Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы «____» _____________
№ _____ бұйрығымен бекітілген


Оңтайландыру есебімен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің рұқсат ету құжаттарын беру үдерісін автоматтандыру бөлігінде Көліктік дерекқорлар ақпараттық талдау жүйесін және тасымалдау қауіпсіздігі серпінің мониторингін дамыту қызметтерін конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу бойынша

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА





Тапсырыс берушi - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, СТН 031400075984, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ92070101KSN0000000, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті ММ.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Заң жұмысы және мемлекеттік сатып алу департаментінің тұлғасында, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, СТН 031400075984, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ92070101KSN0000000, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті.

Конкурстық комиссияның хатшысы: Ақұнжанова Аида Жайлообайқызы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң жұмысы және мемлекеттік сатып алу департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы, байланыс тефондары: 8-(7172)- 29-90-56.

Конкурстық құжаттама тегiн ұсынылады.



Астана қ.

  1. Жалпы ережелер

1. Конкурс Оңтайландыру есебімен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің рұқсат ету құжаттарын беру үдерісін автоматтандыру бөлігінде Көліктік дерекқорлар ақпараттық талдау жүйесін және тасымалдау қауіпсіздігі серпінің мониторингін дамыту қызметтеріне өнiм берушiсін (лердi) таңдау мақсатында өткiзiледi.

2. Оңтайландыру есебімен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің рұқсат ету құжаттарын беру үдерісін автоматтандыру бөлігінде Көліктік дерекқорлар ақпараттық талдау жүйесін және тасымалдау қауіпсіздігі серпінің мониторингін дамыту қызметтерін мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi осы конкурс (лот) үшiн бөлiнген сома 8 478 000 (сегіз миллион төрт жүз жетпіс сегіз мың) теңге.

3.Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес лоттың нөмірі, өлшем бірлігі, саны, жеткізу шарттары, мерзімі және жеткізу орны, төлем шарттары мен сатып алуға бөлінген сомалары көрсетілген Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тiзбесiн;

2) Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты және талап ететін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы осы Конкурстық құжаттаманың № 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелік, белгіленген тәртіпте бектілген жобалық сметалық құжаттаманы қоса алғанда;

3) осы Конкурстық құжаттамаға № 3 және № 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;

4) осы Конкурстық құжаттамаға № 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процессіне қатысу үшін әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;

5) әрбiр критерийдің пайыздық мәнiн көрсете отырып, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстың жеңімпазын анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi критерийлер тiзбесi.

4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса, тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайыз мөлшерiнде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде санамаланған нысандардың бiрiнде енгiзедi:

1) Тапсырыс берушінің мынадай банктiк шотына орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасын: «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемелекеттік мекемесі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, СТН 031400075984, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ680705012150001001, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті;

2) осы Конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктiк кепiлдiк.

5. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс.

6. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық өтiнiм берiлетiн лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамсыздандыруды енгiзедi. Егер конкурстың бірнеше лоттарына қаптысқан жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға қамсыздандыруды әрбір лотқа жеке енгізеді.




  1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
    құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

7. Тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген немесе мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалар осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді тапсырудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, тел/факс 8 (7172) 29-90-56.

8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:

1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi (www.mtс.gov.kz).

9. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді тапсырудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бес күннен кеш емес мерзімде жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрау салуына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.

Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы өтеусiз негiзде конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi.

Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында (www.mtс.gov.kz) жариялайды.

10. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, № 3005 каб. жергілікті уақыт бойынша 2012 жылы___ _________ 11 сағат 00 минутта кездесу өткiзедi.

11. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген пошталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

12. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткізуді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.



Конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімді ашу күнінен бастап кемінде 45 (қырық бес) күн болуы тиіс.

13. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;»;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды шығару, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

  1. ) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.

әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу үдерісiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

осы Конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын ұсынуы тиiс;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

5) банктiк кепiлдiк немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;

6) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.

14. Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге әлеуеттi өнiм берушiнiң өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының бiр жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр не бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiгi түрiнде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұсыну арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы бар. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң толық орындалуы үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;

15. Әлеуеттi өнiм берiшi және де оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін ұсыну арқылы жалпы біліктілік талапқа сәйкес келетінің растауға құқылы:

әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты;

әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор не тауар биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.

16. Егер әлеуетті өнім беруші – Қазақстан Ресубликасының резиденті болмаса, онда оның біліктілік талапқа сәйкестігін растайтын Қазақстан Ресубликасының резиденті ұсынатын сондай құжаттар немесе Қазақстан Ресубликасының резиденті емес - өнім берушінің біліктілік талабына сәйкестігін растайтын ұқсас нотариалдық куәландырылған қонкурстық құжаттама тілдегі аудармасы бар мәліметтер қамтылған құжаттарды ұсыну керек.

17. Кәсіпкерлік қызмет көрсететін жеке тұлғаның-әлеуетті өнім берушінің өтінімі –тиісті мемлекеттік органмен берілген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызмет атқаруға құқық беретін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс (мемлекеттік сатып алу туралы шартқа отыру үшін азаматтық құқық қабілеттігі барын растайтын).

Конкурстық құжаттаманың тілі

18. Әлеуетті өнім беруші дайындаған конкурстық өтінім, сондай-ақ конкурстық өтінімге қатысты барлық хат-хабарламалар мен құжаттама мемлекеттік және/немесе орыс тілде жасалады және ұсынылады. Әлеуетті өнім беруші ұсынған ілеспе құжаттама мен баспа әдебиет конкурстық өтінім тіліндегі тиісті бөлімдердің нақты, нотариалды куәландырылған аудармалары қосымша берілген жағдайда ғана басқа тілде жасалуы мүмкін, және осы жағдайда, конкурстық өтінімді түсіндіріп беру мақсатында, басымдылық мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жасалған құжаттарда болады.


Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар

19. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.

20. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (егер ондай бар болса жеке тұлға үшiн) тиiс.

21. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.

22. Әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол «кешiктi» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпаған күйiнде қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетілуі тиiс: «ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЕСЕБІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РҰҚСАТ ЕТУ ҚҰЖАТТАРЫН БЕРУ ҮДЕРІСІН АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІГІНДЕ КӨЛІКТІК ДЕРЕКҚОРЛАР АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗДІГІ СЕРПІНІНІҢ МОНИТОРИНГІН ДАМЫТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ КОНКУРС» және 2012 жылдың «____» _____________, 11 сағат 00 минутқа «ДЕЙIН АШПАҢЫЗ».



Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi

23. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып 2012 жылғы «____» __________________ 10 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде (Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, № 3005 каб.,тел. 29-90-56 конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуге жауапты (Ақұнжанова Аида Жайлообайқызы) бередi.

24. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдердiң жеке өздерiне қайтарылады.

25. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.

26. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.
Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу

27. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

28. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

29. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;

2) осындай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу.

30. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.
4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық комиссияның ашуы

31. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуға келген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық комиссия конкурс өткiзу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген уақыт бойынша конкурстық өтiнiмдерді 2012 жылдың «____» ________________ 11 сағат 00 минутта ашады.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде және тәртiппен ұсынылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға арналған бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм де ашылады және қаралады.

32. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерi өздерiнiң қатысуын растай отырып, олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналына Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 7 қабаттағы конференц-залы, 2012 жылдың «____» __________________ 10 сағат 45 минутқа дейін тiркелуге тиiс.

Әлеуеттi өнiм берушiлер мен олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жазу үшiн пайдалануға ниет етiп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етеді.

33. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлердiң және оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметiне араласуына жол берiлмейдi.

34. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлiметтер көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етедi:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;

әлеуеттi өнiм берушiлердiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiндегi әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзгенi;

конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ себептерi;

тиiстi тiркеу журналына тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер;

2) конкурстық комиссияның өкiлi не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға белгiлеген адам:

конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиiстi конверттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi;

әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы хабардар етедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, және конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе олардың уәкiлеттi өкiлiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы өткiзiлген күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.


следующая страница>


Конкурстық ҚҰжаттама жұмыстарды конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша

«БҚо орал қаласында күніне 10 бас мал союға арналған аз қуаттылық мал сою пункті»

254.41kb.

15 10 2014
1 стр.


Компьютерлерге үздіксіз қоректендіру көздерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Компьютерлерге үздіксіз қоректендіру көздерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

658.42kb.

13 10 2014
3 стр.


БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

715.62kb.

16 12 2014
4 стр.


Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

697.42kb.

13 10 2014
4 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша
541.46kb.

25 12 2014
3 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша
577.57kb.

15 09 2014
3 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама

Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді

503.71kb.

25 12 2014
3 стр.


Конкурстық құжаттама топтамаларының ақысы 500 теңге

«Қазақ газеттері» жшс 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы,143, №623 кабинет, эл почта

13.72kb.

25 12 2014
1 стр.