Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары, құрметті шақырылғандар!
Тұрғындардың алдында әкімнің есеп беру жиынын ашуға рұхсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында есеп беру кездесулері өткізіліп тұрады.


1. Әлеуметтік қорғау
- 2012 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне есепке тұрған адамдардың 133 қоғамдық жұмысқа тартылып әртүрлі ақылы жұмыстар атқарды.

- 2012 жылы 20 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

- Балаларға арналған жәрдемақыны -37 адам алды.

- Тұрғын үй көмегін-29 адам алды.

- 13 адам қайта даярлау курсына барып электрмендәнекерлеуші, іс жүргізуші, аспазшы, есепші, «В», «С» санатының жүргізушілері, омарташы, электрмонтер, тырнақ сәндеуші мамандықтарын алды.

- 127 жаңа жұмыс орындары және 11 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.

- 21 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасады.

- 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында екінші бағыт бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін 5 млн.тг.несие бөлінсе, 2012 жылы бес адамға 11 млн.тг.несие бөлінді.

- Өткізілген шараларға байланысты кентте жұмыссыздар саны азайды. Мысалы 2011 жылдың 138 адам жұмыссыздыққа тіркеуге тұрса, 2012 жылы 133 адам жұмыссыздыққа тіркеліп, оның 110-ны жұмысқа орналастырылып, қалғандары ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

- Кентте 11 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 102 тыл ардагерлері, Ауған соғысына қатысқан 11 адам, Чернобыль апатын жөндеуге қатысқан 6-адам, 1 топ мүгедек 14-адам, 2 топ мүгедек 48-адам, 29-адам 3 топ мүгедек және 21 бала кезінен мүгедек адамдар есепте бар.

- 2011 жылы 95 бала туса, 2012 жылы 96 бала туды.

- ҰОС 66 жылдық мерекесіне арналып соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне әлеуметтік пакеттер тапсырылып, мерекелік шеру өткізілді. 9 мамыр күні ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналып жеке кәсіпкер К.Аскабылованың демеушілігімен мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

- 1 маусым балаларды қорғау күніне орталық мәдениет үйінде мүмкіндіктері шектелген балаларға арналып мереке өткізілді, бұл мерекеге жеке кәсіпкер Мадина Болатқызы демеушілік жасап, балаларға дастархан жайып, тәтті-дәмді тамақтар берді.

- 2012 жылы құрбан Айт мерекесі ұйымдасқан түрде өткізілді. Аудан әкімі, кент әкімі, прокуратура құрбан шалып кенттің 85 аз қамтылған отбасыларына ет таратылды. Мекемелер мен ұжымдар жеке-жеке дастархан жайып, кент тұрғындары мен қонақтар тағамдардан дәм татса, мешіттің ішінде кент қарттарына дастархан жайылды.

- Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында мейірімді және қайырымды Н.С. Құсайнова, С.Ш. Ақмалова, Н. Безхлебнова, М. Жанбағысова, Е.Садықов сияқты жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен мүгедек балаларға сыйлықтар таратылды.

- «Туған жерге тағзым» акциясының аясында аудан әкімі Серік Толеуғалиұлы Туленбергеневтің бастамасымен «Өскемен» құс фабрикасымен 40 млн.тг. меморандум жасалып, кентте жасанды жабындымен жабылған футбол алаңы салынды. Демеушілердің көмегімен кентке кіре берістегі қақпа ауыстырылды. Және дағы осы акцияның аясында кент кәсіпкерлерімен және «Өскемен» құс фабрикасымен 73.315000тг. меморандум жасалды. Оның ішінде төмендегі жұмыстар орындалды(31.345 000 тг): Мысалы: «Өскемен» құс фабрикасы «Аленушка» бала-бақшасына 500 000тг.демеушілік көмек көрсетті, Жеке кәсіпкер Б.Ауппаев 130000 тг.демеушілік көмекпен қарттар күніне «Белеу» кафесінде дастархан жайды, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ісшараны өткізу үшін Жеке кәсіпкер Е. Қосайұлы 25000тг демеушілік көмек жасады, жеке кәсіпкер А.Бигалиев 8 наурыз, 22 наурыз мерекелеріне 25000 теңге көлемінде демеушілік көмек жасады және т.б. жұмыстар жасалды.

- Кентте құны 494. 31604780тг. 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы бой көтеруде, бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 190 млн.тг. игеріліп, жұмыстың 35-40 пайызы орындалуда.

- Мемлекет басшысының және аудан әкімінің негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әр аптаның сенбі күндерінде жәрмеңкелер өткізілді, бұл жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкелер жеке кәсіпкер Мурсалимов салған әлеуметтік базарда/құны 22 млн.тг./ өткізілуде.

- «Шығыс-Самғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірігіп азық-түліктің бағаларын тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, кенттің 14 дүкенімен арзандатылған бағамен азық-түлік сату туралы меморандумдар жасалды. 2012 жылы кентке -10540кг. картоп, 1585кг.- қырыққабат, 956 кг.-сәбіз, 4215 кг-қант, 1856 кг.-күріш және 750 литр рафинадталған өсімдік майы әкелінді.

Азық-түлік бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг жүргізу үшін жауапты маман тағайындалып, баға туралы ақпарат кәсіперлік және ауыл шаруашылық бөліміне жіберіліп отырады.

Кентте «Ардагер» атты әлеуметтік бөлім және «Футмастер» атты дүкен тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арнап жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылары, 1-3 топ мүгедектері. Бұл бөлімде базар бағаларынан төмен бағамен азық-түлік сатылады.

«Сыбаға» атты ет сататын дүңгіршек 2008 жылы желтоқсан айында ашылды. Бұл жерде үнемі сиыр еті, қой еті белгіленген бағамен сатылады.

Кентте 472 бау-бақша бар. Жаз бойы және күзде кент тұрғындары осы бау-бақшада өсірген көкеністерін кенттің дүкендерінде төмендетілген бағамен сатты; кенттегі 5 дүкен арқылы 4,5 тонна картоп, 360 килограмм сәбіз және 270 килограмм қызылша сатылды.


  1. Тұрғын-үй коммуналдық қызмет бойынша

Қазақстан Республикасының тұрғын-үй шаруашылығы бағдарламасын заман талабына жетілдіру үшін 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, 2012 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Басшысының Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауының бағдарламаларын орындау және 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары» бағдарламасы 2011 жылдың 18 ақпанында № 1158 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау мақсатында әзірленген.

Бұл бағдарлама коммуналдық инфраструктураны заман талабына сәйкес жетілдіруін қамтамасыз етеді, тұрмыстық қатынастың оңтайлы үлгісін құру және арнайы механизмдерді құрып, кондоминиумдағы тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуді және термомодернизацияға қосылуын қажет етеді.

Бұл бағдарлама бойынша жұмыс жасау Қасым Қайсенов кентінде 2011 жылдан басталды. № 6,7,8,9,10 және 14 үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, осы бағдарлама бойынша үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімдерін берген.

15 үйдің ішінен -6 үйдің төбесі жұмсақ жабындымен жабылған, су қайтарғылары қарастырылмаған. Қалған үйлердің төбелері шатырланған ішкі су қайтарғыларымен жабдықталған.

№ 11, 12,22 үйлер ұйымдастырылмаған су қайтарғыларымен жабдықталған.

2012 жылы термомодернизация бағдарламасы бойынша № 8,9 үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстарына жұмыстың келесі түрлері енгізілген:



  • темірмен қапталған шатыр орнату;

  • панел арасындағы тігістерді көрсетіп, үйлердің фасадын бояу және балкондарды қоршау;

  • баспалдақтар арасындағы терезелерді пластикалық терезелерге ауыстыру;

  • суағарлар орнату;

№ 7,10 үйлердің тұрғындарынан жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім алынды. 7 үйдің тұрғындары келісім шарттқа қолдарын қойды, жуықта жөндеу жұмыстары басталады.

Осы бағдарлама бойынша 2013 жылы № 6,14,18 үйлерге осы бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

-2012 жылы «Молодежный» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жылу жүйелері бойынша келесі жұмыстарды жасады:


  1. Жылуту насос станциясы тексерілді – диаметрі 320-1дана, к-60-200-100-1 дана, 1000 айналымдағы двигатель 1500 айналымдық двигательге ауыстырылды.

  2. Солнечная, Заводская, Южная, Юбилейная, Айтыкова көшелеріндегі диаметрі 32-50 вентильдер тексеріліп, жартылай ауыстырылды.

  3. Басқы және секциядағы диаметрі 80-нен 200-ге дейінгі 36 задвижкі тексеріліп,

диаметрі 50-ден 150-ге дейінгі 18 задвижкі ауыстырылды.

  1. № 4, №5, № 21 және № 25 үйлердің жылу жүйелерінің вентильдері тексерілді.

  2. Жылу камералары тазаланып, 18-і жөнделді.

Су құбырларында:

  1. Басқы және секциялық диаметрі -100, 8 задвижкі және диаметрі-150, 6 дана задвижка тексерілді.

  2. 10 дана өртсөндіру гидранттары тексерілді.

Кәріз құбырларында:

1. Фекальды насостар СМ-100-65-200, 3 дана тексерілді.

2. 27-дана кәріз құбырлары тазаланып,

3. 12-дана кәріз құбырлары жөнделді. Солнечный көшесіндегі 89 диаметрлік 250 жылу құбыры ауыстырылды.

- ЖМПИ «Жемчужина» жұмысшыларымен мамыр және қыркүйек айлары аралығында үйлердің жертөлелеріндегі су және жылу құбырлары ауыстырылып жөнделді. 1600 метр құбырлар, 370 дана запорлық арматура ауыстырылды, 89 диаметрлік, 100 метрден артық құбырлары жылуды сақтау үшін қапталды. Жертөледерде 50 метрден артық құбырлар пластикалық құбырларға ауыстырылды және 6,20 үйлердегі диаметрі 100мм 10 метр сыртқы кәріз құбырлары ауыстырылды. 17 үйде элеваторлық торап орнатылды. 100 метрден артық газондар қоршалды. Мамыр-маусым айларында балалар ойнайтын алаңдардағы песочниктерге құм тасылды. 3 әткеншек, 18 дана қоқыс салатын қораптар жөнделді. Кенттің 7 үйінде/9,10,11,12,17,23,14/ 95 дана подъездің шамдары ауыстырылып, аулаларға қосымша 4 жарық шамдары орнатылды. 2011 жылмен салыстырғанда ақпан айынан бастап подъезддердің және аулалардың жанған шамдарынан 30 пайызға үнемделгені белгілі болды.
3. Бюджет
- Кенттегі әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін және кент әкімдігіне 2012 жылы аудан деңгейінен 21. 353 мың теңге бөлінді, аталған қаражат 100 % толығымен игерілді.

- Жергілікті салыққа 2 017730 тг. жиналды. / Оның ішінде - мүлік салығы 1.803920 теңге, жер салығы 213810 теңге /



4. Кентті көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау
1) 2012 жылы кентті абаттандыру және көркейтуде әкімдік тарапынан көп көңіл бөлінуде. Кенттегі қоқыс төгетін 8 алаңға 21 қоқыс салатын Европалық стандарт бойынша жасалған қораптар орнатылған. 2012 жылы европалық стандартпен жасалған 10 қоқыс салатын қораптар 1 410теңгеге алынды. «Өскемен-Тәртіп» ЖШС келісім-шарт жасалып, жұмасына 4 рет шығарылып отыр. ЖШС «Өскемен-Тәртіп»-пен заңды тұлғалардың келісім-шарт жасауы туралы сұрақ шешілді.

2) «Қизатов строй» ЖШС арнайы құрылған 5 адамнан тұратын бригада кент бойынша елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсетіп, аймақтарды экологиялық сауықтыру, көгалдандыру және көркейту, қардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Күнделікті бригада жұмысшыларының күшімен 3 км. көлемінде жол жиектері қоқыстан тазартылады, көше аралығы, жол бойындағы теректердің ұзындығы қысқартылып аббатандыру жұмыстары жүргізілді. Скверлердің аумағында жол жиектерінде өскен шөптер шабылып шығарылды.

- Кентті көгалдандыру мақсатында 500 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар кентті таза ұстау мақсатында мемлекеттік кызметшілердің және кент тұрғындарының қатысуымен кент аумағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізілді. 320 тонна қоқыс шығарылып, 3 км жол жиектері әктелді.



3) – 2012 жылы кенттің 45 қаңғыбас иті жойылды.

-Кенттің жеке қосалқы шаруашылық иелеріне кент аймағында мал жаймау туралы ескертулер берілді, осыған қарамастан кент ішінде малдар қараусыз жүреді.


5. Ауылшаруашылық туралы
-2012 жылдың 1 қаңтарына:

-250 бас ірі қара,

-568 бас ұсақ мал,

-26 бас жылқы,

-3 бас шошқа бар.

- 2012 жылы төмендегідей ветеринарлық алдын алу шаралары жүргізілді.

- Сарып ауруына 394 бас ірі қара тексеріліп, 380 бас теріс нәтиже алынды, 14 бас ірі қара малы сарып ауруына шалдыққаны анықталып, осы малдармен барлық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, «Ұлан консерві» заводына тапсырылды.

- 1058 бас ұсақ мал бурцеллезге тексеріліп, теріс нәтиже алынды.

- 150 бас ірі қара лейкоз аруына тексерілді.

- 300 бас ірі қара эмкор ауруына тексерілді.

- 700 бас ұсақ мал сарып ауруына тексеріліп, теріс нәтиже аланды.

- Сібір жарасына қарсы 300 бас ірі қара мал мен 800 бас ұсақ мал егілді.

- 400 бас ірі қара туберкулез аруына тексеріліп, теріс нәтиже алынды.

2012 жылы ветеринарлық алдын алу жоспары 100 пайыз орындалды. 2012 жылы аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес ірі қараның 112 басы және 758 бас ұсақ малға жаңа үлгідегі ветеринарлық төлқұжат беріліп және екі құлағынан сырғаланып компьютерлік қорға енгізілді.


6. Білім беру және спорт
- 2012 жылы кентте 600 орындық орта мектеп қолданысқа берілді.

- Мектепте 513 оқушы оқиды.

- 398 оқушы Р.Марсеков атындағы мектепте оқиды,

- 115 оқушы Қасым Қайсенов орта мектебінде оқиды.

- орта мектепте мектепке дейінгі балаларды оқытатын шағын орталық ашылған. Бұл шағын орталықта 50 бала келеді. Мектепке дейігі оқитын балалардың саны 63.

- Былтырғы жылы мектептерді 42 түлек бітіріп шығып, оның 21 жоғарғы оқу орнына грантқа тегін түсті, қалған түлектер колледждер мен ақылы жоғарғы оқу орындарында оқиды.

- Кент бойынша бірыңғай ұлттық тестілеудің(ҰБТ) орта балы 91,1 ҰБТ Р.Марсеков атындағы мектеп 93,6балл, ал орта мектеп 88,6 балл алды. Қазіргі уақыта 2012-13 оқу жылына оқушыларды ҰБТ дайындау жұмыстары жүргізілуде.

- Мектептерде /202- қазақ мектебі, 50 орыс мектебі/ барлығы 252 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

- «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында бойынша бұрынғы бала-бақша орналасқан ғимараттарды босату туралы Президенттің Жарлығы бойынша және аудан әкімінің ұсынысы бойынша жуықта 6 топ орны босайды. Бұл кент әкімдігінің отырған орны, зейнетақы төлеу орталығының және аудандық соттың отырған орындары. Осы мекемелер көшкеннен кейін бала-бақша толық ауқымда жұмыс жасайтын болады.

- «Аленушка» бала-бақшасы 12 топтық 280 балаға арналған типтік ғимаратта орналасқан. Бүгінгі күнде балабақшада 7 топ бар, 168 бала келеді.



- Мектептерде және бала-бақшада жасалған жоспарға байланысты іс-шаралардың барлығы түгелдей өткізілді.

- Кентте балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт модульде орналасқан спорттық тренажерлармен кент тұрғындары арнайы жасалған кесте бойынша спортпен айналыса алады және бокс, күрес секциялары жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін волейбол, баскетбол ойнауға мүмкіншілік жасалған.

- «Ұлан ауданы бойынша ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі бойынша: бокс, дзюдо, еркін күрес, волейбол оқу-жаттықтыру сабақтары жүргізіледі. Спорт модулінде бокстан жолдастық кездесулер, аудандаралық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кентте бокстан оқу-жаттықтыру сабақтарын жүргізетін лайықты 30-50 балаға арналған бокс залы не ғимараты керек.
7. Денсаулық сақтау


  • Кенттегі дәрігерлік отбасылық амбулаторияда 3 дәрігер, 9 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Жыл бойы 18741 рет тұрғындарға қызмет көрсетілді. Сонымен қатар кентте травматолог және эндокринолог дәрігерлері тұрғындарды қабылдап оларға қызмет көрсетеді. Тіс емдейтін бөлме және жедел жәрдем көрсететін орталық жұмыс жасайды, онда 5 фельдшер, 4 фельдшер-диспетчер тұрғындарға қызмет көрсетеді.

  • Кенттегі соғыс ардагерлері мен мүгедек адамдар есепке алынып, үнемі дәрігерлердің қадағалуына алынған. Дәрігерлік отбасылық амбулаторияның отырған бөлмелері таршылық көрсетіп отырғаны халыққа белгілі. Аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімдігінің отырған мекен-жайына аурухана көшіріліп, орта мектептің ғимаратына аудан әкімдігі көшіріледі.


8. Қоғамдық ұйымдар туралы
2012 жылдың 19 қыркүегінде 16 адамнан құралған жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі құрылды. Бұл кеңестің төрағалығына тұрғындардың ұсынысы бойынша Клара Данияровна Калиева тағайындалды. Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі өздірінің ережесін жасап, атқаратын жұмыстардың жоспарларын құрып, жасалған жоспарға сәйкес өз жұмыстарын жасауда.

- Кентте 3 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды. Олар ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, және әйелдер кеңесі 2012 жылы бұл қоғамдық ұйымдардың 16 отырысы өткізілді, бұл отырыстарда ЖМПИ «Жемчужина», КММ «Молодежный», почта бөлімінің бастығының және учаскелік инспекторлардың есептері тыңдалды.

- Кентте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 жасқа толмаған азаматтарға ішімдік сатпауды тексеру үшін учаскелік инспектордың қатысуымен дүкендерді аралап рейдтер жүргізілді. Кенттің ішімдікке салынған адамдары есепке алынып, әңгімелесулер үнемі өткізіледі. 2 адам ішімдіктен емделуге жіберілді.

- Кентте 11 адамнан тұратын Қоғамдық ұйым құрылған, бұл ұйымның жасалған жұмыс жоспары бойынша, айына екі рет отырысы өткізіледі. Бұл ұйымда ІІБ түскен өтініштер қаралады.

- 2012 жылы кент әкімдігіне заңды тұлғалардан 128 сұрау, жеке тұлғалардан 86 өтініш түсті. Түскен өтініштердің түрлері:

1. үй салу үшін жер беру туралы -37,

2. гараждың жерін жеке меншікке алу туралы – 15,

3. саяжайдың құжаттарын жөндеу туралы – 3,

4. және әртүрлі тақырыпта 31 өтініш түсті.

Түскен өтініштер мен сұраулардың бәріне заңға сәйкес жауап беріліп, көмек- тер көрсетілді.

2013 жылы кентті абаттандыру мен көркейту үшін 6900тг., республикалық бюджеттен аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында кент көшелерін жөндеу үшін 8407 теңге және көшелердегі жарықтарды жөндеп, техникалық қызмет көрсету үшін 2 млн.теңге бөлініп отыр.

2012 жылдың 3 ақпанында тұрғындарының алдында кент әкімінің есеп беру жиыны өткен болатын. Бұл есепті жиында төмендегі сұрақтар көтерілген:

1) пәтерлердегі жылу температурасын реттеуге болама?



2) кент үйлері мен көшелерінің атаулары жазылған көрсеткіштер қашан ілінеді?

3) жедел жәрдемнің көлігін қоятын гараж мәселесі қашан шешіледі?

Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында

113.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Қайсым Қайсенов кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Молодежный кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына өзіміздерінің қосып жатқ

96.24kb.

25 12 2014
1 стр.


Тарғын ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес сіздерге 2012 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2013 жылда атқарылатын жұмыстар жайлы өз есебімді назарларыңызға ұсынамын

148.67kb.

14 12 2014
1 стр.


Таврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есептері биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығының ұранымен өтуде

109.36kb.

12 10 2014
1 стр.


Өскемен ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Қайырлы күн, құрметті ауылдастар!

Сіздерге мәлім. Бүгінгі күні мен Сіздерге өткен жылда қандай жетістіктерге жеткеніміз туралы, алдымыздағы келер жылда, яғни 2013жылы қандай жұмыстар атқару керектігі және де сіздер

101.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Огневка кенті әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті Огневка кентінің тұрғындары, шақырғандылар!

Бүл жауапкершілік, сындарлы әнгіме және сұрақтарды сапалы шешімдерді болжамдайды. 2010 жылдың бойында кенттін активы, округ тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ағымды проблемалар ж

167.13kb.

08 10 2014
1 стр.


Гагарин ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Биылғы жылы Қазақстан Кедендік және Евроазиялық Одақтың 3 мүшесінің бipi болды, соның арқасында өзi үшін өзінің дамуына жаңа мүмкіншіліктер ашты. Өз дамуындағы табыстары көптеген х

109.66kb.

14 10 2014
1 стр.


Айыртау ауылық округі әкімінің 2012 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!

Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есебі жүреді

143.97kb.

25 12 2014
1 стр.