Перейти на главную страницу
«Қаржы және Есеп» факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит»
кафедрасы
күндізгі бөлімнің 4 курс студенті
«Есеп және аудит» мамандығы
шифр 050508
Сатмурзаев А.А ___________қолы
Жұмыс қорғалуына рұқсат беріледі:
Алматы, 2008 жыл
Бет
I- Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы
1.1.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау......................................................................................6
1.2.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің есепті ұйымдастыру...............20
II- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі
2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі.......................26
2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі...................34
2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі....................................................................43
III- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы
3.1. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы және айналым қажеттілігін талдау...........................................................................................67
3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі....................................................................................................................71
3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау......75
Қорытынды........................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................88
Қосымшалар…………………………………………………………………...90
Кіріспе
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшіп, даму жолында нарықтық қатынастардың реттелінуі мемлекеттің белгілі бір реттеуімен жүзеге асырылып отырды және бүгінгі таңға дейін асырылып келеді.
Осы айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті дегеніміз – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде активтерге аудитті талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады. Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі халықтың – салымшылардың мүддесін, құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.
Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өз уақытында өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – экономика саласына өзінің алатын орны ерекше екендігін көрсету. Және де ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебі мен талдау атты тақырыпты жазу себебім, серіктестіктердің негізгі құралдарды мен материалдық емес активтер иммобильдық құралдар, қысқа мерзімді активтеріміз мобильдік қорлар болып табылатындықтан, осы құралдарсыз өндіріс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда, экономиканың нақты секторын белсендірудегі және пайда табу көздерін ұлғайтудың негізі активтердің айналымдылығын жетілдіру мен қаржыланудың жолдары меншікті және тартылған капитал тарапынан, әр түрлі қоғамдық ұйымдар бухгалтерлік есептің стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қажет ететін мемлекеттің жүзеге асыруға міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.
Осымен бұл дипломдық жұмыс 3-бөлім және бөлімшелерден тұрады. Бұл бөлімдерде тақырып толық ашылатын болады. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарын пайдаланып жазылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Crocus Multimedia Services» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепберу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заң, Қазақстан Республикасының өзге заң актілеріне сәйкес, өзінің жарғылық қызметін орындау арқылы табыс мақсатымен нарық тетіктерін енгізу барысын үдету және Қазақстан Республикасының Заңдары тыйым салмаған кез-келген шаруашылық қызметінің түрлерін либерализациялау үрдісін әрі қарай дамыту үшін құрылды.
Серіктестіктің атауы:
Толық:
Орыс тілінде — Товарищество с ограниченной ответственностью «Crocus Multimedia Services»
Қысқартылған:
Қазақ тілінде — «Crocus Multimedia Services» ЖШС;
Орыс тілінде — ТОО «Crocus Multimedia Services»;
Серіктестіктің құрылтайшы:
- Нурлыбеков Азамат Нурлыбекүлы жеке күәлігінің № 004547379, Қазақстан Республикасы ІІМ 04.09.1998 жылы берілген, тұрғылықты мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ, 15 ықшам ауданы, 55 үй, 39 пәтер.
Серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа есеппен алғанда 50-ден және активтерінің жыл ішіндегі жалпы құны орташа есеппен алғандағы алпыс мың айлық есептік айырысу көрсеткіштен аспайды. Серіктестіктің қызметтері болып келесілерді жатқызуға болады:
● есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
● акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
● астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
● лотереялар өткізуді;
● ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
● сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;
● мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өндеу және сату;
● жөніндегі қызметті;
● радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
● банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру;
● нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
● аудиторлық қызметті;
● бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.
Заңды мекен-жайы: 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 77 үй, 7 офисі, Алмалы ауданы.
Меншік нысаны — жеке меншік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің мерзімі – шектелмеген.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыстар алу және
Құрылтайшыға тұрақты табысты қамтамасыз ету болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік қызметінің келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:
● жарнамалық және маркетингтік қызметтер;
● сауда және делдалдық қызмет;
● халыққа қызмет көрсету;
● халық тұтынатын тауарларды өндіру;
● сыртқы экономикалық қызмет;
● тәтті тағам және аспаздық бұйымдарды өндіру және сату;
● бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді ұйымдастыру;
● сауда-саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу үшін ауылшаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өндеу;
● ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық құралдарын өңдеу және өндеу;
● жарнама-ақпарат қызметі;
● қосымша шикізаттарымен өнеркәсіптік қалдықтарын дайындау, өңдеу;
● комиссиялық сауданы ұйымдастыру;
● Қазақстан Республикасы заңдарына тиым салынған басқа қызмет түрлері.
Серіктестік белгіленген тәртіпте алынған лицензияны пайдалану мерзімінде ғана 17.04.1995 ж. заң күші бар ″Лицензиялау туралы″ сәйкес лицензиялауға тиісті қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Серіктестіктің құқықтық мәртебесі
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқығын алады.
Серіктестік өз қызметін осы Жарғыға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізеді.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарында осындай ұйымдық-құқықтық нысан үшін белгіленген барлық құқықтарды пайдаланады.
Серіктестік өз міндеттемелері үшін барлық оның иелігіндегі мүлкімен жауап береді. Серіктестіктің Қатысушысы міндеттемелері бойынша жауапты емес және Серіктестіктің іс-әрекеттеріне байланысты шығының өзінің Жарғылық капиталға енгізген салымының құны шегінде көтереді. Серіктестік Қатысушысы міндеттемелері үшін жауапкершілік үшін көтермейді. Қазақстан Республикасы Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауапты емес, ал Серіктестік Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін жауапты емес.
Серіктестік өз атынан келісімдер жасасуға, мүліктік және жеке-дара мүліктік емес құқықтарды иемденуге, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқылы.
Серіктестіктің дербес балансы болады және толық шаруашылық есеп жасау, өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік, соның ішінде валюталық өз шығынын өзі өтеушілік негізінде іс-әрекет жасайды. Серіктестіктің фирмалық атауы көрсетілген мөрі, фирмалық таңбасы, фирмалық бланкі болады.
Серіктестік қолданыстағы заңдарға сәйкес өз мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына, өз қызметінің мақсаттарына және мүліктің пайдаланылуына сәйкес иемденеді, пайдаланады және билік етеді.
Сеоіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шетелдерде филиалдар мен өкілдіктерді ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға, құқылы. Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы жөнінде және олардың мекен-жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
Өзінің еңбегімен серіктестіктің іс-әрекеттеріне еңбек шарты немесе қызметкердің серіктестікпен еңбек қатынастарын реттейтін басқа
нысандар негізінде қатысқан тұлғалар еңбек ұжымының мүшелері болып табылады. Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңдырының нормаларымен реттеледі.
Бас директор серіктестіктің Қазақстан Республикасының еңбек заңдары шеңберіндегі еңбек қатынастарына байланысты барлық мәселелерді шешеді. Еңбекақының нысанын, жүйесін және мөлшерін, сонымен қатар қызметкерлердің табыстарының басқа түрлерін Бас Директор тағайындайды. Әрбір қызметкердің еңбек табысы жұмысының түпкі нәтижесі ескеріле отырып, оның жеке еңбек үлесімен, бірақ жоғарғы деңгейін шектемей анықталады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оған салық салынады.
Серіктестік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтардың берілуіне кепілдік береді.
Серіктестік барлық қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті және заң белгілеген тәртіппен олардың денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтереді.
Серіктестікті қайта құру және тарту
Серіктестікті қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, түрлендіру) және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жасалады.
Серіктестікті өз еркімен қайта құру және тарату серіктестік құрылтай мүшелерінің шешімімен жүзеге асырылады. Мәжбүрлеп тарату оны банкрот етіп жариялағанда және заң актілерінде белгіленген басқа да жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырыла алады.
Серіктестікті қайта құру барысында серіктестіктің құрылтай құжаттарына және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Серіктестік келесі жағдайларда таратылады:
Серіктестік құрылтай мүшелерінің шешімі бойынша;
сот шешімі бойынша;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа жағдайларда;
Серіктестіктің ерікті тарату Серіктестік құрылтай мүшелері тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді, ол Серіктестік құрылтай мүшелерінің тарату балансын бекітуге береді. Серіктестіктің қызметі сот шешімімен доғарылған жағдайда, тарату комиссиясын сот тағайындайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін доғаруға, жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа, келесі жағдайлар негіз бола алады:
Серіктестік құрылтай мүшелері құқылы:
өзінің серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
● Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп
айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын алуға немесе осы
мүлік бөлігін заттай алуға;
● Осы жарғы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарына қайшы келмейтін серіктестіктің қалыпты дамуына бағыт-
талған кез келген басқа да іс-әрекеттерді жасауға;
● Серіктестік құрылтай мүшелері Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарында көзделген өзге де құқықтар иелене алады;
Серіктестік құрылтай мүшелерінің міндеті:
● Серіктестік Жарғысының талаптарын орындауға;
● Жарғы белгіленген тәртіппен серіктестіктің іс-әрекеттеріне қатысуға;
● Серіктестік жарғысы белгілеген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде
салымдар енгізуге,
● Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария
етпеуге;
● Серіктестікке зиян келтіруі мүмкін қандай да болсын іс-әрекет
жасамауға.
Серіктестік құрылтай мүшелері осы жарғы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген басқа да міндеттерді атқарады.
Серіктестік органдары:
жоғары органы — Қатысушы;
атқарушы органы — Бас директор.
Қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзіретіне қатыстылар:
Бас директор өзінің құзіреті шеңберінде:
— Серіктестік құрылтай мүшелері белгілеген шектер мен мөлшерде Серіктестіктің мүлкіне, сондай-ақ қаржы-қаражатына билік жүргізеді;
— банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады;
(2006-07жыл «Crocus Multimedia Services»ЖШС) кесте-1.1.1.
мың тг
Көрсеткіштер |
2007жыл |
2006жыл |
Ауытқу |
Мүлік құны (теңге) |
16135513 |
30623789 |
-14488276 |
Иммобильдік қорлар |
325461 |
- |
325461 |
Мүлік құнына (%) |
2 |
- |
|
Мобильдік қорлар |
15810052 |
30623789 |
-14813737 |
Мүлік құнына (%) |
98 |
100 |
-2 |
Кестеде көрсеткендей акционерлік қоғамның мүлік құны – 14488276 мың теңгеге төмендеді. Талданып отырған серіктестіктің ұзақ мерзімді активтер ішінен тек негізгі құралдар ғана 325461 мың теңгеге ие болды. Мобильдік қорлар жыл басында 30623789 мың теңге, 2006 жылы 15810052 мың теңгеге төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда 14813737 мың теңгеге төмендеді. 2006 жылы тек активтердің 100 пайызын мобильдік қорлар ие болды. 2007 жылы 98 пайызды мобильдік қор 2 пайызды иммобильдік қорлар үлес қосты.
(2006-07жыл «Crocus Multimedia Services» ЖШС)
кесте-1.1.2.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2006жыл |
2007жыл |
ауытқу |
Қаржылық қорлар(теңге) |
30623789 |
16135513 |
-14488276 |
Меншікті капитал |
60064 |
2405216 |
2345152 |
Қаржылық капиталға (%) |
0,19 |
14,9 |
14,71 |
Тартылған капитал |
30563725 |
13730297 |
-16833428 |
Қаржылық капиталға (%) |
99,81 |
85,1 |
-14,71 |
|
|
|
|
Талдау жасалынған акционерлік қоғамның қаржылық қор сомасы 14488276 мың теңгеге төмендегін байқаймыз. Мұндай өсу біріншіден меншікті капиталдың өсу нәтижесінде болған. Меншікті капитал 2345152 мың теңгеге өскен. Яғни үлес салмағы 14,71 пайызға өсті. Қарастырылып отырған акционерлік қоғамның тартылған капиталының сомасы 16833428 мың теңгеге азайған. Осымен акционерлік қоғамның қазіргі таңда қаржыланудың бар жоғы екі жолы бұл:
1) меншікті капиталды ұлғайту;
2) сырттан тартылған капиталды көбейту.
Мына осы екі қаржыланудың жолдарын ұлғайту керек екендігін көріп отыр.
Капиталдың құрамы мен құрылымын талдау
(2006-07жыл «Crocus Multimedia Services» ЖШС)
кесте-1.1.3.
мың тг.
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
Жыл бойындағы өзгеріс (+,-) |
Құрылым ының
өзгеруі (4гр-2гр) | |||
сомасы, мың,тг
|
үлес салмағы %
|
сомасы, мың,тг
|
үлес салмағы %
|
мың,тг. (3гр-1гр) |
(5гр/1гр*100) |
үлес салмағы %
| |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Капиталдың барлығы |
30623789 |
100 |
16135513 |
100 |
- |
-47,3 |
- |
2.Меншікті капитал |
60064 |
0,2 |
2405216 |
14,9 |
- |
-468,8 |
14,7 |
3.Қатыстырылған капитал |
30563725 |
99,8 |
13730297 |
85,1 |
10673972 |
34,9 |
-14,7 |
Тәуелсіздік коэффициент (2/1) 0,5-0,6 |
|
0,001 |
|
0,14 |
|
|
0,139 |
Қаржыландыру коэффициент (2/3) >1 |
|
0,002 |
|
0,15 |
|
|
0,148 |
Қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы (3/2)<1 |
|
508 |
|
5,7 |
|
|
-502,3 |
Инвестициялық коэффициент (2/нег.кап)>0,5 |
- |
|
|
7,3 |
|
|
7,3 |
Талдау жүргізіп отырған «Crocus Multimedia Services» ЖШС 2006 жылы капитал 30623789 мың теңгеге 2006 жылы 16135513 және үлес салмағы 47,3 пайызға төмендеді. Осы көрсеткіштің төмендеуіне меншікті капиталдың төмендеуі әсер етті. Ол есеп беру жылы 28158509 мың теңгеге, төмендегенін көріп отырмыз. Ал қатыстырылған капиталы жыл басында 30563725 мың теңге, 2007 жылы 2405216 мың теңгеге ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға төмендеді. Барлық коэффициенттер қолайлы мәедерге ие болып отырған жоқ.
25 12 2014
7 стр.
17 12 2014
7 стр.
25 12 2014
6 стр.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»
14 12 2014
10 стр.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»
17 12 2014
8 стр.
Шетел валютадағы қысқа мерзімді болжанған активтердің таза шығындары
09 09 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы III тоқсанға арналған Жұмыс жоспарын бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
«Қаржы және несие» мамандығы «Банк ісі» мамандануының 4-ші курс күндізгі оқу бөлімінің студенті
14 12 2014
8 стр.