Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары, құрметті шақырылғандар!
Тұрғындардың алдында әкімнің есеп беру жиынын ашуға рұхсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында есеп беру кездесулері өткізіліп тұрады. Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Молодежный кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына өзіміздерінің қосып жатқан үлестері туралы хабардар ету үшін бағытталған.
Әлеуметтік қорғау
- 2011 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне есепке тұрған адамдардың 111 қоғамдық жұмысқа тартылып әртүрлі ақылы жұмыстар атқарды.
- 2011 жылы 16 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
-Балаларға арналған жәрдемақыны -43 адам алды.
- тұрғын үй көмегін-60 адам алды.
- «2020» бағдарламасы аясында 11 адам қайта даярлау курсына барып аспазшы, есепші, дәнекерлеуші мамандықтарын алды.
- 63 жаңа жұмыс орындары және 6 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.
- 18 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасады.
- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында екінші бағыт бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін 5 млн.тг.несие бөлінді.
- Өткізілген шараларға байланысты кентте жұмыссыздар саны азайды. Мысалы 2010 жылдың 288 адам жұмыссыздыққа тіркеуге тұрса, 2011 жылы 138 адам жұмыссыздыққа тіркеліп, оның 42-сі жұмысқа орналастырылып, қалғандары ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
- Кентте 15 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 105 тыл ардагерлері, Ауған соғысына қатысқан 11 адам, Чернобыль апатын жөндеуге қатысқан 6-адам, 1 топ мүгедек 13-адам, 2 топ мүгедек 42-адам, 35-адам 3 топ мүгедек және 21 бала кезінен мүгедек адамдар есепте бар.
- 2010 жылы 54 бала туса, 2011 жылы 95 бала туды.
- Қайтыс болғандар саны 2010 жылы 17 адам қайтыс болса, 2011 жылы 14 адам қайтыс болды.
- ҰОС 66 жылдық мерекесіне арналып соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне әлеуметтік пакеттер тапсырылып, мерекелік шеру өткізілді. 9 мамыр күні ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
- 1 маусым балаларды қорғау күніне орталық мәдениет үйінде мүмкіндіктері шектелген балаларға арналып мереке өткізілді, бұл мерекегі «АР-АЙ» стаматологиясының директоры демеушілік жасап, балаларға шағын сый-сыяпат көрсетілді.
- Қарттар күніне аранлып қазан айында кенттің 75 жастан асқан қарияларына ақ дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
- Құрбан айт мерекесінде кенттің қарттары мерекелік дастарханға шақырылып, 47 аз қамтылған және көп балалы отбасына ет таратылды.
- Мүгедек балалар мен аз қамтылған отбасыларындағы балаларға жаңа жылға қарсы сыйлықтар мен әлеуметтік пакеттер таратылды.
- «Туған жерге тағзым» акциясының аясында кент кәсіпкерлерімен және «Өскемен» құс фабрикасымен 73 190 000 тг. меморандум жасалды. Оның 13 450 000 тг. орындалды. Мысалы: «Өскемен» құс фабрикасы «Аленушка» бала-бақшасына 500 000тг. демеушілік көмек көрсетті, кентте кәсіпкер А.Мамидуллановпен 50млн.тг. монша салуға меморандум жасалған, бүгінгі күні 18млн.тг. игерілді., 22 млн.тг. ЖК «Мурсалимовпен» әлеуметтік базар салу туралы меморандум жасалып, 2млн.тг игерілді және т.б. жұмыстар жасалды.
- Мемлекет басшысының және аудан әкімінің негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әр аптаның сенбі күндерінде жәрмеңкелер өткізілді, бұл жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкелер жеке кәсіпкер Мурсалимов салған әлеуметтік базарда өткізілуде.
- «Шығыс-Самғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірігіп азық-түліктің бағаларын тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, кенттің 14 дүкенімен арзандатылған бағамен азық-түлік сату туралы меморандумдар жасалды. Бүгінгі күні дүкендерге 920кг. картоп, 321кг. қырыққабат және 143 кг.сәбіз әкелінді.
-
Азық-түлік бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг жүргізу үшін жауапты маман тағайындалған. Дүкендердегі толайым базардың тауар-көлік құжаттамалары тексеріліп, келіссөздер жүргізіліп отырады.
-
Кентте «Ардагер» атты әлеуметтік бөлім тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арнап жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылары, 1-3 топ мүгедектер. Бұл бөлімде базар бағаларынан төмен бағамен азық-түлік сатылады. Мысалы:
- 1 сорт нанның бағасы 45 теңге,
- тұздың бағасы 30 теңге,
- макарон өнімдерінің бағасы 100 теңге,
- күріштің бағасы 130 теңге,
- өсімдік майы 210 теңге,
- қант 150теңге.
3. «Сыбаға» атты ет сататын дүңгіршек 2008 жылы желтоқсан айында ашылды. Бұл жерде үнемі сиыр еті, қой еті белгіленген бағамен сатылады.
4. Кентте 472 бау-бақша бар. Жаз бойы және күзде кент тұрғындары осы бау-бақшада өсірген көкеністерін кенттің дүкендерінде төмендетілген бағамен сатты; кенттегі 5 дүкен арқылы 4 тонна картоп, 350 килограмм сәбіз және 250 килограмм қызылша сатылды.
5. «Өскемен» құс фабрикасының өнімдерін кенттің дүкендерінде арзан бағамен сату туралы келіссөз жүргізіліп, бүгінгі күні 20 үйдегі дүкенде және «Темірбанк» ғимаратында орналасқан дүкенде салқындатылған құс өнімдері сатылады.
Тұрғын-үй коммуналдық қызмет бойынша
1) 21 үйдің жертөлесіндегі жылу, су, кәріз құбырлары ауыстырылды. Бұл жұмысты жүргізу үшін бюджеттен 1 млн 935 мың теңге бөлінді.
2) 4 кезектегі құрылыс алаңының көше бойындағы 1 км жері жөнделіп, ұсақ тас төгілді.
3) 4 квартал кезек құрылысындағы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 450 метр құбыр тартылып су жүргізілді, ол үшін бюджеттен 1 млн 200 мың теңге бөлінді.
4) № 20 жылу камерасынан 14 үйге дейін 3 млн 700 теңгеге 120 метр сыртқы жылу құбыры ауыстырылды.
5) № 17 үйден Бейбітшілік көшесіне 400 метр су құбыры тартылды. Бұл жұмысты осы көшенің тұрғындары демеушілердің көмегімен жүргізді.
6) Айтыков көшесіндегі 3 этажды үйдің жертөлесіне осы үйдегі тұрғындардың қаражатынан жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- ЖМПИ «Жемчужина» үйлердің жертөлелеріндегі су және жылу құбырлары ауыстырылып жөнделді. № 6, 7, 8, 14, 22, 17 үйлердің алдындағы қураған ағаштар қиылды. Мамыр айында балалар ойнайтын алаңдардағы песочниктерге құм тасылды. № 11, 14, 17, 22 үйлердің алдарына киім ілетін және кілем қағатын аспалар жасалды. 45 метр газондардың қашасы жөнделді. КММ «Молодежный» насостық станцияның жұмысы жөнделді.
Бюджет
- Кенттегі әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін және кент әкімдігіне 2011 жылы аудан деңгейінен 19 030 млн. 500 мың теңге бөлінді, аталған қаражат 100 % толығымен игерілді.
- Жергілікті салыққа 1,925 100тг жиналды. /Ол - Мүлік салығы 1, 675 100 теңге, жер салығы 250 000 теңге /
Кентті көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау
1) Кентті абаттандыру және көркейтуде әкімдік тарапынан көп көңіл бөлінуде. Кенттегі қоқыс төгетін 8 алаңға 21 қоқыс салатын Европалық стандарт бойынша жасалған қораптар орнатылып, «Өскемен-Тәртіп» ЖШС келісім-шарт жасалып, жұмасына 4 рет шығарылып отыр. ЖШС «Өскемен-Тәртіп» келісім-шарт жасау туралы сұрақ шешілді.
2) - 90 қарағай,
- 70 қайың,
- 500 бұталар мен ағаштар отырғызылды,
- 700 шаршы метр жерге қолда болған материалдармен кент жолдарына бригада жұмысшыларының көмегімен және асфальттық, ұсақ тас карьерлерінің бастықтарының демеушілік көмегімен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- «Молодежный» КМК арнайы құрылған 7 адамнан тұратын бригада кент бойынша елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсетіп, аймақтарды экологиялық сауықтыру, көгалдандыру және көркейту, қардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Күнделікті бригада жұмысшыларының күшімен 3 км. көлемінде жол жиектері қоқыстан тазартылады, көше аралығы, жол бойындағы теректердің ұзындығы қысқартылып аббатандыру жұмыстары жүргізілді. Скверлердің аумағында жол жиектерінде өскен шөптер шабылып шығарылды.
- Кентті көгалдандыру мақсатында 500 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар кентті таза ұстау мақсатында мемлекеттік кызметшілердің және кент тұрғындарының қатысуымен кент аумағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізілді. 410 тонна қоқыс шығарылып, 3 км жол жиектері әктелді.
3)- Кенттің 45 қаңғыбас иті жойылды.
-Кенттің жеке қосалқы шаруашылық иелеріне кент аймағында мал жаймау туралы ескертулер берілді. Қараусыз жүрген 1 мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21000 теңге айыппұл салынды, осыған қарамастан кент ішінде малдар қараусыз жүреді.
Ауылшаруашылық туралы
- 2012 жылдың 1 қаңтарына:
- 250 бас ірі қара,
- 568 бас ұсақ мал,
- 26 бас жылқы,
- 3 бас шошқа бар.
- 2011 жылы төмендегідей ветеринарлық алдын алу шаралары жүргізілді.
- Сарып ауруына 300 бас ірі қара тексеріліп, 288 бас теріс нәтиже алынды, 12 бас ірі қара малы сарып ауруына шалдыққаны анықталып, осы малдармен барлық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, мал еті консерві заводына тапсырылды.
- 700 бас ұсақ мал бурцеллезге тексеріліп, теріс нәтиже алынды.
- 150 бас ірі қара лейкоз аруына тексерілді.
- 300 бас ірі қара эмкор ауруына тексерілді.
- 700 бас ұсақ мал сарып ауруына тексеріліп, теріс нәтиже аланды.
- Сібір жарасына қарсы 300 бас ірі қара мал мен 700 бас ұсақ мал егілді.
- аусыл аруына қарсы 280 бас ірі қара, 420 бас ұсақ мал егілді.
- 600 бас ірі қара туберкулез аруына тексеріліп, теріс нәтиже алынды.
2011 жылы ветеринарлық алдын алу жоспары 100 пайыз орындалды. 2011 жылы аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес ірі қараның 250 басы жаңа үлгідегі ветеринарлық төлқұжат беріліп және екі құлағынан сырғаланып компьютерлік қорға енгізілді.
Білім беру, спорт
- Кентте екі мектеп жұмыс жасайды, оның біреуі мемлекеттік тілде жұмыс жасайды. Екі мектепте барлығы 566 оқушы оқиды.
- 359 оқушы Р. Марсеков атындағы мектепте оқиды,
- 129 оқушы Молодежный орта мектебінде оқиды. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Р. Марсеков атындағы мектептің оқушыларының саны 2 оқушыға өсті.(Р. Марсеков атындағы мектепте 2010-2011 оқу жылында 357 оқушы болса, орта мектепте 2010-11 оқу ж.ж.213 оқушы болған)
- Молодежный орта мектебінде мектепке дейінгі балаларды оқытатын шағын орталық ашылған. Бұл шағын орталықта 48 бала оқиды. Мектепке дейігі оқитын балалардың саны 78.
- Былтырғы жылы мектептерді 45 түлек бітіріп шығып, оның 17 жоғарғы оқу орнына тегін түсті, қалған түлектер колледждер мен ақылы жоғарғы оқу орындарына түсті.
- Кент бойынша ҰБТ орта балы 92,5. ҰБТ Р.Марсеков атындағы мектепт аудан бойынша екінші орынға ие болды(96,5бал), ал орта мектеп 88,4 бал алды. Қазіргі уақыта 2011-12 оқу жылына оқушыларды ҰБТ дайындау жұмыстары жүргізілуде.
- Мектептерде /174- қазақ мектебі, 47- орыс мектебі/ барлығы 221 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
- «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында бойынша бұрынғы бала-бақша орналасқан ғимараттарды босату туралы Президенттің Жарлығы бойынша прокуратура жаңадан салынған жаңадан салынған ғимаратына көшіп, босаған ғимаратқа әділет басқармасы мен санитарлық қадағалау басқармасы көшіп бала-бақша топтарына орын босап жаңадан 3 топ ашылды.
- «Аленушка» бала-бақшасы 12 топтық 280 балаға арналған типтік ғимаратта орналасқан. Бүгінгі күнде балабақшада 7 топ бар, 180 бала келеді.
- Мектептерде және бала-бақшада жасалған жоспарға байланысты іс-шаралардың барлығы түгелдей өткізілді.
- Кентте балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт модульде орналасқан спорттық тренажерлармен кент тұрғындары арнайы жасалған кесте бойынша спортпен айналыса алады және бокс, күрес секциялары жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін волейбол, баскетбол ойнауға мүмкіншілік жасалған.
- «Ұлан ауданы бойынша ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі бойынша: бокс, дзюдо, еркін күрес, волейбол оқу-жаттықтыру сабақтары жүргізіледі. Спорт модулінде бокстан жолдастық кездесулер, аудандаралық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кентте бокстаноқу-жаттықтыру сабақтарын жүргізетін лайықты 30-50 балаға арналған бокс залы не ғимараты керек.
Денсаулық сақтау
-
Кенттегі дәрігерлік отбасылық амбулаторияда 3 дәрігер, 9 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Жыл бойы 18641 рет тұрғындарға қызмет көрсетілді. Сонымен қатар кентте кардиолог, травматолог және эндокринолог дәрігерлері тұрғындарды қабылдап оларға қызмет көрсетеді.
-
тіс емдейтін бөлме және жедел жәрдем көрсететін орталық жұмыс жасайды, онда 5 фельдшер, 4 фельдшер-диспетчер тұрғындарға қызмет көрсетеді.
-
Кенттегі соғыс ардагерлері мен мүгедек адамдар есепке алынып, үнемі дәрігерлердің қадағалуына алынған.
-
Дәрігерлік отбасылық амбулаторияның отырған бөлмелері таршылық көрсетіп отырғаны халыққа белгілі. Келешекте аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімдігінің отырған мекен-жайына аурухана көшіріліп, орта мектептің ғимаратына аудан әкімдігі көшіріледі.
Қоғамдық ұйымдар туралы
- Кентте 3 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды. Олар ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, және әйелдер кеңесі 2011 жылы бұл қоғамдық ұйымдардың 15 отырысы өткізілді, бұл отырыстарда ЖМПИ «Жемчужина», КММ «Молодежный», почта бөлімінің бастығының және учаскелік инспекторлардың есептері тыңдалды.
- Кентте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 жасқа толмаған азаматтарға ішімдік сатпауды тексеру үшін учаскелік инспектордың қатысуымен дүкендерді аралап рейдтер жүргізілді. Кенттің ішімдікке салынған адамдары есепке алынып, әңгімелесулер үнемі өткізіледі.
- 3 адам ішімдіктен емделуге жіберілді.
- Кентте 11 адамнан тұратын Қоғамдық ұйым құрылған, бұл ұйымның жасалған жұмыс жоспары бойынша, айына екі рет отырысы өткізіледі. Бұл ұйымда ІІБ түскен өтініштер қаралады.
- 2011 жылы кент әкімдігіне заңды тұлғалардан 370 сұрау,
- жеке тұлғалардан 105 өтініш түсті. Түскен өтініштердің түрлері:
1. үй салу үшін жер беру туралы -34
2. гараждың жерін жеке меншікке алу туралы – 16
3. саяжайдың құжаттарын жөндеу туралы – 2
4. көптеп- сататын базар ашу туралы өтініш – 1
5. үйдің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш -11
6. жарық жүйелерін жүргізу туралы өтініштер -10 және басқа да тақырыпта 23 өтініш түсті.
Түскен өтініштер мен сұраулардың бәріне заңға сәйкес жауап беріліп, көмек тер көрсетілді.
Президенттің және Үкіметтің саясаты арқасында жылдан жылға округ тұрғындарының тұрмысы жақсара түсетініне сенеміз және де сіздердің көмектеріңізбен округтегі көп сұрақтар шешіледі деп үміттенемін.
Назарларыңызға рахмет.