Күні: 26.11.12 Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы: ХІХғ Іж Қазақстанның саяси жағдайы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бөкей ордасындағы 1836-1837ж көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу; 1812 ж. соғыс туралы хабарды қазақтардың қалай қарсы алғанын және қатысуын түсіндіру. Ұрысқа қатысқандар туралы мәлімет алу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көре білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істеріне талдау жасауға баулу
Тәрбиелілік: Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие. Патриоттық адамгершілік тәрбиесін беру.Ұлтжандылыққа,Отансүйгіштікке,достыққа,ұлтаралық достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ көрнекілігі: кестелер, тірек сызбалар
. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назарларын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны 1.Қазақтардың Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы.Жәңгір хан. 2.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер. 3.Жәңгір ханның мәдени-ағартушылық қызметі. 4.Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.
XVIII—
XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.
-
Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.
-
Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.
-
Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.
-
Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті.Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.
ІV.Сабақты бекіту: 1.Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшуінің негізгі себептерін атап шығыңдар? 2.Жәңгір хан басқарып тұрған жылдары елеулі өзгерістер болды? 3.Хан қандай мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді? 4.Жайықтың оң жағасына өту үрдісі қалай жүрді?
1. 1812 ж. Отан соғысына қатысқан елдерді ата?
2. 1812 ж. Отан қорғау туралы үндеу жариялаған орыс патшасы кім?
3. Отан соғысы кезінде екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан кім?
4. Бородино шайқасы қашан болды?
5. Хорунжий атағы кімге берілді?
6. 3-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталған кім?
7. Сеславиннің партизандық тобында болған кім?
V.Үйге тапсырма: ХІХғ Іж Қазақстанның саяси жағдайы
1 вариант.
1.Ресей мемлекетіне қауіп төнгендігі туралы жарлық қашан қабылданды?
2.Бородино шайқасы қашан болды?
3.Шоқынған қазақ кім?
4.Азиялық амурлар деп француздар кімдерді атаған?
5.Қазақтарды жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған?
ІІ вариант
1.Хорунжий атағын алған кімдер?
2.Күміс медальмен марапатталған кім?
3.Орынбор шебіне өткен қазақтар саны?
4.Екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан кім?
5.Рамоново түбінде шайқасқан, ерлік көрсеткен кім?
ІІІвариант
1.Отан соғысы қашан болды?
2.1853ж. Перовскийдің қоқандықтарына
3.Қасиетті Анна орденінің иегері кім?
4.Тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына қанша сом жинады?
5.Георгий орденінің кавалері кім?
VI. Бағалау
.