Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

    Бекітілді

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

    Басқармасының Төрайымы Наурызбаева Н.С.

    2012 жылғы «11» мамырдағы №170 бұйрық

     

     

    Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА



     

Тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91, СТН 600 700 525 207, ЖСК KZ8497297228670000BV, БСК HCSKKZKA, БСН 030 740 001 404, өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың электронды мекенжайы: www.hcsbk.kz

 

Тапсырыс беруші өкілі – Басқарушы директор Артыкбаев М.А., байланыс телефоны +7 (727) 279-35-11, электронды пошта мекенжайы [email protected]

 

Сатып алуды ұйымдастырушы - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Әкімшілік департаментінің Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91.

 

Сатып алуды ұйымдастырушы өкілі - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасы бастығының м.а. Касымханов Б.А., байланыс телефоны +7 (727) 279-35-11 (ішкі 211), электронды пошта мекенжайы [email protected]

 

Конкурстық құжаттама құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.


      

    1. Жалпы ережелер



1. Конкурс «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ үшін инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін (бұдан әрі - Қызметтер) жеткізіп берушіні таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома - 2 488 500,00 (екі миллион төрт жүз сексен сегіз мың бес жүз) теңге.

Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер ақысын көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің ай сайынғы актілеріне қол қойылған соң көрсетілген қызметтер құнының сомасында Орындаушы төлемге шот және көрсетілген қызметтер үшін шот-фактура берген күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде жүзеге асырады.

Мұндайда Орындаушы ай сайын қызмет көрсетілген айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұлдызынан кешіктірмей Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтердің ай сайынғы актісін, шот және шот-фактура беруді міндеттенеді.

Отандық қызмет жеткізіп беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, конкурс қорытындысы бойынша сатып алу шартының талаптарында 30% (отыз пайыз) мөлшеріндегі алдын ала төлем көзделетін болады.



3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттаманың №1 қосымшасына сай сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

2) осы конкурстық құжаттаманың №2 қосымшасына сай сатып алынатын қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;

3) осы конкурстық құжаттаманың №3 және №4 қосымшаларына сай заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің нысандары;

4) осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сай қызметтер көрсету үшін әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы мәліметтердің нысаны;

5) әрбір белгінің пайыздық мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті белгілер тізбесі;

6) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны (Банктік кепілдеме);

7) осы конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасына сай берешектік жоқтығы туралы анықтама нысаны;

8) осы конкурстық құжаттаманың №8 қосымшасына сай нысандағы бағалар кестесі;

9) осы конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасына сай конкурста сатып алу мәні болып табылатын қызметті көрсететін ортақ орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізіп берушінің ортақ орындаушыларға беретін қызмет түрлері нысаны;

10) осы конкурстық құжаттаманың №10 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны (Банктік кепілдеме);

11) осы конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт.



4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға арналған өтініммен қоса қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың 1% (бір) пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілді ақшалай жарнасы:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

СТН 600 700 525 207,

ЖСК KZ8497297228670000BV,

БСК HCSKKZKA;

2) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай банктік кепілдеме.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс



5. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн. Қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қысқа конкурстық өтінім қабылданбайды.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 156-тармағына сай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тиісті қаржылық жылдың төрт мың айлық есептік көрсеткішінен артық сомаға қызмет көрсеткен жағдайда салынатындықтан бұл конкурс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері көзделмейді.


2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізіп берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
 7. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп беруші 2012 жылғы «01» маусымдағы 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұраныспен жүгінуге құқылы. Әлеуетті жеткізіп берушілердің сұраныстарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, Әкімшілік департаментінің Сатып алу басқармасы, 1009 кабинет.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұраныстың кімнен келіп түскенін көрсетпей:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «07» маусымдағы 18 сағат 00 минуттан кешіктірілмеген мерзімде өзінің бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізіп берушінің сұранысына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен рәсімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті жеткізіп берушілерге жібереді. Мұндайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің ақырғы мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті жеткізіп берушілердің ескеруі үшін он күнтізбелік күннен кем емес мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті жеткізіп берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2012 жылғы «01» маусымдағы 11 сағат 00 минутта Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 кабинетте кездесу өткізеді.

11. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда көздері көрсетілмеген әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы берілген сұраныстары, сондай-ақ осы сұраныстарға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті жеткізіп берушілерге конкурстық құжаттама алған әлеуетті жеткізіп берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

 

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті жеткізіп берушілердің беруі

 

3.1. Конкурсқа қатысуға өтінім

 12. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

13. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізіп беруші осы конкурстық құжаттаманың №3 және №4 қосымшаларына сай толтырған және қол қойған өтінім;

2) әлеуетті жеткізіп берушінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігінің дәлелі ретінде беретін құжаттарының тізбесі:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариат куәландырған көшірмесін беруі тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариат куәландырған, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді беруі тиіс;

әлеуетті жеткізіп берушінің қызмет көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

қызмет көрсететін электриктердің рұқсат етілетін біліктілік тобының куәліктері мен дипломдарының нотариат куәландырған көшірмелері;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінімнің нотариат куәландырған көшірмесі;

құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариат куәландырған үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариат куәландырған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттар:

осы конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасына сай әлеуетті жеткізіп берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізіп берушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сай банк немесе банк филиалының алдында анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған әлеуетті жеткізіп беруші міндеттемелерінің барлық түрі бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізіп беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілуі тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесін беруге болады;

үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

Әлеуетті жеткізіп беруші төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резидентінің банктік кепілдемесі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету беру арқылы растауға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді.

Сонымен қатар әлеуетті жеткізіп беруші өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін төмендегі құжаттардың бірін беру арқылы растауға құқылы:

- халықаралық рейтинг ұйымының әлеуетті жеткізіп берушіге рейтинг беруін растайтын құжат;

- қор не тауар биржасынан әлеуетті жеткізіп берушіні биржаның ресми листингіне қосу туралы үзінді;

3) әлеуетті жеткізіп берушінің және (немесе) оның ортақ орындаушыларының арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

әлеуетті жеткізіп берушінің және оның ортақ орындаушыларының осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетілген арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.

Әлеуетті жеткізіп беруші ортақ орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын ортақ орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беруі тиіс;

осы конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасына сай конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсетудың ортақ орындаушылары туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізіп берушінің қызмет көлемінің жинап келгенде үштен екісінен астамын ортақ орындаушыларға ортақ орындауға беруге тыйым салу талабы;



4) қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, қызметтерді көрсету мерзімдері мен (немесе) көлемдері, қызмет көрсету талаптары сипатталған техникалық ерекшелік;

5) банктік кепілдеме не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) әлеуетті жеткізіп берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізіп берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат;

7) әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.



Әлеуетті жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті беретін құжаттар не конкурстық құжаттама тіліне нотариус куәландырған аудармасымен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтері бар құжаттар беріледі.
3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар

 14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті әлеуетті жеткізіп берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған) және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы бөлек салынады.

15. Конкурсқа қатысуға өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізіп берушінің қолы қойылып, мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

16. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізіп берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

17. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекенжайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: «ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР МЕН ЖАБДЫҚТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС. 2012 ЖЫЛҒЫ «13» маусымға АЛМАТЫ УАҚЫТЫМЕН «11» САҒАТ «00» МИНУТҚА ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».


3.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізіп берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1009 бөлме мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, 2012 жылғы 13 маусымдағы қоса алғанда алматы уақытымен 10 сағат 00 минутқа дейін береді, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мен тіркеу үшін жауапты тұлға – Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасының 1-санатты маманы Иманбердиев А.С.

19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен соң алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізіп берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті жеткізіп берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

20. Әлеуетті жеткізіп берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдері бар конверттерді рәсімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

  

3.4. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

 22. Әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Енгізілетін өзгеріс конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті жеткізіп беруші қол қойған және мөрімен бекітілген (жеке тұлға үшін егер ондай болса), сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде рәсімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі аяқталған соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алуға да, өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге де болмайды.

24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінімнің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы әлеуетті жеткізіп берушілерге сұраныс жасауға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші төмендегілерге құқықтарды жоғалтпастан мұндай сұраныстан бас тартуға құқылы:

1) конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталған соң өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

25. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысына қарамастан осы шығыстарды өтеу міндеттемелерін көтермейді.


4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
 26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды барлық келген әлеуетті жеткізіп берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2012 жылғы 13 маусымда алматы уақытымен 11 сағат 00 минутта 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 бөлме мекенжайында жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізіп берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуы тиіс.

Егер конкурсқа (лотқа) бір ғана конкурсқа қатысуға арналған өтінім ұсынылса, онда осы конкурсқа қатысуға арналған өтінім де ашылады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізіп берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуі және әлеуетті жеткізіп берушілерді тіркеу журналына тіркелуі тиіс. Әлеуетті жеткізіп берушілердің өкілдерін тіркеу 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 бөлме мекенжайында 2012 жылғы 13 маусымда 10 сағат 00 минуттан 10 сағат 45 минутқа дейін жүргізіледі.

Әлеуетті жеткізіп берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдаланғысы келетін аудиожазба және бейнетүсірілімнің техникалық құралдары туралы хабардар етуі тиіс.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізіп берушілердің және олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізіп берушілердің саны;

- әлеуетті жеткізіп берушілердің сұраныстарының бар не жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесу өткізгені;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жеткізіп берушілер туралы хабардар етеді;

2) конкурстық комиссияның төрайымы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан өкіл деп белгіленген тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімдегі құжаттар тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

- конверттерді ашудың тиісті хаттамасын рәсімдейді;

- әлеуетті жеткізіп берушілердің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасының әр бетіне конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті жеткізіп берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұранысы бойынша сұраныс алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

  


следующая страница>


Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

697.42kb.

13 10 2014
4 стр.


БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

715.62kb.

16 12 2014
4 стр.


Компьютерлерге үздіксіз қоректендіру көздерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Компьютерлерге үздіксіз қоректендіру көздерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

658.42kb.

13 10 2014
3 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

598.07kb.

15 10 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

599.32kb.

14 12 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на

АҚ-ға беру бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға менің мүдделерімді білдіруге сенім білдіремін, сол үшін оған аталған тапсырманы орындаумен байланысты барлық қ

10.47kb.

10 10 2014
1 стр.


Тұсаукесер іс-шараларын, акциялар, конкурстар өткізу қызметтерін сатып алу туралы № шарт алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Шартқа сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушіге шатыр құрылысына баннерлер даярлау мен орнату (бұдан әрі – Қызметтер) қызметін осы шарт талаптарына, Қызметтер сипаттамасына

215.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Плакаттар даярлау қызметтерін сатып алу туралы № шарт алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Тамыздағы баға ұсыныстары тәсілімен өткізілген сатып алу қорытындысы негізінде төмендегілер жайлы плакаттар даярлау қызметтерін сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт немесе

250.8kb.

12 10 2014
1 стр.