ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ХАБАРЛАНДЫРУ ХАТ
Құрметті әріптестер мен оқушылар!
Сіздерді, оқушылар арасындағы биология, география және экология салалары бойынша өтетін облыстық ғылыми-тәжірибелік «ғылым әлеміне ұмтылыс» конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференция оқушылар арасындағы дарындыларды айқындап, оларға қолдау көрсету, олардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру, танымдық белсенділіктері мен интелектілік шығармашылықтарын дамыту мақсатымен ұйымдастырылып отыр.
Конференцияға қатысуға Қарағанды қаласы мен серіктес қалалардың, облыс көлеміндегі жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, лицеилер, гимназиялар, мектеп-интернаттардың оқушылары шақырылады.
Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша жоспарланады:
-
Биология
-
География
-
Экология
Конференция
қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Конференцияның өту мерзімі 4 сәуір 2013 жыл.
Конференцияны ұйымдастыру комитетіне және эксперт комиссия мүшелеріне Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ биология-география факультетінің деканат қызметкерлері, кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы кіреді.
Конференцияға қатысуға сұраныстар
Конференцияға қатысу үшін авторлармен ұйымдастыру комитетіне сұраныс береді.
Сұраныс-анкетаға қосымша беріледі (Қосымша 1 қара):
- зерттеу жұмыстарының мәтіні титулдық мұқабасымен (Қосымша 2 қара)
- баяндаманың тезисі (Қосымша 3)
- компакт-диск, ішінде MS Word форматтағы 3 файл болу қажет (файл Тегі_автордың-сұранысы.doc-файл анкетасы бар- сұраныс; файл Тегі_автордың-жұмысы.doc-зерттеу жұмыстарының барлық бөлімдері мен қосымшаларының жиналған файлы; Тегі_автордың-тезисі.doc-баяндаманың тезисі бар файл). Дискіге түсінікті түрде қатысушының аты-жөні, конференцияның аты мен секция жазылу керек.
Бір оқу бөлімінен әр секцияға 1 жұмыс ғана қабылданады, атап айтқанда бір мекемеден максималды түрде 3 жұмыс.
Қатысушылардың өтініштері конференцияның ұйымдастыру комитетімен төмендегі мекен жайда 2013 жылдың 22 наурызына дейін қабылданады: 100028, Қарағанды қ. Университетская көш. 28, корпус №3, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, биология-география факультетінің деканаты, 311 кабинет, немесе электронды поштаға: [email protected] телефон: (7212) 77-00-69, 87023349049 Шорин Сабит Сексембекулы.
Материалдар конференцияның басталуына дейін басылып шығарылуға жоспарланған. Конференцияға қатысу құны авторлардың санына тәуелсіз бір жұмысқа 2000 тг құрайды. Беріліп отырған ұйымдастыру төлемі коммерциялық емес, оның барлығы баспа мен ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалады.
Конференцияның өту тәртібі
Межелеген уақытта талаптарға сай безендіріліп ұйымдастыру комитетіне түскен барлық зерттеу жұмыстар, алдын ала эксперттеу мен сайыстық сұрыптауға өткізіледі. Эксперттік комиссия ең үздік жұмыстарды конференцияға көрсетуге таңдап алады.
Белгілі секцияның талаптарына сай орындалмаған жұмыстарды эксперттік комиссия басқа секцияларға жібереді немесе авторлардың конференцияда қатысуына рұқсат бермейді. Ұйымдастыру комитетімен қабылданған барлық жұмыстар баспадан шығарылады.
Эксперттік комиссияның шешімімен қабылданған жұмыстардың авторларына ұйымдастыру комитеті электронды пошталарына конференцияға қатысуға шақыру хаттарын жолдайды. Конференция оқушылардың пәндік секцияларда жеке зерттеу жұмыстарының қортындылары бойынша қатысушыларға ашық баяндауды ұйғарады.
Конференция бағдарламалары 2013 жылдың 26 наурызында құрылады.
Баяндаманың негізгі бөлімі мен жұмыстың нәтижелеріне 7 минут және сұрақтарға жауап берілуге 5 минут уақыт бөлінеді. Баяндаманы Power Point бағдарламасымен дайындалған графикалық, кестелермен, фотосуреттер және басқа да көрсетілімдер материалдарымен көркемдеп безендірілуіне талап қояды.
Конференцияға қатысушылар өздерімен бірге зерттеу жұмыстарының және баяндамаларының мәтіндерін алып жүруге талап етеді. (экспертті комиссияға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды).
Конференцяның қорытындысын шығару
Пәндік секциялардың жұмыстарының аяқталуы бойынша конференцияның жеңімпаздары анықтау үшін экспертті комиссияның отырысы болады.
Экспертті комиссияның шешімдерінен кейін аппеляция қабылданбайды.
Конференцияға жұмыстарын ашық баяндауға шақырылған барлық қатысушыларға сертификат табыс етіледі.
Конференцияға қатысқандардың ең үздік жұмыстары конференцияның жеңімпазы болып табылып, І, ІІ. ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Дипломдар жоғалған болса көшірмесі берілмейді.
Конференцияға қатысқан жеңімпаздардың жетекшілері ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен марапатталады.
Ұйымдастыру комитеті ерекше жасалған жұмыстарды арнайы дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапаттауға шешім қабылдай алады.
Ескерту!
Берілген талаптарға сай безендірілмей жіберілген жұмыстар ұйымдастыру комитетімен қабылданбауы мүмкін.
Конференцияға қатысушылар мен олариен бірге келушілердің жол ақысын, тамақтануы мен қону орындарының шығынын конференцияның ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етпейді.
Зерттеу жұмыстарына авторларының санына байланыссыз 1 зерттеу жұмысына бір конференция материалдарының жинағы беріледі.
Ұйымдастыру комитеті конференцияның материалдарын таратумен айналыспайды.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
9.00-9.30
|
Конференцияға қатысушыларды тіркеу (Университетская 28, 3 корпус, биология-география факультеті, №11 кеңейтілген аудитория)
|
9.30-10.00
|
Конференцияның ашылу рәсімі (№11 кеңейтілген аудитория)
|
10.00-13.30
|
Секциялардың жұмысы (№10, 11, 12 аудиториялар)
|
13.30-14.00
|
Үзіліс
|
14.00-18.00
|
Секция жұмыстарының жалғасы (№10, 11, 12 аудиториялар)
|
18.00-19.00
|
Конференция жұмысының қортындысын шығару (№11 кеңейтілген аудитория)
|
Қосымша 2. Зерттеу жұмстарының мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар
Конференцияға жолданған зерттеу жұмыстары ғылыми ізденістегі мәселелерді қарастыруы қажет (ауқымдық, ғаламдық көлемді емес). Реферативті жұмыстар қабылданбайды.
Жұмыстың мазмұны мен безендірілуі жалпыға бірдей ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай орындалуы тиіс. Зерттеу жұмыстары келесі мағлұматтарды ұстану керек:
Мұқабаның беті (конференцияның аты, секцияның атауы, жұмыстың тақырыбы, авторлар туралы мағлұмат (аты-жөні, сыныбы мен оқу мекемесі, елді мекеннің атауы) және ғылыми жетекшілері (аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы, жұмыс орны)
Мазмұны ( жұмыстың негізгі тараулары мен беттері).
Кіріспе (мәселенің қысқаша мазмұны, тақырыптың өзектілігі, мақсат пен міндеттердің анықтамасы, пайдаланған әдебиеттердің қысқаша шолуы мен сілтемесі, зерттелген жұмыстың зерттелу дәрежесі, таңдалған мәселені шешудегі автордың қосқан үлесі)
Негізгі бөлім (ақпарат, бөлімдерге бөлу: қарастырылып отырған фактілерді көрсету, мәселелерді шешудегі белгілі және жаңа қолданылған әдістерді салыстыру, алынған нәтижелерді ғылыми тұрғыда негіздеу – маңыздылығы, нақтылығы, қарапайымдылығы, көркемділігі, тәжірибелік құндылығы және т.б).
Қорытынды (нұсқауы бар автормен алынған тұжырымдыры мен нәтижелері, егер зерттеу нәтижелерін практикада қолданылуы бойынша келешекте зерттеу және ұсыныстарының бағыттары мүмкін болса).
Қолданылған әдебиеттер тізімі (басылымдар, автормен пайдаланған әдебиеттер алфавитті тәртіппен реттік номермен беріледі)
Қосымша бет (суреттер, фотосуреттер, графиктер, карталар, кестелер т.б.) негізгі жұмыстың мәтініне байланысты болуы қажет
Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Жұмыстың мәтіні стандартты А4 форматты қағазда басылады. Шрифт – Times New Roman Kaz немесе Times New Roman Cyr, символ көлемі – 14 пт, мәтін аралық қашықтық – 1. Парақтың шеттері: жоғарысы – 2, төменгісі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см.
Жеке фрагменттер қол жазба түрінде безендірілуге рұқсат етіледі (формулалар, сызбалар, т.б.) қара сиямен.
Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек (мұқаба бетті санамағанда). Беттердің барлығы нөмірленген болуы қажет.
Мақаланың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылады. Сілтемелер мәтіннің соңында квадрат жақшада көрсетіледі.
Қосымша бет 10 бетке дейін рұқсат етіледі. Қосымша беттердің атауы болу қажет және беттері нөмірленген болуы керек. Мәтіндерде оларға сілтемелер көрсетіледі.
Негізгі жұмыс пен қосымша беттер мұқаба бетпен бірге тігіледі (пластикалы файлдар мен қатты қаттама қағаз қолдануды ұсынамыз).
Қосымша 3. Тезистерді безендіру тәртібі
Тезистердің көлемі – 1 бет. Мәтін стандартты А4 форматты қағазда басылады. Шрифт – Times New Roman Kaz немесе Times New Roman Cyr, символ көлемі – 14 пт, мәтін аралық қашықтық – 1. Парақтың шеттері: жоғарысы – 2, төменгісі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см.
Ортасында автордың аты-жөні беріледі, бір интервалдан кейін құйылып жазылған бас әріптермен тезистің атауы. Тезистің атауы зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес болуы керек. Негізгі мәтін шартты түрде автоматты тасымалмен теріледі, абзацты шегеру – 1 см. Тезистің мәтінін теріу, формулаларды, кестелерді жасау үшін Microsoft Word редакторы қолданылады. Мақаланың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылады. Сілтемелер мәтіннің соңында келтірілген кезекпен квадрат жақшада көрсетіледі.
Конференцияға қатысушылардың назарына!
Конференцияны ұйымдастырушы комитет конференцияға арналған ең үздік эмблемаға жарыс жариялайды. Эмблеманың үлгісі 600 dpi рұқсат етілген jpg форматында электронды түрде қабылданады.
Конкурста жеңіп шыққан эмблема конференцияның бағдарламасы мен конференция материалдарының мұқабасына жеңімпаздың фамилиясы көрсетіліп басылады және жеңімпаз қосымша құнды сыйлықпен марапатталады.
Қосымша 1
Оқушылар арасындағы биология, география және экология салалары бойынша өтетін облыстық ғылыми-тәжірибелік «ғылым әлеміне ұмтылыс» конференциясына қатысушының
СҰРАНЫС-САУАЛНАМА
Анкета әр қатысушымен толтырылады (соавторлар болған жағдайда да) басылу әріптермен
Аты-жөні_______________________________________________________________________________________________________
-
Жынысы (керегін сыз) Е Ә 3.Туған жылы (күні, айы) ______________________________________________
4. Мектеп (ауылды мекеннің атауы мен ауданы, оқу мекемесінің толық атауы): ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________5. Сынып ________________________________________________________________________
6. Мектептің пошталық адресі, индексі ________________________________________________________________________________
_____________________________________________7. Мектеп телефоны ____________________________________________________
8. E-mail: (
символмен енгізу):
9. Үйдің телефоны (қаланың кодымен)________________________________Ұялы телефон ____________________________________
10. Қатысатын секцияның атауы (керегін сыз)
биология; география; экология;
11. Жұмыстың тақырыбы____________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
12. Жұмыс орындалды (сыз,авторларды жаз) жеке немесе авторлармен бірге ______________________________________________
13. Ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы___________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
14. Жетекшінің ғылыми қызметі, жұмыс орны (толық, қысқартпай) ________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
15. Жұмыс қосымша білім беру бағдарламалар аясында жасалған (ғылыми-зерттеу орталықтарында, ғылыми клубтарда, зертханаларда, ұйымдарда, семинарларда және т.б. − қысқартылмаған толық атттары)_________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
16. Конференцияның пәндік секциясында баяндама жасаған кезде қосымша материалдарды көрсету үшін техникалық құралдар қажет (керектісін сыз, егер берілген құралдар қажет болса)
компьютер+проектор (дыбыспен, дыбыссыз) видеомагнитофон аудиомагнитофон
17. Конференция туралы ақпаратты қайдан алдыңыз _______________________________________________________________
Конференцияның өту тәртіптерімен, жұмыстарды безендіру және басқа да құжаттармен таныстым. Берілген сауалнама ұйымдастыру комитетіне зерттеу жұмыстарының мәтіні мен мұқаба беті, тезисі, жұмыстың мәтіні мен тезисі бар файл дискісімен беріледі. Құжаттар пакеті Ұйымдастыру комитетіне 2011 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылуы қажет. Берілген талаптарды орындамаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті менің өтнішімді қабылдамаған жағдайда келісемін.
______________________ (Қатысушының қолы)
Ұйымдастыру комитетімен толтырылады
: Жұмысты қабылдаған ___________________________ Күні ________________
Эксперттер _________________________________ Сайыс сұрыптауына қатысу нәтижесі: ___________________