттары жазылады. Бұндай жалтарудың түрі ерекше қауіп келтіреді және оны кейбір жагдайларда анықтау қиынға соғады. Мысалы, егер де қызметтер шетелде көрсетілсе, әсіресе, белгілі бір мемлекеттерде (офшорлы), онда оны анықтау өте қнын болады;

- жалған тұлға аттарын пайдалану. Бүл жағдайда экономикалық қызмет ресми түрде бір тұлғаның атынан жасалынада да, іс жүзінде басқа біреумен жүзеге асырылады;

- жеке тұлғаларға қызмет көрсету мен тауарларды өткізу. Салықтан жалтарудың бүл нысаны едәуір кең таралған және оны алдын-ала болдырмау өте қнын. Ол кішігірім коммерциялық кәсіпорындар арасында кездеседі. Жеке тұлғалармен тікелей байланыс - кәсіпорындарға жасалған мәмле үшін накладнойларды жазбай-ақ тауарлар өткізуге, қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Бұндай жалтарудың халықаралық сипаты бар, өйткені көптеген тауарлар шетелден әкелінеді. Бұл жағдайда екіжакты салықтан жалтару көрінеді. Біреуі - импорт сатысында, екіншісі - сату сатысында. Кеден декларациясында көрсетілген іс жүзіндегі құны оның накты құнынан біршама өзгеше болады.

Салық төлемдерін азайтуға баіъпталған құқықбүзушылықтар өте кең таралған құбылыс. Дамыған капиталистік елдерінде олар экономикалық құқықбұзушылықтар ішінде басты орын алады. Олардың жағымсыз

Салық төлеушілердің бұндай заңға қарсы іс-әрекеттері тек салықтардың жоғары болуынан емес, сондай-ақ, салық төлеушілер тұрғысынан жауапкершілігі сияқты факторларға байланысты туындайды.

Осы жағдайлардың барлығы «көлеңкелі экономиканың тудырады. Шаруашылық субъектілердің көбісі белгілі бір ережелерді бұзу арқылы ғана өмір сүріп отыр. Салық қызметкерлері өртүрлі себептерге байланысты бұл құбылыстарды толығыменен бақылап отырған жоқ, ол себептерге: кадрлар-дың төмен деңгейдегі біліктілігін, жемқорлықтың болуын, салық қызметкерлерінің жалақының төмен болуын және т.б.-ны жатқызуға болады. Сәйкесінше, салық салу ставкасы жоғарлаған сайын кәсіпкерлердің заңды қызметі қаншалықты жылдам «көлеңкелі салаға ауысып кететініне көзімізді жеткізуте болады.

«Көлеңкелі экономиканың үлкен көлемі, ақша қаражаттарын басқа елдердің банк мекемелеріндегі шоттарына аударуы, кәсіпкерлік қызметтің нақты көлемін төмендету бойынша тырысуы, мүлік құнының жоғары болуы-салықтық түсімдерін мемлекеттің бақылай алмауына әкеледі.

«Көлеңкелі бизнес - табыс әкелетін және мемлекеттік басқару органдарымен ресми түрде бақыланбайтын кез-келген қызмет ретінде қарастырылады. Бұл қызмет салықтарды төлемеуге, қосымша табыстарды табу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай тіркелмеген шаруашылық кызмет - көлеңкелі экономика мемлекетке мүлдем кіріс әкелмейді. Қаражаттардың көлеңкелі жаққа өтіп кетуі, экономикаға, әсіресе бюджеттің кіріс жағына едөуір залал келтіреді. Кейбір деректер бойынша, көлеңкелі жиынтық өнім Қазақстанның жалпы ЖІӨ-нің 40 %-ын құрайды.

Салықтық тәжірибе салықтық құқық бұзушылықтармен күресудің екі негізгі әдісін бөліп көрсетеді:

1. ескерту (превентивті шаралар);

2. жазалау (репрессивті шаралар).
Салық бұзушылықтар санын азайту үшін маңызды мәселе - ол превентивті салық бақылауының саласын кеңейту болып табылады. Алдын-ала ескерту шараларының кешеш өзіне мыналарды қосады: салық төлеушілсрге көрсететін әдістемелік кеңес беру көмегі, салық заңының өзгерістері туралы уақытында баспаларда шығарып тұру, едәуір жиі кездесетін және ауыр салық бұзушылықтар туралы жариялап отыру және т.б.
1.2 Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданыуы
Салық бақылауы – салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.


следующая страница>


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы:«Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері және түрлері»

Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану

862.42kb.

25 12 2014
4 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы:«Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері және түрлері» «Қаржы және қаржылық құқық мамандығы күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті Тугельбаев Данияр Ғылыми жетекшісі:

Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану

867.38kb.

25 12 2014
4 стр.


Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері»

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы және олардың дамуына әсері»

628.13kb.

25 12 2014
4 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері орындаған: құқық қорғау органдары факультетінің
1103.01kb.

25 12 2014
5 стр.


Реферат Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері»

Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады. Құрылысы бойынша бітіру жұмысы 60 бетті құрайды. Ү

826.37kb.

17 12 2014
5 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы» Мамандық: 540230 «Халықаралық құқық»

Тақырыбы: «Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы»

1007.99kb.

25 12 2014
6 стр.


Жұмыс қорғауға жіберілді. Қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасының меңгерушісі

Мәжбүрлеу шараларының түрлері

823.93kb.

25 12 2014
3 стр.


Дипломдық жоба Тақырыбы : «Ғасырлар тереңінен»

Дипломдық жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы бет

1115.92kb.

17 12 2014
6 стр.