Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік-қазақ тілі грамматикасынан өткенді еске түсіріп,

тілдік сауаттылығын арттыру;



дамытушылық-ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге

дағдыландыру;



тәрбиелік-мақсат қоя білуге, алдына қойған мақсатына жетуге,

өз пікірін қалыптастыруға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: бақылау, талдау, сұрақ-жауап, тест.

Сабақтың барысы.

І. Ұймдастыру кезеңі: а) амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір

топтау мақсатында ой тастау.

-Балалар, біздің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не?

-Оқу, білім алу.

-Саналы азамат болу.

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады.

1.Таныстыру

Топтар алдымен өздерін таныстырудан бастайды. Онда өз салаларының атауы қай тілден шыққанын, зерттеу нысаны не екенін айтады.



2. Топтастыру әдісі

Екі топқа топтастыру жұмысы беріледі.(ақ қағаз беріледі)



3. Зымыран сұрақ

1 топ

1. Көсемше қандай сөз табының ерекше түрі? (Етістік)

2. Деректі, дерексіз зат есімдерге мысалдар келтір. (Ақыл, парасат, сезім. Ағаш, қалам, сөмке.)

3. Өздік етістің жұрнағы.(-ын, -ін, -н)

4. Үстеу дегеніміз не? (Іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т.б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.

5. Одағайдың түрлері (Көңіл күй, жекіру, шақыру)

6. Болымсыз етістіктің жұрнақтары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, жоқ, емес)

2 топ

1. Жақты сөйлем дегеніміз не? (Сөйлемнің бастауышы болуына негізделеді)

2. Тура толықтауыш дегенімізне? (Табыс септік тұлғасындағы толықтауыш)

3. Сөздердің байланысу түрлері (Қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасу)

4. Сөйлем дегеніміз не? (Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірлікті сөйлем дейміз)

5. Бастауыш дегеніміз не? (Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз)

6. Сөздердің байланысу тәсілдері (Қосымша, септеулік шылау, орын тәртібі, интонация)

4. Тест жұмысы (ашық, жабық, сәйкестендіру)
І нұсқа
1.«Белбеу» сөзін қай қатарға жатқызамыз, дұрысын көрсетіңіз. (бел және бау)

А. Тіркес сөз

В. Дара сөз

С. Біріккен сөз

Д. Қысқарған сөз

Е. Қос сөз


2. ........................................... сұрақтарына жауап беріп,.................................. білдіретін сөздер сілтеу есімдіктері деп аталады.

(Сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады. Мегзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді.)


3. Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.

А. Біресе ол барады, біресе Айгүл барады. 1) ыңғайлас салалас

В. Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. 2) қарсылықты салалас

С. Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар. 3) кезектес салалас


ІІ нұсқа
1. Іс-әрекет, қимылдың атауы. (тұйық етістік)

А. Етіс


В. Жақ

С. Тұйық етістік

Д. Есімше

Е. Көсемше


2. ..................................... сұрақтарына жауап беріп,....................... білдіретін сөздер мезгіл үстеулері деп аталады.

(Қашан? Қашаннан? сұрақтарына жауап беріп, қимылдың іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді.)


3. Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.

А. Қиысу 1) баланың добы

В. Матасу 2) бала келді

С. Жанасу 3) әдейі келді


5. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» («келісемін», «келіспеймін»)


Мысал

Ереже


1. Алпамыс батыр, Ақан сері, Біржан сал.
2. Менің арзан сөзді айтқым келмеді.
3. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар.
4. Олар үйге жеткен соң, әңгіме де үзілді.
5. Әр сыныптың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты.
6. Жеке бастың ісіне көпшіліктің ісін айырбастауға болмайды, сондықтан бұл пікірден қайтуыңды өтінемін.


Оңашаланған айқындауыш
Жалаң сөйлем
Талғаулы салалас

Аралас құрмалас


Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас
Себеп-салдар салалас


6. Тест

1. Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз.

А) Береке.

В) Тарих.

С) 10 км.

Д) Бесік.

Е) Семей. 

2. Синоним сөздерді көрсет.

А) Қыс, жаз, ескі     

В) Жаз,түс, алма     

С) Кір, көр, қор    

Д) Қою, айна, көрме  

Е) Аспан, әуе, көк 

3. Күрделі сөзді көрсет.

А) Жолдас     

В) Аялдама       

С) Бүгін      

Д) Ақылды       

Е) Күзгі

4. Жедел өткен шақ етістікті табыңыз.

А) Көрді

В) Көр


С) Көреді

Д) Көргіш



Е) Көрмек

Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты

Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту

33.82kb.

09 09 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 24. Гомер және ежелгі гректер Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ежелгі грек халқының ақыны Гомер мен оның шығармаларының дүниежүзілік маңыздылығын түсіндіру, Г. Шлиман ашқан ұлы жаңалыққа тоқталып

96.3kb.

18 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері. Сабақтың мақсаты: а білімділік

Сабақтың мақсаты: а білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру. Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түс

200.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Динахметов Жомарт Арал ауданы, №81 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықта

76.84kb.

25 12 2014
1 стр.