Күні: 14.01.13 Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 8 Тақырыбы: Қазақстардың ХІХғ І ж дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
Мақсаты:
1. Қандай ұлттық мерекелер мен ойындарды білеміз,олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеу. Қазақтардың денсаулығы, халық емшілері, атақты қазақ спортшылары жайлы түсінік беру. 2.Ұлттық мерекелер, ойындар, спорттық жарыстар туралы білімдерді игерту, ұлттық өнерге қызығушылықтарын ояту. Анализ, синтез жасап, баға беруге талпындыру.
3.Ұлттық мерекелер, ойындар, спорттық жарыстарды білуге, халқының ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді игерту сабағы
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының элементтерін пайдалану; оқулықпен жұмыс,іздену, талдау, баяндау, ойын.
Көрнекіліктер:тірек сызбалар, көркем суреттер. Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа білімдерді игерту.
3.Ой толғаныс.
А) денсаулық туралы мақал-мәтелдердегі жоқ сөздерді табу. . . . жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ. (аурудың ) . . . батпандап кіріп, мысқалдап шығады.(ауру) Тазалық . . . негізі,
Саулық байлық негізі.(саулық) . . . ем іздегенше ,
Ауырмайтын жол ізде.(Ауырып) Денің сау болса,
. . . деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.(жарлымын) б) Тарихи басқатырма(әр топқа 2 сұрақ беріледі)
Әріптерді дұрыс қойып тақырыпқа байланысты сөздерді тап
1) ЙКАГЕЛӨ – Айгөлек
НАСАБЙОТ – Сабан той 2) ҚАЙҮСКЕ – Ақсүйек
ҚЫМОТАҚУҒ – Тоқым қағу 3) ПКӨАРК – Көкпар
ЫМЫҚЗРҰНЫҚЫД – Қымызмұрындық 4. ДАРУПСЫАҚА – Аударыспақ
УНАЫРЗ – Наурыз 5. ТЛАБЫАНАҚ – Алтыбақан
ЛІШЕДАНХА – Шілдехана в) Жоқ дыбыстарды тап (Әр топқа бір сұрақтан таратып беру)
Т…п – халық емшілері (тәуіп)
С….қ – киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым (сандық)
Т….қ – теріден жасалған сусын құятын ыдыc (торсық)
О…ы – хирург (оташы)
К….е – киіз үйдің негізі,қаңқасы (кереге) г) жетпей тұрған сөздерді толықтыр
Жарақат алған адамның жарасының қанын тоқтату және жараның күшейіп, асқынып кетпеуі үшін дезинфекция ретінде оған … … және … … … кеңінен пайдалана білген.(күл сепкен және киіз күйдіріп басқан) ІІІ .Сабақты бекіту.
А) «Қазақ халқының ұлттық ойындары мен мерекелері» – бейне таспаны көру
В) «Жүзік салу» ойынын ойнау С) «Жылқыға жем беру» ауызша есеп
Д) Блиц сұрақтар
1»Наурыз» сөзі парсы тілінде қандай мағына береді?
2. Наурыз көже қалай пісіріледі?
3 Халық арасында кең тараған спорт жарысының бір түрі
4. Биенің сүтіне жасалған қазақтың сүйікті сусыны
5. Мұсылмандардың жаңа жылы
6. Ат жарысы
7. Ақындар сайысы
8. Түйе сүтінен жасалған сусын
9. Төрт түлік малға не жатады?
10. Тоқым қағу деген не?
ІV.Қорытындылау.
V.Үйге тапсырма
Тест жұмысы.
1. Ең сұрапыл жұт қай жылы болған?
А) 1908 жылы; В) 1880жылы; С) 1878 жылы
2. Табиғи шипалы шөптермен емдейтіндерді кім деп атаған?
А) тәуіптер
В) дәргер
С) оташы
3. Томск губерниясының губернаторы Супрунюк әр жаз сайын немен емделген?
А) тұзды сумен
В) дәрілік шөптермен
С) қымызбен
4. Бұрын ренжісіп қалған адамдар қай кезде татуласқан?
А) құрбан айт мерекесінде
В) наурызда
С) туған күнде
5. Төмендегі кімді Балуан Шолақ деп атаған?
А) Нұрмағанбет Баймырзаұлы
В) Қажымұқан Мұңайтпасұлы
С) Жанжігіт Нұрмағанбетұлы
6. Бір пұт неше килограмға тең?
А) 10кг
В) 12кг
С) 16кг
7. Ауыл кімдерден құралды?
А) әр түрлі рулардан
В) ең жақын туыстардан
С) бірнеше ұлттардан
8. Төмендегі ойындардың ішінде қайсысы балалар ойыны?
А) айгөлек
В) көкпар
С) ақсүйек
9. Қазақ жылқысы қандай болып келеді?
А) аяқтары қысқа, мәстек
В) биік бойлы, сымбатты
С) тұрқы аласа, кеуделі
10. Нешінші ғасырдан бастап қазақтар төбесі екі жақты беткейлі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді?
А) XІX ғасырдың басында
В) XІX ғасырдың соңында
С) XVІІІ ғасырдың аяғында