Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақтың тақырыбы Буын түрлері

Сабақтың мақсаты: 1)білімділік – буын туралы түсінікті еске түсіре отырып,

буынның түрлерін меңгерту, сөз қолданыста, мысал-

дардан, мәтін ішінен буын түрлерін ажырата білгізу,

жасалу жолдарын ұғындыру;

2)дамытушылық – ойлау қабілеттерін арттыра отырып ,

шапшаңдыққа дағдыландыру, кез келген сөзді өз бетінше

буынға бөлуге, ұйқас, мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеу

шеберлігіне төселдіру;

3)тәрбиелік – өз бетімен еңбектенуге , досына көмек беру-

ге, ойын бөлісуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі аралас сабақ .

Сабақтың түрі өз беттерімен меңгерту .

Сабақтың әдістері : сұрақ-жауап , логикалық тапсырмалар , талдау .

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті , математика , биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта .

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

  • Әрбір адам?

  • Туысым, досым, жұрағат.

  • Әрбір сабақ?

  • Үйрену, ұғу, ұлағат.

  • Әрбір ісім?

  • Тірлік, тірек, адамдық.

  • Әрбір сөзім?

  • Шындық, бірлік, адалдық.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.


300-жаттығу.

Көр-тыш-қан-ның меш-кей-лі-гі-не қас-қыр да, жол-ба-рыс та, а-рыс-тан да і-ле-се ал-май-ды. Ол бір тәу-лік і-шін-де өз сал-ма-ғын-дай жем жей-ді.Ал, а-рыс-тан еш-қа-шан өз сал-ма-ғын-дай жем жей ал-май-ды.



Көртышқан – жәндік қоректілер отрядының бір тұқымдасы. Қазақстанда 2 түрі: жұпартышқан және тек Алтайда кездесетін алтай көртышқаны бар. Оның дене тұрқы 23 см-дей, ал құйрығының ұз. 3 см. Жүні майда, үлпілдек, қоңырқай түсті. Жотасы қоңыр, бауыры күңгірт тартқан. Алдыңғы аяқтары қазуға бейім, қысқа, алақаны жалпақ және сыртқа қараған, күрек тәрізді тырнақтары ірі, жалпақ болады. Аналығы 1,5 – 3 айында көбеюге қатысып, 1,5 айдан кейін, 3 – 6-дан балалайды. Жер астында тіршілік етіп, көбіне шұбалшынмен, кейде жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Көртышқан – терісі бағалы кәсіптік аң. Зиянды жәндіктерді жойып, пайда да келтіреді.

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\kret_mole.jpg


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
1. Буын дегеніміз не?

2. Бір дауысты дыбыс буын бола ала ма?

3. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай ала ма?
Алдымен буын сөзіне түсінік берейікші... О бастағы мағынасы қандай екен? Буынның о бастағы мағынасы адам сүйектерінің бір-бірімен өзара қозғалмалы түрде жалғасқан аралығы екен. Ал тіл ғылымында буын дегеніміз – сөздердің дыбыстық топқа жіктелген бөлігі. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады:

а-ға, бо-та-қан, қа-ла т.б.



ІҮ. Жаңа сабақ.

Мұғалім:- Балалар, бүгінгі сабағымыздың не жайында екендігін білу үшін

математикалық сөзжұмбақты шешсеңдер деймін. Ол үшін мына жазылған сандар сөзжұмбақтың жаны мен төбесіндегі қай сандардың көбейтіндісі екенін тауып, со-

лардың қиылысындағы әріптерден сөз құрайсыңдар.




Міне, біздің сабағымыздың тақырыбы шықты. Біз өткен сабағымызда буын дегеніміздің не екендігін білдік. Енді сол буынның нешеге бөлінетінін үйренеміз.

Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы да үнемі бір қалыпты бола бермейді. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.






Әрекетті кезең. Жоғарыдағы тірек сызба арқылы жаңа сабақтың ережесі мен

формуласын шығарту.
Формуласы: А: дауысты=дауыссыз+дауысты

А: = +

Т: дауысты +дауыссыз

Т: +

Б: дауыссыз + дауысты + дауыссыз

Б: + +
Буынның ережесін шығарту.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Ашық буындар: и-е-сі, ба-ла, да-на.

Тұйық буындар: ел, ер.

Бітеу буындар: жер, көл, жоқ, шал, мал, көз, сөз, дос-сыз, жау.



2. Жетім сөзінің көп мағыналы екендігін дәлелдеу үшін, алдымен көп мағыналы

сөздің ережесін айтып өтеді. Өлең ішінен жетім сөзінің сегіз мағынаға ие

болатындығын тауып, дәлелдейді.



Мысалдар:
Ашық буын:

Қа-ла-да ба-ла да, А-ға а-ра-ла,

Шу-ла-ды да-ла-да. А-ра-ға қа-ра-ма.
Ба-ла, ба-ла , І-ні-ге а-ға,

Бе-рі қа-ра. Бо-ла-ды па-на.


А-та да-на Жо-ла-ма ке-не-ге,

Бе-ре-ді ба-та. Жа-бы-са-ды де-не-ңе.



Бітеу буын:

Тақ-пақ айт-тым, Зер-леп, тер-леп,

Жат-тап айт-тым. Тік-тім беш-пет.
Күл-дім сақ-сақ, Лай-лай бат-пақ,

Көр-дім бақ-бақ. Жүр сен бай-қап.


Тұйық буын:
Ақ ұн - ұн-ақ, Өрт –от, Ат ақ,

Ол ұл - ұл-ақ. От – өт. Оқ ат.




306-жаттығу.

Кө- бе-лек-тің, ти-ін-нің, құ-мырс-қа-лар-дың .

307-жаттығу.

Сі-леу-сін, ба-рыс, қа-бы-лан.

308-жаттығу.

Көк-жи-ек-ке, а-ға-раң-дап, құ-ді-ре-тін.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау. (Деңгейлік тапсырмалар негізінде)
1-деңгей: «Ана тілі» тақырыбына мәтін құрап, ондағы буын түрлерін ажырату.
2-деңгей: Семантикалық картаны толтыру.



  • Сабақта нені меңгердік?

1.Буынның үш түрі бар екенін.

2.Олардың бір-бірінен айырмашылығын.

3.Тірек сызба арқылы анықтама шығаруды.

4.Формулаға түсіруді.

5.Мысалдардан буын түрін ажыратуды

6.Ойымызды еркін айтуды.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.



VІII. Бағалау.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ № 6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП

Қазақ тілі сабағы



Тақырыбы « Буын түрлері»

ҚАДЫРБАЙ КЛАРА ПАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Байқоңыр, 2012

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ № 6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП

Баяндама

Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді

тәсілдері мен жолдары

ТОБЫЛБАЕВА ГҮЛЖАНАТ ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Байқоңыр, 2012









Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 24. Гомер және ежелгі гректер Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ежелгі грек халқының ақыны Гомер мен оның шығармаларының дүниежүзілік маңыздылығын түсіндіру, Г. Шлиман ашқан ұлы жаңалыққа тоқталып

96.3kb.

18 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері. Сабақтың мақсаты: а білімділік

Сабақтың мақсаты: а білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру. Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түс

200.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Динахметов Жомарт Арал ауданы, №81 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықта

76.84kb.

25 12 2014
1 стр.


1сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы

468.44kb.

15 12 2014
3 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» Сабақтың мақсаты: І. Білімділік

Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру

43.98kb.

16 12 2014
1 стр.