Перейти на главную страницу
ШАҒЫН КЕШЕНДІ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Өскемен, 2007
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Бүгінгі таңда әлемдегі бірінші міндет – ол дүниежүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетіне кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, сондай-ақ оларды әділдікке, зорлық зомбылық жасамауға, бақытты бағалауға тәрбиелеу.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің басым бағдарын оқытудың тәрбиелік сипатына аудара отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне ықпал ету.
Өйткені, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилылығын дамыту - заман талабы. Егер адам руханилылығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақ ниеттен айырылады, жалаң рацинализм мен прагматизмнің құлына айналады.
Бірқатар зерттеулердің қорытындылары бойынша (Г.Ф.Суворовтың, М.И.Зайкиннің және т.б) Шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің төмен нәтижелілігінің себебі: қалыптасқан (30-35 оқушы оқитын) сыныптар жағдайына орайластырып әзірленген нәтижелі оқу әдістері мен тәсілдері оқушылар саны аз сыныптардың ерекше жағдайында сол нәтижені бермейді. Біздің ойымызша мұның себептерінің бірі-педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерінің мұндай оқу орнында жұмыс істеуге дайын емес екендігі.
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жайлы зерттеулерге ғылыми-педагогикалық талдау
Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру, әсіресе ауыл мектептерінің проблемасын шешу, оның жұмыс принциптері мен қойлған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылуымен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған әдістемелер бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Солардың ішінен төмендегілерді бөліп қараймыз:
Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі ретінде алатын, педагогикалық үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың жаңа басты элементі. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мөлшері мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Тарихи зерттеу. Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары:
- қатар пәндік және жекелік білімнен ( А.А.Хамитов) білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу;
Жеке тұлға құрылымының маңызды құрама ретіндегі интеллекің дамуы білім мен әлеуметтік тәжірибенің игеруінсіз мүмкін емес.
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік–қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан, қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін максималды дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның, Дж. Брунердің және т.б. зерттеулері дәлелдейді.
Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың консепциясын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, пәнаралық байланыс мәселесі, жалпы білім беру мектептерінде шешілуі дұрыс. И.Т.Зверьев, В.М.Максимова, А.А.Бейсенбаева және т.б. ғалымдардың мектептерінде пәнаралық байланыстың, олардың қызметтерінің педагогикалық үрдістегі мазмұнды сипаттамасы берілген. Осыған сүйене отыра ДАШ (дисциплина аралық шолу) анықтамасына сай төмендегідей анықтама беруге болады:
«Пәнарлық шоғырландыру – шынайы педагогикалық үрдістегі пәнаралық байланысты іске асырудағы мектептің оқу жоспарындағы, колледж, жоғары оқу орындарындағы пәндерді біріктіру үрдісі (мазмұнды-ақпараттық, үрдісті-іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық-әдістемелік) осы негізде».
Дәстүрлі оқу дисциплиналарында шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, дисциплиналарды меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде ( кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім үрдістеріне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетті.
Педагогикалық технологияда бар жеке бастың мүмкіншілігіне, мектептің практикалық мүмкіншілігін зерттеу, сонымен қатар шағын комплектіліге теориялық талдау жасау мектептің осы типінде бейімделуге болатын технологиялар қатарын шығаруға мүмкіндік берді. (В.В.Гузеев, В.М.Монахов, П.А.Юцявичене және т.б) . Біз төмендегідей ерекшеліктері бар технологияның мынандай түрін ұсынамыз:
- соңғы нәтижеге жүйелі бағытталған жұмыс. Яғни нәтиженің әр элементі таңдалуы міндетті, оқытушылық сипаты бар оқушылардың өздік жұмыстарын әртүрлі формада ұйымдастыру;
- мұғалімнің әр жеке оқушылармен қарым-қатынас ұзақтығын қысқарту үшін, оқушылардың оқу танымдық әрекеттерінің әртүрлі формаларын қолдану: жекеше, жұппен, топ жұмыс қолдану: жекеше, жұппен, топ жұмыстарының әр түрлерімен; осы арқылы оқушылардың эмоционалды, психикалық және физиологиялық шамадан тыс жүктемелерін төмендету;
- бастапқы материалды ( мағлұматты) бекіту сатысында оқушылардың оқу іс-әрекеттерін бағалауда мұғалімнің бағалау байыдауларын, пікірлерін кең тұрғыда пайдалануы артық бақылау кедергісін азайтады;
- сабақ ұзақтылығы 45 минуттан 30 минутқа дейін қысқарту балалардың жұмыс істеу қабілеттеріне жағымды әсер етеді, олардың оқу жүктемелері мен мектептегі әрекеттерін және үйдегі дайындық уақытын азайтады ( оқу кестесіндегі әр оқу күні 2-3 түрлі пәннен тұрады.) ;
- оқушылар аз сандық сыныптың эмоционалды, интеллектуалды фонын жоғарылататын әртүрлі ойын әдістерін және оқушылардың оқу танымдық әрекет түрлерін пайдалану;
В.М.Монаховтың жаңа педагогикалық–технологиясы және Ж.А.Қараевтың саралаудың деңгейлік технологиясы жоғарыда қарастырылған мәселемен көптеген ұқсастықтары бар. Осыларды біз шағын коплектілі мектеп оқу үрдісіне енгізуге ұсынып отырмыз, себебі олардың да біз жоғарыда алдыңғы технологияны мәлімдегенде атап кеткендей, шағын ком плектіліктің көптеген мәселелерін шешетін негізі жағымды жақтары бар. Батыс философтары мен әлеументтанушыларының (К.Кларк, Ф.Махлуп, И.Масуда және т.б.) советтік және ресейлік (Б.М. Боголюбов, И.И. Маркел және т.б.) қазақстандық ( Ж.М.Жусубалиева және т.б.) ғалымдар жұмыстарын зерттей келе тиімді оқыту технологиясының бірі деп, үлкен (ауқымды) гуманистік мүмкіншілігі бар жаңа ақпарттық, оның ішінде оқытудың компъютерлік технологиясын есептеуге болады.
Біздің басшылығымызбен жүргізілген тәжірибелік педагогикалық жұмыстарда белгілі бір тәжірибе және ерекше авторлық құрылымдардың түпнұсқасы жинақталған компьютерлік технологияның элементтерін енгізу және құрастыру орталығы компьютерлік лицей болып, сол жерден тәжірибе барлық мектептерге, оның ішінде шағын - комплектілерге таратылып, бейімделді.
Біздің ең сәтті табысымыз: компьютерлік сабақтары әдістемелерінің құрылымы; Квалификациясын жоғарылату және мұғалімнің өзін-өзі білімдендіру курсының құрылымы: «Физикалық үрдістің модельденуі»,
«Математикалық үрдістің модельденуі» дисциплиналар бағдарламасының құрылымы және оларға оқу әдістемелік комплекстерді қарау (практикалық тапсырмалар, дидактикалық материал, бағдарламалармен қамтамасыз ету) сонымен қатар барлық негізгі пәндер бойынша, қатар барлық негізгі пәндер бойынша, көптеген қазақстанның және ТМД-ның (Алматы, Томск, Санк-Петербург) қалаларымен электронды байланыс ( почта) және интернет арқылы ынтымақтастықтың және контакт негізінде ақпараттық қызметті енгізіп, қамтамасыз ету. Биология, география, химия, қазақ ,орыс,ағылшын тілдерінде, әдебиетте,тарихта және экономика пәндерінде компьютерлік технологияны пайдалану бағдарламаларын құрастыру.
Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьтерлік қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылған. Оның келесі кезеңдері бар.
Теориялық модельді даярлағанда, оның компоненттері төмендегідей өлшемдермен көрсетілген:
Республикада шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
бірінші – бастауыш шағын комплектілі мектеп;
екінші – негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
үшінші – жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.
Олардың бәріне тән қасиеттер:
Дамыта оқытудың педагогикалық, әдістемелік негіздері
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлімнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұны сыни тұғыдан қарап. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдгі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деген ұғым деп ойлау аса дұрыс түсінік емес . Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынасын тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың таным қызығушылығын арттыруға үйрететін, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптачстыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар – оқудың қызықты жеңіл екенін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімінң тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінің мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Жоғарыда айтылғандардан шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне қойылатын талаптар: өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу; шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімделу. Әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын құрып, басқара білу. Оқушылар арсындағы бір-біріне сенімдігін және сыйламдылығын арттыра білу. Оқушылардың ата-аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмысқа тарту. Шағын жинақталған мектептің оқушыларына қойылатын басты талаптар: оларды өзін-өзі ұйымдастыра білуге бағыттау, оларда коммуникативтік қасиеттерді қалыптастыру, жауапкершіліктерін арттыру және өз-өздерін танып-білуге бейімдеу.
Рефлексивтік әрекеттер арқылы оқушы өзінің және өз даму бағдарының жолын анықтай алады. Бұлардың барлығы оның кез-келген өмір жағдайында өзін-өзі тануға, өмірде жолын табуға көмектеседі.
Шағын жинақталған мектептердегі дамыта оқытудың психологиялық ерекшеліктері
Шағын жинақталған мектепте ең негізгі назарды оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын қорғауға арнау керек. Балалар мен педагогтардың денсаулығы, олардың әлеуметтік жағдайы сапалы білімнің негізігі фактор болып табылады.
Қазіргі уақытта шағын жинақталған мектептердің жаңа моделін қалыптастыру қажеттілігі туындап тұр.
Ауылдық жерлерде балалармен ата-аналармен жұртышылықтың жеке тұлғалық қажеттіліктерімен жеке бағдарын қанағаттандыру мақсатында мектептердің әр түрлі типтері мен модельдерін құрастыру мүмкіндіктері туындайды.
Шағын жинақталған мектептердегі жұмысты жақсарту мүмкіндіктері олардың жаңа моделін қалыптастыру олардың жаңа формасын іздестірумен тікелей байланысты, яғни басқа мекмелермен біріктіре ірілендіру дегенді білдіреді. Мысалы: «мектеп-балабақша», «Мектеп – мектеп алды даярлық», «мектеп-клуб», « Мектеп- мәдени орталық», «Мектеп- кітапхана» , « Мектеп- зертхана», « Мектеп-ауылшаруашылық комплексі», «мектеп-спорт орталығы» , «Мектеп–парк» және т.б. Бірнеше мекемелердің басын қосып, ауыл интеллигенциясын тығыз қауымдастыққа, барлық күшті өскелең ұрпақты тәрибелеуге жұмылдыруға бағыттайды.
Мұндай жағдайда шағын жинақталған мектептің өзінің даму моделін нақты жергілікті, әлеуметтік экономикалық жағдайларға тарихи-мәдени дәстүрлерге сәйкес қалаптастыру жөн. Күрделі кешенді шағын жинақталған мектептердің міндеттерін шешудің жолы – бұл мектептің ауыл шаруашылық өндірісімен, ауылдық өмірдің әлеуметтік-мәдениетімен, елді мекеннің табиғи ортасымен кірігуі.
Шағын жинақталған мектептердің функциясын көтерудің бірден-бір тиімді жағдайы – оның құқықтық мәртебесін көтеруі , орталық және жергілікті басқару органдары, басқа да әлеуметтік орталықтармен қатынасын көбейтуі.
Республикадағы шағын жинақталған мектептерде дамыта оқыту әдістемесін пайдаланып жүрген алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер
«Білім туралы» Заңда мемлекеттің білім саласындағы саясаттың негізгі ұстанымдарының бірі – «оқушылардың даму деңгейі мен ерекшеліктері мен даму деңгейіне қарай білім жүйесін реттеу» болып табылады. Мұндай жағдайда базистік оқу жоспарының инвариантты (тұрақты) бөлімінде оқу уақытының 10-15 %-ы аймақтық білім компонентіне іске асыруды толығымен қаматамсыз етеді.
Шағын жинақталған мектепте білім алу барысында оқу модульдік блоктары, болжамдық карталары, оқу материалын өтудің және оны өлшеудің кестелері негізінде баланың әрекетін дамыту көзделеді. Олай болса, шағын жинақталған мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру механизмі: көп деңгейлік бағдарламалармен оқыту; оқу материалын жеке бала мүмкіндігіне қарай оқыту; пәндік курстарды блоктар бойынша құру, дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі; материалдың өту жылдамдығын ескеру, тарсырмаларды орындауда өзіндік жұмыстардың механизмін енгізу, ауыл оқушыларының өмір тәжірибесіне икемделеген оқу материалдарын беру; олардың жеке оқушының қоғамдық және ғылыми тәжірибелермен байланысына жағдай туғызу, оқыту әдістері мен түрлерін классикалық және дәстүрден тыс түрлерін қолдану.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Мектеп және мектепке дейінгі білім институты шағын жинақталған мектепте оқыту лабораториясының қызметкерлерінің зерттеулерінің нәтижесі бойынша қазіргі жаңа технологияларды пайдалану туралы сауалнама жүргізілді. 105 мұғалімнің 67-сі мүлдем қолданбайтыны, 38 –і кейбір элементтерін ғана қолданатынын айтты. Демек, шағын жинақталған мектептерде мұғалімдер қазіргі оқытудың жаңа технологияларымен жан-жақты хабардар болып отыру шарт.
Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасының жүзеге асыру шарттары төмендегідей кешенді шараларды бекіту арқылы нақты іске асады:
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ
Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.
Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады.
ШАҒын жинақталған мектептерде қазақ тілі сабағында дамыта оқыту әдістемесінің Ғылыми-теориялық негіздері
25 12 2014
9 стр.
Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Молодежный кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына өзіміздерінің қосып жатқ
25 12 2014
1 стр.
Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер. Жәңгір
16 12 2014
1 стр.
Толып жатқан елдермен халықаралық экономикалық,саяси ынтымастық сауда, мәдениет, білім беру және т б көптеген салаларда келісім-шарттарға қол қойылды
16 12 2014
1 стр.
Студенттерге арналған мәдени шығармалар мен фактілердің тиімдісін іріктеу
25 12 2014
1 стр.
Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер барлық білім саласын жаңарту үшін шынайы алғы шарттар жасады, яғни мектеп жұмысының практикасына жаңа мазмұнның элементтерін, жаңа білімдік т
25 12 2014
1 стр.
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді
25 12 2014
1 стр.
Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ға
25 12 2014
1 стр.