Перейти на главную страницу
Жұмысбарысы.
Шұңқыр (шурф) қазбастан бұрын топырағы зерттелген жерді қарап шығу қажет. Егер жердін беті әр қилы болса, мәселен көтеріңкі және ойыс болса немесе оның өсімдік жамылғысы әр түрлі болса, онда сыртқы түрлі жағынан айырмасы бар жерлерде екі-үш шұңқыр қазу керек. Қазылатын шұңқырдын ұзындығы, әдетте, 150 см, ені 70-80 см терендігі ең терең деген жеріне кемінде 100 см болады. Шұңқырдың ұзын қабырғасы солтүстіктен онтүстікке карай жүргізілуі тиіс. Топырағын бақылап, үлгісін алуға белгіленген тар қабырғаларының бірі жарық жақсы түсуі үшін оңтүстікке карағаны жөн. Қазғанда топырағын ұзын жағына тастау керек. Бір қабырғасын саты тәрізді етіп жасау керек. Осы қабырға арқылы шұңқырға түсіп шығу қолайлы болады.
Жұмыс барысы кезінде жер бетінің тар қабырға жағындағы өсімдік жамылғысы басылып, бүлініп қалмау үшін, қадағалау керек. Жұмысты бірнеше оқушы кезектесіп қазғаны дұрыс. Шұнқыр (шурф) даяр болған соң топырақ кесіндісін мұқият қарап шығын, суреттеп сипаттап жазып шығуға кірісеміз. Мұғалім бағыт беріп тұруы тиіс. Мұқият қарап шыққан соң әрбір қабатынын қалындықтарын өлшеп, жазады. Оны мұғалімнін нұсқауымен шартты түрде белгілеп отырады.
Сабақтың мақсаты:
а) Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлі, қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу жолдары, экологиялык дағдарыс, сот, сот процестері туралы түсінік беру.
б) Айналадағы ортаның ластануына жол бермеуге, экологиялық проблемаларды шешуге туған өлке табиғатын қорғауға, сүюге баулу.
Әдісі: сот сабақ.
Көрнекілігі: Қазакстанның саяси және әкімшілік картасы, «Жердегі экологиялық жағдай» карикатурасы, Арал теңізінің картасы, әр түрлі көрнекті плакаттар.
I. Сабақтың жүрісі:
Сот мүшелерін тағайындау.
Сот төрағасы: Минералды тыңайтқыштардың адам денсаулығына зиянын қандай факторлармен дәлелдейсіз?
Табиғат қорғаушысы: Тамақ кұрамында нитраттар мен нитриттердің кездесуі көптеген ауруларға әкеліп соқтырады. Ауылшаруашылығында үй жәндіктерімен егістік жәндіктерін азайту үшін көптеген мөлшерде пестицидтер қолданылады. Мысалы: 1988ж. 1га жерге 1,9 кг пестицид себілген.
Сот төрағасы: Минералды тыңайтқыштардан болатын аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр?
Қоғам қорғаушысы: Қазіргі кезде пестицидтерді қолдану мөлшерін азайту жолдары қарастырылып жатыр.
Хатшы: 1-ші куәгер шақырылсып.
Атмосфера.
Гидросфера.
Литосфера.
Биосфера.
Жоғарғы сот шешім кабылдайды:
Қазіргі кезде адамзат алдында экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемасы туындап отыр. Осы проблемаларды болдырмау үшін жоғарғы сот мынадай шешім қабылдайды:
4. Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану.
5. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу және санын көбейту.
III. Жаңа сабақты қорытындылау:
Арал, Балхаш, Каспий теңіз-көлдерінін экологиялық проблемаларына тоқталып өту.
V. Үйге тапсырма: кайталау.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын . оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгсршілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдык пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.
Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.
Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.
Осындай ұлттық дәстүрімізге негізделген табиғатқорғау жұмыстарын біраз уақыттан бері экологиялық үйірме арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл үйірме жұмысына оқушылармен қоса сынып жетекшілері, ата-аналар да атсалысуда.
Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №151 орта мектепте экологиялық тәрбиеге байланысты «Қазақстандағы экологиялық жағдайы нашар «катерлі нүктелер атласы» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында үш ашық іс -шаралар көрсетілді: Мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманғалиева Гүлзина Абдоллақызы «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты сыныптан тыс іс-шара және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Проводникова Светлана Ивановна мен география пәні мұғалімі Қошқарбаева Ғалия Елтайқызы «Өз планетанды сақта! Өз республикаң Казақстанды сақта!» атты экологиялық кеш дайындап, «Экологиялық білім — білім беру жүйесін жетілдірудің приоритеттік бағыттарының бірі» деген тақырыпта баяндама жасады. Семинар соңында іс-шаралар талқыланып қорытындыланды. Семинарға қатысушылар №151 орта мектепте окушылармен экологиялық тәрбие беру жұмысы талапқа сай деген шешім кабылдап, семинарды өз мақсатына жетті деп таныды.
Өзім дайындаған «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты іс-шараға тоқталып өтейін. Мен осы мектепте қазақ тілінен тіл ұстартудан үш қазақ сыныбында аптасына 1 сағаттан сабақ беремін. Семинарға неге қазақ сыныптарын қатыстырмасқа деген оймен 5е, 6е,7д қазақ сыныптарының окушыларымен дайындыққа кірістім. Жалпы біздің мектеп аралас мектеп деп саналғанымен, (50 сыныптың 7-і ғана қазақ сыныптары). Бұл дайындық зая кеткен жоқ, қатысқан қонақтар ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. «Жер тағдыры — ел тағдыры» тақырыбын алудағы басты мақсат оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру еді. Іс-шара мынадай жоспар бойынша жүргізілді.
1. Табиғат — тіршіліктің көзі. Экологиялык білім жайлы кіріспе.
а) Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы. ә) Қоршаған ортаны корғаудың жолдары
Көрнекілік: . Нақыл сөздер, адамдар, тағыларға жем етпей, Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар С. Мәуленов
6. «Заманазапыраны» (Семей полигонынан зардап шеккендерге арналған стенд).
7. Семей ядролық полигонының жабылу тарихы Олжас Сүлейменовтін сөйлейтін сөзі. Назарбаевтың полигонды жабуға байланысты қаулысы (деректі фильм). Қазакстанның Қызыл кітабына кірген кұстар мен жануарлар суретінен стенд.
1-шара экологиялық білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы «қатерлі нүктелер» туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы «Полигон зардабы» деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің «Семей —Невада» қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді
Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты ақынымыз Мұқағали Макатаевтың «Аккулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның окушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамнын табиғатқа деген қарым-қатынасы ананың әлдиімен құлаққа сіңгенін, табиғаттың сұлулығын сақтай білу, одан рахат алу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау еңбасты мақсатымыз бен парызымыз болуы керек екенін ұғынды.
3. 2. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру.
Жер ғаламшары Күн жүйесіндегі ең сулы ғаламшар, біздің ғаламшардағы су қоры шамамен 1500 миллион шаршы шақырым. Бұл судың көп бөлігін суы ащы мұхиттар мен теңіз сулары құрайды, тек екі пайыздайы ғана тұщы судан тұрады, Су адамзат өмірі мен қоғамында өте маңызды рөл атқарады. Белгілі ғалым В. И. Вернадский судың маңызын айта келе, «бір тамшы суда барлық химиялық
элементтер бар» деген екен. Ғалымның бұл көрегендік болжамы казір толық дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде ірі өндіріс орындарының күрт дамуы, өндіріс үрдісінде олардан бөлінетін улы заттар өзен, көл, теңіз, жер асты суларының ластануына әкеліп соқтыруда. Ал судың ластануы әр түрлі ерекше аурулардың тууына себепші болып отыр. Мысалы, Жапонияда «Тиссо» химия бірлестігінің тазаланбаған өндіріс қалдығын Миномата бұғазына жіберу салдарынан миномата ауруы таралып отыр.
Судың қолданылмайтын жері жоқ. Әр адамға пайдалану үшін күніне екі литр су жеткілікті. Ал өндірісте, ауыл шаруашылығында су әлдеқайда көп қолданылады. Мысалы, 1 тонна шойынды қорытып, болат прокатқа айналдыру үшін 4000 м3, 1 тонна мыс үшін 500 м3, 1 килограмм резина жасау үшін 3500 м3, 1 тонна мақтаға 10000 тонна, 1 тонна бидайға 1500 тонна су жүмсалады екен.
АҚШ-тағы барлық көлдердің 2/3-сі. өндірістен түскен химиялық заттардың әсерінен түгелдей іске жарамсыз болып немесе істен шығуға жақын тұр. Дүние жүзінің дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттері — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италияға шектесетін теңіз жағалаулары адам айтқысыз ластануда. Францияның өнеркәсіп орындарынан өзендерге жылына 6 миллион тонна керексіз зиянды заттар төгіледі.
Шет елдерді айтпай-ақ өз өңіріміздегі өзен-көлдердің экологиясына көңіл белейік. Еліміздің Оңтустік Қазақстан облысының Оңтустік бөлігін киелі Ордабасы ауданы алып жатыр. Ауданңың халқы 77,6 мың адамнан астам (1994 ж.) Орталығы — Темірлан селосы. Аудан солтүстігінде Түркістан және Алғабас аудандарымен, батысында Қызылқұм және Арыс, ал шығысы мен оңтүстігінде Сайрам аудандарымен шектеседі. Аудан релефі Сырдария алды үстіртіне жатады. Солтүстік шығысында Қаратау жотасында 1000 — 1800 метрдей шектесіп жатыр. Ал оңтүстік-батысында Қаратау, Сырдария өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ауданның езендері Арал теңізі бассейініне жатады және Сырдария мен Шу өзендерін салаларымен біріктіреді.
Басты өзендері — Бөген және Арыс. Осы екі езенге Бадам, Бөржар, Боралдай, Шұбарсу салалары қосылып жатыр. Арыс езені облыс аумағындағы Сырдарияның оң жақ үлкен саласы. Ал Бөген езені Сырдария езеніне тек суы көп болған жылдары жетеді. Ол көлдік жүйемен аяқталады.
Топырақ жамылғысы негізінен кәдімгі оңтүстік күлгін топырақтан тұрады, Топырақ. жамылғысы топырақ қалыптастырушы түрге және ылғалдану жағдайына байланысты бірнеше генетикалық түрге бөлінеді. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды батпақты топырақ таралған.
География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ ұйымдастырдым.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты — оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және қызықты деректер келтіру арқылы пәнге қызықтыру.
Дамытушылық мақсаты — оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге уйрету экологиялық сауаттылыққа бағдарлау
Газет материалдары, қорықтар, табиғат жайындағы әр турлі әдеби кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қабырғаларда нақыл сөздер, кестелер ілінді.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірген соң қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі ластануы мен одан қорғау жолдары жөнінде қысқаша әңгімелейді.
Конференция оқушылардың әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып дайындаған қызықты баяндамаларымен жалғасты. Мысалы, «Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары» жөнінде бір оқушы қазақ жеріне көмек керек екеніне, полигондардың зиянын, олардың тез арада жабылуы қажеттігіне тоқталды.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыруды өрістетуді міндеттегені баршаға аян.
Ауданымыздағы экологиялық ахуалды сауықтырып, турғындардың денсаулығын жақсартудың маңызды шараларының бірі - елді мекендерді көркейту, көгалдандыру.
Ата-бабамыз айтып кеткендей, "Ана көркі - алдындағы баласы, жердің көркі - желкілдеген ағашы". Олай болса, туған өлкемізді жасыл желекке бөлеу - өзіміз үшін де, өзгелер үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де улкен міндет. Себебі бір түп жасыл желектің өзі ауаны тазартып, оның ылғалдылығын арттырып, шуды азайтып, елді мекенді желден, құмнан, ыстықтан, суықтан, тұзды-шаң, улы газдардан сақтап, ауаны оттегімен қамтамасыз етіп отырады.
Адамның табиғатты өзгертуі қауіпті жағдайға айналып отырған кезеңде атамекенге қамқорлық қажет-ақ. Әсіресе, қуаңшылықты, экологиясы нашар біздің мекен ететін аймағымыз үшін қою көлеңкелі ағаштарды егу өте қажет.
Мен өзімнің туған мекенім Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне физ-географиялық сипаттама беріп, экологиялық ахуалына тоқталып өтейін.
Әйтеке би кенті - Қызылорда облысындағы 71 мың халқы бар 8 аудан орталығының бірі. Теңіз деңгейінен - 63 метр. Қайназой дәуіріндегі антропоген жуйесінің қазіргі шөгінді жыныстарының бетінде орналасқан.
Мезозойға дейінгі фундамент 500 метр тереңдікте орналасқан жерасты суының орналасу тереңдігі - 2 метр. Жерасты суы Қызылқум артезиан бассейніне жатады. Өзен аңғарлық террасада орналасқан. Жыл ішінде күннің түсу ұзақтығы 2900 сағат. Желдің соғу жылдамдығы 4-4,5 м/сек. Қаңтар айының орташа температурасы - 12°, абсолюттік минимум - 42°. Шілде айының орташа 1°-ы +26° аб. мин. +46°. Атмосфераның қурғақшылық орташа 85 см-ді құрайды. Қар жамылғысы 104 тәулік жатады. Бұрқасынды күндер 10 тәуліктен жоғары. Көктемде жергілікті ағынды және тұйық сулардың, қар, жаңбыр, грунт суларының есебінен судың деңгейі жоғарылап, топырақ туздылығы артып, тұзды көлшіктердің саны артады да, тұздар физикалық заңдылыққа бағынып, кристалдық структураға ие болып, жер бетіне шөгіп, көктем мезгілінде егілген ағаштың жас көшеттерінің 70%-ы өспей қурап қалады немесе жапырағы сарғайып, өсуі баяулап, вегетациялық дәуірін тоқтатады, әрі кеткенде 1-2 жылда қурап қалады.
Сондықтан, Әйтеке би кентіндегі топырақты сорланудан арылтып, ағаш түрлерін, әсіресе, қою көлеңкелі, тік тамырлы ағаштарды егіп көркейтудің бір жолы - топырақты жасанды жолмен құнарландыру, яғни, ағаштың өсуіне жағдай жасау, Әйтекеби кентін жасыл желекке айналдыру.
2007 жылғы ақпандағы Президентіміздің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында көтерілген бәсекеге қабілеттілік идеясы ел дамуының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар әлемдік жағдайда да ең басты идеяға айналды. Мұнда бастапқы және орта білім беру жиынтығын, кадрларды даярлауды дүниежүзілік стандартқа жақындату мақсатында Қазақстанды жан-жақты модернизацияландыру үшін негізгі бағыттар анықтап көрсетілді.
Білім беру қызметінің негізгі мақсатының бірі - жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және бас буын өкілдерін кәсіпке баулу. Бұл азаматтардың білім шамасының нығаюына әкеледі. Қазақстанда 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" заң көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Бірақ, сегіз жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Біздің қоғамымыз бүгін үдеулі қарқынмен дамып келеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға аса үлкен, маңызды мақсаттар қойып отыр. Сондықтан "Білім туралы" жаңа заң қабылдау уақыт талабы болды.
Экологиялық тәрбие — жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым-қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағаштардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
— табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды суреттерді
Баланын табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп. қабылдау дағдысы өзнен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологилық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танытып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін камтамассыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
“Тіршілік иелерінің өміріне қажетті жағдайларды туғызу және қолдау әдісі” балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі
Бақылау — табиғатты сезімдік тұрғыда тану әдісі максатқа бағытталған қабылдау сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен. қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзак мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тән болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады осынау, әсерінен баланың дүние танымы кеңейіп қоршаған ортаға деген өзіндік көзкарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі-экологиялық тәрбие жүйесінде өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланысты алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары баладардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежеде рухани байлық көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым калыптастырады.
14 12 2014
6 стр.
Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім -тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің құнды бөліг
17 12 2014
5 стр.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
17 12 2014
4 стр.
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
16 12 2014
4 стр.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
17 12 2014
4 стр.
Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы
17 12 2014
6 стр.
Оқыту мен тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы бейнелеу өнері, 13. 00. 08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандықтар
25 12 2014
1 стр.
ШАҒын жинақталған мектептерде қазақ тілі сабағында дамыта оқыту әдістемесінің Ғылыми-теориялық негіздері
25 12 2014
9 стр.