Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4

ІІІ кезең. Кілттік сөздер.

1. көтеріліс 8. отаршылдық

2. бекіністер 9. жұт

3. қоқандықтар 10. азаттық

4. 1841 жылы 11. жиын

5. соғыс өнері 12. жер

6. Бөкей Ордасы 13. «Тайман жолы»

7. рух
ІV кезең. Тест жұмысы.

1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

а) 1718 жылы ә) 1715 жылы б) 1713 жылы в) 1711 жылы

2. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

а) 1771 жылы ә) 1781 жылы б) 1731 жылы в) 1733 жылы

3. Сырым батыр бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

а) 1711-1718 жж. ә) 1715-1731 жж. б) 1783-1797 жж. в) 1787-1790 жж.

4. 1841 жылы үш жүздің өкілдерінің жиынында, Ұлытауда ақ киізге отырғызып, хан көтерілген кім?

а) Кенесары ә) Сырым б) Махамбет в) Исатай

5. 1836-1838 жылдардағы Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы халық-азаттық көтерілісінің басты себебі не болды?

а) адам ә) жер б) су в) шабындық

Бесінші белгі.

VІ кезең. ТСҚ (5 мин) эссе.

VІІ. Рефлексия. Оқушылар алған білімдерін ортаға салады, ойларын тұжырымдайды, кері байланыс парағын толтырады. Сыныптың көшбасшысына сөз беріледі.

VІІІ. Бағалау. Келесі норматив бойынша журналға баға қойылады.

4 – 5 белгі – 5 ұпай

3 белгі – 4 ұпай Сапа нормативі:

2 белгі – 3 ұпай Оқушылардың 63%

1 белгі – 2 ұпай 5 ұпай алуға міндетті.

ІХ. Үйге тапсырма. 4 белгіден төмен ұпай жинаған барлық оқушыларға үй жұмысы беріледі.

§ 38. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов (Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов) (125 – 127 беттер).

І. Қарама-қарсы сұрақтар

ІІ. КЕФ тапсырмалары

ІІІ. Кілттік сөздер

ІV. Тест жұмысы

№ 41 сабақ

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер. 5 сынып.

Тақырып: §§35,36,37. Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов. Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақтың көрнекті қайраткерлері туралы білімдері сарапталады.

Білімділік: Оқушылар үш тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Дамытушылық: Оқулық материалдарындағы басты мәселелерді ажырата білу, ұжымда жұмыс істеу және көрсетілген тақырып бойынша дәлелді әңгіме жүргізе білу, сонымен бірге сұрыптау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасалады.

Тәрбиелік: Азаматтық ұстаным. Сабақ ЕҒҰ (еңбекті ғылыми ұйымдастыру) талабына сәйкес өткізіледі, оқушылардың терең білім-біліктіліктері қалыптастырылады.

Үстеме міндет: Оқушылардың ойлау дағдылары мен іскерлік қабілеттері қалыптасады, ақыл-парасаты мен шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін жағдай туғызылады.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, пікірталас, ауызша сұрау, талдау, мәтінмен жұмыс.

Сабақ түрі: Зияткерлік ойлау сабағы (қайталау сабағы)

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Оқулық, хрестоматия, қосымша материалдар, презентация, тест, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Тапсырмалар:

Тарихи ақпаратты топтау тесті (айғақты сұрақтар) – есте сақтау қабілетіне бағытталған айғақты материалды білуді талап етеді.

Тарихи фактілерді таблица бағандарына сәйкес орналастырыңыздар.

Ахмет Риза медресесі, корнет, Торғай жері, қырық алты қарасөз, 1835-1865 жылдар, «Өнер-білім бар жұрттар», 1876-1878 жылдары болыс, Құсмұрын, «Қазақ хрестоматиясы», Әлімбай, 4-дәрежелі «Әулие Владимир» ордені, Ырғыз, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», тілмаш, штабс-ротмистр, балалар әдебиетінің атасы, 150 жыл, Орыс географиялық қоғамы, ағартушы ұстаз, 59 жас, ІІ Александр, алтын медаль.



Шоқан Уәлиханов

Абай Құнанбайұлы

Ыбырай Алтынсарин










Сәйкестендіру тесті (Нақтылау сұрақтары – «қаншалықты мен түсіндім….», «мен Сізді дұрыс түсіндім бе, онда…»

1. 1860 жылы А) Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың шын аты

2. «Қыс» Ә) Абай Құнанбаев Пушкиннің өлеңіне ән жазған

3. 1858-1859 жылдары Б) Ыбырай атасы Балғожа бидің хатшысы болады.

4. 1857 жылы В) Ы.Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметін бастады

5. Мұхаммедханафия Г) Ш.Уәлиханов атақты Қашқарға саяхатын жасады.

6. «Евгений Онегин» Ғ) Абай Құнанбаевтың жазған өлеңі

«Ашық» жауаптары бар тапсырмалар (Пайымдау сұрақтары) – оқушыларды тақырыпқа дәйектеме жасауға баулу, біз оларды әртүрлі себептерді, іс-әрекеттер мен көзқарастарды түсіну дағдыларына үйретуіміз керек, (неліктен?)

1). Неліктен, патша үкіметі Ыбырайға мектеп салуға қаражат бөлмеді?

2). Белгілі академик Н.И.Веселовский неліктен: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановты шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты», -деді?

3). Абай Құнанбаев неліктен халқын өнер мен білім алуға шақырды?

Баламалы тапсырмалар (Бағалаушы сұрақтар – оқушылардың сабақтан алған әсерін, ойларын ортаға салу.

Дұрыс тұжырымдаманы «+» белгісімен; қате тұжырымдаманы «-» таңбасымен белгілеңіздер.

1) Шоқанның әкесі Құсмұрында хан болған.

2) Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл.

3) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты ғылыми еңбектер жазады.

4). 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға апарып, кадет корпусына оқуға береді.

5) Ы.Алтынсарин 1888 жылы алғаш рет қазақ ұлдарын оқытатын мектеп пен жанында интернаты бар училище ашуға қол жеткізді.

6). Ы.Алтынсарин 1904 жылы 59 жасында дүниеден өтті.

7). Абай қырық жастан асқаннан кейін ғана өлең жаза бастайды.

Шектеулі жауабы бар тест (Шығармашылық сұрақтар – «Қалай ойлайсыздар, әрі қарай не болуы мүмкін…?»

Бос орындарды толтырыңыздар.

1). Шоқанның тәрбиесіне *** *** ықпалы зор болды.

2). *** *** ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына *** *** толуы әлемдік деңгейде тойланып өтті.

3). *** *** жас Абайды ел билеу ісіне араластырмақ болып, елге шақыртып алады да, *** *** ел ісіне араласа бастайды.

4). 1879 жылы Ы.Алтынсарин *** облысында мектеп *** қызметін атқарады.

5) Шоқан бала кезінде-ақ *** *** көмектесіп, Атығай Арыстанбай ақынның аузынан «*** *** – ***» жырын жазып алған.

6). *** *** (1841-1889) - ағартушы ұстаз, педагог, жазушы, этнограф.

7). Ұлдары ***, кейін Мағауияның аурудан дүние салу қайғысы науқасқа ұшыратады.

Тарихи тұлғаның сөздік портретін жасаңыздар (Практикалық сұрақтар – шағын эссе жазу)

1. Абай Құнабайұлы.

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл. Анасы Ұлжан оны еркелетіп Абай деп атаған. Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына әжесі Зере зор еңбек сіңірді. Ол зерек, алғыр бала болып өседі. Бүгінде Абайдың асыл сөздері бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.

2. Ыбырай Алтынсарин.

Қазақтың тұңғыш педагог-ағартушысы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы. Алғаш рет қазақ даласында мектеп ашты, қазақ әліппесін құрастырды, қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазды. Орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады. Ы.Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

3. Шоқан Уәлиханов.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов көрікті, аса сымбатты болған. Бет-әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын танытады. Шоқан Уәлиханов өз кезеңінің жан-жақты аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор еді және ғылым мен әдебиет саласында да асқан білімділігімен ерекшеленетін... Ш.Уәлиханов өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін керемет шешен болатын.


Тапсырмалардың жауаптары:

Тарихи ақпаратты топтау тесті (айғақты сұрақтар) – есте сақтау қабілетіне бағытталған айғақты материалды білуді талап етеді.

Тарихи фактілерді таблица бағандарына сәйкес орналастырыңыздар.

Шоқан Уәлиханов

Абай Құнанбайұлы

Ыбырай Алтынсарин

Құсмұрын, 1835-1865 жылдар, корнет, Әлімбай, 4-дәрежелі «Әулие Владимир» ордені, штабс-ротмистр, ІІ Александр,

Орыс географиялық қоғамы.



Ахмет Риза медресесі, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», 59 жас, қырық алты қарасөз, 1876-1878 жылдары болыс, 150 жыл.

Ырғыз, Торғай жері, «Өнер-білім бар жұрттар», «Қазақ хрестоматиясы», алтын медаль, балалар әдебиетінің атасы, тілмаш, ағартушы ұстаз.

Сәйкестендіру тесті (Нақтылау сұрақтары – «қаншалықты мен түсіндім….», «мен Сізді дұрыс түсіндім бе, онда…»

1В, 2Ғ, 3Г, 4Б, 5А, 6Ә.

«Ашық» жауаптары бар тапсырмалар (Пайымдау сұрақтары) – оқушыларды тақырыпқа дәйектеме жасауға баулу, біз оларды әртүрлі себептерді, іс-әрекеттер мен көзқарастарды түсіну дағдыларына үйретуіміз керек, (неліктен?)

1). Себебі, мекемелерді мемлекет меншіктенгеннен кейін жұмысшылардың еңбек өнімділігі кеміді, тауарлар мен қызмет ету сапалары төмендеді, көптеген әлеуметтік жеңілдіктер шығындарды өсірді және бюджеттің кірісін азайтты, бұл экономиканың өсу қарқынына әсер етті.

2). Өйткені, Шоқан Уәлиханов 20 жасында алғаш рет Іле Алатауына, Жоңғар қақапасына, тарбағатайға, Қашқарияға экспедиция құрамында болып, бірнеше ғылыми еңбектер жазды. Ол 1865 жылы 30 жасында қайтыс болды. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды, ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтті. Осыған қарамастан, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде бес томдай әдеби және ғылыми шығармалар жазып қалдырды.

3). Себебі, Абай Құнанбайұлы халықты мектеп ашуға, бала оқытуға, ғылымды білуге, мәдениетін көтеруге үндеді. Басқа халықтарға құрметпен қарауды, олардың өнерін үйренуді уағыздады. Ақын өзінің жас кезінде оқи алмағанын, ғылымның қажет екенін ескермегенін, «мен оған қол жеткізуден кеттім, ендігі кезек сендердікі» деп, жас ұрпақты ғылым, білім алуға шақырады.

Баламалы тапсырмалар (Бағалаушы сұрақтар – оқушылардың сабақтан алған әсерін, ойларын ортаға салу.

Дұрыс тұжырымдаманы «+» белгісімен; қате тұжырымдаманы «-» таңбасымен белгілеңіздер.

1). Шоқанның әкесі Құсмұрында хан (аға сұлтан) болған. («-»).

2). Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл. («+»)

3) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты ғылыми еңбектер жазады. («+»)

4). 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға апарып, кадет корпусына оқуға береді. («+»).

5). Ы.Алтынсарин 1888 жылы алғаш рет қазақ ұлдарын (қыздарын) оқытатын мектеп пен жанында интернаты бар училище ашуға қол жеткізді. («-»).

6). Ы.Алтынсарин 1904 жылы (1889 жылы) 59 (48) жасында дүниеден өтті. («-»).

7). Абай қырық жастан асқаннан кейін ғана өлең жаза бастайды. («-»).

Шектеулі жауабы бар тест (Шығармашылық сұрақтар – «Қалай ойлайсыздар, әрі қарай не болуы мүмкін…?»)

Бос орындарды толтырыңыздар.

1). Шоқанның тәрбиесіне әжесі Айғанымның ықпалы зор болды.

2). 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуы әлемдік деңгейде тойланып өтті.

3). Әкесі Құнанбай жас Абайды ел билеу ісіне араластырмақ болып, елге шақыртып алады да, 13 жасынан ел ісіне араласа бастайды.

4). 1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысында мектеп инспекторы қызметін атқарады.

5) Шоқан бала кезінде-ақ әкесі Шыңғысқа көмектесіп, Атығай Арыстанбай ақынның аузынан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жазып алған.

6). Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - ағартушы ұстаз, педагог, жазушы, этнограф.

7). Ұлдары Әбдірахманның, кейін Мағауияның аурудан дүние салу қайғысы Абайды науқасқа ұшыратады.

Тарихи тұлғаның сөздік портретін жасаңыздар (Практикалық сұрақтар – шағын эссе жазу)

1. Шоқан Уәлиханов.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов көрікті, аса сымбатты болған. Бет-әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын танытады. Шоқан Уәлиханов өз кезеңінің жан-жақты аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор еді және ғылым мен әдебиет саласында да асқан білімділігімен ерекшеленетін... Ш.Уәлиханов өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін керемет шешен болатын.

Үйге тапсырма.

Үшінші бөлім. Ғажайыптар әлемі. §38. Архитектуралық ескерткіштер (Сәулет ескерткіштері)

(131 – 137 беттер) Оқу, мазмұндау



«Ауызша сабақ – 1» технологиялық картасы


<предыдущая страница


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.


Сынып: 5 сынып. Сабақтың тақырыбы

Білімділік: Оқушылар жазу тарихы, алфавиттің (әліпбидің) пайда болу тарихымен танысып, тарихи оқиғалардың, жеке тұлғалардың қағаз бетіне түскен жазбаша деректері туралы білімдерді

559.41kb.

14 12 2014
4 стр.


Дәлелқызы Айгүл қазақ тілі 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сабақтың мақсаты

Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру

63.95kb.

11 10 2014
1 стр.


1-сынып, мұғалім: Нұржігітова Г. Т. Сабақтың тақырыбы: «һ» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты

Иә, балалар біз қашанды көмекке әзір балдырғанбыз. Енді ақылымыз бен тапқырлығымызды да көрсететін кез келді

31.04kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 29/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Классикалық динамиканың заңдары. Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы

61.59kb.

18 12 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 12/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару

31.4kb.

25 12 2014
1 стр.