Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі
Алтынбеков Аян Серікұлы
Сынып: 11 А/В-п
Күні: 12/09/2011
Пәні: Физика.
Сабақ № 9
Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Есеп шығару.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Қисықсызықты қозғалыстың физикалық табиғатын түсіндіру.
Дамытушылық:
Есеп шығару жоспарын құру және оны жүзеге асыра білу машығын жетілдіру.
Тәрбиелік:
Талдау, салыстыра ойлаудың тәрбиеленуіне жағдай жасау
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Үй жұмысын тексеру.
Сабақтың барысы:
Бастапқы жылдамдығы υ
0 болатын дене көкжиекке α
0 бұрыш жасай лақтырылды. Суретке назар аударайық. Қозғалыстың толық уақытын, максимал ұшу қашықтығын х
макс, максимал көтерілу биіктігін у
макс табу керек. Есептің шығарылуы қозғалыстардың өзара тәуелсіздігіне сүйенеді: дененің Ох осі бойымен қозғалысын Оу осі бойымен қозғалысына тәуелсіз деп қарастыруға болады. Ох осі бойымен денеге ешқандай күш әрекет етпейтін болғандықтан, Ньютонның 1-заңына сәйкес қозғалыс бірқалыпты. Траекторияның кез келген нүктесінде
.
Ох осі бойындағы қозғалыс теңдеуін жазамыз: , демек
Оу осі бойынша:
немесе
у=0 деп алып, толық ұшу уақытын формуладан табуға болады:
Максимал ұшу қашықтығы
теңдеуден көріп отырғанымыздай, максимал ұшу қашықтығы (берілген кезінде) қосындысы 900 болатын әр түрлі және бұрыштары кезінде де бірдей болады екен, яғни .
Бұл тригонометриядан белгілі
тригонометриялық тепе-теңдікті ескерсек, онда
түріне келеді, сондықтан берілген жылдамдықта кезінде ғана ұшу қашықтығы максимал болады.
Ұшу уақытының жартысын формуласын қолданып, ymax формуласын шығарайық.
Жоғарыда көрсетілген формулаларды қолдана отырып, t уақыттын формуласын шығарайық.
Бұл парабола теңдеуі. Яғни көкжиекке бұрыш лақтырылған дененің теңдеуі.
Жаңа тақырып бойынша қосымша сұрақтар:
-
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы еркін түсу бола ма? Неліктен?
-
Бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын оқып-үйренгенде біз қандай принципті пайдаланамыз? Осы принциптің мазмұны қандай?
-
Бұрыштарының қосындысы 900 болатын көкжиекке бұрыш жасай модулі әр түрлі жылдамдықпен лақтырылған денелердің ұшу қашықтығы бірдей болатынын дәлелдеңдер.
-
Ауа кедергісі жоқ жағдайда көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің көтерілу уақыты мен одан қайта түсу уақытының теңдігін дәлелдеңдер. Егер ауаның кедергі күші әрекет етсе, осы уақыттар тең болып қала ма?
-
Көкжиекке 450 бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы ең үлкен мәнінде болатынын қалай дәлелдеуге болады?
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы
Есептер жинағы: 2.20 – 2.25
Тексерді:
Кафедра меңгерушісі: Кажкенова Д.М.