Перейти на главную страницу
ӘОЖ 809.434.2.001.01: 802.0.001.01 Қолжазба құқығында
Есембекова Шырынкул Тукеновна
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі махаббат концептісі
6М011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,
профессор Е.Н.Нұрахметов
Ресми оппоненті: филология ғылымдарының кандидаты,
профессор М.Ержанов
Диссертация 2013 жылы «__» маусым сағат « » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 6М011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, №1оқу ғимараты).
Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл білімі мен оның салаларын тілші қауым бірнеше ғасырлардан бері фонетика, лексикология, грамматика, семантика, диалектология, салыстырмалы лингвистика, тарихи лингвистика,сипаттамалық (компаративтік) лингвистика, құрылымдық (структуралық) лингвистика, жалпы теориялық лингвистика, т.б. тармақтарға таратып, таза тілдік тұрғыда қарастырып келді [1], яғни тілдің қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыста зерттеу мәселесі тасада қалып келді.
Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми-теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді.Оның материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Бандриес, Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты [2].
В.фон Гумбольдт идеясының актуализациялануы, яғни адамды адам ететін тіл, тілді адам санасымен, ойлауымен, рухани тәжірибиелік әрекетімен тығыз байланыста зерттеу В.фон Гумбольдт идеясының өзектілігін білдіреді. Осыған орай түрлі лингвомәдени қауымдастықтағы ұғымдарды салғастыру заман талабы болып отыр. Тіл білімінің қазіргі дамуы кезінде лингвистика ғылымы тілді салғастырмалы зерттеуге баса көңіл бөледі. Осындай салғастырмалы зерттеулерде маңызды орын алатын қазіргі лингвистиканың лингвомәдениеттану саласы.
Сан ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мәдениетіміздің тілдегі көрінісі уақыт өте келе тіл қолданысынан шығып, немесе мағынасы күңгірттене бастаған тілдік белгілермен қатар, заман ағымымен өзгеріске ұшыраған ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, этнографиясы тілші мәденеиеттанушы ғалымдар тарапынан нақты ізденістерді талап етеді [2].
Қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз ішінде ғана зерттеу парадигмасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Тілді мәдениетпен өзара тығыз байланыста-антропоцентристік қағида негізінде зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай интегративті, пәнаралық бағыттың бірі- ХХғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы. Жалпы тіл мен мәдениет арақытынасы мәселелері түрлі деңгейлерде философтардың Платон, И.Гердер, Э.Кант, т.б.еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе В.фон Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Кассирер, Л.Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми іздніс дәрежесінде көрініс тапты. Кеңестік дәуірде орыс ғалымдары: А.Потебня, Н.Топоров, В.В.Иванов, А.Толстой еңбектерінде, қазақстандық ғалымдар академик Ә.Қайдаров, Р.Сыздық (салыстырмалы диахроникалық (мәтіндік), Е.Жанұзақов, Ж.Манкеева т.б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді [2].
Бүгінде «мәдениет» сөзіне мынадай екі түрлі анықтама беріліп жүр: мәдениет-адамзаттың өзіндік даму тарихында жаратқан барлық рухани және заттық байлығының жиынтығы. Әрине, бұл ұғым- бүгінгідей дамыған өркениетті мәдениетті емес, адамзаттың ең ертедегі мифологиялық, аңыздық ертегілерінен бастап, оның қазіргідей озық ғылыми техникалық жетістіктері мен мәдениеттерін тұтастай қамтиды. Бұл- «мәдениет» сөзінің кең мағынадағы анықтамасы. Мәдениет жөніндегі келесі бір ұғым: мәдениет дегеніміз-қоғам дамуының әрбір басқышы мен кезеңдеріндегі адамдардың идеологиясы және соған сәйкес заңдары, тәртібі мен ұйымдық құрылымы. Бұл оның тар көлемдегі анықтамасы [1].
ХХІ ғасырда лингвистика тілді тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сол сияқты ұлттың мәдени коды ретінде қарастырып келеді. Мұндай бағыттың фундаментальды негізі В. фон Гумбольдт , А.А. Потебня және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы В.Гумбольдт «Менің ұлтымның тілінің шекарасы менің дүниетанымымның шекарасы» деген. Тіл тек ақиқат шындықты білдіріп қоймай, адамның өмір сүру ортасын жасайды, түсіндіреді.Тіл туралы ғылым лингвистика кез-келген гуманитарлық білімдер жүйесінде зор методологиялық ұстанымға ие және мұнсыз мәдениетті зерттеу мүмкін емес. Мәдени ақпаратты тасымалдаушы, тіл мен мәдениетті өзара байланыстырып қолданатын адам болып есептеледі. Тіл мен мәдениетті адам ұстанады. Адам болмаса тіл де, мәдениет те болмайды [3].
Тіл- қоғамдық өмірдің сәулесі. Одан қоғамдық өмірдің кез-келген өзгерістері айқын көрініс табады. Әсіресе тілдегі лексика бұл жағында өте сезімтал болып, қоғамның саяси, экономика, мәдениет, ағарту, өнер, идеология, мораль, т.б. жақтарындағы өзгерістер сөз жоқ лексикада бейнеленеді [1]. Тіл қоғаммен бірге өмір сүреді. Қазірде тіл ғылымы өзге қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар арасында орны айқындалып бекемделіп, өмірдің барлық саласында маңыздылығын танытып отыр. Адамдар тіл ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, өзге ғылымдар саласында қөрнекті табыстарға қол жеткізуде. Мұның басты себебі тілдің өзіне тән сәйкестік, жалпылық қасиеттерінен деуге болады. Демек , қазір көпшілік қауым «тіл деген не?» деген сауалына бұрынғыдай «тіл-адамдардың қатынас құралы» деген біржақты ұғымнан гөрі оның нақты, күрделі құбылыс екенін тани бастады. Тіл-мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет- оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады.
Зерттеудің өзектілігі. Ғасырлар тоғысындағы жаһандану –дүниежүзі халықтарын ортақ жүйе, ортақ модельге тоғыстыру үрдісі қазіргі заманда өмір сүріп отырған әр этностың ұлттық мәдениеті мен тіл ерекшеліктерін сақтап қалу мәселесін тудырып отыр. Тақырыбымыздың өзектілігі мынада: 1) әртүрлі лингвомәдениетте эмоцияның тілдік концептуализациясы аз зерттелген; 2) аталған концептің -адамның ішкі жан- дүниесін сипаттайтын тірек концептісінің қазақ- ағылшын тілділер санасындағы жалпылама да айрықша да қолданысын атап көрсету.
Қарастырылатын концептің лингвомәдени талдауы қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісін лигвомәдениеттану шеңберінде айқындауға мүмкіндік береді.
-шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың тәжірибелерін жалпылай отырып, концептің дүниенің тілдік бейнесінде алатын орнын айқындау және мәдени концептердің бір түрі ретінде «эмоционалдық концепт ұғымына» анықтама беру;
- қазақ- ағылшын тілдеріндегі махаббат концептісіне лингвомәдени талдау жүргізу;
-зерттеліп отырған концептің қазақ-ағылшын лингвомәдениетіндегі жалпы және ерекше сипаттағы қолданысын ашып көрсету;
Жинақталған мысалдар 375 бірлікті құрайды.
-қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісінің жалпылама сипаты мен ұлттық ерекшеліктері;
-көркем шағармадағы махаббат концептісінің лингвомәдени (аксиологиялық және образдық ) талдауы;
-тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердегі махаббат концептісінің лексикалық талдауы;
-ағылшын тіліндегі love лексемасымен келетін мақал-мәтелдердердің логико-семантикалық сипаты;
Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдамалары мен нәтижелері Шетел тілдері және аударма кафедрасының ғылыми- әдістемелік семинарында тыңдалды. Зерттеу тақырыбы бойынша 2 мақала жариялануға ұсынылды.1 Ағылшын тіліндегі махаббат концептісі // «Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде» Vжас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары // ( Алматы, 4.04. 2013)
2 Лингвомәдени концептер // «XXI ғасырдағы ғылым және студент» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми-теориялық конференция материалдары // (Қарағанды, 26.04. 2013)
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі негізделіп, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, зерттеу әдіс-тәсілдері, материалдары, дереккөздері,ғылыфми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылаиын тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы анықталады.
Диссертацияның Концепт лингвомәдениеттанудың тірек ұғымы атты бірінші тарауда зерттеуге негіз болатын теориялық білімдер мен тұжырымдарды айқындау мақсатында концепт ұғымына теориялық сипаттама берілді. Концепт түрлері мен классификациясы және оның дүниенің тілдік бейнесіндегі орны туралы айтылады.
1.1Концепт ұғымына теориялық сипаттама
Концепттерді тілде зерттеу лингвистикалық ғылымдарда перспективалы бағыттардың бірінен саналады. Концепт мәдениеттану, лингвистикалық, философиялық және т.б. аспектілерде қарастырылып, түрлі интепретация, классификация мен зерттеу тәсілдері ұсынылып жүр. Концепт лингвистикада ментальдық әрі тілдік бірлік ретінде қаралады. Концепттерді зерттеу когнитивті лингвистика, психолингвистика, сондай-ақ дәстүрлі тіл білімі шеңберінде қарастыруға қызығушылық танытып отыр. Осы бағыттардың қай-қайсысында болмасын концепт тілдік заңдылықтарды ашу құралы қызметін атқарады. Тіл ұжымдық және тілдік санада өмір сүре отырып, мәдениетті тасымалдаушы болып табылады. Концепт термині Е.С.Кубрякованың анықтамасы бойынша ой мен таным мәселелерімен айналысатын, ақпаратты сақтап, өңдейтін бірнеше ғылыми бағыттардың пәндік аясын қамтып, шоғырландырып тұратын «қолшатыр» термин болып есептеледі. Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігіне сүйенсек, концепт ұғымы адамның ойлау процесіне сүйенетін және тәжірибесі мен білімінің мазмұнын бейнелейтін, барлық адам әрекетінің нәтижелері мен қандай да бір «квант» түрінде дүниені тану процесінің мазмұнын бейнелейтін ойларды береді.
Отандық лингвокогнитологияда концепт пен сөздің лексикалық мағынасының арақатынасы әлі де өзекті. Бұл екі ұғымның арақатынасы туралы мәселені алғаш рет С.А.Аскольдов 1928 жылы жарық көрген «Концепт и слова» еңбегінде көтерген болатын [4]. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде бұл мәселе В.В.Колесов, В.Никитин, М.В.Нименова , В.Д.Стернин, В.Д.Попов т.б. көптеген лингвистердің еңбектерінде зерттелуде. Концепт пен мағынаның басты айырмашылықтарының бірі олардың ішкі мазмұнына байланысты. Концепт пен мағынының арақатысы олардың категориалды статусынан анықталады. Мағына – тілдің семантикалық кеңістігінің бірлігі, яғни нақты тілдің мағыналар жүйесінің реттелген жиынтығының элементі. Мағынаға салыстырмалы түрде белгілі бір қауымдастыққа ғана жалпылама танымал бірнеше ғана семантикалық белгілер тән. Сөздің семантикасы коммуникация процесінде халықтың өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Лексикалық мағына- байқалатын, көрінетін тілдік құрылым. Ал концепт – ойлау процесі көріністерінің басты формасы болып табылады. Ол байқалмайтын күрделі, көпжақты, көпмағыналы тілдік- танымдық конструкт. Мағына- комуникация мақсатында тілдік белгімен бекітілген концептің бір бөлігі. Концепт пен мағына санада шындықтың с әулеленуі нәтижесін көрсететін ой- танымдық құбылыс.
Концепт (лат. Соnceptus-«понятие») көпмағыналы термин. Концепт терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцев, В.А.Маслова, А,Я.Гуревич, А.Вежбицкая еңбектерінде әр түрлі қырынан қарастырылды. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың тіл өрісінің, дүниетаным ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементттері ретінде таңбалай отырып, олардың мән – мағынасын қамтиды. Рухани- мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
Концепт ұғымы лингвистикада «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері» (А.Вежбицкая), «концепт – біздің нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы» ( В.Н.Телия), «құдайлық ілімді танудың, сол арқылы , соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени ментальдығын танудың кілті» (В.фон Гумбольдт) тәрізді анықтамалармен беріліп жүр. Жаңа гуманитарлық білімдер саласына концепт терминін алғашқылардың бірі болып, орыс ойшылы С.А.Аскольдов енгізген болатын [5].
1.2Дүниенің тілдік бейнесіндегі концептің орны
Дүниенің бейнесін адам жасайды. Дүниенің бейнесі дегеніміз-бұл тіршілік әрекетінің айнадай көрінісі емес, ол оның белгілі бір деңгейдегі түсіндірмесі. Дүниенің бейнесі адамның дүниетанымының өзегін құрайды және оның негізгі қасиеттерін бойына жинайды.
Дүниенің тілдік бейнесі-сананың жемісі, ойлау, болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу құралдары ретіндегі өзара әрекеттерінің нәтижесі. Дүниенің концептуалды көрінісі ұғымының аясы өте кең, себебі оның жасалуы барысында ойлаудың көптеген түрлері қызмет атқарады, олардың қатарында тілдің бейвербальды түрлері де кіреді. Берілген ұлттық тілдің нұсқасына тән арнайы тәсілдер мен атау құралдары дүниенің тілдік бейнесінің ажырамас бөлшегі ретінде дүниенің номинативтік көрінісін білдіреді.Тіл дүниенің ұлттық мәдени көрінісін жүзеге асырады, оларды вербальдандырады, оны сақтайды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді. Тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей бермейді, олар тек қана бейнелей алады. Біз мәдениеттің тілге алғашқы қатынасы немесе керісінше, тілдің мәдениетке деген қатынасы туралы саналы түрде айта аламыз. Шын мәнінде, осы аталған екі бейне бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл екі бейнеге қатысты себеп-салдарлық байланысты қолдану мүмкін емес [5].
Адамзат әлемде меже жасау үшін тілде, мифологияда, дінде, өнерде, ғылымда қандай да бір символдық белгілер жасайды. Символдық белгілер көмегімен ғаламның бейнесі жасалады. Ғалам туралы бейнелердің тілге түскен жиынтығы дүниенің тілдік бейнесі деп аталады. Дүниенңің тілдік бейнесі бар және концептуалдық бейнесі бар. Ғаламның концептуалдық бейнесі санада танылған ақпараттар мазмұнынан тұрса, ғаламның тілдік бейнесі нақты тілдік құрылымдағы семантикалық категориялар мен семантикалық өрісте бекітілген мағыналардан құралады [6].
Дүние бейнесі- адамның дүниетаным негізінде жатқан, дүниенің ғаламдық бейнесінен шығады. Дүние бейнесі адамның барлық рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады. Тілдік бейне концептуалдық бейненің бір бөлігі іспеттес. Б.А.Серебрянников пен Е.С.Постовалованың пікірінше концептуалдық бейне тілдік бейнеден кеңірек әрі бай, алуан түрлі. Себебі, концептуалдық бейненің қалыптасуына ойдың түрлі типтері соның ішінде вербальды емес типтер қатысады.
«Дүниенің тілдік бейнесі ұғымы» дүние бейнесі ұғымына ғана қатысты емес, сондай-ақ концептуалдық дүние бейнесіне де қатысты. Шындықты концептуализациялау процесінде тіл белсенді рөл атқарады; дүниенің тілдік бейнесі дүниенің концептуалды бейнесін вербальдайды. Е.С.Кубрякова атап өткендей, концептуалдық дүние бейнесі тіл арқылы жүзеге асырылады, ал оның бөлігі адам психикасында бейне, схема, сурет секілді басқа ментальдық репрезенттердің көмегімен орнығып қалады [7]. Дүниенің концептуалдық бейнесі тілдік бейнеден кеңірек әрі бай; дүниенің тілдік бейнесі аясы ішінде түрлі тілдік ықпал- әрекеттерді ажыратып көрсетуді қажет ететін концептуалды дүние бейнесіне бағыныштыдай бейнеленеді. Ең алдымен концепт пен ұғымның қалыптасуына тікелей әсер ететін аймақ айқындалады. Бір жағынан білім мен мәлімет сөйлеушінің вербальдық өңдеуінен өтіп тілдік формаға енеді. Екінші жағынан, жаңа ұғымның пайда болуы әлдеқашан тілде бар схемадан өтеді, яғни тілдік белгісі бар концептердің әсерінен өтеді. Сондықтан концептің де, ұғымның да берілуінің конвенциональды тілдік формасы бар. Бұл зонада концептуалдық дүние бейнесі толығымен концептуалдық тілдік бейнемен қабысады [8].
Әрбір ұлттың тілі сол тілде сөйлеуші адамдардың санасында ұғымдардың семантикалық жүйесі ретінде қалыптасқан, сол ұлтқа ғана тән белгілі бір дүние бейнесін жасайды. Әрбір жеке тұлғаның өзіне тән ұлттық тілі, мәдениеті, тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасы болғандықтан, дүниені өзінше қабылдап, өзінше тануы заңды құбылыс. Бұл ретте В.В.Красныхтың «ұлттық мәдени кеңістік» терминін әбден қолдануға болады [9].
Қорыта айтқанда дүниенің тілдік бейнесінде этнос менталитеті мәдени тірек концептілері арқылы көрініс табады. Өйткені концептер тілдік қауымның ментальдық ерекшеліктерін вербаль және бейвербаль әдіс-тәсілдердің көмегімен жеткізетін маңызды, мәдени реңктегі көпқырлы құбылыс.
Концептерді лингвомәдениеттану шеңберінде қарастыру көкейтесті мәселенің бірінен саналады, өйткені концептер тілдік ұжымның ментальдық ерекшеліктерін вербаль және бейвербаль әдіс- тәсілдердің көмегімен жеткізетін маңызды құбылыс. Лингвомәдени концептер құндылық элементтерімен басқа ментальдық бірліктерден ажыратылады. Сондықтан екі лингвомәдениетте аталмыш концепті аксиологиялық тұрғыдан қарастырамыз.
Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстететикалық-көркемдік, этикалық-ғибраттық зор маңызға ие болды.
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша махаббат-ғаламның, адамзат жаралуының телеолоиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы: адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат.
Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат-имандылықтың, ер мен әйел махаббаты-отбасының, Отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты-білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббатт елдіктің т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.
Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі. Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы:
1.иман,
2.Отан,
Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
Ағылшын тілділер санасында махаббат рационализм мен саналылықтан айырылған сезім. Махаббат сау емес, ауру күймен астасады. Ғашық адам жаны ауырып, ақыл-есінен айырылғандай беймаза күй кешеді. Басқаша айтқанда, адам дұрыс ойлауға қабілетсіз болады. Бұл ағылшындардың махаббатты алып күшке теңейтініне қатысты болса керек.
Ағылшын тілінде махаббат күшпен, алаумен, бақытпен, дертпен, сұлулықпен, материалдық жағдаймен, адам өміріне зор ықпал ететін, белсенді әрекет ететін субстанция, өткінші сәт, алдамшы, адалдық, сеніммен ассоциацияланады.
Махаббат- эмоциональдық күй. Ол жағымды да жағымсыз да эмоциямен беріліп, түрлі лексикалық тіркестері болуы мүмкін. Махаббат концептісі басты жалпы адами ұғымды білдіретін кез-келген тілде кездесетін ұғым. Ағылшын тілділер санасында махаббат жағымды реңкте бақытпен/happiness; қуанышпен/ joy; іңкәрлікпен /affection; қызығушылықпен/interest; рақаттылықпен/pleasure; масаттанумен /delight; қамқорлықпен/care; толқумен/ excitement астасады. Махаббат қайғымен /sorrow; сағыну/ longing for; азаппен /suffering; дертпен/pain; үреймен/fear; торығу, қажумен/despair жағымсыз эмоциялармен берілуі де мүмкін Махаббат» концептісін лингво- мәдени эмоциональдық тұрғыдан қарастырудың маңызы зор. Эмоцияны вербальдайтын тілдік бірліктер концепттің тілдегі көрінісі болып табылады. Концепттің эмоционалды және рационалды деп бөлінуі шартты. В.И.Шаховский концепттің ұғымнан айырмашылығы оған эмоциональдық реңк тән, яғни барлық концепттер эмоциональды.
Диссертацияның екінші тарауы Қазақ-ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісіне лингвомәдени талдау деп аталады.
Бұл тарауда негізінен қарастырылып отырған концепт төңірегіндегі көркем шығарма мәтіндері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерге талдау жүргізіледі.
2.1 Фразеологизмдердегі махаббат концептісі
Тілдің фразеологиялық компоненттері кез-келген сезім күйдің алдын алатын ешқашанда жоғалмайтын, өшпейтін тұрақты орта қалыптастыратындықтан қарастырылып отырған концептің сипаттарын ашуда фразеологиялық тіркестердің алар орны ерекше. Оның негізінде соңғысы сол мәдениетке тән образдық мәртебені бойына жинайды. Мәселенің осы тұсын зерттеу лингвомәдениеттанудың өзекті міндеті. Фразеологиялық бірліктер қарастырылып отырған концептің қосымша сипаттарын ашуға көмектеседі.
Қазақ халқының өзіндік ұлттық ойлау ерекшелігі – дүние шындығын көркем образбен қабылдауы, шешендік сөз өнерін ұлт ментальдығы ретінде көрсетуі, қала берді табиғат аясындағы көшпелі өмір салты- «ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде» дегеніндей, қазақ ұлтының психологиялық терең болмысын байқатады. Айтылар ойдың әсерлілігі, мазмұн тереңдігі сол көрініс, құбылыстың суреттілігіне, яғни образдылығына тығыз байланысты. Адамдардағы түрлі эмоцияны, сезімдік қатыстарды айтушының зат, құбылыс туралы жеке көзқарасы, бағалауы сияқты жекелік, өзіндік пікірлерін білдіруде тілдегі кез- келген экспрессивті құралдардың қызметі айрықша. Мұндай экспрессивтік әсер көбінесе эмоционалдық бағалаудан тұрады. Кейде эмоцияның сан қырлы спектрлерін лексикалық синонимдер тап баса алмағанда айтушы әрине, бейнелі сөздердің тіркесіне ұмтылады. Әдетте экспрессивті сөздердің семантикасы сөздіктерде түгелдей ашып көрсетілмейді [11].
Шын мәнінде, адамдардың көңіл- күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен өлшеп, пішу мүмкін емес. Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «дүние суреті» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда, фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады. Нақты сезім түрлерін белгілеуде эмоцияны саралайтын экспрессиялық беклгілер фразеологизмдер қатарынан мен мұндалап тұрады. Себебі тірек сөз, тірек ұғымның өзінен кейде эмоциональдық мазмұнын байқауға болады [11]. Фразеологиялық тіркестер мақал-мәтелдер сияқты тиянақты ойды білдіріп, сөйлемді аяқтамаса да , әрбір қалыптасқан сөз тіркесі көненің көзіндей ертеден келе жатқан салт-дәстүрді, үрдіс-әдетті, заманды, адамды, мезгілді және олардың іс-әрекеттерін алдыңа жайып салады [12].
Ағылшын тіліндегі махаббат мазмұнындағы фразеологиялық бірліктерді лексикалық сипатына қарай мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады:
Соматикалық сипаттағы фразеологиялық бірліктер: To change eyes-бір-біріне ғашық көзбен қарау ( сөзбе- сөз ... көз алмастыру) Goo- goo eyes- am sl-ғашықтық көзқарас
To be head over ears in love-біреуді ес-түссіз құлай сүю, біреуге өлердей ғашық болу;
To be up to ears in love-біреуді құлай сүю;
Be fathoms deep in love , be over head and ears in love, be head over ears или be deep in love – ес- түссіз құлай сүю;
City of Brotherly love-«туысқандық махаббат қаласы» (Филадельфия);
The Queen of love-махаббат құдайы, Афродита; Венера.
The blind god, the god of love- махаббат құдайы, Эрот; Амур, Купидон
Bring home to somebody’s heart-жүрегін тербеу;
Сome home to somebody’s heart-жүрегінің түкпірінен орын алу.
The heart that once truly loves never forgets - ежелгі махаббат ескірмейді.
Abundance of the heart- сезім тасқыны.
Lose one’s heart to, give one’s heart to somebody - біреуге деген ғашықтық бойын билеп алу, жүрегіне шоқ түсу.
Pull at somebody’s heartsrings-жүрек (сезім) қылын шерту.
Жануарлар бейнесімен келетін фразеологиялық бірліктер:
As much love as there is between the old cow and the haystack- (сөзбе-сөз...қасқыр мен қойдай сүю;)-бір-біріне өлердей ғашық болу.
Calf love- балаң махаббат, жасөспірімдік, бозбала махаббат
Love me love my dog-әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне.
Far gone in love-ес-түссіз құлай сүю.
He knows not what love is that has no children- баласы жоқ адам махаббаттың не екенін білмейді.
Love cannot be forced-махаббатқа зорлық жүрмейді.
Love in a cottage – сүйікті болу бір бақыт.
Love is the mother of love – жүрекке жүрек тіл қатар.
Love will creep where it may not go - махаббат бәрін жеңеді.
Love should not be all on the one side – махаббат екеуге ортақ.
No herb will cure love-дауасыз дерт махаббат
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерде аталмыш концепт мазмұнын айқындайтын тіркестер көбінесе көңіл, көз, жүрек, құмарлық, іңкәрлік, сезім сынды лексикалармен кездеседі: жүрегі жанды, белбеуі шешілді, бет сипасып қойды, жамалына көз алмасты.
Паремияда концептерді қарастыру мол ақпарат береді. Олардан біз ұзақ уақыт бойы қатпарланып сақталған және мекенге, уақытқа, ел өміріне, жекелеген адамдар топтары мен жеке адамға байланысты өзгеріп отырған концептің тұнып тұрған мәнін аңғарамыз. Бір концептің мәні түрлі ұлтқа қарай түрленген сайын, оның көпқатпарлылығы мен көпаспектілігі мейлінше айқындала түседі.
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лексикалық құрамына зер салсақ, оларда лексиканың алуан түрі көрініс тапқанын аңғаруға болады:
Махаббат от емес тұтанса өшіре алмайсың.
Махаббат бәрін жеңеді.
Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне.
Махаббат бақыт құсындай ұшып келіп, ұшып кетеді.
Дауасыз дерт махаббат.
Қорқыныш махаббатты өшіреді.
Көзбен көріп, жүрекпен (ішпен) ұқ.
Ағылшын тілінің паремиологиялық қорының лексикалық құрамына талдау жасау барысында абстрактылы ұғымдар көп кездеседі («Congruity is the mother of love»; «Love asks faith and faith asks firmness».), ал қазақ тілінің мақал-мәтелдер қорында («Жүрекке жүрек тіл қатар»; « Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне»; «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу»; «махаббатсыз дүние тұл».) көбінесе жүрек, жан, ғашық, сезім,іңкәрлік, құштарлық, от сияқты түрлі типтегі лексикалар жиі кездеседі.
Ағылшын тіліндегідей love , махаббат, сүю лексемасымен келетін тіркестер санаулы ғана(«Қайғысыз махаббаттың қадірі аз», «Махаббат-дауасыз дерт», «Махаббат-өмір көркі», «Махаббат барда машақат бар», «Азапсыз махаббат арзан махаббат»). Қазақ дүниетанымында жақсы көремін, сүйемін деген сөздер аса көп қолданыла бермейді. Ол халқымыздың ұяң, бұйығы болып келетін ұлттық мінез-құлқына байланысты. Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көріп ішпен ұқ деген ұлы Абайдың бір ауыз сөзі осының дәлелі.
Сондықтан қазақ тілділер санасында махаббат адамның жанына жақын, әлдебір шынайы нәрседей қабылданады. Ал ағылшын тілділер санасында белгісіз, алыстағы әлдебір абстрактылы нәрсе ретінде қарастырылады. Бұдан концептің көзге көріне бермейтін күрделі ментальдық бірлік екеніне көз жеткіземіз.
2.3 Көркем шығармадағы махаббат концептісі
Көркем шығармадағы махаббат концептісін қарстыру үшін С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат», ағылшын жазушысы Ш.Бронтенің «Jane Eyre» романдары алынды. Шығармаларда кездесетін махаббат концептісі бірнеше концептілік модельдерге бөлініп қарастырылды: махаббат-от; махаббат-азап, дерт; махаббат-бақыт; махаббат-неке, үйлену; махаббат-құштарлық, құмарлық; махаббат-тілсіз, үнсіз сезім; махаббат- күрес; махаббат- сағыныш; махаббат- қызғаныш; махаббат-шабыт.
Белгісіз дұшпандарыңның араларыңа от жағу салдарынан, жуық арада екеуің айырылып кеттіңдер.
-Бұл менің әлдеқашан ойланған нәрсе, Қайреке!
Бұрын да айтқам, әлі де айтам, шын сүйіскен Бәтесті, қанаушылардың талап жеуіне жол бере алмаймын !
Сүйгеніне қол жеткізу үшін неден болса да тайынбай, Бәтесті қанаушылардың талап жеуіне жол бермеуге бел байлауы бір жағынан махаббат үшін күресті білдірсе, екіншіден ер азаматқа тән батырлық, шекіспей беріспеуді дәріптейді.
-Бәтестің мінез-қылығы сол киіктің лағына ұқсады: өз ырқым болмаса, басқалардың ырқына көнбейтін мені, ол бұйдалы тайлақтай жетелеп, ойына алғанын орындатады да жүреді, мен оның ешбір бұйрығынан бас тарта алмаймын.
Бұйдалы тайлақтай тіркесі өз билігі жоқ, еріксіз, ырықсыз деген ұғымды білдіреді [13]. Махаббаттың құдіретінің күштілігі соншалық табиғатынан қатты мінезді Бүркіт Бәтестің дегеніне көніп, өзгеріп қоя берді. Бұл махаббаттың айналаға әсер ететін және адамды кардинальды өзгертуге қабілетті, белсенді әрекет ететін субстанция екенінің дәлелі.
-Биіктен маған қарай секірген Бәтесті қалай қағып алғанымды, сол қағып алған қалпыммен кеудесін кеудеме жапсыра құшақтай алғанымды, құшағыма қатты қысқан қалпыммен, қып-қызыл , ып-ыстық ерніне ернімнің қалай жабысқанын, құмарта қадалған еріннің екпінімен, сүп-сүйір, ып-ыстық тілін қалайша суырып, таңдайыма басқан тілдің балын қалайша сорып жұтқанымды білмей ғаппын !.
Адамдардың өзара қарым- қатынасының іргелі факторларының бірінен саналатын әрі маңыздысы махаббат концептісінің бейтарап лексикамен берілуі де заңдылық. Мысалдан махаббаттың бақылауға келмейтін, ерік бермейтін айрықша құдіретті сезім екені байқалып- ақ тұр. Таным мен тағылымын өлеңмен өрбіте білген қазақтың «Жар- жар» өлеңінің өзі «Махаббаттың құдірет күші әлдилеп» деп басталуы жоғарыда келтірілген дәлелімізді айшықтай түспей ме!?
-Бәтеспен мен бұл жолы бұрынғыдан да жақынырақ таныстым. Қылығына, мінезіне тереңірек үңілген сайын, маған.. «барлық қалпы қыздан және тұрпайы қыздан емес, нәзік қыздан аумаған бұл байғұс, несіне ұлмын деп жүр!.» деген ой келеді де тұрады.
Қызға тән қылығына, мінезіне қарап мен оны жаңа ғана бүршік түйген бәйшешекке ұқсатам. Қауызынан әлі ашылмаған бәйшешектей, бұл да ішіне қарай бұға бүрілген байғұс !.
Қазақ ұғымында қызды гүлге теңеп, «қыз- өмірдің қызғалдағы» деген метафоралық қолданыстағы тіркеспен береді. Қауызынан әлі ашылмаған бәйшешектей деп берілуі бір жағынан сұлулық пен жастықтың символы болса, екінші жағынан қыз жолы жіңішке, қазақ қызына тән биязылық пен ұяңдық секілді ұлттық ерекшелікті сипаттайды.
-Түк те ұяты жоқ –деді Қалиса, ғашық екені рас болса, қыз жігітті іздеді не? ... Жігіт қызды іздеді не? Әсіресе, мынадай қыз бен жігіттің теңеліп тұрған шағында?
-Күйеуін қыздың өзі іздеп шығуын, бұл араның елінде бұрын естігенің бар ма?
Қазақ лингвомәдени қауымында қалыптасқан нормаға сай қыз жігітті іздемейді. Бұл құндылықтар жүйесінде қазақ қызына жат қылық болып саналады.
-Қала қызының салтын әлі білмеймін ғой. Ауыл қызының салтында, әке- шешесінің көзінше уәделі жігітімен түнде кездесу тірі масқара емес пе?
Қалыптасқан дәстүр бойынша ұрын келу салты бар. Серт байласқан екі жас бір-бірімен ашықтан- ашық кездеспейді. Күйеу жігіт қыздың жеңгелеріне сый-сияпат алып, айттырған қыздың ауылына жасырын келеді. Жігіт пен қыздың түнде кездесуі теріс қылыққа баланады.
-Бірақ сен дүние көрген бала болғаныңмен, ол әлі бесік табы арқасынан, емшек табы аузынан кетпеген сәби. Құмартқаның рас болса, асықпа. «Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген. « Он үште отау иесі » деген. Оған да кеп қалған жоқ. Содан кейін қашан ұзатылып кеткенше ойнап- күліп жүруіңнің ретін өзім келтірем ...
-Бөтен кісіге көзін төмен түсіре кірген сұлу, самауыр қасына әдеппен кеп отырды да, қобдишаның қақпағын көтерді. Сонда байқасам, әппақ ұзын саусақтары да жас қамыстың жаздыгүнгі сүйріктеріндей екен!
Қазақ қауымында қалыптасқан дәстүр бойынша әйел заты бөтен кісіге тік қарамайды. Ол көзін төмен түсіре кіру тіркесі арқылы айқындалып тұр.
-Қалисаның жібек желеңін бүркеніп Бәтес сайдың кемерінен көтеріле бергенде, төменде қалып бара жатқан мен, ықтиярымнан тыс оның кестелі ақ көйлегінің жерге сүйретілген ақ көйлегінің етегінен ұстап аппын.Тартып қалған екпініммен Бәтесті шалқасынан құлата жаздағанымда..
Түрегелген әйелдің етегінен ұстамас болар !.Тарт қолыңды ! деп, Қалиса қағып жіберді. Содан ба, әлде сусып кетті ме, қолымнан етегі босай бергенде, құлай берген Бәтес тез оңалды да, әрі қарай жүгіре жөнелді.
Қазақ дүниетанымында әйелдің етегіне еркек жармаспас болар, ол ер азаматқа жат қылық
болып есептеледі. Ер адам әйелден әрдайым бір саты жоғары тұрады (гендерлік стереотип).
-“Every atom of your flesh is as dear to me as my own: in pain and sickness it would still be dear.”
-"Jane, be still; don't struggle so like a wild, frantic bird, that is rending its own plumage in its desperation."
-“Gentle reader, may you never feel what I then felt! May your eyes never shed such stormy, scalding, heart-wrung tears as poured from mine. May you never appeal to Heaven in prayers so hopeless and so agised as in that hour left my lips: for never may you, like me, dread to be the instrument of evil to what you wholly love
-“All my heart is yours, sir: it belongs to you; and with you it would remain, were fate to exile the rest of me from your presence forever.”
Рочестер Джейннің жағымсыз, жабайы құстай тулаған қылығын байқаса да оған мән бермей адал, құмарлық сезімін жасыра алмайтыны сипатталады.
Махаббат-сүйікті болу, бақыт
-“Happiness quite unshared can scarcely be called happiness; it has no taste.”
-“I would always rather be happy than dignified.”
-“There is no happiness like that of being loved by your fellow creatures, and feeling that your presence is an addition to their comfort.”
Алғашында көз тастап, өзіне ғашық болып жүрген Рочестрден бойын аулақ ұстап, салқындық танытып жүрген жас губернантка уақыт өте келе оның сүйіктісіне айналғанын бақытқа теңеді,оны көруге асық болып, әр сәтті күтумен болды.
Қорытынды
Концепт ұғымына берілген түрлі тілші ғалымдардың анықтамаларын егжей-тегжейлі қарастыра келе, оның ұғымнан аясы әлдеқайда кең екенін, сәйкесінше дүниенің тілдік бейнесіне қарағанда концептуалдық бейненің анағұрлым маңызды екені байқалды. Сонымен қатар кез-келген сөз белгілі бір ұғымға ие болғанмен, концепт бола алмайды. Концепті ұғымнан айыратын басты белгі-оған ядро мен периферия тән. Белгілі бір лингвомәдени қауымдастық мүшелеріне тән ұлттық мәдени ерекшеліктер перифериядан көрінеді. Периферияда тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер, символдар мен эталондар, салт- дәстүр мен наным-сенімдер орналасады. Осы аталған құрылымдар беретін ақпараттар, мағлұматтар негізінде концептің лингвомәдени сипаты айқындалады деп тұжырым жасадық.
Концепттің түрлері мен құрылымын, оның тілдік репрезенттеріне назар аудардық. Концептің адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін ұғым деген қорытындыға келеміз.
Концепт белгілі бір этнос мәдениетінің элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы. Концептің басты белгілерінің бірі әрі маңыздысы –оның мәдени реңкке ие болуы.Ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналатын концепт- этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа мәдени код ретінде берілетін ықшам да терең мағыналы шындық болмыс пен ұлттық мәдени құндылықтары туралы сан ғасырлық білім жиынтығын құрайтын құрылым.
Қандай да бір тілдік бірліктердің тарихи негіздері халықтың болмысымен тікелей байланысты түрлі «мәдени кодтарды» жеткізуші, ұлттық сана-сезімді өз бойына сақтаушы тілдік таңба болып табылады. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Адам өзінің көріп-білгенін, естігенін тілдік бірліктер арқылы түйіндейді, яғни концептерге бөледі. Ол концетер адам миында белгілі бір логикалық жүйелілікпен орналасып, қажет жерінде тіл арқылы көрініс табады.
Зерттеу барысында концептің дүние құндылықтарын танытатын, санадағы ұғымды бейнелейтін, тіл арқылы объективтенетін қатпарлы құрылым екенін аңғардық. Сондай- ақ тұлғаның білім деңгейін танытады, ұлттың мәдени болмысы мен менталитетін көрсетеді. Концептінің тілдік көрінісі сөз, тіркестер, фразеологизм, метафора, сөйлем, мәтін болып табылады .Концептердің құрылымы мен түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары, көркем шығармада, мақал- мәтелдерде, фразеологиялық тіркестерде аталмыш концептің көрініс табуы қарастырылды. Қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктерде махаббат мағынасын беретін тіркестер жан-тән, көңіл, өзек, жүрек, іш лексемаларымен келетінін айқындадық. Бұның да өзіндік мәні бар. Махаббат та басқа эмоцияны білдіретін сезім-күй секілді адам жанында, жүрегінде ұялайтын ұғым екендігінде жатыр.Оның жағымды –жағымсыз көрініс табуы осындай бейтарап сөздердің көмегімен берілетінін де зерттеу барысында көріп байқадық. Қарастырылып отырған концептің отпен астарласатынын тіркестерді саралау нәтижесінде көрдік. Оның мәнісі дүниеде отты киелі санамайтын, отқа табынбайтын халық кемде-кем екенінде жатыр.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді логемаларға бөліп қарастыруда белгілі бір топқа кірмейтін санаулы мақал- мәтелдердің де бар екенін нақтыладық.
Бұндай мақал-мәтелдер қатарына махаббаттың комплиментті көбірек керек ететінін, алғашқы салқындық кейін сезімді күшейтетінін, картада жолы болған адамның махаббатта жолы болмайтынын көрсететін, сүйікті болғаннан сүйген артық, қатты жақсы көрген адам ешкімді де, ешнәрсені де тыңдамайды мағыналарындағы мақал-мәтелдердерді жатқызуға болады.
«Махаббат» концепті қазақ-ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер, паремиологиялық қор, көркем шығарма мәтіндері негізінде қарастырылды. Зерттеу нәтижелеріне қарай екі лингвомәдениетке ортақ мынадай концептілік модельдер анықталды:
1.Махаббат-от
2. Махаббат-сор,азап, дерт
3. Махаббат-бақ
4. Махаббат-неке, үйлену
5. Махаббат-құштарлық, құмарлық
6. Махаббат-тілсіз, үнсіз сезім
7. Махаббат- күрес
8. Махаббат- сағыныш
9. Махаббат- қызғаныш
10. Махаббат-шабыт
Махаббат ұғымының өзі жалпы адамзат баласына ортақ, тірек ұғым болғандықтан, кейбір айырмашылық тұстар фразеологизмдер мен мақал- мәтелдер қорынан байқалады. Олар:
1.Ағылшын тілінде махаббат мағынасындағы фразеологизмдер жүрек/love сөзімен көп кездеседі. Ал қазақ тілінде ол көңіл, құмарлық, ынтықтық, іңкәр сезім, құштарлық лексемаларымен кездеседі.
2.Сырт келбет, сұлулықтың, материалдық жағдайдың орны ерекше.
3. Қазақ тілінде «сұлу сұлу емес , сүйген сұлу», «Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне» деген ұғым бар. Махаббат концептісінің тұрақты тіркестерде берілуі екі тілде бірдей емес екендігі айқындалды.
Махаббат кең мағыналы ұғым. Эмоциональдық күйді білдіретін мәдени тірек концептер қатарына жататындығына көз жеткіздік. Ол сезім, көңіл-күй, уайым, ойланбай басқан қадам адам әрекетінің нақты фактілерінің жиынтығы. Зерттеу жұмысымызда аталмыш концепт образдық аспектіде және құндылықтар жүйесінде сараланды. Қарастырылып отырған концепті талдау барысында жүрек пен жан эмоцияның мекені, көз эмоция түйіні екенін байқадық. Көркем шығарма мысалдарына сүйене отырып концепт мағынасын тануда қазақ лингвомәдениетінде салт-дәстүрлердің де өзіндік алар орнын жоққа шығара алмаймыз. Махаббат мағынасындағы тұрақты тіркестер қазақ тіліне қарағанда ағылшын тілінде көп кездесетіні анықталды.
Махаббат тек қана ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасқа құрылмайтын ауқымы ұшан-теңіз ұғым екеніне көз жеткіздік. Күнделікті өмір тәжірибесіне келсек, махаббат дегенде көпшілік қауымның тек алдымен ғашықтық сезімді елестетері анық. Сөздің шынтуайтын айтқанда, адам баласы дүниедегі барлық құбылыстар мен нысандарға махаббатпен қарайды. Ол жағымды да, жағымсыз да күймен берілетінін аңғардық. Өмірдің өшпес, тозбас, таусылмас рухани мәдениеті –махаббат мәңгі ертегі болып, көңіл-күйін шертер санқырлы , адаммен бірге жасар ұлы ұғым болып қала беретіні айқын.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынандай қорытындылар жасалынды:
1.Концепт этномәдени санада сақталған, дәуірден- дәуірге беріліп келе жатқан , мағынасы терең, ұлттың шынайы болмысын паш ететін, дүниені тану тәсілі.
2. Концепт тілдік ұжымның ментальдық ерекшеліктерін жеткізетін, көзге байқала бермейтін күрделі тілдік қонструкт.
3. Концепт- күнделікті қарапайым тіршілік-тынысымыздың жемісі.
4. Махаббат концептісі бүкіл адамзат баласына ортақ, мәдени реңкті, эмоциональды тірек концепті.
5.Лингвомәдениеттанымдық көзқарас деңгейінен жасалған талдау нәтижелеріне қарағанда , махаббат тірек концептісінің мазмұнында әмбебеп ақпараттармен қатар, ұлттық-мәдени ерекшеліктердің де бар және олар концепт мағынасының мағыналық шеңберіне кіретін тұрақты тіркестерде көрініс табады.
6. Фразеологизмдер қатысқан суреттеулер арқылы айтылар ой бейнелі шығады. Олардың стильдік бояуы сөзбен салыстырғанда әлдеқайда күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол.
7. Концепт мағынасын ашуда танымдық және аялық ақпараттардың маңызы зор.
8.Ағылшын тілінің паремиологиялық қорында махаббатты білдіретін лексикалар көбіне –көп абстрактылы ұғымдармен берілетіні айқындалды. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде адамның ішкі көңіл күйін білдіретін лексикалар көп кездесетіні анықталды.
Пайдалаған әдебиеттер
1 Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі.- Алматы: Арыс, 2006,- 166б
2 Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. док. ... автореф.- Алматы, 2004.-50б.
3 Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.
4 Аскольдов С.А. Концепт и слово. Русская словесность. От теории словесности к структуре текста. Антология. Под ред. проф.В.П.Нерознака.-М.: Academia,1997
5 Султангубиева А.А. Тілдік бейнедегі жүрек кеонцептінің көрінісі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша). Филол. ғыл. кан. ... автореф.- Алматы, 2009.-24б
6 Нұрдәулетова Б.И. Когнитивтік лингвистика.-Алматы, 2011 -53-54бб
7 Кубрякова Е.С., ДемьянковВ.З., Панкрац Ю.Г.,Лузина Я.Г. Краткий словарь когнитивных терминов.-М.,ИПО Лев Толстой, 1996.
8 Волостных И.А. О лингвистической концепций эмоций // Филология и культура: Материалы IVмеждунар.науч.конф. – Тамбов: Изд-во ТГУ им. Г.Р.Державина, 2003.-8с.
9 Красных В.В.Культурное проостранство: система координат (к вопросу о когнитивной науке) // Respectus philologicus. 2005.№7.-20с.
10 Сабитова М.Т. Основы немецкой и казахской сопоставительной фразеологии.-Алматы:1999.-179с.
11 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер.-Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.
12 Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы.-Алматы:Ғылым, 1998-96б.
13 Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-968б. 3 том.
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание академической степени
магистра педагогисеских наук по специальности
6М011900 – Иностранный язык: два иностранных языка
В результате исследовании определены сходство в двух лингвокультурах.
- фразеологический и паремиологический фонд казахского языка не так богат единицами и пословицами со значениям любви. Рассмотрены 172 единиц с лексемой любви в английском языке. Английские пословицы были распределены на четыре логемы. Собранные практические материалы на основе романах С.Муканова «Мөлдір махаббат», Ш.Бронте «Jane Eyre» были рассмотрены и распределены на концептные модели.
Положения, выносимые на защиту:
-эмоциональные концепты- специфическая разновидность лингвокультурных концептов, эксплицирующих фрагментов языковой картины мира, отражающие эмоциональную когницию действительности.
-концепт любовь представляет ценности мировозрении для каждого этноса.
-универсальные и специфичные особенности концепта любви в казахско-анлииском языковых сознаниях ;
-лингвокультурологическии анализ (аксиологический и образный) концепта любви в художественном литературе ;
-лексический анализ концепта любви в фразеологизме и паремии;
-логико-семантический анализ пословиц и поговорок в английском языке с лексемой love;
Теоретическая значимость исследования.
Исследование концепта любви в рамках лингвокультурологии является одной из новейших парадигм. Исследование языкового обозначения эмоционального концепта в разносистемных языках способствует более глубокому изучению природы языковой картины мира, что преопределяет дальнейшее развитие лингвокультурологии в целом. Анализ концепта любви позволяет выявить специфические черты национально-языкового сознания.
on the thesis submitted to confer for scholarly degree of “Master of Pedagogical Sciences”
Esembekova Shyrynkul Tukenovna
To analyze love concept from the linguocultural points of view is important. Researching emotional concepts in non- cognate languages helps studying the language denomination nature and predetermine the further development of linguoculturology. Collected research materials can be used as the model in the course of foreign literature.
in the articles named “ Love concept in the English language” published in the collection of materials of V Young scientists international scientific conference «Kazakhstan in international space of education » (Almaty,4.04.2013) and «Linguocultural concepts» published in the collection of materials of international scientific- thereotical conference of the students and post graduates «Science and student of the XXI century». (Karaganda, 26.04.2013)
М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
25 12 2014
1 стр.
Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
3 стр.
М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
3 стр.
М011300 – Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
1 стр.
М012000 – «Кәсіптік оқыту (сала бойынша)» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
1 стр.
М011200-Химия мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
1 стр.
М011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандағы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
25 12 2014
5 стр.
М011300-Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
1 стр.