Перейти на главную страницу
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-2.2.2
мың тг.
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл аяғы |
Құрылымының өзгеруі | |||
сомасы, мың тг.
|
үлес салмағы % |
сомасы, мың тг.
|
үлес салмағы % |
мың тг. (3гр-1гр) |
| |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Активтердің құны |
30623789 |
100 |
16135513 |
100 |
-14813737 |
- |
Ұзақ мерзімді активтер |
- |
- |
325461 |
2,0 |
325461 |
2,0 |
Қысқа мерзімді активтер |
30623789 |
- |
15810052 |
98 |
-14813737 |
98 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 14813737 мың теңгеге төмендегенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының төмен нәтижесін сипаттайды. Алайда, активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы түрлі көзқарастар кездеседі. Бұл серіктестіктің қысқа мерзімді активтері жыл басында барлық активтердің 100 пайызына ие болып жыл соңында 98 пайызға, қалған 2,0 пайызды ұзақ мерзімді активтер ие болды.
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-2.2.3.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2005 жыл |
2006 жыл |
Жылдық өзгеріс |
1. Өнімді өткізуден түскен түсім |
95769565 |
92090967 |
-3678598 |
2. Айналым құралдардың орташа шамасы |
22200897,3 |
23216920,5 |
1016023,2 |
3. Айналым құралдардың айналымдылығы (1/2) |
4,3 |
3,9 |
-0,4 |
4. Бір айналым ұзақтығы (2/1) |
0,23 |
0,25 |
0,02 |
5. Бір күндік айналым (ӨӨТТ/360) |
266026,5 |
255808,2 |
-10218,3 |
Өнімді өткізуден түскен түсім есебінен алынған бастапқы факторы өткен жылмен салыстырғанда 3678598 мың теңгеге төмендеді. Есеп айырысудан көріп отырғандай өнімді өткізуден түскен түсімнің өсуі айналым құралдарының айналым уақытында орташа әсер еткен.
Екінші фактор айналым құрылымының орташа шамасы есебінен алынған 1016023,2 мың теңгеге жоғарлады, бірақ бір күндік айналым өткен жылмен салыстырғанда 10218,3 мың теңгеге айналымы баяулады.
Айналым құралдарының орташа жылдық шамасының кемуі оның айналымдылығына жағымсыз әсерін тигізеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығы 0,4 мың теңгеге төмендеді.
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-2.2.4.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2005 жыл |
2006 жыл |
Жылдық айырмасы |
ӨӨТТ |
95769565 |
92090967 |
-3678598 |
Қорлардың орташа шамасы |
2958,6 |
3390,5 |
431,9 |
Өнімнің өзіндік құны |
89361087 |
83739720 |
-5621367 |
Қтмқ (ретпен) |
32369,8 |
27161,4 |
-5208,4 |
Қорлар айналымдылығын талдау бойынша өнімді өткізуден түскен түсім (ӨӨТТ) өткен жылмен салыстырғанда 3678598 мың теңгеге төмендеді. Ал өнімнің өзіндік құны -5621367 мың теңгеге төмендеді. Қорлардың айналымдылық коэффициенті 5208,4 орынға төмендеді.
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-2.2.5.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2005 жыл |
2006 жыл |
Ауытқуы |
ӨӨТТ |
95769565 |
92090967 |
-3678598 |
Дебиторлық борыш. орт шамасы |
884000 |
10021543 |
9137543 |
Дебит.қ борыш. айналым коэф. |
108,3 |
9,2 |
-99,1 |
Деб. борыш. өтеу мерзімі (360/3) |
3,3 |
39,1 |
35,8 |
Кестеден көріп отырғандай талданатын кәсіпорында дебиторлық борыш
-3678598 мың теңгеге төмендеді. Бұл серіктестік қызметіне жағымсыз кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы уақытта қаржы менеджері қарызды уақтылы өтеуге бар күшін салуын көреміз.
Таза айналым капиталын талдау
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-2.2.6.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2005 жыл |
2006 жыл |
Ауытқуы |
Қысқа мерзімді активтер |
30623789 |
15810052 |
-14813737 |
Қысқа мерзімді міндеттемелер |
30563725 |
13730297 |
-16833428 |
Таза айналым капитал |
60064 |
2079755 |
2019691 |
Талдау бойынша кәсіпорын басшысы өз бизнесін қаржыландыруға өткен жылы 30623789 мың теңгеге, ал есепті жылы 15810052 мың теңгеге бөлгенін көреміз. Бұдан кәсіпорынның таза айналым капиталының 2019691 мың теңгеге жоғарлағанын көреміз.
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-2.2.7.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2005 жыл |
2006 жыл |
Ауытқуы | |||
сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% | |
Салынған капитал |
30623789 |
100 |
16135513 |
100 |
-14488276 |
- |
Меншікті капитал |
60064 |
0,2 |
2405216 |
14,9 |
2345152 |
14,7 |
Сырттан тартылған капитал
|
30563725 |
99,8 |
13730297 |
85,1 |
-16833428 |
-14,7 |
Кестеде көрсеткендей кәсіпорынның меншікті капитал үлесі жыл басында 0,2 пайыз, 60064 мың теңгеге, жыл аяғында 14,9 пайыз, 2405216 мың теңгеге ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға жоғарлады. Сырттан тартылған капитал жыл басында 99,8 пайызды жыл аяғында 85,1 пайызға ие болып, 14,7 пайызға төмендеді. Осымен серіктестіктің қаржыландырудың жолдарына келетін болсақ, бұл серіктестік меншікті капиталды ұлғайту жолын қарастырған екен.
Талдау жүргізудің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициент, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентің меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Тәуелсіздік коэффициент = меншікті капитал/ авансталған капитал;
Тәуелсіздік коэффициент = 2405216/16135513=0,14
Бұл коэффициент өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер катаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентің 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншікті капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі жән меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғаны көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті
(2005-06жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС)
кесте-3.2.1.
мың тг.
Көрсеткіштері |
Формуласы |
Теориялық мәні |
2005 жыл |
2006 жыл |
Ауытқуы |
1.Тәуелсіз.коэф. (автономды, меншікті) |
Меншікті кап/ Салынған кап |
0,5-0,6
|
0,3
|
0,5
|
0,2
|
2.Тәуелділік коэф.і |
Тартылған кап/ Салынған кап |
0,4-0,5 |
0,2 |
0,4 |
0,2 |
3.Қарыз қаражаты мен капиталдың қатынас.ң коэф |
Қарыз қаражаты/ Меншікті кап |
<1 |
5,8
|
5,7
|
-0,1
|
4.Қаржыландыру коэф.і |
Менш.кап/ Тарт.кап
|
>1 |
0,001 |
0,17 |
0,169 |
|
кесте-3.2.1. жалғасы | ||||
5.Инвестициялық коэф.і
|
Менш.кап/ Негізгі капитал |
Қалыпты 0,9 Қауіпті – 0,75
|
|
7,3 |
7,3 |
6. Маневрлеу коэф.і
|
ТАК/МК |
![]() |
1 |
0,8 |
-0,2 |
7. Қаржылық тұрақтылық коэф |
МК+ҰММ/ Салынған капитал |
~1
|
1
|
0,1
|
-0,9
|
8. Қалыптас-ң менш көзінің қорлар мен шығыс-ы қамтамасыз ету коэф.і |
ТАК/АА
|
![]() |
0,001
|
0,13
|
0,129
|
«Crocus Multimedia Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын талдау кезінде 8-көрсеткіш бойынша талдау жүргізілді. Осы талданған көрсеткіштер ішінен тәуелсіздік коэффициенті өзінің теориялық мәндеріне ие болғанын көрсетті. Осы сияқты көрсеткіштер теориялық мәндерінен көп ауытқаны байқалған жоқ деуге болады. Тек қалыптастырылған меншікті капитал мен шығыстарын қамтамасыз ету коэффициенті теориялық мәндеріне сәйкес келмегені байқалды.
3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттары пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
Жоғары өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша құжаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма – қол ақшаға тез айналады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін", яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынған бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы – материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1>П1
А2>П2
А4>П4
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама – қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділікпен аздық – көпті айырмашылық болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: "кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді.
Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
25 12 2014
7 стр.
17 12 2014
7 стр.
25 12 2014
6 стр.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»
14 12 2014
10 стр.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»
17 12 2014
8 стр.
Шетел валютадағы қысқа мерзімді болжанған активтердің таза шығындары
09 09 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы III тоқсанға арналған Жұмыс жоспарын бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
«Қаржы және несие» мамандығы «Банк ісі» мамандануының 4-ші курс күндізгі оқу бөлімінің студенті
14 12 2014
8 стр.