Перейти на главную страницу
(2012.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға |
А. Дунаев |
Қазақстан Республикасы
№ 295 қаулысымен
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Заң) және «Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк) ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру тәртібін айқындайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Уәкілетті органға банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беруді жүзеге асырғаннан кейін беріледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттарды қайта ұсынған кезде оларды қарау мерзімі қайтадан саналады.
3. Мемлекетаралық банктерді қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері сол банктерді құру туралы шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтайшы құжаттарымен белгіленеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе банкті таратуға берілген рұқсаттардың тізілімін жүргізеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Банк (банк холдингі) уәкілетті органға Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) рұқсат беру туралы өтінішті ұсынады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы банкті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін ол кредиттік серіктестікке қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда банк осы Қағидалардың 2-1-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру, сондай-ақ құрылатын кредиттік серіктестік қатысушыларының депозиттерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру шараларын қабылдайды.
Қайта ұйымдастырылатын банк банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк уәкілетті органға осы Қағидалардың 8-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге кредиттік серіктестікке қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттеріне қатысты, сондай-ақ осы тармақ талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш жасайды.
6. Қайта ұйымдастырылатын банк қайта ұйымдастыруды өткізу үшін уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта мерзімде өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттері мен заемшыларын тікелей құлағдар ету жолымен және тиісті хабарландыруды кемінде екі республикалық газетте жариялай отырып ақпараттандырады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Заңның 61-бабында көзделген негіздемелер бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен 2-1-тараумен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру тәртібі
7-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылуы туралы шешім қабылдағаннан кейін банк тікелей оларды төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөнінде шаралар қабылдайды.
7-2. Тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар жатады:
1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банк міндеттемесі сомасын анықтау;
2) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды кем дегенде екі республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау;
3) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды банк клиенттерінің назарын аударатын көрнекті орынға орналастыру.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 7-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-4. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау рәсімінің мерзімі өткен күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзім ішінде депозиттерді аударым жасау жөнінде өтініш берген депозитор-жеке тұлғалардың, сондай-ақ депозитін алуға келмеген не алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозитін аударым жасауға өтініш бермеген, салым бойынша депозиторлар есептеген және алған сыйақы сомасын көрсеткен депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және банктерге жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберуді жүзеге асырады.
7-5. Банк ұсыныс жіберген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс білдіргендігі туралы банкке еркін нысанда өтініш берген, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін банкті таңдауды жүзеге асырады:
7-6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банкті таңдау туралы шешім уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
7-7. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аударым жасау ерікті таратылатын банк пен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың және екі данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актінің негізінде банктің шешімін уәкілетті органмен келіскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 7-8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-8. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) банктің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аударым жасаған күнгі міндеттемелерінің мөлшері;
2) ерікті түрде таратылатын банктің филиалдары бөлігінде мынадай ақпаратты қамтитын депозитор жеке тұлғалардың тізімі:
депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банк шотының нөмірі);
депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
депозитордың жеке басын куәландыратын құжат нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты орны;
банк шоты және (немесе) банк салымы шартының жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;
салым бойынша сыйақы ставкасы;
депозит сомасы және салым бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;
3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.
7-9. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға байланысты барлық шығыстарды мойнына алады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау күнін қосқандағы депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.
7-10. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні аралығында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің көшірмесін және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шартты жібереді.
7-11. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударым жасалған банк бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасайды.
7-12. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
7-13. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдаған банктің ұсынысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарт бұзылған жағдайда осы банк:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
5) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында немесе өкілдіктерінде құрылған бөлімшелердің тізімдерін және басқа да қажетті мәліметтерді қоса ұсына отырып осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда оны ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатын уәкілетті органға ұсынады.
9. Уәкілетті органның банкті ерікті таратуға шешімді беру туралы шешімі оны өтініш иесі алған күннен бастап күшіне енеді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11. № 203 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Заңның 69-бабында көзделген негіздемелер бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттарды есепке алу тізілімі
|
Банктің (банк холдингінің) атауы |
Банктер (банк холдингтері) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының күні мен нөмірі |
Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі |
Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы |
Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға (тұлғалар) қызметінің түрі |
|
|
|
|
|
|
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
№ |
Банк атауы |
Банктер акционерлері жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі |
Банкті ерікті таратуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі |
Банктің таратылғанын әділет органдарында тіркеу туралы ақпарат |
|
|
|
|
|
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
№ ___ күні ____________
Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты алуға арналған
__________________________________________________________________________________________________________________
(қолы) мөр
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 55 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №295 Қаулысы
05 09 2014
1 стр.
Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері
25 12 2014
1 стр.
Лттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі және Банк (бұдан әрі-Тараптар) Келісімнің талаптарын орындау жөнінде өздеріне ерікті түрде міндеттеме қабылдайды
25 12 2014
1 стр.
Р енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін ретт
25 12 2014
1 стр.
Кредит саясатының одан әрі қатаңдатылуы экономиканың құрылыс секторындағы және тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемалардың тереңдеуі аясында жүргізілді
09 09 2014
1 стр.
Екінші деңгейдегі банктерді еріксіз таратуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйы
13 10 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы №177 Қаулысы
04 09 2014
1 стр.
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
09 10 2014
1 стр.