Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 3.12.12 Сабақтың тақырыбы: Жапония , Иран
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыға Жапония халқының өзіндік-ерекшелігімен және экономикалық, ауыл шаруашылық, қолөнер салаларының дамуымен таныстырып, 17ғасырдағы Ирандағы Сефевид мемлекеті,Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы жағыдайы және иранда Каджар әулетінің билікке келуі туралы баяндау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымен, өз бетімен ойлау қабілетін білімдерін,жан-жақтылығын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ көрнекілігі: :Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар
. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назарларын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жоңғар хандығы Сұрақтар:
1. Жоңғар хандығының құрылуы. 2.Жоңғар хандығының саяси-әлеуметтік дамуы. 3.Жоңғарлардың басқыншылық соғыстары 4.Жоңғар хандығының Қытаймен,Ресеймен,Қазақ хандығымен жүргізген саясаты 5.Жоңғар хандығының күйреуі. ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны 1.17ғ Жапонияның саяси-әлеуметтік жағдайы. 2.Токугава сегунатының сыртқы саясаты. 3.Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі
1. 17ғ Жапонияның саяси-әлеуметтік жағдайы.16ғ соңында Жапония мемлекетінің билеушісі-император мемлекет ісіне көп араласпайтын.Барлық билік әскери адамдар-сегундардың (сегун-әскери қолбасшысы) қолында болды.17ғ басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды, ал жапондық император (микадо) тек қана атаққа ие басқарушы болып қала берді.Сегундық билік атадан балаға мұрагерлікпен беріліп отырды.Сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-кос-се» сословиелік жүйесімен сипатталды.Си-самурайлар, но-шаруалар, ко-қолөнершілер және се-саудагерлер.Сословиелік топтардың ең жоғарғысы –си сословиелік ең бай топтар мен сегундар кірді.Жапонияда ең ірі бай феодалды дайме деп атады.Ал Киотодағы императорға айналысындағы ақсүйектер кугэ деп аталды. Ең ірі қалалар Эдо,Осако,Киото,Нагоя,Нагасаки,Хаката
.Иранда Каджар әулетінің билікке келуі. Феодалдық топтардың арасындағы өкімет билігі үшін бақталастық күрес ұзақ уақытқа созылды.Тек 18ғ соңында ғана Иранда Каджар әулетінің билігі орнады.1796ж Иран шахы болып Аға Мұхаммед хан тағайындалды.Ирандағы Каджар әулетінің астанасы Тегеран қаласы болды.Иран жері әкімшілік жағынан вилаеттер мен эялеттерге бөлінді.Вилаеттерді шах тағайындаған хакімдер басқарды.Ал эялеттер көлемі жағынан өте үлкен аймақтар болғандықтан, олардың қолындағы билік пен құқық та үлкен еді.Сондықтан эялеттердің басында шахтың мұрагерлері шахзадалар отырды.вилаеттер мен эялет билеушілерінің дербес биліктері шексіз болды.Олардың өз жасақтары өз ақшалары болды.Олар салықты өдері жинап,қылмыскерлерге өздері жаза қолданып,өздері соттады.
ІV.Қорытындылау 1.Сегун,сегунат түсініктерін талдаңдар? 2.Токугава сегунаты кезінде жапон қоғамы қандай таптарға бөлінді? 3.Токугава сегунаты неліктен «жабық есік» саясатын ұстанды? 4.Жапонияда қандай діндер болды,олардың атқарған қызметін атаңдар? 1.иранда 17-18ғасырларда феодалдық жер иеленудің қандай түрі болды? 2.Нәдір шах қандай елдерге басқыншылық жорықтар жасады? 3.Каджар әулеті билікке қашан, қалай келді? 4.Иранда мұсылман дінінің ықпалы қандай болды?
V.Үйге тапсырма:17-18ғғ Иран.Жапония мемлекеттері
VI. Бағалау.