01.10.2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі
(Хаттама № 4)
Ректордың 2011-2012 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы есебі және келер оқу жылына қойылатын міндеттер туралы.
Қаулы етті:
1. 2011-2012 оқу жылындағы университет қызметі қанағаттанарлық деп танылсын және ректордың есебі бекітілсін.
2. Серіктес-жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілсін және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы студенттер саны ұлғайтылсын.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, Тіркеу және академиялық ұтқырлық Орталығының жетекшісі, факультет декандары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
3. Ғылыми-зерттеу құрылымдары: ғылыми-технологиялық кешендердің, ҒЗИ, технологиялар мен зертханаларды коммерциализациялау офисі жұмыстарының тиімділігі арттырылсын. Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми бөлімшелер жұмысына қатысуы жандандырылсын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық Орталық директоры, Жас ғалымдар Кеңесі төрағасы.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
4. Көптілді білім беру мамандарын даярлау бағыттарын кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылсын және көптілді білім беру бағдарламасы ҚарМУ магистратурасының оқу үдерісіне енгізілсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, көптілді білім беру Орталығының жетекшісі.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
5. «Тарих/Бакалавриат/Магистратура», «Шетел тілі: Екі шетел тілі/Бакалавриат» «Туризм/Бакалавриат», «Менеджмент/Бакалавриат», «Биология/Бакалавриат», «Құқықтану/Бакалавриат/Магистратура» білім беру бағдарламаларын шетелдік агенттіктердегі арнайы аккредиттеуден өтуге даярлығы жалғастырылсын.
Жауаптылар: бірінші проректор, стратегиялық даму, СМЖ және аккредиттеу Орталығының директоры, факультет декандары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
6. Университеттің барлық бөлімшелерінің қызметінде электронды университет, e-learning және on-line-технологиялардың мүмкіндігін пайдалану кеңейтілсін
Жауаптылар: бірінші проректор, ғылыми жұмысы жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Орталығы директоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
7. Жоғары рейтингті журналардарда жарияланымдары бар университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің санын арттыру бойынша жұмыстар жандандырылсын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары, Инновациялық-технологиялық Орталық директоры.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
8. Ғылыми қызметтер нәтижелерін коммерциализациялау, оқу-әдістемелік басылымдарды (электронды оқулықтар, оқу құралдарын және т.б.) тарату мақсатында инновациялық және білім беру қызметтері нарығына ҚарМУ-дың профессорлық-оқытушы құрамының зияткерлік меншік өнімдерін жылжыту бойынша шаралар кешені әзірленсін.
Жауаптылар: бірінші проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми кітапхана директоры.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
9. Оқытушылардың ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының грантын алуға конкурсқа қатысу белсенділігі арттырылсын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
10. Жеке білім беру траекториясы принциптерін жүзеге асыру, білім алушының оқу уақытын тиімді жоспарлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене мәдениеті және спортпен шұғылданудың секциялық сабақтары жүйесіне кезеңмен өту жүзеге асырылсын.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, факультет декандары, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
11. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, академиялық ұтқырлықты, түлектерді жұмысқа орналастыруды дамыту, гранттар мен стипендияларды бөлу мәселелері бойынша жұмыс берушілермен, кәсіби қоғамдастықтармен, қауымдастықтармен өзара әрекеттестік жандандырылсын.
Жауаптылар: бірінші проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, факультет декандары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
12. Жоғары оқу орнының тиімді және сапалы қызметін қамтамасыз ету мақсатында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің» Республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» болып қайта құрылуын ескере отырып, университеттің барлық бағыттары бойынша даму стратегиясы әзірленсін.
Жауаптылар: бірінші проректор, комиссия.
Мерзімі: 15 қазан 2012 жыл.