Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

Практикалық жұмыс №1

Тақырып: Курстың мазмұны мен міндеттері. Экологияның ғылым ретінде қалыптасуы

Сұрақтар:

  1. Оқылып отырған пән неліктен экология деп аталған ?

  2. Курстың мақсаты мен міндеттері қандай ?

  3. Экология қандай биологиялық ғылымдармен байланысты ?

  4. Экологияғылымының қысқаша даму тарихы ?

  5. Экологияның дамуына ғалымдардың (Аристотель, Теофраст, Эрезийский) қосқан үлесі ?

  6. Өрлеу дәуіріндегі ғалымдар еңбектері ? (А. Цезальпин, Д. Рей, Ж. Турнефор)

  7. Жаратылысты зерттеудің 17-18 ғғ үлесі ? (А. Реоюр, Л.Траммбле, С.П. Крашенинников, И.И. Лепехин, П.С. Паллас, Ж. Бюффон, Ж.Б. Ламарк, А. Гумбольт, К.Ф. Рулье, Э. Геккель, К. Мебиус )

  8. Гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері ? (Ч. Адамс, Вд, С.А. Зернов, В.Н. Сукачев және бақалар. Шет елдік ғалымдар- Америкадағы Ф. Клементе, Даниялық К. Раункиер, Швециядағы Г. Дю Рие, Швецариядағы И. Браун - Бланке)

  9. XX ғасырдың 30-40 жж ғылымдардың үлкен үлесі? (К.А. Тимириязев, Д. М. Кашкаров, В.В. Догель, Ч. Элтон, С.А. Северцов, С.С. шварц, Н.П. Наумов, А. Тенели, В.И. Вернадский)


Практикалық жұмыс №2

Тақырып: Ағза және орта. Ағзаға әсер етуші орта факторлары.

Сұрақтар:

  1. Адаптация дегеніміз не ?

  2. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары және оған адаптациялану ?

  3. Өсімдіктердегі қандай температуралық адаптацияны білесің ?

  4. Өсімдіктерге жарықтың аз түсуіне байланысты болатын адаптациялану мен оған бейімделушіліктерді атау ?

  5. Өсімдіктердің жоғарғы температураға адаптациялану топтары ?

  6. Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарын сипаттау ?

  7. Жарыққа байланысты жануарлар адаптациясы мен экологиялық топтарын атау ?

  8. Температураға байланысты жануарлардың адаптациясы мен экологиялық топтары ?

  9. Ылғалдылыққа байланысты жануарлардың адаптациялануы ?

Тапсырма:

Кеппешөптерді пайдалану. Таблицалар немесе видеоматериалдардан анықтау:



  1. Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары;

  2. Өсімдіктердің температураға байланысты экологиялық топтары;

  3. Өсімдіктердің суға байланысты экологиялық топтары;

  4. Жануарлардың жарыққа байланысты экологиялық топтары – жарық сүйгіштер, көлеңке сүйгіштер ?

  5. Жануарлардың температураға байланысты экологиялық топтары – салқын қандылар, жылы қандылар ?

  6. Жануарлардың ылғалдылыққа байланысты экологиялық топтары – гидрофилдер, ксерофилдер, медафилдер ?

Әдістемелік ұсыныстар:

Материалды жинақтап алған соң және экологиялық топтарды анықтаудан кейін мына таблицаларды толтыру:


Таблица 1

Өсімдіктердің ортаның абиотикалық факторлар әсеріне байланысты бейімдеушілігі



п/п


Өсімдіктер

Жарыққа байланысты адаптация

Температураға байланысты адаптация

Ылғалдылыққа байланысты адаптация






























Таблица №2

Жануарлардың ортаның абиотикалық факторлар әсеріне байланысты бейімдеушілігі


п/п


Жануарлар

Жарыққа байланысты адаптация

Температураға байланысты адаптация

Ылғалдылылыққа байланысты адаптация

































Практикалық жұмыс№3

Тақырып: Тіршілік негізгі ортасы және ағзалардың оларға адаптациялануы.

Сұрақтар:

  1. Қандай тіршілік орталарын білесіңдер ?

  2. Судың тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктерін атаңдар.

  3. Дүниежүзілік мұхиттардың экологиялық зона ретіндегі сипаты мен саны.

  4. «Планктон» және «бентос» ұғымы нені білдіреді ?

  5. Сендерге қандай гидробионтарға тән бейімділіктер белгілі ?

  6. Жер үсті – ауалы ортаның қасиеттері.

  7. Жер үсті – ауалы ортадағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың адаптациялары.

  8. Топырақ – тіршілік ортасы ретінде қандай қызмет атқарады ?

  9. Топырақта өмір сүретін ағзалардың экологиялық топтары.

  10. Тірі ағзалардың тіршілік ортасы ретіндегі қасиеттері.

  11. Паразиттердің тіршілік ортасы ретінде тірі ағзалардың оң және кері әсерлерін атау.


Тапсырма 1:

Мына тіршілік ортасында өмір сүретін жануарларды ата:

а) Таза сулы және құмды түбі бар өзен мен көлдерде

б) Терең суларда

в) Батпақтарда

г) Жаңбырдан кейінгі жиналған суларда

д) Ағаш қабығының астында және ағаштарда

е) Топырақ үстінде және шөпте

ж) Топырақта

з) Адам және жануарлар ішегінде.


Тапсырма 2:

Тіршілік ортасына бейімдеушілігі мына төмендегі ағзаларда қалай көрінеді: шегірткелерде, жасыл бақаларда, дала қабандарында, сүр тырнада шошқа цепенінде.

Таьлицаны толтырындар.

Тіршілік ортасына жануарлардың бейімдеушілігі



п/п


Жануарлар атауы

Тіршілік ортасы

Бейімдеушілік белгілері


























Тапсырма 3:

Сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Жер бетіндегі жануарлардың тіршілік ету үшін қандай тіршілік ортасы бар ?

  2. Жануарлардың тіршілік ету мекені деп нені айтады ? Неліктен жануарлардың сыртқы түріне қарап, олардың қандай тіршілік ортасында мекен ететіндігін білуге болады ?

Таблицаны толтырыңдар

п/п


Тіршілік ортасы

Мекен ету ортасы

Жануарлар атауы


























Тапсырма 4:

Мына атлған өсімдіктерді өмір сүру ортасына байланысты қойындар. Таблицаны толтырыңдар. Ошаған. Тал. Қамыс. Өгей шөп. Зверобой. Ландыш. Ива. Мүк. Қына. Традесканция. Сенсевьера. Бегония. Бальзамин. Аталған өсімдіктердің өмір сүру ортасы:



п/п


Өсімдіктер

Мекен ету ортасы

Бейімдеушілік белгілері


























Тапсырма 5:

Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:



  1. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасына өмір сүру ортасының әсер ету жолдары мен түрлерін сипаттаңдар

  2. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасының өмір сүру ортасына әсер ету жолдары мен түрлерін сипаттаңдар.

  3. Өздеріне тән өкілдерді атаңдар: а)планктондар б)бентостар в) нектондар

  4. Неліктен жер үсті жануарларына қаңқа керек те, суда тіршілік етушілерге керек емес ?

  5. Жер бетінде және суда өмір сүретін ағзалар үшін ең маңызды қандай экологиялық факторларды атар едіңдер ?

  6. Неліктен паразиттік жолмен өмір сүретіндердің басқаларға қарағанда құрылысы қарапайым ?


Практикалық жұмыс №4

Тақырып: Биологиялық ырғақтар. Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар.

Сұрақтар:

  1. Қандай биотикалық ырғақтарды білесіңдер ?

  2. «Сыртқы ырғақтар» ұғымы нені береді ?

  3. «Ішкі ырғақтар» деген не ?

  4. Неліктен мерзімдік ырғақтарды адаптивті деп атайды ?

  5. Фотопериодизм деген не, бұл құбылыстың мәні неде, мысалдар келтір.

  6. «Өмір формалары» деген ұғым нені білдіреді ?

  7. Өмір формаларының классификациясы ?

  8. «Биологиялық қатынастар» ұғымын түсіндір.

  9. Қандай иологиялық қатынастар формалары бар ?

  10. Түрішілік қатынастарды атаңдар, оларға сипаттама бере отырып, мысалдар келтіріңдер.

  11. Түр аралық қатынастар, оның маңызы мен мысалдары.

Тапсырма:

    1. Өмір ырғақтары на бейімділікке тірек схема құру: әртүрлі мысалдар келтіру.

    2. Мына төменде келтірілген өсімдіктерді, фотопериодизм реакциясы түріне байланысты ұзақ күндік және қысқа күндік деп бөліңдер: фасоль, бидай, мақта, арпа, соя, бұршақ, сұлы.

    3. Мына төмендегі өсімдіктерді, ааштар, бұталар, және шөптер деп өмір формаларына байланысты топтастырыңдар: бамбук, шие, банан, итмұрын, вяз, лиственница, қараған, долана, қызылқат, қарақат, жүзім, бузина, осина, сирень, мойыл, баклажан.

    4. таблицаны толтырыңдар.

Жануарлардың табиғаттағы өзара байланысы

Түрішілік (Түр ішіндегі)

Түраралық

Байланыс формалары

Мысалдар

Байланыс формалары

Мысалдар














Практикалық жұмыс № 5

Тақырып: Популяция. Популяция саны мен демографиялық құрыымы, оның табиғатта реттелуі.

Сұрақтар:

  1. Популяция деп нені айтамыз ?

  2. Популяцияның гомеостазы деген не ?

  3. «Популяцияның (топтық) негізгі сипаттамасы» деген ұғымды түсіндіру.

  4. Түрдің популяциялық құрылымын көрсету. Мысалдар келтіру.

  5. Сендер қандай популяцияның құрылымының жыныстық, жастық, кеңістіктік және экологиялық құрылымы.

  6. Мына ұғымдар нені білдіреді ?

  7. Популяцияның құрылымының әр қайсысына мысалдар келтіріңдер.

  8. Биотикалық потенциал деген не ?

  9. Қандай төрт құбылысқа байланысты популяцияның саны өзгереді ? Бұл құбылыстардың мәнін түсіндіріндер.

  10. Популяцияның динамиканың негізгі үш түрін атаңдар.

Тапсырма:

Мына төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:



  1. Популяциялар өз ара қандай көрсеткіштер арқылы салыстырылады.

  2. Бір жазықта өскен жонышқаның өсімдіктерімен қандай түрішілік байланыс формалары болуы мүмкін ?

  3. Үй иттерінің мінез – қылықтарынан даралар арасындағы ұатынастар қалай байқалады? Олардың мінез - қылықтарының әртүрлі формалары экологиялық байланыстың қандай типтерін көрсетеді?

  4. Жануарлардың сезім органдары арқылы бір – бірі туралы ақпаратты қабылдау және жіберу түрлеріне мысалдар келтіріңдер. Осы ақпараттар құстар, құрбақалар, балықтар, инеліктер популяциясында қалай көрінеді?

  5. Өмірдегі кез келген түр ішінде қатаң бәсекелестік пен тіршілік үшін күрес бар деген ұғым қалыптасқан. Осы ұғымды қолдайсындар ма, әлде қарсылық көрсетесіндер ме?

  6. Бір популциядан ғана тұратын түр өмір сүре алама?

  7. Түр популяциядан тұрады деген ұғым адам үшін қолданыла ма?

  8. Кейбір түрлер өз ұрпақтарын қалдыру мақсатында семья құрады, кейбіреулері құрмайды. Осыған байланысты біріншілері осыортадағы бейім, екіншісі бейімделмеген деп айтуға бола ма? Жнауарлардың семья құруы бейімдеушілікке әсер ете ме?

  9. Сендер шымшықтың ормандағы, шаян – дафняның тоғандағы санын қалай есптеуді ұйымдастырушы едіңдер?

  10. Күрделі және жай жастық құрылымды популяцияға мысалдар келтіріңдер.

  11. Сүр тышқанның жыныстық және жастық популяция құрылымында адам ойынша оның сандық жағынан өзгертетіні не?

  12. Екі территорияның біріндегі тіршілік ететін сүтқоректілердің сирек кездесетін түрі туралы. Олардың бірінде ұрпақ қалдыра алатын ересектері өмір сүреді, жастары жоқ. Ал екіншісінде керісінше, жастар өмір сүреді де, ересек даралары жоқ. Осы екі учаскенің қайсысын сендер қорық ретінде қалдырған болар едіңдер?

  13. Аталық тікенек – балық ұя салады да, аналық балық оған жұмыртқаларын шашады, сонан кейінгі қамқорлықты аталық – балық жасайды. Егер үйдегі аквариумде шыны арқылы аквариумның келесі шетіне «қарсыластарды» орналастырса, аталық –балық келесі қарама – қарсыжаққа ұя салады. Бұндай қорқақтыққа бару себебі не?

  14. Түрдің санын бақылау үшін түр туралы қандай мәліметтер бәлу жеткілікті?

  15. «Жер бетін гүлденгенбаққа айналдырамыз» деген ұран экологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Неліктен?

  16. Түр ішіндегі сандық «өсу» - қалыпты жағдай болса, онда адамдар одан неге қорқады?


Практикалқ жұмыс №6

Тақырып: Биогеоценоздар. Экожүйелер. Қоректену тізбегі. Сукцессия.

Сұрақтар:

  1. «Биоценоз ұғымы» нені білдіреді? Мысалдар келтір.

  2. В. Тишлер ұсынған ағза үстілік жүйенің классификациясының ерекшеліктері.

  3. В.Н. Беклемиев берген классификациядағы биоценоздыңң 4 типті байланысын сипаттап, атаңдар.

  4. Биоценоздың түрлік құрылымы.

  5. Биоценоздың кеістіктік құрылымы.

  6. Биоценоздың экологиялық құрылымы.

  7. «Экожүйелер» ұғымын ашындар, экожүйелер құрылымы. Биогеоценоз. Мысалдар келтіру.

  8. Экожүйедегі энергиялық ағым.

  9. Биологиялық өнімділік.

  10. Бірлестіктің динамикасы. Бірлестіктің циклдік өзгерісі.

  11. Сукцессия. Бірінші және екінші сукцессия. Мысалдар келтіру.

  12. Бірлестіктің тұрақтылық проблемалары.

Тапсырмалар:

  1. Батпаққа сәйкес қоректену тізбегін құрыңдар, кіретін компаненттерге мыналар жатады: сұңқар, көбелек, құрбақа, инелік, жылан.

  2. Аквариумдегі компаненттерге жататындар: балдырлар мен жоғары сатыдағы суда өсетін өсімдіктер және қарапайым инфузориялар, дафня, моллюскалар, балықтар, бактериялар, саңырауқұлақтар болады.

А) берілген экожүйедегі зат алмасу мен энергия ағымының схемасын салыңдар;

Б) осы экожүйе үшін моллюскалар мен қарапайымдылардың ондағы тұрақтылықты күрт өзгертіп жіберетіндігі енеліктен?



  1. а) мәтінді олық оқып шығындар.

Жай қоректік тізбекті бірлестіргенде өсімдіктердің көпшілікке белгілі түрлері орналастырылған, тез арада алғашқы тұтынушылар (шөптектілер) мысалы, қояндар сандық жағынан оптималды жағдайдан асып түсетіндер тез көбее бастайды.

б) неліктен оптималды жағдайдан асып түсетін қоян санының тез өсуі катастрофаның белгісі болып табылады? Оның мүмкін болатын себептері мен артынан болатын жағдайларын атңдар.

в) Адам осындай жағдайларда шаруашылыққа пайдалана ала ма? Ол үшін қандай әрекеттер жасалынуы керек?
Практикалық жұмыс №7

Тақырып: Биосфера.

Сұрақтар:


  1. В.И. Вернадсий бойынша биосфера нені білдіреді?

  2. Биосферадағы тіршіліктің орналасуы – биосфера шекарасы.

  3. «Тірі ағза» ұғымы нені білдіреді. Тірі денелердің геохимиялық жұмысы.

  4. Биосфераның негізгі биогеохимиялық циклі туралы не білесіңдер?

  5. Биосфераның тұрақтылығы.

Тапсырма 1:

  1. 1- суретте азоттың табиғаттағы айналымына мысал келтіріңдер: а) осы айналымға қатысатын қажет компаненттерді ретімен жаыңдар, б) азоттың қозғаыс бағытын көрсетіндер.

  2. Сұрақтарға жауап беріңдер.

А) азот айналымының бұғы қоректену тізбегімен байланысы қандай?

Б) азот айналымындағы азот ұстаушы бактериялар мен балдырлардың жоғалып кетуіне болатын өзгерістер қандай?

В) азот айналымын атмосферадағы жақсы баллансталған айналымға жатқызуға бола ма? Дәлелдер келтіре отырып айту.

Айналым компаненттері:



  1. Азот ұстаушы бактериялар

  2. Топырақтың амиактық қосылысы

  3. Жасыл балдырлар

  4. Жануарлар (қоян, бұғы)

  5. Атмосфералық азот

Тапсырма 2:

  1. Өмір құрылымының деңгейі атты таблицаны қарап, мазмұнымен танысыңдар.

  2. Өмір құрылымының әтүрлі деңгейі мен формалары туралы білетін білімдеріңді пайдалана отырып мына таблицаны толтырңдар:

Өмір құрылымының деңгейі

п/п


Өмір құрылымының деңгейі

Тән белгілері

Эволюциядағы ролі



























Практикалық жұмыс №8

Таұырып: Жер экожүйесіндегі адамзат. Экологиялық демография.

Сұрақтар:

  1. Неліктен адамды биоәлеуметтік түр деп атайды?

  2. Жануарладың қай түріне әлеуметтік мінез- қылық тән деп ойлайсыңдар? Неліктен?

  3. Неліктен адам мен биосфера бір – бірінен бөлінбейді деп айтады?

  4. Мына ұғымдарға түсінік беріңдер: адаптация, стресс, дистресс. Олардың мәнін түсіндіріңдер, мысалдар келтіріңдер.

  5. Қоршаған ортаға әлеуметтік адаптацияланудың мәні неде?

  6. Әлеуметтік ортаның экологиялық мәдениетті қалыптастырудың алғы шарты екендігін дәлелдеңдер.

  7. Адамзат демографиясының экологиялық ерекшеліктері неде?

  8. Адам санының һсуі бар ма, болса қандай қарқынмен өсуде?

  9. Адам демографиясының әлеуметтік- географиялық ерекшеліктері.

  10. Адамның демографиялық болашағы қандай?

Тапсырма:

  1. Адам баласының толық жеңген және оның толық бақылауындағы ауруларды атаңдар. Қандай аурулар әлі де болса адамдар арасында жоғарғы деңгейдегі өлім шығынына әкеліп соғады? Қандай соңғы шыққан ауруларға дәрі әлі табылған жоқ?

  2. Аам тамақ рсурстарының жетіспеушілігі қандай жолдармен жоя лады және өз өмірінде әлеуметтік – экологиялық жағдайын қамтамасыз ете алады?

  3. Дамушы елдерге көмек көрсетуші қандай халық аралық ұйымдарды білесіңдер?

  4. Отбасын құру бағдарламалары қандай формаларда жүзеге асырылады?

  5. XXI ғ бүкілдүниежүзілік экологиялық міндеттердің мақсаты қандай және олар қандай жолдармен жүзеге асырылуда?

Қолданылған әдебиеттер.



  1. Молдахметов З.М., Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д. Экология негіздері. Қарағанды, 2002

  2. Вернадский В.И. Биосфера. М., Мысль, 1967

  3. Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. М., Просвещение, 1981

  4. Радкевич В.А. Экология, Минск, Высшая школа,1997

  5. Горышина Т.К. Өсімдіктер экологиясы, М., Высшая школа, 1979

  6. Одум Ю. Экология. М., Мир,1986

  7. Одум Ю. Экология негіздері, М., Прогресс, 1975

  8. Дажо Р. Экология негіздері, М., Прогресс, 1975

  9. Риклефе Р. Жалпы экология негіздері, М., Мир, 1979

  10. Чернова Н.М. Экология негіздері, М., Просвещение, 1995

  11. Горелов А.А. Экология, М., Центр, 2000

  12. Данилов П.С. Әлеуметтік экология, М., Просвещение, 1991

  13. Воронков Н.А. Жалпы экология негіздері, М., Издатльство Рандеву А.М., 1999

  14. Наумов Н.П. Жануарлар экологиясы, М., Высшая школа, 1963

  15. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология, М., ЮНИТИ,1998

  16. Лосев А.В., Провадкин Г.Г. Әлеуметтік экология, М., Владос,1998

  17. Бродский А.К. алпы экология бойынша қысқаша курс, С- П, 1992

  18. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым,2001

  19. Тарасов А.О. Экология және табиғатты қорғау, М., 1990

  20. Алексеев С.В. және басқалар, Эколгия практикумы, М., АО МДС, 1996

  21. Чернова Н.М. Экологиядан лабораториялық практикум, М., Просвещение, 1986

Қосымша әдебиеттер.

  1. Новикова Ю.В. Адам және қоршаған орта экологиясы, М., 1998

  2. Саданов А.К., Санбаева З.С. Экология, М., Алматы, Агроуниверситет, 1999

  3. Плешаков А.А. Төменгі сынып оқушыларына арналған экология, М., Просвщение, 1995

  4. Шклярова О.А. Мектеп экоглогиясын меңгеру. Мектептегі биология, №3,1990

  5. Кузнецова О.Б. әне басқалар, Мектептің экологиялық паспортизациясы, Вологда,1993

  6. Экологиялық терминер сөздігі, Алматы, Рауан,2000

  7. Агаджанян И.А. Адам және биосфера, М., Знание,1987

  8. Будыко М.И. Глобалды экология, М., Наша Ксенгарня,1971

  9. Стандницкий Г.В., Родионов А.И. Экология, СПБ, Химия,1997

  10. Вронский В.А. Қолданбалы экология, Ростов- на Дону, Феникс,1996

  11. Агаджанян Н.А., Трошин В.И. Адам экологиясы, М.,1994

  12. Фелленберг Г. Қоршаған ортаның ластануы, М., Мир,1997

<предыдущая страница


Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым

Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді

472.9kb.

18 12 2014
3 стр.


Экология өскемен, 2007 жыл Дистанциялық- кредиттік білім беру экология

Экология- адамның тіршілік ортасы мен оның қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым

482.98kb.

17 12 2014
3 стр.


«Экология табиғатты күрделі байланыстармен қарым-қатынастарды зерттейтін, тіршілік үшін күресті қарастырады». Ч. Дарвин

Табиғат, Жер – ана, Отан, Туған жер, Атамекен – құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір – бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі табиғ

29.99kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып. Сабақ тақырыбы: §1,§2, Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты

Сабақ тақырыбы: §1,§2, Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника

65.54kb.

14 12 2014
1 стр.


Үйсіндер тарихы (б з. д. ІІІ – б з. Y ғғ.) МазмұНЫ: кіріспе ежелгі үйсіндердің шығу тегі, орналасуы, КӨрші елдермен қарым-қатынастары

Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуы мен көрші елдермен қарым-қатынастары

830.88kb.

16 12 2014
4 стр.


Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
1010.33kb.

14 12 2014
3 стр.


Жаратылыстану ғылымдары және экология институты

Заларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді. Бұл пән жануарлар және адамдар физиологиясы, гистология және цитология,

647.11kb.

25 12 2014
4 стр.


Организм ішікі ортасы

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыс

73.59kb.

25 12 2014
1 стр.