Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

Кесте: «Белгілі. Арнайы. Жаңа»



Белгілі

Арнайы

Жаңа

Ру, тайпа, тек, дін, көк аспан, құдай, Еуропа, тас, ағаш, сүйек, Африка, Азия, тарих, дәуір, тас құрал, ғалымдар, саты, Оңтүстік-Шығыс Азия, от, үңгір, Германия, Өзбекстан, үңгір, бала, қазіргі адам, Франция, Оңтүстік Қазақстан, Қаратау жотасы, Балқаш көлі, аңшылық,

Тайпа, этнос, тотемизм, оджибеве, ототем, Тәңірлік, Жаратушы,

Адам ата, Хауа ана, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар, тобыр, гоминид, австралопитек, олдувай индустриясы, епті адам, питекантроп, синантроп, 1890-1892 жылдар, 1927 жылы, «қытай адамы», неандерталь, 1938 жылы, Тесіктас, саналы адам, палеолит, кроманьон, 1 миллион жыл бұрын, 1958 жылы, Х.Алпысбаев, терімшілік, тайпа.



Дала аңдары мен құстарға табыну, үнділіктер сиырға табынған, Сібірлік этностар, америкалық үндістер тайпа, руларын: Ақ бұғы, Бүркіт, Аю т.б. деген. «Тотемизм» америка үндістерінің оджибеве тайпасының «ототем» деген сөзінен шыққан. Мағынасы – оның тегі дегенді білдіреді. Қасқыр - рудың иесі, қамқоршысы болды. Тәңірлік дін қалыптасқан. Түркі-монғол халықтары Тәңірді жаратушы деп, оның мекені көк аспан деген. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Еуропада адам маймылдан жаратылған деген түсінік қалыптасты. Әлемдік діндердің бәрі де бір құдайды мойындайды. Құдай Адам Ата мен Хауа ананы жаратты. Ең алғашқы адамдар – тобыр болып өмір сүрген. Тастан, ағаштан, сүйектен еңбек құралдарын жасаған. 2,5-3 млн жыл бұрын Африка мен Азияда өмір сүрген ең алғашқы адамды «гоминид» деген. 1974 жылы американдық археологтар Шығыс Африкадан 2,5 млн жыл бұрын өмір сүрген «австралопитек» адамды тапты. Тарихта бұл дәуірдің тас құралдарын «олдувай индустриясы» дейді. Ғалымдар австралопитектерді «хомо хабилис» - епті адам деп атады. Адамның келесі даму сатысы – тік жүретін адам: питекантроп пен синантроп. Алғашқы питекантроп 1890-1892 жылдары Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Ява аралынан табылды. Ал синантроп 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен табылған. Синатроп қазақша «қытай адамы» деген мағынаны білдіреді. Олар от жағуды білген. Адам дамуының келесі сатысы неандерталь дәуірі. Ол алғаш Германияның Неандерталь деген жерінен табылған. 1938 жылы академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегін тапты. Қазіргі адамға ұқсас адамды саналы адам дейді. Ол 40-35 мың жыл бұрын, палеолит кезеңінде қалыптасты. Саналы адам өкілі ғылымда кроманьондық деп аталады, себебі, оның сүйектері Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған. Оған археолог-ғалым Х.Алпысбаевтың 1958 жылы ашқан Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының маңынан тапқан ежелгі адамдардың қоныстары дәлел болады. Алғашқы адамдардың тұрақтары Балқаш көлінің жағасынан да табылды. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысқан. Бір үңгірде тұрған адамдар руға біріккен. Руды – рубасы басқарды. Үш-төрт туыстас ру бірігіп ру бірлестігін құрды. Бірнеше ру бірлестігінен тайпа құрылды.

Үйге.

1. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?

а) 1 млн жыл бұрын ә) 40 мың жыл бұрын б) 2 млн жыл бұрын в) 5 мың жл бұрын

2. Ежелгі адамдардың тұрағы Қазақстанның қай аумағынан табылды?

а) Жоңғар Алатауынан ә) Қаратау маңынан б) Торғайдан в) Үстірттен

* Кестені толтырыңдар. Адамның пайда болуы



Алғашқы адамдар

Табылған жері

Өмір сүрген уақыты

«Гоминид»

Африка мен Азия

Осыдан 2,5-3 млн жыл бұрын

«Австралопитек»

Шығыс Африка

Осыдан 2,5 млн жыл бұрын

«Питекантроп»

Оңтүстік-Шығыс Азия, Ява аралы

Б.з.б. 800-500 мың жыл бұрын

«Синантроп»

Қвтайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірі

Бұдан 500-200 мың жыл бұрын

«Неандерталь»

Германияның Неандерталь жері

Б.з.б. 200-40 мың жыл бұрын

«Кроманьондық»

Францияның Кро-Маньон үңгірі

Осыдан 40-35 мың жыл бұрын

Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. §14. Тас дәуірі (палеолит)

.


№ 15 сабақ

Пән: Қазақстан тарихы. 5 сынып.

Тақырып: § 33. Абылай хан.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша оқытудың нормативтік көрсеткішіне жету.

Білімділік: Оқушыларға Абылайдың өмір жолы және Абылай хан - қолбасшы, мемлекет қайраткері деген тақырыпшалар бойынша дәріс оқылады.

Дамытушылық: Тақырыпқа ену барысында оқушылардың ақпаратты бөлу іскерліктері ақпараттық құзырлықтары дамиды. Оқушылар ойлаудың – дедукция мен индукция, зейін, қабылдау және жалпы есте сақтау сияқты негізгі түрлеріне жаттығады және қалыптасады. Жазбаша сөйлеудің жылдамдығы мен техникасы дамиды.

Тәрбиелік: Оқушылар өз бетімен материалды түсініп, негізгісін алуға тәрбиеленеді. Абылай хан зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы ретінде оқушыларға дәріптеледі.

Үстеме міндет: Картаның регламентін орындау. Мүмкіндігінше кілттік сөздер негізінде ақпаратты ұяшықтарға толтыра отырып, қысқарту.

Күтілетін нәтиже: Қойылған мақсатқа жету. Оқу үрдісіне деген жоғары қызығушылықты ояту.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар.

Сабақ түрі: «Белгілі. Арнайы. Жаңа» технологиялық картасы. 3 типтегі оқу сабағы. Білім мен іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы: Сергіту сәті>білім мен оқу іс-әрекеті кешенін өзектендіру>ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдана білу>өзіндік бақылау және бақылау>түзету>рефлексия.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Оқулық, деректі фильм, мультимедиялық презентация, қосымша материал.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Сынып-команда ретінде сабаққа ынталандырылады. Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.

І. Кезең. Білім кешені мен оқу іс-әрекетін өзектендіру. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Үй жұмысын тексеру. Бірінші белгі.

1. Тәуке ханның мирасқоры? Қайып

2. Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды? 1731 жылы

3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының зардаптарын ата? Халықты қырғынға ұшыратты.

4. 1715 жылы қайтыс болған хан? Тәуке

5. «Батыр Баян» поэмасын жазған кім? М.Жұмабаев

6. «Дарабоз» атанған батыр? Қаракерей Қабанбай.

7. Малайсары батырға тархандық атақ берген қай елдің басшылары? Жоңғария.

8. Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші? Тевкелев.

9. Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналған жер? Ордабасы.

10. Қазақстан қай елдің боданына айналды? Ресей.

11. 1693-1748 жылдары өмір сүрген Кіші жүздің ханы? Әбілқайыр.

12. 1726 жылы атақты Бұланты шайқасы болған жер? Қарасүйір.

13. Жоңғар мемлекеті қашан құрылды? 1634 жылы.

14. Жоңғар мемлекетінің басқарушысы? Қоңтайшы.

15. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасы болған жыл? 1723 жылы.

16. 1778 жылы қайтыс болып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген батыр? Бөгенбай батыр.

17. Қабанбайдың шын есімі? Ерасыл.

18. Ресей бодандығын қабылдаған хан? Әбілқайыр.

19. Әбілқайыр хан Ресейге елшілікті қашан жіберді? 1730 жылы.

20. Қазіргі Маңғыстау жерін түрікмендерден босату үшін 1742 жылғы болған соғыстардың бірінде қаза тапқан табын руынан шыққан атақты батыр? Бөкенбай.

21. ХVІІІ ғасырда Ресей үкіметі тарапынан тархандық алған батырлар? Шақшақ Жәнібек пен тама Есет батырлар.

22. Жетісу жерін 1750 жылдары жаудан босатуға атсалысқан Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан атақты батыр? Наурызбай

23. Әбілқайыр қолбасшылық еткен қазақ жасақтары 1729 жылы жоңғарларға күйрете соққы берген шайқасты аты? Аңырақай.

24. Қабанбай батырды ерекше тұлғасына қарып, жеңгелері қалай атады? Нарбала.

Ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетімен білімді қолдану. Мұғалім дәріс оқиды. Дәрістің уақыты: 5 минуттан кем емес және 10 минуттан артық емес болуы шарт.

Бақылау және өзіндік бақылау. Егер оқушы, мұғалімнің жоспарлаған ұғымдарынан қажетті бағанға 60%-дан кем емес сөз жазса, осы сәйкестіктің санына қарай плюс қойылады. Оқушыларды сұрау және бағалау ООМ арқылы «Арнайы» бағанынан басталады. Екінші белгі.

Түзету. Бұл кезеңде «Арнайы» бағанын толтыру бойынша оқушылардың жұмысын талдау жүргізіледі. Мысалдар келтіріліп, оқушылардың қателіктері анықталады. Қойылан міндетті шешуге дұрыс қатынас көрсетіледі. Мұғалім кезеңнен кейін және белгі қойылған соң, өзінің жоспарлы ұғымдарын оқиды.

Рефлексия. Мұғалім таға да «Жаңа» бағанды толтыру тәртібін түсіндіреді. Мұнда «Арнайы» бағанындағы ескертулер ескеріледі. Бірінші кезеңнен табысты өткен оқушылар ауызша мадақталады.

ІІ. Кезең. «Жаңа» бағанын толтыру. І кезең қайталанады.

Егер уақыт болса, мұғалім оқушылардан үш бағанды да оқуын сұрайды, бірақ белгі тек жоспарлы кезеңге қойылады. Үшінші белгі.

ІІІ. Кезең. «Белгілі» бағанын толтыру. І кезең қайталанады.

Егер уақыт болса, мұғалім оқушылардан үш бағанды да оқуын сұрайды, бірақ белгі тек жоспарлы кезеңге қойылады. Төртінші белгі.

Сөздік қор. Өткен тақырып бойынша оқушылар тақырыптық сөздік қор жазады. Бесінші белгі.

Бағалар. Журналға бағалар келесі норматив бойынша қойылады.

4 - 5 белгі – 5 ұпай.

3 белгі – 4 ұпай

2 белгі – 3 ұпай Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы

1 белгі – 2 ұпай 5 ұпай алулары тиіс.

Дәріс. Кіріспе бөлім.

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Абылай ханның ата-бабалары Шыңғысханның ұлы Жошы ханның бесінші ұрпағы болып табылатын – қазақ Ордасының негізін қалаған Әз Жәнібектен тараған. Абылайдың шын есімі - Әбілмансұр. Оның Абылай есімді атасы кезінде Түркістанды билеген. Жекпе-жекке шыққанда жау шақ келмейтін батыр болып «қанішер Абылай» атанған. Абылай хан 1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеп тұрған кезінде бір шайқаста қаза тапқан Жоңғарлар ауылға шабуыл жасап, адамдарын қырып кетеді. Әбілмансұрды күтуші аталығы тығып, аман алып қалады. Ол кезде қаза тапқан хан ұрпағынан біреу тірі қалса, кейін кек алады деп, іздеп жүріп өлтіретін әдет болған. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді және Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Абылай көпке дейін шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген.Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ бала деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен балаға осылайша ат қояды. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін түсінген. Осы кезден-ақ оның бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастаған. Ақылымен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі.

Негізгі бөлім.

Сабалақ ер жеткен шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгенбаймен танысады. Бөгенбай аадмның да, малдың да асылын бір көргеннен таниды екен. Бөгенбай Сабалақты көргенде батыр мінезіне риза болып, батасын беріп, астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартады. 1729 жылдары жоңғарлармен болған шайқаста сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. Атақты Аңырақай шайқасы Шығыс дәстүрі бойынша жекпе-жектен басталған еді. Жоңғарлар жағынан ержүрек әскербасы, қоян-қолтық ұрыстың шебері Шарыш шығады. Бұл ұрыста 20 жасар Әбілмансұр қалмақтардың қоңтайшысы Қалдан-Сереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіреді. Соғыста «Абылайлап» ұран салған Әбілмансұр содан былай Абылай атанады. Қалмақтың қас батырын жеңген Әбілмансұрдың аты кең-байтақ қазақ даласына тарайды. Осы шайқастан кейін Абылайдың шыққан тегі мәлім болып, қазақтың ханы Әбілмәмбет тақ сенікі екен деп тағын ұсынады. Хан ұрпағы Абылай 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болды. Туысы Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң, оның орнына Абылай Орта жүздің ханы сайланды. 1771 жылы үш жүздің ұлы ханы болып жарияланады. Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан қаласында қазақ дәстүрі бойынша Абылайды ақ киізге салып хан көтереді. Жиырма бес жасында билікке келген Абылай 48 жыл бойы хандықты абыроймен басқарады. Ол ақылды да көреген, білікті дипломат, ұлы мемлекет қайраткері болды. Сонымен қатар мұсылмандық білім алған сауатты билеуші болды. Абылай қазақ мемлекетін нығайтты. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. . Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды.

Қорытынды.

Абылай ханның басты мақсаты – қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету еді. Ол үш жүздің басын қосып, күшті Қазақ хандығын құруға, «ақтабан шұбырынды» жылдарында айырылған жерлерін қайтарып алуға күш салды. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен жүргізген соғыстары сәтті аяқталды. Түркістан, Сайрам, Шымкент және басқа қалаларды жаудан босатып, қазақтарға қайтарды. Ташкент Абылайға алым төлеп тұратын болды. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарының ортасында Абылай жоңғар билеушілерінің арасындағы талас-тартысты пайдаланып, оларды барынша әлсіретуге тырысты. 1753-1755 жылдары жоңғарларға қарсы Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген сынды батырларымен жеңісті шабуылдарын үдете түсті. 200 жылға жуық созылған жоңғарлар мен қазақтар арасындағы соғыста қазақ халқы жеңіске жетті. 1758 жылдан бастап Тарбағатай, Іле, Үрімшіде Қытай елі қазақтарға арналған сауда жәрмеңкесін ашады. Қазақтар жәрмеңкеге жылқы, жүн, тері, т.б. әкеліп сатып, өздеріне қажет өнеркәсіп бұйымдарын сатып ала бастады. 1765-1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы шабуыл жасап, Нарынқолдан Қордайға тартылған қазіргі шекарасын бекітті. 1771 жылы Еділ қалмақтарын талқандады. Қытай және Ресей мемлекетімен терезесі тең қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Абылай хандық билікті күшейтуде өз заманындағы беделді де талантты тұлғаларға Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара жыраулар мен Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары т.б. батырларға және Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арқа сүйеді. Мемлекет шекарасы Абылай хан билік құрған кезеңде одан әрі кеңейе түсті. Халықтың рухы көтеріліп, мерейі үстем болды. Абылай хан 1781 жылы қайтыс болды.Оның сүйегі Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді.

Кесте: «Белгілі. Арнайы. Жаңа»

Белгілі

Арнайы

Жаңа

Қазақ

Ата-баба


Әбілмансұр

Жоңғарлар

Үйсін Төле би

Ақылды


Бөгенбай

Қоңтайшы


«Абылайлап»

Орта жүз


Дипломат

Үш жүзді қосу

200 жыл

Жәрмеңке


Қытай, Ресей

Түркістан



Хан

Ұрпақ


«Қанішер»

Аталық


Сабалақ

Қайраткер

Нарқызыл

Әскербасы

Тақ

Ақ киіз


Келісім

Алым


1753-1755жж

1758 жылы

1765-1770жж

1781 жылы



Аса көрнекті мемлекет қайраткері

Шыңғысханның ұлы Жошы ханның ұрпағы Әз Жәнібектен тарайды.

Атасы Түркістанды билеген.

Әбілмансұр Ораз құлға арқа сүйеп өседі.

Төле би Әбілмансұрға «Сабалақ» деген ат қояды.

Сабалақ бала батырлығы, табандылығымен көзге түседі.

Бөгенбай Сабалақ балаға астындағы Нарқызыл тұлпарын сыйлайды.

Әбілмансұр Қалдан-Сереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтірді.

Аңырақай шайқасынан кейін Абылайдың шыққан тегі мәлім болады.

1771 жылы Абылай хан болып сайланды. Мемлекетті нығайтты.

Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды.

Түркістан, Сайрам, Шымкент қалаларын жоңғарлардан азат етті.

Жоңғар-қазақ соғыс қазақ халқының жеңісімен аяқталды.

Қазақтар жылқы, жүн, теріні өнеркәсіп бұйымдарына айырбастады.

1771 жылы Еділ қалмақтарын талқандады.

Абылай хан атақты би, жырау, батырлармен үнемі кеңесіп отырды.



Үйге тапсырма. Үй жұмысы 4 белгіден төмен белгі алған барлық оқушыларға беріледі. Тест

1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

а) 1718 жылы ә) 1715 жылы б) 1713 жылы в) 1711 жылы

2. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

а) 1771 жылы ә) 1781 жылы б) 1731 жылы в) 1733 жылы

* Сызбаны толтырыңдар. Абылай хан

1. Өмір сүрген жылдары. 3. Жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры.

2. Төле бидің қойған аты. 4. Таққа отырған жылы.

1. 1711 – 1781 жылдары. 3. Шарыш.

2. «Сабалақ». 4. 1771 жылы.

§34. Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы өз тәуелсіздіктері үшін күрестері. (ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары). (122-125 беттер) «Әмбебап» технологиялық картасы.

№ 37 сабақ

Пән: Қазақстан тарихы. 5 сынып.

Тақырып: §34. Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы өз тәуелсіздіктері үшін күрестері.

(ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: берілген тақырып бойынша оқыту сапасының нормативтік көрсеткішіне жету. Оқытушының педагогикалық және пәндік құзырлығының өсуі және оның шығармашылық әлеуетінің іске асырылуы. Технологиялық карталау формаларының көп түрлілігін дамыту. Оқуға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бар технологиялық карталар негізінде сабақтың жобасын құру.

Білімділік: Оқушылар Кенесары Қасымұлының Ресейдің отаршылық саясатына қарсы көтерілісі. Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістер туралы толық мағлұмат алады.

Дамытушылық: Оқушылардың өз еңбегінің нәтижесін анықтап және рефлексиялауға байланысты тұрақты көзқарасы қалыптасады.Жылдамдықтың, оқу техникасының көлемі пен сапасының артуы. Ойлау жылдамдығы, есте сақтау, зейінді дамыту. Табысты адам критерийі ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықты ояту және ынталандыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға жалынды Махамбет өлеңдері насихатталады.

Үстеме міндет: Технологиялық картаның тәртібін сақтау.

Күтілетін нәтиже: Сабақтың мақсатын орындау.

Әдіс-тәсілдер: Карта, сөздік қормен жұмыс, тірек сөздерді талдау, тақырыпты оқу, қарама-қарсы сұрақ қою, сыни тұрғыдағы сұрақ (өзара тестілеу жұмысы).

Сабақ түрі: «Әмбебап» технологиялық картасы. Әмбебап картасы мұғаліммен сабақты өз бетімен құрастыруға арналған. Оқытушы сабақ мағынасына сәйкес, белгілі технологиялық карталардың кез-келген элементін таңдауға құқық бар. Картада «БжС» технологиясы бойынша толық шығармашылық сабақ жүргізуге мүмкіндік беретін барлық технологиялық элементтер жинақталған. Негізгі шарт – бағалаудың 4 базалық өлшеуіші негізінде сынып жұмысының мониторингісі бойынша ООМ жұмысты және технологиялық кезеңдерді дұрыс іске асыруды сақтау.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Карта, ООМ (отырғызу орындарының матрицасы), тірек сөздер, тест, шағын әңгіме, тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Карта бойынша жұмыстың тәртібі түсіндіріледі. Сөз сынып көшбасшысына беріледі.

ІІ. 1 кезең. Оқу іс-әрекеті мен кешенді білімді өзектендіру. Өткен екі тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қойылады. Жұмыстың соңында оқушылар өзара бір-бірін тексереді. Норма: 1 ұпай оқушының сайтына қойылады. Бірінші белгі.

ІІІ. 2 кезең. КЕФ тапсырмалары. Екінші белгі.

ІV. 3 кезең. Үшінші белгі. Бақылау және өзіндік бақылау. Тірек сөздерді жатқа жазу. Сөздің саны – 14, рұқсат 12 сөзге беріледі. Ұяшықтарға плюс не минус қойылады.

V. 4 кезең. Тест жұмысы.

І кезең. Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Тәуке ханның мирасқоры? Қайып

2. Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды? 1731 жылы

3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының зардаптарын ата? Халықты қырғынға ұшыратты.

4. 1715 жылы қайтыс болған хан? Тәуке

5. «Батыр Баян» поэмасын жазған кім? М.Жұмабаев

6. «Дарабоз» атанған батыр? Қаракерей Қабанбай.

7. Малайсары батырға тархандық атақ берген қай елдің басшылары? Жоңғария.

8. Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші? Тевкелев.

9. Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналған жер? Ордабасы.

10. Қазақстан қай елдің боданына айналды? Ресей.

11. 1693-1748 жылдары өмір сүрген Кіші жүздің ханы? Әбілқайыр.

12. 1726 жылы атақты Бұланты шайқасы болған жер? Қарасүйір.

13. Жоңғар мемлекеті қашан құрылды? 1634 жылы.

14. Жоңғар мемлекетінің басқарушысы? Қоңтайшы.

15. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасы болған жыл? 1723 жылы.

16. 1778 жылы қайтыс болып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген батыр? Бөгенбай батыр.

17. Қабанбайдың шын есімі? Ерасыл.

18. Ресей бодандығын қабылдаған хан? Әбілқайыр.

19. Әбілқайыр хан Ресейге елшілікті қашан жіберді? 1730 жылы.

20. Қазіргі Маңғыстау жерін түрікмендерден босату үшін 1742 жылғы болған соғыстардың бірінде қаза тапқан табын руынан шыққан атақты батыр? Бөкенбай.

21. ХVІІІ ғасырда Ресей үкіметі тарапынан тархандық алған батырлар? Шақшақ Жәнібек пен тама Есет батырлар.

22. Жетісу жерін 1750 жылдары жаудан босатуға атсалысқан Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан атақты батыр? Наурызбай

23. Әбілқайыр қолбасшылық еткен қазақ жасақтары 1729 жылы жоңғарларға күйрете соққы берген шайқасты аты? Аңырақай.

24. Қабанбай батырды ерекше тұлғасына қарып, жеңгелері қалай атады? Нарбала.

25. Абылай хан қай жылы дүниеге келді? 1711 жылы.

26. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды? 1781 жылы.

27. Үйсін Төле би Абылайды қалай атады? Сабалақ бала

28. 20 жасар Әбілмансұр жекепе-жекте жеңген қалмақ батырын ата? Шарыш

29. Абылай хандық билікті күшейтуде өз заманындағы қандай беделді де талантты тұлғаларға арқа сүйеді? Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара жыраулармен, Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары т.б. батырлармен, Төле, Қазыбек билермен үнемі кеңесіп отырған.

30. Абылай хан Түркістанда қайтыс болып, оның деенесі қайда жерленген? Қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.

ІІ кезең. КЕФ тапсырмалары.

ТКШ. Мына даталарда қандай оқиғалар болды?

1. ХVІІІ-ХІХ ғасырлар – Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Қазақстанда бірқатар көтерілістер мен қозғалыстар болды.

2. 1783-1797 жылдар – Сырым батыр бастаған көтеріліс.

3. 1820 жылы – Ресей үкіметі қазақ даласының ең шұрайлы жерлеріне әскери бекіністер сала бастады.

АКШ. Мына тарихи тұлғалар кім?

1. Көкшетау өңірінде 1802 жылы дүниеге келген қазақтың алты алашқа танылған ханы, Абылайдың немересі. Батыл, қорқуды білмейтін ержүрек сұлтан атпен жүріп, саят құрғанды ұнатқан. Ол қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басқарды. (Кенесары хан)

2. Қазіргі Атырау облысында дүниеге келген, жоңғар шапқыншылығы кезінде аты көпке мәлім болған Ағатай батырдың ұрпағы. Жасынан ақылды, ұстамды, сонымен қатар шешендігімен, батылдығымен аты шыққан. «Ер қанаты – ат» дегендей, астына мінген тұлпары Ақтабанды өзі жас күнінде ауылына жолай қонақ болып өткен жолаушыдан көтерем жабағы күйінде қалап алған екен. Сол жабағы өскесін қашса жеткізбейтін, қуса құтқармайтын жүйрік болып шығады. (Исатай Тайманұлы)

3. Исатайдың сенімді серігі әрі досы, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы нарын құмында дүниеге келген. Ол бала кезінен мұсылманша білім алған, сауатты болған. Жәңгір хан оны өз ұлы Зұлқарнайынға серік қылып, хан сарайында ұстауға тырысқан. Алайда ол ханның халыққа жасап отырған қиянатына шыдамай, оған қызмет етуден бас тартады. Ол өз өлеңдерінде бай-ақсүйектердің халыққа көрсетіп отырған қысымшылығын сынады. Жалынды өлең-жырлары көтеріліске шыққан халыққа рух берді. (Махамбет Өтемісұлы)


<предыдущая страница | следующая страница>


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.


Сынып: 5 сынып. Сабақтың тақырыбы

Білімділік: Оқушылар жазу тарихы, алфавиттің (әліпбидің) пайда болу тарихымен танысып, тарихи оқиғалардың, жеке тұлғалардың қағаз бетіне түскен жазбаша деректері туралы білімдерді

559.41kb.

14 12 2014
4 стр.


Дәлелқызы Айгүл қазақ тілі 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сабақтың мақсаты

Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру

63.95kb.

11 10 2014
1 стр.


1-сынып, мұғалім: Нұржігітова Г. Т. Сабақтың тақырыбы: «һ» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты

Иә, балалар біз қашанды көмекке әзір балдырғанбыз. Енді ақылымыз бен тапқырлығымызды да көрсететін кез келді

31.04kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 29/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Классикалық динамиканың заңдары. Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы

61.59kb.

18 12 2014
1 стр.


Сынып: 11 А/В-п Күні: 12/09/2011

Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару

31.4kb.

25 12 2014
1 стр.