Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 8 «г»
Күні:29.10.12.
Сабақтың тақырыбы: Е.Пугачев шаруалар көтеріліс мен С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі
Сабақтың мақсаты: Жалпы тарих курсындағы осы тақырыпты еске түсіріп,қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуының себептері мен негізгі кезеңдерін қарастыру,Қазақстан аумағында болған отаршылдыққа қарсы аса ірі бас көтерулердің бірінің тарихы жөнінде әңгімелеу,Оларға көтерілістің ерекшеліктерін, С.Датұлының жеке басының осы кезеңдегі саяси оқиғаларға тікелей әсерін,көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру; ; Тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету,мақсатқа жете білуге тәрбиелеу;; Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі:Е.Пугачев пен С.Датұлы бастаған көтеріліс карталары, тірек-сызбалар, кестелер,көркем суреттер. Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (кесте арқылы) ІІІ.Жаңа сабақ
Жоспар:
1.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы 2.С.Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Кестемен жұмыс
Жаңа сабақ:
Кіші және Орта жүз қазақтарының шаруалап көтерілісіне қатысу кезеңдері
Кіші жүз қазақтарының көтеріліс 3 кезеңге бөлінеді:
1.Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта тартылуы (1773ж қыркүйек-1774ж наурыз)
2.Көтерілістің кең жайылуы (1774ж наурыз-1774күз)
3.Қозғалыстың саябырлап басылуы (1775ж қыркүйек-1776ж ақпан)
Орта жүз қазақтары көтерілісінің 3 кезеңі:
1.Пугачев шабармандарының Орта жүзді аралап,көтеріліске шақыруы (1773ж қыркүйек-1774ж сәуір)
2.Орта жүз жасақтарының жоғарғы Жайық және Ой бекіністері төңірегінде Пугачев күштерін қолдауы (1774ж сәуір-маусым)
3.Орта жүз қазақтарының Ертіс және Оңтүстік Сібірдегі әскери шептерге қауіп төндіруі (1774ж жазы-1776ж)
Кіріспе
1.Сырым Датұлы басқарған көтерілістің алғы шарттары
2.Көтерілістің басты мақсаты
3.Патша Үкіметінің көтерілісті бастауы
4. Нұралы ханның Патша Үкіметін ашық қолдағаны үшін
І. 1785 жылы тақтан түсті. ІІ. 1786 жылы Уфаға жер аударылды.
ІІІ.1790 жылы сонда дүние салды.
5. Кіші жүздегі Қазақ шаруалары көтерілісі кезіндегі басты оқиғалары
6. Көтерілістің жеңілу себептері
1. Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы
2. Қару-жарақтың аздығы
3. Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі
4. Патша Үкіметіне қарсы күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу
7. Көтерілістің нәтижесі
1.1801 жылы Патша Үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюына рұқсат берді.
8.Тестпен жұмыс
1. Старшындардың съезі қай жылы өтті?
А. 1786 жыл Б.1787 жыл С. 1788 жыл Д.1789 жыл
2. О.Игельстром Хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды
А. 1788 жыл Б.1786 жыл С. 1781 жыл Д.1782 жыл
3.Қай жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды?
А. 1798 жыл Б.1799 жыл С. 1797 жыл Д.1789 жыл
4. Ералы сұлтан Кіші Жүздің ханы болып, қай жылы сайланды?
А. 1792 жыл Б.1793 жыл С. 1794 жыл Д.1791 жыл
5.Ішкі Орда қай жылы құрылды?
А. 1802 жыл Б.1803 жыл С. 1801 жыл Д.1804 жыл
IV.Жаңа сабақты бекіту
Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісімен С.Датұлы басқарған 1783-1797 жылдардағы көтерілісті салыстыру.
V. Қорытынды
1. С.Датұлы бойында тұлғалық қандай қасиеттер болды?
2. Халық өзінің С.Датұлын не үшін құрметтеп сыйлады?
3. Көтерілістің тарихи маңызы неде?
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма: Кесте толтыру
|
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы (оған қазақтардың қатысуы)
|
С.Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
|
Жылдар
Себептері
Басталған уақыты
Көтеріліс аумағы
Басшылары
Қозғаушы күштері мен ерекшеліктері
Жеңілу себептері
Тарихи маңызы
|
|
|