Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сынып: 5 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша деректер

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты:

Сабақта оқу материалын 63% оқушылардың нормативтік талаптарды меңгеруі.



Білімділік: Оқушылар жазу тарихы, алфавиттің (әліпбидің) пайда болу тарихымен танысып, тарихи оқиғалардың, жеке тұлғалардың қағаз бетіне түскен жазбаша деректері туралы білімдерді игереді.

Дамытушылық: Жылдамдық, логикалық және сыни ойлауды, сөздік қор, ақпараттық құзырлықты дамыту. Табысты адам критерийі ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықты ояту және ынталандыру.

Тәрбиелік: Оқушылар жазбаша тарихи деректердің құндылығын түсінеді.

Үстеме міндет: Технологиялық картаның тәртібін сақтау.

Әдіс-тәсілдер: Карта және тірек сөздермен жұмыс, мәтінді оқу, қарама-қарсы сұрақ қою, сыни тұрғыдағы сұрақтар, тақырыптық сөздік қор жазу.

Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру және алғашқы бекіту сабағы. 1 тип. Технологиялық карта: «Ауызша сабақ –1» картасы. Сергіту сәті>оқушылардың субъективті белсенділігін өзектендіру>қабылдауды ұйымдастыру>ұғынуды ұйымдастыру>алғашқы түсінікті бекіту>алғашқы бекітуді ұйымдастыру>талдау>рефлексия.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Карта, ООМ (отырғызу орындарының матрицасы), тірек сөздер, тест, схема-жіктемелік, атаулар, даталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті.

Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.

ІІ. Оқушылардың субъективті белсенділігін өзектендіру. Өткен екі тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Материалды меңгеру орынға отырғызу матрицасы бойынша тексеріледі. Бірінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

Қарама – қарсы сұрақтар

1. Жаңа пән қалай аталады? Қазақстан тарихынан әңгімелер.

2. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді? «Зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме», «білім» деген мағынаны білдіреді.

3. Тарих ғылымы нені зерттейді? Адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейді.

4. «Тарихтың атасы» деп кімдерді атаймыз, неліктен? Геродот пен Сыма Цяньды. Себебі, жазба тарихтың негізін салған Батыс пен Шығыстың тарихшылары.

5. Шежірешілер деп кімдерді атаймыз? Шежірешілер ежелгі дүниеде тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отырған.

6. Жылнамашылар деп кімдерді атаймыз? Болған оқиғаларды жазып отырған.

7. Тарихты оқып білу бізге не үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет.

8. Жалпы тарих қандай бөлімдерден тұрады? Неліктен Қазақстан тарихы жалпы тарихтың бір бөлігі деп есептелінеді. «Дүниежүзі тарихы» пәнінде әлем мемлекеттері мен халықтарының тарихы оқытылады. Бұл пәннен жер шарын мекендеген елдердің көне заманнан бүгінге дейінгі өмір жолы оқытылады. Дүниежүзіндегі адамзат сонау ежелгі заманнан бері бір-бірімен араласып, өзара байланыста өмір сүріп келді. Демек, Қазақстан тарихы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі.

9. Жазба тарихтың негізін салушы: Геродот

10. Қазақстан тарихы қанша кезеңге бөлінеді? Төрт

11. Тарихи дерек түрлерін ата? Ауызша және жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық дерек көздері болып бөлінеді.

12. Ауызша деректерге не жатады? Тарихи аңыз-шежірелер, жыр-эпостар, ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер және салт-дәстүр жырлары.

13. Ауызша деректердің тарихты жазудағы маңыздылығы туралы тақырып материалы бойынша бір дәлел келтір. Ежелгі грек ақыны Гомер жырлаған «Илиаданың» мазмұнына сүйене отырып неміс археологы Генрих Шлиман 1873 жылы атақты Троя қаласының орнын тапты.

14. Жазбаша тарихи деректерге не жатады? Патшалар мен әкімдердің заңдары; мемлекеттік және сауда құжаттары; жылнамашылардың, әр заманда өмір сүрген тарихшылардың жазбалары;әр түрлі әдеби шығармалар.

15. Археологиялық деректерге нелерді жатқызамыз? Ежелгі адамдардың тұрғын үй қалдықтары, тұтынған бұйымдары мен жерлеу құрылыстарын жатқызамыз.

16. Этнографиялық деректерге нелерді жатқызамыз? Аңыз, шежірелер, мереке-мейрамы, жиын-тойы, тұрмысы, дүниетанымы, шығу тегі туралы деректерді жатқызамыз.

17. Ертеде адамдар жазуды қалай жазған? Сазбалшыққа жазу жазар алдында оны жақсылап илеп, содан кейін балшық тақтайшаға үшкір таяқшаны батырып, сына тәрізді сызықшалар салған.

18. Қазба кезінде табылған заттарға қарап, ертедегі адамдардың өмірі мен тұрмысы туралы не білуге болады? Ертедегі адамдардың немен айналысқанын біле алады.

19. Алғашқы кітаптар қалай және неден жасалады? Папирус деген не? «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген мақалды қалай түсінесің? Алғашқы кітаптар сазбалшықтан жасалған. Папирус Ніл өзенінің таяз жерінде өсетін биіктігі 4-5 метр папирус қамысы. Осы қамыс сабағынан дайындалған парақтарды папирус деп атаған. Кітаптан біз көп білім аламыз.

20. Египеттегі папирус сияқты білім көзі болатын тағы қандай жазба ескерткіштерді білесің? Ежелгі Египеттегі иероглифтер деп аталған таңба-сурет жазулар. Иероглиф Қытай мен Жапон елдерінде қазірге дейін пайдаланылады.

21. Қазақ шежіресі туралы айтып бер. Қазақ шежіресі – тарих. Әрбір рубасы, сыйлы қазақ өзінің руының шежіресін толық біледі.

22. «Авеста» – ежелгі халықтардың діни нанымдары туралы қандай мағлұмат береді? «Авеста» – ең көне кітаптар жинағы. Бастапқыда бұл еңбек 21 кітаптан тұрған. Бүгінгі күнге оның төрттен бірі ғана жеткен. «Авеста» кітабы Заратуштра пайғамбардың рухани ілімі. Мұнда Құдайға арналған мадақ пен құлшылық уағыздары жазылған. Заратуштра жер мен адамзатты жаратушы және иесі жалғыз Құдай деп түсіндіреді. Оның осы діни өсиеттері кейінірек «Авеста» деген атпен жинақ болып шығады. «Авестада» айтылған оқиғалар ертедегі түркі халықтарының эпосында орын алып, бүкіл мұсылман елдеріне (Қазақстан мен Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Ауғанстан және басқа жерлерге) таралған.

23. Жазба деректі ата: Заңдар

24. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды? Троя

25. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы. Этнография.

26. Антропология дегеніміз не? Адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы.

27. Нумизматика дегеніміз не? Тиындар, құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер (мысалы, тиын мөрлер, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән.

28. Геральдика дегеніміз не? Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні.

29. Археологиялық деректер дегеніміз не? Ежелгі адамдардың тұрғын үй қалдықтары, тұтынған бұйымдары мен жерлеу құрылыстары, т.б.

30. Пергамент дегеніміз не? Малдың терісінен мұқият өңделген, жазуға ыңғайлы материалды атайды.

ІІІ. Қабылдауды ұйымдастыру. Екінші белгі. Есте сақтау нормативі. 14 сөзге – 1 минут 15 секунд.

Тірек сөздер 14.

1. Иероглиф 8. Латын алфавиті

2. Жазу 9. Кирилл әліппесі

3. Пиктография 10. Қытайлықтар

4. Шумер сына жазуы 11. Иоганн Гутенберг

5. Финикиялықтар 12. Жылнама

6. Сына жазуы 13. Тарихи еңбектер

7. Араб жазуы 14. «Күлтегін жазуы»

1. Иероглиф – жазудың бір түрі. Оның таңбалары ретінде заттың, өсімдіктің, жануарлардың, құстың суреті қолданылған.

2. Жазу – адамның ойын, пікірін білдіретін таңбалар жүйесі.

3. Пиктография – тасқа, қышқа жазылған сурет жазулары.

4. Шумер сына жазуы – бізге белгілі тарихтағы ең көне жазу үлгісі.

5. Финикиялықтар – Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы теңізде жүзушілер.

6. Сына жазуы – Ежелгі Түріктер б.з-дың VІ-VІІІ ғасырларында пайдаланған.

7. Араб жазуы – Б.з-дың Х ғасырынан бастап, Ислам дінінің орнығуымен тарады.

8. Латын алфавиті – Кеңес өкіметінің ықпалымен араб алфавитінен 1929 ж. көшірілді.

9. Кирилл әліппесі – Бүгінгі өзіміз жазып жүрген 1940 жылы енгізілді.

10. Қытайлықтар – Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар.

11. Иоганн Гутенберг – Кітап басуды жеңілдетуді Еуропада ХV ғ.ашқан неміс шебері.

12. Жылнама – жазбаша тарихи кітап.

13. Тарихи еңбектер – Тарихи оқиғаларды жүйелеп, кезең-кезеңімен жазу басталды.

14. «Күлтегін жазуы» - Орхон-Енисей өзендері бойынан табылған жазу.

ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. 1-бетке 3 минут уақыт беріледі.

V. Алғашқы түсінікті ұйымдастыру. Қарама-қарсы сұрақтар. Оқушылар ООМ бойынша, ретсіз, сабақ материалы негізінде және тірек сөздерді кіріктіре отыра сұралады. Үшінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

Қарама – қарсы сұрақтар 30.

1. Ертеде адамдарға жазу неліктен қажет болды? Жазу ең алдымен хабар беру қызметін атқарды.

2. Пиктография дегеніміз не? Тасқа, қышқа жазылған сурет жазулары.

3. Иероглиф дегеніміз не? Таңба-сурет жазуы.

4. Алфавит (әліпби) қалай дүниеге келген? Ең алғашқы алфавитті бұдан үш жарым мың жыл бұрын финикиялықтар ойлап тапты.

5. Пергамент деген сөзге анықтама бер. Малдың терісінен мұқият өңделген, жазуға ыңғайлы материалды атайды.

6. Папирус деген сөзге анықтама бер. Папирус Ніл өзенінің таяз жерінде өсетін биіктігі 4-5 метр папирус қамысы.

7. Көне заманнан бізге дейін жеткен қандай жазбаша тарихи деректерді білесің? Геродоттың «Тарих» еңбегі, Вавилон (Бабыл) патшасы Хаммурапидің тасқа жазып қалдырған «Хаммурапи заңдары», Орхон-Енисей өзендері бойынан табылған «Күлтегін жазуы» жатады. Парсы патшасы Дарийдің бұйыруымен жазылған «Бехистун жазбалары» (Бехистун жартасы Иранның батыс шекарасына жақын орналасқан) да аса құнды тарихи жазба деректер.

8. Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды? Сына жазуы.

9. Ахмет Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді? Араб.

10. Халқымыздың тарихынан сыр шертетін шежірелерді жазған кімдер? Мұхаммед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы.

11. «Шежіреші» деп кімді атаған? Қазақта ру-тайпа, жүз және отбасының тарихын ауызша таратып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін адамды атаған.

12. Шежірешіні сөзінің баламасы? Тарихшы деуге болады.

13. Әрбір қазақ өз шежіресін жатқа біліп, неше атасын білу міндетті болған? Жеті атасын. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деген ұлағатты ұғым содан қалған.

14. Ең алғашқы жылнамаларды осыдан төрт жарым мың жыл бұрын кімдер қалдырған? Египет (Мысыр) патшалары тасап қашап жаздырған.

15. Жазбаша тарихты тұңғыш рет қағаз бетіне түсіргендер кімдер? Жылнамашылар.

16. Ежелгі Египетте жазу құралы ретінде Ніл өзенінің таяз жерлерінде өсетін ағаш тәрізді өсімдік атауы? Папирус.

17. Пергам патшалығында жазу құралы ретінде мал терісінен не жасалды? Пергамент.

18. Еуропада қағазды қай ғасырдан бастап пайдалана бастады? ХІІІ ғасырдан.

19. Еуропада ХV ғасырда кітап басу жолын ашқан неміс шеберін ата? Иоганн Гутенберг.

20. Адамдар ең алғаш қағазға қашан жаза бастады? Б.з-дың ІІ ғасырынан бастап.

21. Б.з-дың Х ғасырынан бастап, ислам дінінің орнығуымен Қазақ даласында қандай жазу кеңінен тарады? Араб жазуы.

22. Араб алфавиті 1929 жылы қай алфавитке көшірілді? Латын алфавитіне.

23. Кирилл әліппесі қай жылы енгізілді? 1940 жылы.

24. Б.з.б. V-ІV ғасырларға жататын «Алтын киімді адам» жерленген Есік обасынан табылған күміс тостағанда неше таңба бар? 26 таңба-жазуы бар.

25. Қазіргі қолданып жүрген әріптерді ойлап тапқан кімдер? Гректер.

26. Финикиялықтардың ойлап тапқан алфавитінің ерекшелігі неде? Онда Дауысты дыбыстар болмаған.

27. Тарихтағы ең көне жазу үлгісі – Шумер сына жазуы пайда болды? Суреттер мен шартты белгілер негізінде б.з.б. ІV мыңжылдықтың ортасында Евфрат және Тигр өзендерінің аралығында пайда болды.

28. Тасқа, қышқа жазылған сурет жазулардың атауы? Пиктография.

29. Ең алғашқы жазу сурет, шартты белгілер түрінде қашан пайда болды? Бұдан бес мың жыл бұрын.

30. Сурет-жазудың ерекше дамыған түрі? Иероглиф.

VІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сыни тұрғыдағы сұрақтар. Оқушылар ООМ бойынша, ретсіз, сабақ материалы негізінде және тірек сөздерді кіріктіре отыра сұралады. Төртінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

Сыни тұрғыдағы сұрақтар 30.

1. Ең алғашқы алфавитті бұдан үш жарым мың жыл бұрын Мидиялықтар, Ассириялықтар, Вавилондықтар ойлап тапты. Жауабы: Финикиялықтар.

2. Аңшылар мен балықшылар сурет-жазуды темір, мыстытас, қола дәуірінің өзінде пайданды. Жауабы: Тас дәуірінде.

3. Тарихтағы ең көне жазу үлгісі – Аккад, Шумер, Хетт сына жазуы. Жауабы: Шумер сына жазуы.+

4. Есік қорғанынан табылған күміс тостағанда 35, 14, 22 таңба-жазу болды. Жауабы: 26 таңба-жазу.

5. Б.з-дың Х ғасырынан бастап Қазақ даласына парсы, қыпшақ, ұйғыр жазуы кең тарай бастады? Жауабы: Араб жазуы.

6. Қамыс сабағынан дайындалған парақ пергамент, қабық сауаты, қайың қабығы деп атаған. Жауабы: Папирус.

7. Ахмет Байтұрсынов латын, кириллица, араб алфавитін жетілдірді? Жауабы: Араб алфавиті.+

8. Орхон-Енисей өзендері бойынан Тоныкөк, Бабыл, Бехистун жазулары табылды. Жауабы: «Күлтегін жазуы».

9. Еуропада неміс шебері Иоганн Гутенберг кітап басуды ХІІІ, ХVІІ, ХІV ғасырда ашты.

Жауабы: ХV ғасырда.

10. Ең алғаш қағазды Мысырлықтар, Гректер, Финикиялықтар ойлап тапты. Жауабы: Қытайлықтар.

11. Араб алфавиті 1928, 1940, 1921 жылы латын алфавитіне көшірілді. Жауабы: 1929 жылы.

12. Ежелгі түріктер ұйғыр,иероглиф, сына жазуды пайдаланды. Жауабы: Сына жазуын.+

13. Қазіргі қолданып жүрген әріптерді римдіктер, бабылдықтар, мысырлықтар ойлап тапты. Жауабы: Гректер.

14. 1940 жылы араб, латын, кирилл алфавиті енгізілді. Жауабы: Кирилл әліппесі. +

15. Малдың терісінен мұқият өңделген, жазуға ыңғайлы материал сазбалшық, қайың қабығы, папирус деп аталады. Жауабы: Пергамент.

16. Сурет-жазудың ерекше дамыған түрі – иероглиф, пиктография, сына жазу болып табылады. Жауабы: Иероглиф (грекше – қасиетті жазу). +

17. Жазбаша тарихты тұңғыш рет қағаз бетіне шежірешілер, тарихшылар, жыршылар болды. Жауабы: Жылнамашылар.

18. «Бехистун жазбалары» араб, грек, вавилон паишасының бұйыруымен жазылды. Жауабы: Парсы патшасы.

19. «Хаммурапи заңдарын» Ур, Вавилон, Ниневия патшасы тасқа жазып қалдырды. Жауабы: Вавилон патшасы Хаммурапи. +

20. Адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар жүйесі оқу, сызу, бейнелеу деп аталады. Жауабы: Жазу.

21. Аңшылар мен балықшылар сурет-жазуды тас, қола, темір дәуірінің өзінде пайдаланды. Жауабы: Тас дәуірінде. +

22. «Тарих» еңбегін Сыма Цянь, М.Х.Дулати, Қ.Жалайыри жазды. Жауабы: Геродот.

23. Египеттіктер Ніл өзенінің таяз жерінде өсетін биіктігі 4-5 метр пергамент, қайың қыбығын, сазбалшықты жазу үшін қолданған. Жауабы: Папирус.

24. Халықтың шығу тегін, таралуын тарих, әңгіме, аңыз баяндайды. Жауабы: Шежіре.

25. Иероглиф қазірге дейін Қытай, Египет, Иран елдерінде пайдаланылады. Жауабы: Қытайда. +

26. Тасқа, қышқа жазылған сурет жазу иероглиф, сына, ұлттық жазу деп аталады.. Жауабы: Пиктография.

27.Ежелгі Русьте сына, иероглиф, қабық сауыты жазу дәстүрі кеңінен тараған. Жауабы: Қайың қабығына жазу. +

28. Археологтар Ассирияның астанасы Ниневия қаласын қазған кезде шамамен, 25, 10, 30 мың «кітаптан» тұратын кіатпхана кездестірген. Жауабы: 20 мың.

29. Ресейдің Киев, Псков, Суздаль қалаларына қазба жұмысын жүргізген ғалымдар қайың қабығына жазылған жазуды тапты. Жауабы: Новгород қаласынан.

30. Жазу үшін қолданылған папирус қамысы Тигр, Ніл, Евфрат өзендерінің таяз жерінде өсетін. Жауабы: Ніл өзенінде. +

VІІ. Талдау. 5 минут. Өткен тақырып аясында шағын шығарма негізінде тақырыптық сөздік қор жазылады. Бесінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады. 5 сыныптарда сөздік қордың нормативі 50 сөз.

VІІІ. Рефлексия. 1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін есепке ала отырып берілген тақырып бойынша жұмысты аяқтау мерзімі болжанады.

ІХ. Келесі норматив бойынша журналға баға қойылады.

4 – 5 белгі – 5 ұпай

3 белгі – 4 ұпай Сапа нормативі:

2 белгі – 3 ұпай Оқушылардың 63%

1 белгі – 2 ұпай 5 ұпай алуға міндетті.

Х. Үйге тапсырма. 4 белгіден төмен ұпай жинаған барлық оқушыларға үй жұмысы беріледі.

? Тест жұмысы.

1. Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды?

а) ұйғыр жазуы ә) сына жазуы б) иероглиф в) пиктография

2. Ахмет Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді?

а) латын ә) кириллица б) араб в) иероглиф

* Төмендегі тақырыпшыларға әңгіме құрастырыңдар.

1. Қазақ даласындағы жазу тарихы.

2. Жазбаша тарихи деректердің құндылығы.

№ 4. Ешкімнен де кем емес. Л.Гумилев. Қиял патшалығын іздеу (Пірәдар Иоанның мемлекеті туралы аңыз). – Алматы, 1992. – 39-40бб.

Хрестоматиядан оқып келу. 8-9-беттер.

§4. Заттай деректер. (14 – 19 беттер) оқу, мазмұндау.

№ 5 сабақ

Пән: Қазақстан тарихы. 5 сынып.

Тақырып: §4. Заттай жәдігерлер. (Заттай деректер)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Сабақта оқу материалын 63% оқушылардың өз бетімен зерттеу-шығармашылық тәсілделдері арқылы меңгеруі.

Білімділік: Оқушылар археология ғылымының қалыптасуы туралы түсінік алады, археологиялық түсініктер және этнографиялық зерттеулер жайлы білімді игереді.

Дамытушылық: Оқушылардың өз еңбегінің нәтижесін анықтап және рефлексиялауға байланысты тұрақты көзқарасы қалыптасады.Жылдамдықтың, оқу техникасының көлемі пен сапасының артуы. Ойлау жылдамдығы, есте сақтау, зейінді дамыту. Табысты адам критерийі ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықты ояту және ынталандыру.

Тәрбиелік: Оқушылар археология және этнография ғылымының маңыздылығы туралы азаматтық көзқарастары қалыптасады.

Үстеме міндет: Технологиялық картаның тәртібін сақтау.

Күтілетін нәтиже: Мақсатқа жету.

Әдіс-тәсілдер: Карта, тірек сөздермен жұмыс, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақ қою, тестілеу жұмысы.

Сабақ түрі: «Ауызша сабақ –2» картасы. 2 тип. Білім мен оқу іс-әрекетін бекіту сабағы. Сергіту сәті>озық білім мен іс-әрекет белсенділігін өзектендіру>дәстүрлі және өзгерген жағдаяттарда білімді қолдану үлгілерін құрастыру>бақылау және өзіндік бақылау>түзету>рефлексия.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Карта, ООМ (отырғызу орындарының матрицасы), тірек сөздер, тест, схема-жіктемелік, атаулар, даталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Бұл картада оқушылар сабақты құрастыруға қатысуға мүмкінідк алады.

Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.

ІІ. Оқушылардың субъективті белсенділігін өзектендіру. Жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе жасалады. Балалар жаңа ұғымдар және кілттік сөздермен танысады. Оқушылар жаңа тақырыпты оқып, тірек сөздерді табады. 1-бетке 4 минут уақыт беріледі. Оқушылар бір ұғымнан көп тапқан күннің өзінде 1 ғана белгі алады. Барлық оқушылар тірек сөздерді табуға жұмылдырылады. Эталон тірек сөздерді мұғалім өзі дайындайды. Өткен екі тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Материалды меңгеру орынға отырғызу матрицасы бойынша тексеріледі. Бірінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

ІІІ. Қабылдауды ұйымдастыру. Екінші белгі. Есте сақтау нормативінің уақыты. 14 сөзге – 1 минут 15 секунд.

Тірек сөздер 14.

1. Археология 8. Этнология

2. Этнография 9. «Археологиялық ескерткіштер»

3. «Этноархеология» 10. Үш мыңдай этнос

4. Ирокез 11. Н.Н.Миклухо-Маклай

5. Б.з.б. ІV ғасыр 12. Беғазы-Дәндібай

6. «Алтын киімді адам» 13. «Мұртты» қорғандар

7. ХХ ғ. 50-90 жылдары 14. «Күн-Құдай»

1. Археология – адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым.

2. Этнография – халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрып ерекшелігін зерттейтін ғылым.

3. «Этноархеология» – ертедегі жерленген адамдардың жерлеу дәстүріне қарап, олардың діни наным-сенімдері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары туралы ғылымның бағыты.

4. Ирокез – белгілі этнограф Л.Г. Морган 27 жыл бойы арасында өмір сүріп, бірнеше кітаптар жазған солтүстікамерикалық үндіс тайпалары.

5. Б.з.б. ІV ғасыр – археология термині көне заманды зерттейтін ғылым ретінде қолданыла бастады.

6. «Алтын киімді адам» – Есік обасынан археолог Кемел Ақышев тапты.

7. ХХ ғ. 50-90 жылдары – қазақ жерінде археология ғылым ерекше дамыды.

8. Этнология – этносаралық қарым-қатынасты зерттеу болып табылады.

9. «Археологиялық ескерткіштер» – адамның қолымен жасалған заттар.

10. Үш мыңдай этнос – дүние жүзінде бар.

11. Н.Н.Миклухо-Маклай – өмірінің көпшілігін Мұхиттық аралдардың артта қалған халықтарын зерттеуге арнады.

12. Беғазы-Дәндібай – академик Әлкей Марғұлан зерттеген ескерткіш.

13. «Мұртты» қорғандар – археолог Мир Қадырбаев жарыққа шығарды.

14. «Күн-Құдай» – Таңбалытастағы ертедегі тайпалар өмірінен мәлімет беретін бейне.

ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. Қарама-қарсы сұрақтар. Оқушылар ООМ бойынша, ретсіз, сабақ материалы негізінде және тірек сөздерді кіріктіре отыра сұралады. Үшінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

Қарама – қарсы сұрақтар 30.

1. Нақты ғылыми археологиялық зерттеулер қай уақыттан жүргізіле бастады? Еуропада тек Қайта өркендеу дәуірінде (ХІV – ХV ғасырларда).

2. Дүние жүзінде қанша этнос бар? 3000

3. Этнографиялық зерттеулер қалай ұйымдастырылады? Арнайы экспедициялар жабдықталады.

4. Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым қалай аталады? Археология.

5. Египеттен, Тигр және Евфрат өзендерінің аралығынан, Жерорта теңізі жағалауынан көне ескерткіштер қашан табылды? ХVІІ – ХІХ ғасырларда.

6. Белгілі этнограф Л.Г. Морган солтүстікамерикалық үндіс тайпалары – ирокездердің арасында неше жыл өмір сүрді? 27 жыл бойы

7. Археология термині қай ғасырдан бастап қолданыла бастады? Б.з.б. ІV ғасырда.

8. Жаңа Гвинея аралында1871-1872, 1877, 1883 жылдары үш рет болған зерттеуші ғалым кім? Н.Н.Миклухо-Маклай.

9. ХІХ ғасырдың ортасында Еуропада ғылымның жеке саласы ретінде қалыптасқан ғылым қалаай аталады? Этнография.

10. Қазақ жерінде археология ғылымы ерекше дамыған кезең? ХХ ғасырдың 50-90 жылдары.

11. Академик Әлкей Марғұлан зерттеген ескерткіш қалаай аталады? Беғазы-Дәндібай.

Радиоактивті көміртекті.

12. ХІV-ХV ғасырлар Батыс Еуропада қалай аталады? Қайта өркендеу дәуірі.

13. Есік обасынан «Алтын киімді адамды» тапқан археолог кім? Кемел Ақышев.

14. Тайлор, Мак-Леннан, Фрэзер, Люис Морган сияқты ғалымдар қай ғылымның негізін қалады? Этнография.

15. Қазба жұмыстарын жүргізетін, заттай деректерді зерттейтін ғалым қалай аталады? Археолог.

16. Ертеде өмір сүрген адамдардың қалған қираған қала орындары, түрлі әшекейлер, қыш ыдастар сияқты тұрмыста пайдаланылған бұйымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер, обалар, молалардан табылған заттарды атауы? Археологиялық ескерткіштер

17. 1904-1985 жж өмір сүрген әйгілі ғалым, фольклоршы, тарихшы және археолог кім? Әлкей Марғұлан.

18. Қаратау жартастарында қанша сурет бейнеленген? 49 арбаның.

19. Таңбалытастағы ертедегі тайпалар өмірінен мәлімет беретін бейненің аты? «Күн-Құдай».

20. Мир Қадырбаев жарыққа шығарған ескерткіштерді ата? «Мұртты» қорғандар.

21. ІІ-ІV ғғ. арасында Орталық Азияда не пайда болды? Үзеңгі.

22. Көшпелілер жыр-аңыздардың қанша түрін біледі? Екі түрін: батырлық эпос пен қиял-ғажайып хикаяларын жасады.

23. Бестерек таңбалы тастарынан жан-жануар суреттері көп кездесетін облысты ата? Шығыс Қазақстан.

24. Тас тақта бетінде таутеке, қабан, қасқыр сияқты түрлі аңдар суреттері салынған Жетісу өңіріндегі қай ескерткіш? Бесшатыр.

25. Әлкей Марғұлан қанша мақалалар жазған? 300-ден аса.

26. Әлкей Марғұлан «Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлықты қай жылы алды? 1982 жылы.

27. Көшпелілердің ең жетілген тұрғын үйін ата? Кигіз үй.

28. Халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын,әдет-ғұрып ерекшелігін зерттейтін қандай ғылым? Этнография.

29. Филология ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА академигі, профессор, Отандық археологиялық мектептің негізін салушы кім? Әлкей Марғұлан.

30. Әлкей Марғұланның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болған еңбегін ата? «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті».

V. Алғашқы түсінікті тексеру. Өзара тестілеу. Берілген тақырып бойынша оқушылар тест құрастырады және орынға отырғызу матрицасы бойынша сұрайды. Өзара тестілеуде белгілерді қоюдың тәртібі:

1. Тестке дұрыс жауап берген оқушы ООМ плюс алады.

2. Тестке дұрыс жауап бермеген оқушы ООМ минус алады.

3. Егер тест құрастырған оқушының сұрағына қате жауап алса, өзі ООМ плюс алады.

4. Егер тест құрастырған оқушының сұрағына дұрыс жауап алса, өзі ООМ минус алады.

Бірінші нұсқа тест құрастырады, екінші нұсқа жауап береді. Төртінші белгі.

VІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. 5 минут. Өткен тақырып аясында шағын шығарма негізінде тақырыптық сөздік қор жазылады. Бесінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады. 5 сыныптарда сөздік қордың нормативі 50 сөз.

VІІ. Талдау. 1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін есепке ала отырып берілген тақырып бойынша жұмысты аяқтау мерзімі болжанады.

VІІІ. Рефлексия. Тақырыпты аяқтау мерзімі және «Ауызша – 3» технологиялық картасында ойнау болжанады.

ІХ. Бағалау. Келесі норматив бойынша журналға баға қойылады.

4 – 5 белгі – 5 ұпай

3 белгі – 4 ұпай Сапа нормативі:

2 белгі – 3 ұпай Оқушылардың 63%

1 белгі – 2 ұпай 5 ұпай алуға міндетті.

Х. Үйге тапсырма. 4 белгіден төмен ұпай жинаған барлық оқушыларға үй жұмысы беріледі.

? Тест жұмысы.

1. Археология термині қай ғасырдан бастап қолданыла бастады?

а) б.з.б. ІІ ғ. ә) б.з.б. ІV ғ. б) б.з.б. ІІІ ғ. в) б.з.б. ХVІ ғ.

2. Дүние жүзінде қанша этнос бар?

а) 200 ә) 470 б) 1200 в) 3000

* Кестені толтырыңдар.

Заттай деректер.



Археологияның негізгі зерттеу нысаны

Қазақ жерінен табылған археологиялық ескерткіштер

«Этнография» ұғымы

Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым. Археологияның негізгі зерттеу нысаны – сонау ежелгі заманнан қалған қалалардың, қоныстардың орны.

Беғазы-Дәндібай, «Алтын киімді адам», «Мұртты» қорғандар, Бестерек, Бесшатыр, Таңбалытастағы «Күн-Құдай» бейнесі, Қаратау жартастарындағы 49 арбаның суреті.

Халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрып ерекшелігін зерттейтін ғылым.


следующая страница>


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.


Сынып: 5 сынып. Сабақтың тақырыбы

Білімділік: Оқушылар жазу тарихы, алфавиттің (әліпбидің) пайда болу тарихымен танысып, тарихи оқиғалардың, жеке тұлғалардың қағаз бетіне түскен жазбаша деректері туралы білімдерді

559.41kb.

14 12 2014
4 стр.


Дәлелқызы Айгүл қазақ тілі 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сабақтың мақсаты

Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру

63.95kb.

11 10 2014
1 стр.


1-сынып, мұғалім: Нұржігітова Г. Т. Сабақтың тақырыбы: «һ» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты

Иә, балалар біз қашанды көмекке әзір балдырғанбыз. Енді ақылымыз бен тапқырлығымызды да көрсететін кез келді

31.04kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 29/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Классикалық динамиканың заңдары. Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы

61.59kb.

18 12 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 12/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару

31.4kb.

25 12 2014
1 стр.