Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі
Алтынбеков Аян Серікұлы
Сынып: 11 А/В-п
Күні: 19/09/2011
Пәні: Физика.
Сабақ № 15-16
Сабақтың тақырыбы: Галилейдің салыстырмалылық принципі. Координаталармен жылдамдықтар үшін Галилейдің түрлендірулері.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыладың ой - өрісін кеңейтіп, қоршаған ортаға материалистік көзқарас қалыптастыруға күш салу.
Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау.
Ғылыми көзқарастың тәрбиеленуіне мүмкіндікті пайдалану
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу және «Галилейдің салыстырмалылық принципі. Координаталармен жылдамдықтар үшін Галилейдің түрлендірулері.
» жаңа тақырыппен таңыстыру.
Сабақтың барысы:
Механикалық қозғалыс салыстырмалы болғандықтан, әр түрлі координаталық санақ жүйесінде дененің жылдамдығы Галилей түрлендірулерімен анықталады: және , мұндағы , сәйкесінше қозғалмайтын санақ жүйесіндегі радиус-вектор мен жылдамдық, – қозғалмайтын санақ жүйесінің басынан ққозғалыстағы санақ жүйесінің бас нүктесіне жүргізілген радиус-вектор, ал - инерциалды санақ жүйесінің қозғалыс жылдамдығы, - қозғалыстағы санақ жүйесінің бас нүктесінен дененің орнына жүргізілген радиус-вектор, – қозғалыстағы санақ жүйесіндегі дене жылдамдығы.
Z
Z/
Y
Y/
X
X
0//
0
|
Кинематикада, әдетте,
Галилей түрледіруіне кіретін жылдамдықтар:
– абсолют жылдамдық,
– салыстырмалы жыламдық
- ауыспалы жылдамдық.
|
Қозғалыстың салыстырмалылығына бірнеше мысалдар қарастырайық.
1 мысал.
А) Өзеннің ағыс жылдамдығы - , ені – h. Жүзушінің суға қатысты жылдамдығы - . Жүзгіш өзенді қандай ең аз уақыт аралығында жүзіп өтуі керек? Осы кезде оны ағыс қандай қашықтыққа ығыстырады?
Шешуі. Жүзгіш не істеуі керек? Өзендегі су бетін жылжып бара жатқан конвейер жолағы тәрізді елестетейік. Жүзуші жолаққа секіріп түседі де, ол өзінің санақ жүйесіне қатысты жылдамдықпен кез келген бағытта жүзе алады.
Ол өз жүйесінің (жолақтың) жағаға қатысты қозғалыста екенін білмейді, бірақ ол қарсы жақтағы В нүктесін көреді және өз мақсатын да біледі. Ол тура В нүктеге қарай бет алады, себебі ең қысқа қашықтық h, бірақ оны өзен ағысы қайсыбір s қашықтыққа алып кетеді (ығыстырады). Жағаға қатысты жылдамдық және жылдамдықтардың векторлық қосындысына тең болады. Сонда , ал оны өзен немесе қашықтыққа ығыстырып алып кетеді. Өзінің жылдамдығының өзен ағысының жылдамдығынан үлкен-кіші екеніне қарамай, мұндай істі кез келген жүзуші орындай алады.
Ә) Мәселені жүзуші үшін сәл күрделендірейік. Жүзуші қарсы жағаға тікелей жетуі керек. Ол өзінің суға қатысты жылдамдығын жағаға қатысты қандай бұрышпен бағыттауы керек және өзенді жүзіп өтуі үшін қанша уақыт қажет болады?
Шешуі. Жүзушінің қорытқы жылдамдығының тура В нүктесіне бағытталуы тиіс екені анық. Бұл мүмкін болу үшін және жылдамдықтардың векторлық қосындысы В нүктесіне бағытталуы керек. Сонда , ал уақыт ; немесе деп немесе Пифагор теоремасы бойынша деп табуға болады. Сонда .
Мұндай талапты орындап шығу үшін жүзгіштің суға қатысты жылдамдығы ағыс жылдамдығынан артық болатындай күшті жүзгіш болуы керек.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы
Тақырыпты қайталау
Есептер жинағы: 2.47 – 2.50
Тексерді:
Кафедра меңгерушісі: Кажкенова Д.М.