Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
§5. Өлкетану дегеніміз не? (19 – 21 беттер) оқу, мазмұндау.

№ 6 сабақ

Пән: Қазақстан тарихы. 5 сынып.

Тақырып: §5. Өлкетану деген не?

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Сабақта оқу материалын 63% оқушылардың меңгеруі басшылыққа алынады.

Білімділік: Оқушылар тарихи өлкетану, география, демография, мұрағаттану жайлы жаңа білімді меңгереді.

Дамытушылық: Оқушылар өз бетімен тірек сөздерді табуға дағдыланады, кілттік сөздері есте сақтап, жаңғыртады, тест сұрақтарын құруға үйренеді, мәселені шешуге мүмкіндік алады.

Тәрбиелік: Оқушылар өздері туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалауға тәрбиеленеді.

Үстеме міндет: Технологиялық картаның тәртібін сақтау.

Күтілетін нәтиже: Мақсатқа жету.

Әдіс-тәсілдер: Карта, тірек сөздермен жұмыс, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақ қою, мәселелік сұрақтар.

Сабақ түрі: «Ауызша сабақ –3» картасы. 3 тип. Оқу іс-әрекеті мен білімді кешенді қолдану сабағы. Сергіту сәті>оқу іс-әрекеті мен кешенді білімді өзектендіру>ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімді өз бетімен қолдану>бақылау және өзіндік бақылау>түзету>рефлексия.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Карта, ООМ (отырғызу орындарының матрицасы), тірек сөздер, тест, кестелер мен тапсырмалар, атаулар, даталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Сынып үштіктерге бөлінеді. Әрбір үштікте өзінің рөлдері бар: «Орындаушы» - тапсырмалардың дұрыс орындалуына жауап береді; «Сыншы» - қателерді табуға жауап береді; «Ынталандырушы» - топтың табыстылығына жауап береді. Әрбір топтың өзінің атауы болады. Тақтаға әрбір үштіктің үш ұяшығы салынады, онда карта бойынша жұмыстың нәтижесі енгізіледі. Топтағы ізденіс жұмысына оқушыларды ынталандыру. Карта бойынша жұмыстың тәртібі түсіндіріледі. Сөз сынып көшбасшысына беріледі. Жауаптар үшін ұпайлар ұяшықтарға санмен немесе белгімен қойылады.

ІІ. 1 кезең. Оқу іс-әрекеті мен кешенді білімді өзектендіру. Өткен екі тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор алынады. Жұмыстың соңында үштіктер өзара бір-бірін тексереді. Уақыт 5 минут. Норма: 1 ұпай үштіктегі оқушының сайтына қойылады. Бірінші белгі.

ІІІ. 2 кезең. Ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімді өз бетімен қолдану. Тақырыпты оқи отыра, тірек сөздерді іздеу. 5 сыныпта – 3 минут. Әрбір үштік 3 кілттік сөзден артық айта алмайды. Эталон кілттік сөздерді мұғалім өзі ұсынады. Екінші белгі.

ІV. 3 кезең. Бақылау және өзіндік бақылау. Тірек сөздерді жатқа жазу. Сөзің саны – 21, рұқсат 19 сөзге беріледі. Әрбір үштік 3 ұпай алады, әрбір үштіктің мүшелері нормативті орындаған жағдайда 1 ұпай алады. Үштіктер бір-бірін өзара тексереді. Тексерген үштік жауапты мұғалімге айтады. Үшінші белгі. Топтағы ұяшықтарға плюс не минус қойылады.

Тірек сөздер 21.

1. Тарихи география 8. Мұрағаттану 15. Өлкетану

2. ХVІІІ ғасыр 9. Көшпелілер мәдениеті 16. Ономастика

3. Антропонимика 10. 4 мың жыл 17. Космонимия

4. «Кунсткамера» 11. Топонимика 18. 15 мың жыл

5. Этнонимика 12. І Петр 19. Теонимия

6. Отырықшы өркениет 13. Демография 20. 5 миллион

7. Этнология 14. Ұлт 21. Нәсіл

1. Тарихи география – адамзат тарихының ең көне кезеңдерінің бірі географиялық ортаға байланысты.

2. ХVІІІ ғасыр – тарихи өлкетану жеке ғылым ретінде қалыптасты.

3. Антропонимика – кісі есімдерін зерттейтін ғылым.

4. «Кунсткамера» – Ресейде ашылған алғашқы мұражайдың аты.

5. Этнонимика – ру, тайпа, халық атауларын зерттейтін ғылым.

6. Отырықшы өркениет – Ніл, Тигр мен Евфрат, Үнді және Хуанхэ өзендері бойында қалыптасқан мәдениет.

7. Этнология – этнография ғылымының бір саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін зерттейді.

8. Мұрағаттану – көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, қолжазбалар сақталатын орын.

9. Көшпелілер мәдениеті – Шөлейт және далалық аймақтағы өркениет.

10. 4 мың жыл – ең ескі географиялық карталардың жасы.

11. Топонимика – жер-су атауларының тарихын зерттейтін ғылым.

12. І Петр – Қандай да болмасын тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру керек деп шешіп, 1713 жылы қаулы шығарған орыс патшасы.

13. Демография – әр тарихи кезеңдерге қатысты халықтардың санын, өсуін, азаюын зерттейтін ғылым.

14. Ұлт – шаруашылығы, тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы ортақ адамдардың бірлігі.

15. Өлкетану – туған өлкені жан-жақты зерттеп білу.

16. Ономастика – атаулар тарихын зерттейтін ғылым.

17. Космонимия – жұлдыздар мен планеталар атауларының мағынасы.

18. 15 мың жыл – адамзат баласы ойла тапқан ең көне географиялық сызба уақыты.

19. Теонимия – құдайлар мен басқа да аңыз кейіпкерлерінің атау-есімдерін зерттейді.

20. 5 миллион – Грек-парсы соғыстарының заманында парсылардың саны.

21. Нәсіл – бір-бірінен сыртқы тұрпаты (дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) бойынша ажыратылады). Еуропеоидтық (ақ нәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл) және негроидтық (қара нәсіл) деп үш нәсілге бөлінеді.

V. 4 кезең. Түзету. 3 балдық жүйе бойынша сыншылар сұралады. Жалпы талдау үшін үштіктер – 1 ұпай, үстеме міндет – 2 ұпай, терең талдау үшін – 3 ұпай алады. Әрбір оқушы 1 ұпайдан алады. Төртінші белгі.

VІ. 5 кезең. Түзету. Тестілеу. Бірінші үштік ынталандырушы 1 ұпай алады. Сұрақтар себеп-салдарлық бағытта болуы шарт: Себептерін ата, шарттарын, неліктен? Неден? Неге байланысты? Қалай ойлайсыңдар? Жай типтегі сұрақтар қоюға рұқсат берілмейді: жылын, атын немесе оқиғаны ата? Қате сұраққа 3 ұпай айыппұл салынады.

1. Егер үштіктің бірінші оқушысы дұрыс жауап берсе, онда барлық үштік 3 ұпай алады.

2. Егер бірінші оқушы жауап бермесе, онда екінші оқушы жауап беріп, 2 ұпай алады.

3. Егер екінші жауап бермесе, онда дұрыс жауапты үшінші айтып, 1 ұпай алады.

4. Егер бірінші сұраққа дұрыс жауап алмаса, онда тест құрған үштік 1 ұпай алады.

5. Егер екінші сұраққа дұрыс жауап алмаса, онда тест құрған үштік 2 ұпай алады.

6. Егер үшінші сұраққа дұрыс жауап алмаса, онда тест құрған үштік 3 ұпай алады.

7. Сабақ барысында ұпайы аз үштіктерге қосымша мүмкіндік беріледі.

3 балдық жүйе бойынша сыншылар сұралады. Жалпы талдау үшін үштіктер – 1 ұпай, үстеме міндет – 2 ұпай, терең талдау үшін – 3 ұпай алады. Әрбір оқушы 1 ұпайдан алады. Бесінші белгі. Әрбір үштік үш ұпайдан алады, әр мүшесі 1 ұпайдан алады. Алтыншы белгі. Әрбір оқушы 1 ұпайдан ала алады.

VІІ. 6 кезең. Оқу іс-әрекеті мен кешенді білімді өзектендіру. Мәселелік сұрақтар. Бірінші үштік 1 ұпай алады. Мәселелік сұрақ 9 балдық меже бойынша бағаланады:

3 ұпай – берілген тақырып бойынша жағдайды өзгертпейтін жауап.

6 ұпай – берілген тақырып бойынша жағдайды жартылай өзгертетін жауап.

9 ұпай – берілген тақырып бойынша жағдайды толығымен өзгертетін жауап. Дәстүрлі емес жауап. Жетінші белгі. Ұпай саны оқушыларға тең бөлінеді.

VІІІ. 7 кезең. Түзету және рефлексия. 3 балдық жүйе бойынша сыншылар сұралады. Жалпы талдау үшін үштіктер – 1 ұпай, үстеме міндет – 2 ұпай, терең талдау үшін – 3 ұпай алады. Әрбір оқушы 1 ұпайдан алады. Сегізінші белгі. Әрбір үштік үш ұпайдан алады, әр мүшесі 1 ұпайдан алады.

ІХ. Бағалау. Келесі норматив бойынша журналға баға қойылады.

6 белгіден жоғары – 5 ұпай

– 5 белгі – 4 ұпай

– 4 белгі – 3 ұпай

Алғашқы үш орынды жеңіп алған үштіктер келесі құрамда боныстар алады.

1 орын – әрбір оқушыға 10 ұпай

2 орын – әрбір оқушыға 8 ұпай

3 орын – әрбір оқушыға 6 ұпай

Алынған боныстарды заңгерлер тәрбие журналына енгізеді. Мұғалім үштіктің табысты жұмысынан тәуелсіз сабақтың соңғы кезеңінде дәстүрлі емес жауап берген оқушыға журналға 5 ұпай қоя алады. Жеңген үштік құрамы өзгермеген жағдайда алдағы уақытта осы карта бойынша сабақта мұғалімнің көмегін алуға мүмкіндіктері бар. Егер оқушылардың 63% 5 ұпай алатын болса, онда карта бойынша сапа нормативі орындалған болып саналады.

Х. Үйге тапсырма. 4-ші және одан төмен орын алған үштіктер үй жұмысын алады. Топтық жұмыстың қорытындысы шығарылады. Сыныптың көшбасшысына сөз беріледі.

? Тест жұмысы.

1. Ономастика ғылымының қай саласы жер-су атауларының тарихын зерттейді?

а) антропонимика ә) топонимика б) этнонимика в) теонимия

2. Көне замандардың жазба құжаттары қайда сақталады?

а) театрда ә) мұрағатта б) баспада в) мектепте

3. Тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейтін тарих ғылымының бір саласы?

а) этнография ә) археология б) демография в) география

4. Халықтардың қашан, қай уақытта пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін зерттейтін этнография ғылымының бір саласы?

а) археология ә) этнография б) этнология в) демография

5. Халықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан, әбден қалыптасқан ережелері мен үлгілі істері?

а) әдет-ғұрып ә) әдеттік заң б) әдеп ережесі в) салт-дәстүр

6. Ақсақалдар мен ел құметіне бөленген сыйлы адамдар және ата-ананың өз ұрпағына, еліне арнап айтқан үлгі-өнегесі қалай аталады?

а) өсиет сөз ә) ақыл-кеңес б) бата в) шежіре

7. Шаруашылығы, тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы ортақ адамдардың бірлігі?

а) халық ә) ұлт б) ел в) жұрт

8. Бір-бірінен сыртқы тұрпаты бойынша ажырататын не?

а) дін ә) аумақ б) ұлт в) нәсіл

9. Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің ерекше белгілеріне қарап неше нәсілге бөледі?

а) бес ә) екі б) үш в) төрт

10. Жер шарын мекендеген адамдар әлемдік неше негізгі дінге сыйынады?

а) үш ә) екі б) төрт в) бес

11. 1924-2003 жылдары өмір сүрген археолог, көрнекті ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы кім?

а) Әлкей Марғұлан ә) Кемел Ақышев б) Карл Байпақов в) Манаш Қадырбаев

12. К.Ақышев зерттеген ескерткішті ата?

а) Беғазы-Дәндібай ә) «Мұртты» обалар б) Таңбалытас в) «Алтын адам»

13. ҚазКСР-нің Мемлекеттік мыйлығына ие болған К.Ақышевтың қанша ғылыми мақалалары жарық көрді?

а) 100-ден аса ә) 150-ден аса б) 200-ден аса в) 300-ден аса

14. «Біздің қазақ жер атын, тау атын сол заманда ортаның сыр-сипатына қараай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - деп орынды айтқан заңғар жазушыны ата?

а) Мұхтар Әуезов ә) Сәбит Мұқанов б) Мұхтар Мағауин в) Ілияс Есенберлин

15. Өлкені зерттеумен айналысатын адамды қалай атаймыз?

а) этнограф ә) өлкетанушы б) археолог в) тарихшы

16. Ру, тайпа, халық атауларын зерттейтін ономастика ғылымының саласы?

а) космонимия ә) топонимика б) антропонимика в) этнонимика

17. Ономастика ғылымының қай саласы кісі есімдерінің тарихын зерттейді?

а) антропонимика ә) топонимика б) этнонимика в) теонимия

18. Жұлдыздар мен планеталар атауларының мағынасын зерттейтін ономастика ғылымының саласы?

а) космонимия ә) топонимика б) антропонимика в) этнонимика

19. Құдайлар мен басқа да аңыз кейіпкерлерінің атау-есімдерін зерттейтін ономастика ғылымының саласы?

а) антропонимика ә) топонимимка б) этнонимика в) теонимия

20. Тарихи кезеңдерге қатысты халықтардың санын, өсуін, азаюын зерттейтін ғылымды ата?

а) география ә) мұрағаттану б) демография в) этнография

* Кестені толтырыңдар.

Өлкетану


1
2
3

4


Өлкетану дегеніміз –

Өлкетанудың міндеттері

Өлкетанудың өзге ғылымдармен байланысы

Мұрағат деректері



Туып-өскен жеріміздің табиғаты, халқы, шаруашылығы, тарихы мен мәдениеті туралы білімдер жиынтығы

Өздерің туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалау.

Өлкетану – археология, ономастика, мұрағаттану сияқты тарих ғылымының салаларымен тығыз байланысты. Өлкетанушылар сол жердің тарихын зерттеумен айналысатын археолог, этнограф, тарихшы т.б. мамандарға көмек көрсету.

Көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, қолжазбалар, көне көз қариялардың әңгімелері.



Тапсырма. Сөздер мен олардың анықтамалары.

Тапсырма шығармашылық жұмыс істеуді талап етеді. Дәптерге әрбір сөздің өзіне сай келетін анықтамасын оқушылар тауып жазады. Мысалы, «Сына жазу – сазбалшыққа сына тәрізді жазылған жазу».



Түсініктер

Анықтамалар

1. Сына жазу

2. Пергамент

3. Иероглиф

4) Папирус


5. Шежіре

6. Археолог

7. Әдет-ғұрып


А) Таңба суреттер

Ә) Сазбалшыққа сына тәрізді жазылған жазу

Б) Қамыс сабағынан жасалған парақтар

В) Атадан балаға ауызша жеткізіліп отыратын, халықтың шығу тегі мен таралуын баяндайтын тарихи шығарма

Г) Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым

Ғ) Жазу үшін мал терісінен жасалған материал

Д)Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын тәртіп, мінез-құлық нормалары, салт-жоралғылар.


Жауаптары: 1Ә; 2Ғ; 3А; 4Б; 5В; 6Г; 7Д.

Тапсырма. «Біздің өлке» деп аталатын кестені толтыр





Өлкедегі белгілі адамдар

Өлкенің шаруашылығы

Өлкедегі тарихи ескерткіштер













Тарихи уақыт (§6. Тарих және уақыт)

№ 15 сабақ

Пән: Қазақстан тарихы. 5 сынып.

Тақырып: Екінші бөлім. Тарихқа саяхат. §13. Адамды кім жаратты?

(Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы адамдар мен ежелгі тайпалар.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша оқытудың нормативтік көрсеткішіне жету.

Білімділік: Оқушыларға адамның пайда болуы туралы, жаратушы туралы аңыздар, жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы, адамның пайда болуы және оның дамуы, саналы адамның қалыптасуы, адам баласы қазақ жерінде деген тақырыпшалар бойынша дәріс оқылады.

Дамытушылық: Тақырыпқа ену барысында оқушылардың ақпаратты бөлу іскерліктері ақпараттық құзырлықтары дамиды. Оқушылар ойлаудың – дедукция мен индукция, зейін, қабылдау және жалпы есте сақтау сияқты негізгі түрлеріне жаттығады және қалыптасады. Жазбаша сөйлеудің жылдамдығы мен техникасы дамиды.

Тәрбиелік: Оқушылар өз бетімен материалды түсініп, негізгісін алуға тәрбиеленеді.

Үстеме міндет: Картаның регламентін орындау. Мүмкіндігінше кілттік сөздер негізінде ақпаратты ұяшықтарға толтыра отырып, қысқарту.

Күтілетін нәтиже: Қойылған мақсатқа жету. Оқу үрдісіне деген жоғары қызығушылықты ояту.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар.

Сабақ түрі: «Белгілі. Арнайы. Жаңа» технологиялық картасы. 3 типтегі оқу сабағы. Білім мен іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы: Сергіту сәті>білім мен оқу іс-әрекеті кешенін өзектендіру>ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдана білу>өзіндік бақылау және бақылау>түзету>рефлексия.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Оқулық, деректі фильм, мультимедиялық презентация, қосымша материал.

Кестені толтыру әдістемесі: Кесте үш бөлікке бөлінеді: белгілі, арнайы, жаңа. 1. Әрбір баған түскен дәрістік материалдың негізінде толтырылады. Жеке іріктеліп, сөздер мен ұғымдар арнайыға жазылады – бұл ең алдымен пәннің тілі мен негізгі ұғымдары. Мысалы, тарих: кезеңдер, даталар, тарихи тұлғалар, тарихи ұғымдар. Белгілі бағанына оқушыға таныс тірек сөздер енгізіледі, жаңа бағанына – таныс емес сөздер жазылады. Оқушыларға тірек конспект жазуға рұқсат берілмейді. Кестені толтыру ұғымдар негізінде болуы шарт, оны мұғалім сабақтың алдында әрбір баған бойынша таңдайды.

Кесте: «Белгілі. Арнайы. Жаңа»

Белгілі

Арнайы

Жаңа

Наполеон – таныс сөз, бәлкім торттың атымен байланысты.

1812 жыл – бұл дата.

Ресейге басып кірді – бұл оқиға.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Сынып-команда ретінде сабаққа ынталандырылады. Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.

І. Кезең. Білім кешені мен оқу іс-әрекетін өзектендіру. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Үй жұмысын тексеру. Бірінші белгі.

1.1924 – 1928 жылдары Қазақстанның астанасы міндетін атқарған қаланы ата? Қызылорда

2. Түркі халықтарының рухани орталығы болып қай қала саналады? Түркістан

3. Елімізде 90-ға жуық қала, 200-дей қала тектес кент болды? 2004 жылы.

4. Түркістандағы күмбезді ата? Қожа Ахмет Йасауи

5. 1771 жылы үш жүздің ханы болып сайланған кім? Абылай хан.

6. Ақтау қаласының іргесі қашан қаланды? 1963 жылы.

7. 1964-1992 жылдар аралығында Ақтау қалай аталды? Шевченко.

8. Ақтауда не игеріледі? Мұнай мен газ.

9. Каспий теңізінің жағасында орналасқан портты қаланы ата? Ақтау.

10. Ақтөбенің іргетасы қай жылы қаланды? 1869 жылы.

11. Ақтөбе бойымен қай өзен ағып жатыр? Елек.

12. Түркі қағанаттары заманында Алматы қалай аталды? Алмалық (Алмату).

13. 1854-1921 жылдар аралығында Алматы қалай аталды? Верный.

14. 1921-1993 жылдары Алматы қалай аталды? Орысша Алма-Ата.

15. Алматы тарихи атауына қашан ие болды? 1993 жылы.

16. Іргесі 1640 жылы қаланған қай қала? Атырау.

17. 1662-1992 жылдар аралығында Атырау қалай аталды? Гурьев.

18. Қарағанды қаласы қай жылы қаланды? 1934 жылы.

19. Кеңес заманында Қарағандыда қандай лагерь болды? Қарлаг.

20. Қостанай іргесі қай жылы қаланды? 1897 жылы.

21. 1853-1922 жылдар аралығында Қызылорда қалай аталды? Перовск.

22. 1922-1925 жылдар аралығында Қызылорданы қалай атады? Ақмешіт.

23. Семей қаласы Ресейдің бекінісі ретінде қашан тұрғызылды? 1718 жылы.

24. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы қай қала? Шымкент.

25. Тың игеру жылдары Қазақстанға қанша өзге ұлт өкілдері қоныстандырылды? 2 млн.дай.

26. Мемлекет құрған этностардың саны қанша? 200-дей.

27. Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ? Диаспора.

28. Белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт? Этнос.

29. 1954-1965 жылдары азық-түлік мәселесін шешу мақсатында жүргізілген науқан? Тың және тыңайған жерлерді игеру.

30. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер қайда қоныс аударды? Жетісуға.

Ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдану. Мұғалім дәріс оқиды. Дәрістің уақыты: 5 минуттан кем емес және 10 минуттан артық емес болуы шарт.

Бақылау және өзіндік бақылау. Егер оқушы, мұғалімнің жоспарлаған ұғымдарынан қажетті бағанға 60%-дан кем емес сөз жазса, осы сәйкестіктің санына қарай плюс қойылады. Оқушыларды сұрау және бағалау ООМ арқылы «Арнайы» бағанынан басталады. Екінші белгі.

Түзету. Бұл кезеңде «Арнайы» бағанын толтыру бойынша оқушылардың жұмысын талдау жүргізіледі. Мысалдар келтіріліп, оқушылардың қателіктері анықталады. Қойылан міндетті шешуге дұрыс қатынас көрсетіледі. Мұғалім кезеңнен кейін және белгі қойылған соң, өзінің жоспарлы ұғымдарын оқиды.

Рефлексия. Мұғалім таға да «Жаңа» бағанды толтыру тәртібін түсіндіреді. Мұнда «Арнайы» бағанындағы ескертулер ескеріледі. Бірінші кезеңнен табысты өткен оқушылар ауызша мадақталады.

ІІ. Кезең. «Жаңа» бағанын толтыру. І кезең қайталанады.

Егер уақыт болса, мұғалім оқушылардан үш бағанды да оқуын сұрайды, бірақ белгі тек жоспарлы кезеңге қойылады. Үшінші белгі.

ІІІ. Кезең. «Белгілі» бағанын толтыру. І кезең қайталанады.

Егер уақыт болса, мұғалім оқушылардан үш бағанды да оқуын сұрайды, бірақ белгі тек жоспарлы кезеңге қойылады. Төртінші белгі.

Сөздік қор. Өткен тақырып бойынша оқушылар тақырыптық сөздік қор жазады. Бесінші белгі.

Бағалар. Журналға бағалар келесі норматив бойынша қойылады.

4 - 5 белгі – 5 ұпай.

3 белгі – 4 ұпай

2 белгі – 3 ұпай Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы

1 белгі – 2 ұпай 5 ұпай алулары тиіс.

Дәріс.


Ертедегі тайпалардың көпшілігі әр түрлі дала аңдары мен құстарды өздерінің түпкі ата-бабалары деп есептеген, соларға табынған. Оның сарқыншақтары әлі де бар, мысалы, үнділіктердің сиырды қасиетті деп табынуы. Сібірлік шағын этностар, америкалық үндіс тайпалары өздерінің тайпа, руларын: Ақ бұғы, Бүркіт, Аю т.б. деп атаған. Ғылымда оны «тотемизм» дейді. «Тотемизм» америка үндістерінің оджибеве тайпасының «ототем» деген сөзінен шыққан. Мағынасы – оның тегі дегенді білдіреді.

Қазақ халқында қасқыр ерекше орын алған. Оны бұрынғы заманда рудың иесі, қамқоршысы деп қатты сыйлаған. Көне дәуірде Тәңірлік дін қалыптасқан. Түркі-монғол халықтары Тәңірді жаратушы, «бір тәңірі» деп ертеде аса құрметтеген. Оны «жаратқан ие» деп те атаған, тәңірінің мекені көк аспан деп есептеген. Әлемдік діндердің бәрі де бір құдайды мойындайды. Құдай алғаш аспан мен жерді, аңдар мен құстарды, су мен ауаны, табиғатты, он сегіз мың ғаламды жаратқан. Сосын осылардың бәріне иелік етсін деп Адамды жаратқан. Ал Адам Ата жалғызсырамасын деп, оның бір қабырғасынан Хауа Ананы жаратты.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Еуропада қалыптасқан ғылыми түсінік бойынша адам маймылдан жаратылған. Ең алғашқы адамдардың маймылдардан айырмашылығы – тобыр болып өмір сүріп, олар сияқты ағашта емес, жерде мекендеген және төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Кейіннен тастан, ағаштан, сүйектен өздеріне қажетті қарапайым еңбек құралдарын жасай бастаған. Жер бетінде ең алғашқы адамға ұқсас тіршілік иелері осыдан 2,5-3 млн жыл бұрын Африка мен Азияда өмір сүрген. Тарих ғылымында оны «гоминид» деп атайды. 1974 жылы американдық археологтар Шығыс Африкадан осыдан 2,5 млн жыл бұрын өмір сүрген адам қаңқаларын тапты, оны «австралопитек» деп атады. Тарих ғылымында бұл көне дәуірдің тас құралдарын «олдувай индустриясы» деп атайды. Ғалымдар австралопитектерді дене тұрпаты мен тас құралдарына қарап, «хомо хабилис» - епті адам деп атады.

Адамның келесі даму сатысы – тік жүретін адам, оның өкілдері: питекантроп – маймыл тәрізді адам мен синантроп – қытай адамы. Питекантроп синантроптан бұрын б.з.б. 800-500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары 1890-1892 жылғы қазба жұмыстары нәтижесінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Ява аралынан табылды. Ал синантроп адамының 40 сүйегі 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен табылған. Синатроп қазақша «қытай адамы» деген мағынаны білдіреді. Синантроптар 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар от жағуды білген. Адам дамуының келесі сатысы неандерталь дәуірі деп аталады. Ол алғаш Германияның Неандерталь деген жерінен табылған. 1938 жылы академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегін тапты. Неандерталь адамы б.з.б. 200-40 мың жыл бұрынғы дәуірде өмір сүрген. Дене бітімі, түр-тұрпаты, ойлауы қазіргі адамға ұқсас адамды саналы адам-хомо сапиенс деп атады. Саналы адам осыдан 40-35 мың жыл бұрын, палеолит кезеңінде қалыптасты. Саналы адам өкілі ғылымда кроманьондық деп аталған. Оның сүйектері Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан солай аталған.

Қазақстан жерінде алғашқы адамдар бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған. Мұны белгілі археолог-ғалым Х.Алпысбаевтың 1958 жылы ашқан жаңалығы, яғни Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының маңынан тапқан ежелгі адамдардың қоныстары дәлелдейді. Алғашқы адамдар өмір сүрген тұрақ Балқаш көлінің жағасынан да табылды. Алғашқы адамдар негізінен аңшылық және терімшілікпен айналысқан. Бір үңгірде тұрған адамдар ұжымдаса еңбек етіп, барлығын ортақ пайдаланып, туыстас адамдар ұжымы руға біріккен. Руды тәжірибелі де беделді адам – рубасы басқарды. Уақыт өтек келе рудағы аадмдардың саны көбейді. Үш-төрт туыстас ру бірігіп ру бірлестігін құрды. Бірнеше ру бірлестігінен тайпа құрылды. Сонымен тайпа дегеніміз – туыстас, ынтымақтас бірнеше рулардың бірлестігі.


<предыдущая страница | следующая страница>


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.


Сынып: 5 сынып. Сабақтың тақырыбы

Білімділік: Оқушылар жазу тарихы, алфавиттің (әліпбидің) пайда болу тарихымен танысып, тарихи оқиғалардың, жеке тұлғалардың қағаз бетіне түскен жазбаша деректері туралы білімдерді

559.41kb.

14 12 2014
4 стр.


Дәлелқызы Айгүл қазақ тілі 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сабақтың мақсаты

Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру

63.95kb.

11 10 2014
1 стр.


1-сынып, мұғалім: Нұржігітова Г. Т. Сабақтың тақырыбы: «һ» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты

Иә, балалар біз қашанды көмекке әзір балдырғанбыз. Енді ақылымыз бен тапқырлығымызды да көрсететін кез келді

31.04kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 29/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Классикалық динамиканың заңдары. Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы

61.59kb.

18 12 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 12/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару

31.4kb.

25 12 2014
1 стр.