Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 7страница 8страница 9страница 10страница 11 ... страница 13страница 14

Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі ГОСТ 12.1.033-81. бойынша реттеледі. Жобада қолайлы еңбек жағдайын жасау үшін өрт қауіпсізідгі ең басты шаралардың бірі болып табылады. Қондырғылардың өрт қауіпсіздігін анықтайтын өнімдерге келесілер жатады: құрамында суы бар газ, көмірсутекті газдар, бензин булары және т.б. Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам денсаулығының, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекет ісінің басты бөлігі болып табылады.

Барлық бөлмелер және ғимараттар жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша 5 дәрежеге бөлінеді: А, Б, В, Г, Д. Өрттің пайда болуын білу мақсатында өрт қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Мұнда өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқау өткізіледі және өндірістік бөлмелерде өрт сөндіру қалқандары орнатылған, жабдықтары: күрек, балта, лом, екі шелек, екі өрт сөндіргіш.

Жобада жоспарланып жатқан энергия сақтаушы Мыс штейнын өңдеу қондырғысының бөлмелері өрт қауіпсіздігінің Г дәрежесіне, оператор бөлмесі Д дәрежесіне, трансформатор бөлмесі В дәрежесіне жатады.

Негізгі заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, жеке меншік форма түріне байланыссыз, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттеп отырады.

Өрттен сақтанудың мақсаты жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, материалды құндылықтарды сақтау, өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін кәсіпорында өртті алдын алу шаралар жүйесі қарастырылған. Бөлмелерде, қоймаларда сигнал беру және өрт сөндіру құралдары болуы керек.

Стационарлы өрт сөндіру құралдары ереже бойынша жергілікті автоматты немесе дистанционды қосылу және бір уақытта автоматты өрт сөндіруді сигнализациялау функциясын орындау қажет.

Қазіргі кезде спринкелі және кептіру стационарлы қондарғыларының көп таралуы орын алған. Қондырғы өрт ошағына суды жеткізу үшін суландырғыштан, құбыр тармақтарынан және спринкерлік головкалардан тұрады.

Спринкерлік жүйелердің кемшіліктерінің бірі оның инерциялылығы. Оның құлыптары температура көтерілгеннен бастап 2 – 3 мин кейін бұзылады, одан басқа тек температура жоғары зоналарда ғана құлыптар ашылады.

Бұл кемшіліктер автоматты кептіргіш өрт сөндіру қондырғыларында жоқ. Қондырғы қолмен немесе өрттен қорғау зонасындағы орнатылған сигнал датчиктерінің көмегімен автоматты қосылады.

Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділіг оның отқа төтеп беру шегі болып табылады. Ол келесідей түсіндіріледі: конструкцияларды отпен тексері кезінде отқа төзімділігінің үш жағдайының біреуі пайда болғанша жүреді: тығыздығы бойынша – конструкция бетіне сызатар мен тесіктердің пайда болуы (1600С); көтеру қабілеттілігін жоғалту – конструкциялық типіне байланысты бұзылуына немесе қисаюы.

Процесс жоғары темперетурада 3800С дейін және жоғары қысымда 49 кгс/см2 дейін жүреді. Барлық қолданылатын өнімдер жанғыш заттар болып табылады. Жоғары қысымда және температурада, газ және пар тәрізді өнімдердің көп қолданылатын аппараттардың болуы, территорияның газдану қаупіне әкеп соғады.

Процесс жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығына зиянды өндіріске жатады себебі реакция улану қасиеті жоғары құрамында кукіртсутек бар газдаранан тұрады. Өрт қауіпсіздік ережелерін және өндірістегі нормаларды бақылап отыруды мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Өрт сөндіру әдістерін және шараларын таңдағанда оның жану дәрежесіне және жанғыш зат сипатына байланысты болады. Өрт сөндіру үрдісі отты таратпауда және оны жою болып екіге бөлінеді. Өртті таратпау дегеніміз оттың аз көлемге жайылуын және оны жою үшін жағдай жасау. Өртттерді жою дегеніміз өрттің қайта пайда болу жағдайын болдырмау.

Объектердің жану дәрежесіне байланысты жанбайтын, жануы қиын және жанатын болып бөлінеді.

Отты сөндіру әртүрлі өрт сөндіру құралдарды қолданумен жүргізіледі. Өртті өшіруде қолданатын заттар: су, көпіршік, инертті газдар, құрғақ және қатты өрт сөндіргіштік қасиеті тиімді заттар. Олар жоғары жылусыйымдылық және булану қасиетімен өрт ошақтарының жылуын өзіне эффективті тартып алуға мүмкіндік береді.

Су басқа да өрт сөндіру заттарымен салыстырғанда жылу сыйымдылығы төмен және көпшілік жанғыш заттарды өшіру үшін тиімді. Судың термиялық (термическая стойкость) тұрақтылығы басқа да өрт сөндіру заттарынан жоғары болып келеді. Су өрт орнына лақтыру жеңі арқылы беріледі, бас бөлігіне металдан жасалған ствол жалғанады, оның қысымды судың шашырауын бағыттау үшін керек. Жабық бөлмелердегі өрттерді сөндіру үшін су буын пайдаланады, ол түрлі сұйық және қатты заттарды сөндіру үшін қолданылады. Құралдардың тұтануын және оның өртке өтуін алдын алу үшін ай сайын электр желілердің қаптамасының бүтіндігін және өрт кезінде қызметкерлерді эвакуация жасау үшін авариялық шығыстар тексеріледі.

Өрттің пайда болуы үшін жанатын материалдар, тотықтырғыштар және от көзі болуы қажет.

Практикада өрттің жануын толық және толық емес деп айырды. Толық жану оттектің жеткілікті көлемі кезінде болдады , толық емес жану - оттектің жетіспеушілігінен болады.

Өзіндік жану жанғыш заттың химиялық үрдіс салдарынан ішкі жылыту кезінде пайда болады. өзіндік жану Температурасы әр түрлі себептерден тәуелді болады: жанатын қоспалардың құрамы және көлемі , қысымдар және т.б. Көпшілік газдардың және сұйықтықтардың тұтануы 400-600С температура кезінде, ал қатты денелердің (ағаш, көмір, торф және т.б.) - 250-450 С-та болады.

Барлық жанатын сұйықтықтар өртке қауіпті Олар ауада булардың шоғырлануына тәуелді белгілі бір жағдайларда жанады.

Жанатын сұйықтықтар тұтану температураға байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа 45С-та тұтанатын сұйықтар жатады. Практикада бірінші топ сұйықтықтарды жеңіл тұтанатын, ал екінші топ - жанғыштар деп аталады.

Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін газбен сұйықтық қоспалы көбікті пайдаланады.

Сумен сөндіруге болмайтын өрттерді сөндіру үшін көбікті, ұнтақты және көмір қышқылды өрт сөндіргіштер қолданады.

Отты сөндіру әр түрлі өрт сөндіру заттарды пайдаланумен жүзеге асырылады. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін химиялық және ауа – механикалық көбіктер пайдаланылады.

Инертті газдар және булар – тиімді өрт сөндіру заттары. Жанатын булар және газдармен араласып, олар оттектің шоғырлануын төмендетеді және жанғыш заттардың жануын тоқтатуына мүмкіндік туғызады.

Қатты өрт сөндіру заттарына жатады: сілтілі және сілтілі - жер металлдардың хлориды, екі көмір қышқыл және көмір қышқыл сода, құм, құрғақ жер және т.б. Өрт сөндіру әрекетң болып олар өзінің салмағымен жану аймағын жанғыш заттардан оқшайлайды.

Өндірістік кәсіпорындарында өрттер көбінесе электротехникалық құралдарды орнату ережесін сақтамағандықтан болады. Электрлік жүйе өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес болуы қажет. Оны орнатқан кезде арнайы автоматты өшіргіштер және еркін балқитын сақтағыштар қолданады. Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Өрт келесі себептерден пайда болуы мүмкін: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталыуы, ұзақ уақытты электроқысымдар, жасанды жылыту құралдары және т.б. Жұмыс ортасы жақсы өндірістік бөлмелерде электр сымдарының қапталуын жылына бір рет тексереді.



<предыдущая страница | следующая страница>


Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»

Дипломдық жобада қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігі, экономикалық есептеулер келтірілген. Дипломдық жоба М. О. Әуезов атындағы ОҚму – дің «Автоматтандыру, телекоммуникац

1926.68kb.

16 12 2014
14 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу Алматы, 2007 ж. МазмұНЫ

Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6

980.21kb.

14 12 2014
8 стр.


Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу»

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін негіздеу

1095.33kb.

14 12 2014
10 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Рецензент: “Физика-математика” факультетінің деканының орынбасары ф-м.ғ. к., доцент Бекпотшаев М. Ж

828.76kb.

16 12 2014
4 стр.


Дипломдық жоба Тақырыбы : «Ғасырлар тереңінен»

Дипломдық жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы бет

1115.92kb.

17 12 2014
6 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама

Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің рұқсат ету құжаттарын беру үдерісін автоматтандыру бөлігінде Көліктік дерекқорлар ақпараттық талдау жүйесін және та

675.12kb.

17 12 2014
3 стр.


А. Б. Жантлесова Автоматтандыру және басқару кафедрасы 050702 «Автоматтандыру және басқару»

Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген

235.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Дипломдық жұмысының тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг»

Студент дипломдық жұмысының тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг»

921.23kb.

25 12 2014
5 стр.