Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.

  2. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2011 жылдың 13 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов
  

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2011 жылғы

«___» ___________ № ____ қаулысымен бекітілген



 
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану Ережесі (бұдан әрі – Ережесі) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже заңды және жеке тұлғалармен этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде іліспе жүк құжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) ресімдеу мен пайдалану тәртібін белгілейді.

Осы Ережеде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізетін тұлға жеткізуші болып танылады (бұдан әрі – жеткізуші).

Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша жеткізушімен операциялар жүргізілгенде алушымен этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін қабылдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылады (бұдан әрі – алушы).

3. Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша әрі-бір операцияларын жүргізу кезінде (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өті орнынан жеткізу орнына дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа), жеткізуші мiндеттi тәртiппен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.

Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін экспорттаған кезінде осы Ереженің 11 тармағы қолданылмайды.

4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым саласында жүзеге асыру және бақылау функцияларды орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).



2. Іліспе жүк құжаттарын ресімдеу мен пайдалану
5. ІЖҚ этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізушімен мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде «Салықтөлеушінің кабинеті» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрі – Бағдарлама) электрондық түрде ресімделеді.

Бағдарлама уәкілетті органының Интернет-ресурсында (web-порталында) орналасады және салықтөлеушілермен пайдалану үшін қол жетімді болып табылады.

6. Алушымен жеткізушіге ІЖҚ тапсырыс беру этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізуге (жіберу) көлемдеріне тапсырыс беру жолымен жүзеге асырылады.

7. ІЖҚ келесі мыналар көрсетіледі:

1) нөмір (Бағдарламаммен автоматты түрде беріледі);

2) ресімдеу мерзімі (Бағдарламаммен автоматты түрде беріледі);

3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалынады);

4) жеткізушінің салықтөлеуші тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН);

5) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН;

6) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

7) лицензия нөмірі және жеткізушінің лицензияда көрсетілген мекен-жайы (осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);

8) жеткізушінің түрі (Бағдарламаның бейнеленген тізімінен таңдап алынады);

9) алушының СТН жеткізушімен енгізіледі;

10) алушының ЖСН/БСН жеткізушімен енгізіледі;

11) алушының атауы (осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

12) лицензия нөмірі және алушының лицензияда көрсетілген мекен- жайы (осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі, этил спиртін медициналық мақсаттарға және техникалық мұқтаждықтарға алмағанда);

13) алкоголь өнімін алуға алушы сенімхатының (болған кезінде) мерзімі және нөмірі жеткізушімен енгізіледі;

14) келісімнің (болған кезінде) нөмірі және мерзімі жеткізушімен енгізіледі;

15) көлік құралының түрі (Бағдарламаның бейнеленген тізімінен таңдап алынады);

16) алкоголь өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (болған кезінде) туралы мәліметтер жеткізушімен енгізіледі;

17) көлік құралы туралы ақпарат (автомобиль көлігімен тасымалдағанда көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізушімен енгізіледі;

18) жабдықтаушы туралы ақпарат (жабдықтаушының, жүргізушінің аты – жөні) (болған кезінде) жеткізушімен енгізіледі;

19) сатылатын (тиеп – жөнелтілетін) этил спиртінің саны (литрде көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 36) тармақшасында аталған ақпараттар этил спиртін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті, осымен бірге тиісті ұяшығында тиеп жөнелтілетін спиртінің саны көрсетіледі:

алкоголь өнімінің өндірісі үшін;

медициналық мақсатта;

техникалық мақсатта;

20) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының саны (литрде көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген ақпараттар шарап материалын сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті, осымен бірге тиісті ұяшықта тиеп-жөнелтілетін шарап материалының саны көрсетіледі:

алкоголь өнімінің өндірісіне;

коньяк спиртінің өндірісіне (тікелей немесе боза айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спирті);

21) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің жалпы саны (осы тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнім санын қосу жолымен Бағдарламамен автоматты түрді көрсетіледі).

Осы тармақшада және осы тармақтың 22)-28) және 36) тармақшаларында көрсетілген ақпараттар алкоголь өнімін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті;

22) жолдың реттік нөмірі;

23) алкоголь өнімінің жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) (Бағдарламаның ЖСК анықтамалығынан таңдап алынады);

24) өнім түрі (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

25) өнім атау (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде енгізіледі);

26) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);

27) шөлмектің саны жеткізушімен енгізіледі;

28) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің саны (осы тармақтың 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарламамен автоматты түрде литрде беріледі;

29) жеткізушімен берілетін ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімді қайтару жағдайында ғана толтырылады);

30) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы саны осы тармақтың 34) тармақшасында көрсетілген сыра санын қосу жолымен (Бағдарламамен автоматты түрді көрсетіледі).

Осы тармақшада және осы тармақтың 31)-34) және 36) тармақшаларында көрсетілген ақпараттар алкоголь өнімін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті;

31) сыраның атауы жеткізушімен енгізіледі;

32) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығы жеткізушімен енгізіледі;

33) ыдыстың, шөлмектің, кег-бөшкенің саны жеткізушімен енгізіледі;

34) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның саны (осы тармақтың 32) және 33) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарламамен автоматты түрде литрде беріледі);

35) жеткізушімен берілетін ІЖҚ нөмірі (сыраны қайтару жағдайында ғана толтырылады);

36) басшысының тегі, аты, әкесінің аты жеткізушімен толтырылады;

37) бухгалтердің болған кезінде тегі, аты, әкесінің аты жеткізушімен толтырылады.

8. Уәкілетте органнының серверіне ІЖҚ жөнелтуден кейін қағаз жүзінде екі данада басып шығарылады, басшысының, бухгалтердің болған кезінде қолдары қойылады, сондай ақ жеткізушінің мөрімен расталады (жеке кәсіпкерлер үшін бар болған жағдайында).

9. Жеткізу орнына дейін тасымалдау кезінде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз жүзіндегі бір данасы тасымалдаушыға беріледі (алушының өкілдігі), ол кейінен аталған тауардың алышуға тапсырылады.

10. ІЖҚ екінші данасы этил спирті және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.

11. ІЖҚ Бағдарламада ІЖҚ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылармен тапсырылады.

Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізушілер (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан басқа) тауарда алғанан кейін жеткізушімен ІЖҚ ресімдеу мерзімінен жиырма бес күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде дәлелдейді.

12. Осы Ереженің 7-тармағымен белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындау ІЖҚ ресімдеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жойылуға жатқызылады.

13. ІЖҚ жою жағдайында жаңадан ІЖҚ шығарылады.

3. Iлеспе жүкқұжаттарының есепке алу және сақтау
14. ІЖҚ есебі осы Ережеге 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ІЖҚ Бағдарламасының тізілімінде жүргізіледі.

15. Қағаз жүзіндегі ІЖҚ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.



16. Жеткізушіні (алушыны) қайта ұйымдастыру кезінде – заңды тұлғаны, қайта ұйымдастырылған тұлғасы бойынша ІЖҚ сақтау міндетемесі оның құқық мұрагеріне жүктеледі.
__________________________________________

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасыны

70.46kb.

17 12 2014
1 стр.


Қаулысымен бекітілген Нысан Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласындағы қызметке лицензия

Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласындағы қызметке лицензия

21.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 9 тармақшасына

129.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы №287 қаулысы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы

96.45kb.

16 12 2014
1 стр.


Инструкция: бір жауабы дұрыс (1 10 сұрақ 10 ұпай) Іші цитоплазмаға толы қарапайыдылардың қозғалу органоиды

Бұл жағдайдын екеуінде де тұқымдарда этил спирті жиналады. Бірақ, қабықшаны алған кезде, этил спирті аз мөлшерде болады. Бұл бақылауларды түсіндіріндер

111.67kb.

17 12 2014
1 стр.


«Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

«Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатындасубсидиялау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы №36 қаулысын іск

420.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы

«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

185.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1709 Қаулысы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7 тармақшасына

30.75kb.

14 12 2014
1 стр.