Перейти на главную страницу
№ |
Іс-шараның атауы |
Оқушылардың аты-жөні |
Жетекшісі |
Орын |
Республика, облыс, қала сайысы |
1 |
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада |
«Болашаққа Ыбырай ізіменен...» Жақыпова Самал Қадырбаев Шыңғысхан Балтабаева Сандуғаш Садуақасова Гүлнұр
|
Ермағамбетова М.Қ. |
2 |
Республикалық |
2 |
Қазақ күресі |
Қызбелбай Айдос, Жақсылықов Айдос, Күдесов Темірлан, Насибұлов Мақсұт |
Атығаев С.Н |
1-3 |
Қалалық |
3 |
«Арайлы мектептер» байқауы |
Мектеп ұжымы |
Исетова Б.Қ. |
Жүлделі орын |
Облыстық |
4 |
Торғай ауданы өткізген ақындар айтысты |
Әлкебаев Бақытжан |
Беркенова Ә.Ә. Өтелбаева С.А. |
2 |
Облыстық |
5 |
«Ыбырайдың аңсаған арманы» атты керуен шеңберінде айтыс |
Әлкебаев Бақытжан |
Беркенова Ә.Ә. Өтелбаева С.А. |
3 |
Облыстық |
6 |
«Жас тұлпар» оқушылар арасында айтыс |
Әлкебаев Бақытжан |
Беркенова Ә.Ә. Өтелбаева С.А. |
3 |
Облыстық |
7 |
XXI ғасыр көшбасшысы |
Сәлімжан Қазбек |
- |
апталық ойын (жеңімпазы |
Республикалық |
№ |
Іс-шараның атауы |
Оқушылардың аты-жөні |
Жетекші |
Орын |
Республика, облыс, қала сайысы |
1 |
А.Байтұрсынов атындағы университетінің 70 жылдығында өткен айтысқа - |
Әлкебаев Бақытжан |
|
- |
Облыстық |
2 |
М.Мақатаев оқулары |
Әлкебаев Бақытжан |
Ермағамбетова М.Қ. |
3 |
Республикалық |
3 |
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада |
Тұрқараева Мадина, Қаратай Шыңғыс, Насибұлов Мақсұт, Әлкебаев Бақытжан, Тасболатов Әділ «Болашаққа Ыбырай ізіменен...» тобы |
Сағындықова А.Ү. |
3 |
Республикалық |
4 |
«Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбы бойынша шығарма жазу сайысы |
Алғуатов Алмат |
- |
2 |
Облыстық |
5 |
Жеңістің 65 жылдығына арналған қазақ тілі фестивалі |
Тұрқараева Мадина «Сөз мәнері», Сұлтанов Фараби «Әнші-бұлбұлдар», «Сахна саңлақтары» Әлкебаев Бақытжан, Насибұлов Мақсұт, Бекмағамбетова Райхан, Тұрқараева Мадина, Қаратай Шыңғыс «Тіл білімі» Әбдіхамит Маржан |
Нұғыманов А.Қ. |
2 |
«Тіл білімі» Облыстық |
6 |
«Територия лидера» жастар ұйымдарының слеті |
Шоланова Салтанат, Қасымханова Әдия, Қамбарова Дарина, Ғалымжан Гауһар |
Сағындықова А.Ү. |
- |
Облыстық |
7 |
«Дарын» статусын алғанымзызға 10 жыл «Ең үздік жұп» және «Ең үздік мектеп туралы фильм» номинация |
Мектептің көшбасшы оқушылары |
Сағындықова А.Ү. Ермағамбетова М.Қ. /фильм/ |
1 |
Облыстық |
8 |
Абай оқулары «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» |
Қамбарова Дарина Ахметова Салтанат |
Өтелбаева С.А. |
- |
Облыстық |
9 |
Бокс |
Қаратай Шыңғыс |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
1 орын 3 рет |
Облыстық |
10 |
Бокс |
Қаратай Шыңғыс |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
3 орын 3 орын
|
Халықаралық Облыстық
|
11 |
Бокс |
Мәрден Арман |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
1 орын 3 рет |
Облыстық |
12 |
Бокс |
Мәрден Арман |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
2 орын 2 рет 2 орын 1 рет күміс жүлдегері |
Облыстық ҚР чемпионаты |
13 |
Бокс |
Мәрден Арман |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
3 орын 5 рет |
Қала, Облыс |
14 |
Бокс |
Бекболатов Ұлан |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
3 орын 2 рет |
Облыстық |
15 |
Бокс |
Бекболатов Ұлан |
Маргунов Д.И., Худяков Д.Г. |
3 орын 1 рет |
Халықаралық |
16 |
Жеңістің 65-жылдығына орай авторлық патриоттық ән байқауында «Ең үздік» ән номинациясы |
Ахметбеков Елдар мен Сұлтанов Фараби |
Сарбасова Н.А. Өтелбаева С.А. |
1 |
Облыстық |
17 |
Волейбол |
Ғазес Әсем, Ержан Дариға, Кеңесбаева Тоғжан, Куюбаева Сәуле, Қалиахметова Самира, Нұрпейісова Диана, Сейітова Айман |
Атығаев С.Н. |
2 |
Қалалық |
18 |
Қазақ күресі |
Едік Олжас Күдесов Темірлан Кішкентаев Ербахыт
|
Атығаев С.Н. |
1 |
Қалалық |
19 |
Тоғызқұмалақтан жас өспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты |
Спанова Гүлнұр, Қасымханов Абылайхан |
Шегебаева Ә.А. |
1 |
Республикалық |
20 |
Жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты |
Маусымбаева Самал Қасымханов Аблайхан |
Шегебаева Ә.А. |
3 |
Республикалық |
21 |
Жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты |
Спанова Гүлнұр |
Шегебаева Ә.А. |
2 |
Республикалық |
№ |
Іс-шараның атауы |
Оқушы аты-жөні |
Жетекші |
Орын |
Республика, облыс, қала сайысы |
1 |
Ы.Алтынсарин мемориалына арналған Республика лық жарыста |
Қасымханов Абылайхан, Серікбайев Дархан |
Шегебаева Ә.А. |
3 |
Республикалық |
2 |
Шәкәрім оқулары |
Міркемел Айнұр Қамбарова Дарина |
Тасанова Г.М. Өтелбаева С.А. |
1 |
Облыстық |
3 |
Шәкәрім оқулары |
Жауатова Данагүл Машенова М |
Нұғыманов А.Қ. Тасанова Г.М. |
3 |
Облыстық |
№ |
Үйірме атауы |
Үйірме саны |
Үйірмелерге баратын оқушылар саны |
1 |
Вокал |
19 |
24 |
2 |
Хор |
111 | |
3 |
Домбыра оркестрі |
25 | |
4 |
Би |
74 | |
5 |
«Жас ақындар» |
10 | |
6 |
Шахматы |
20 | |
7 |
Үрмелі аспаптар оркестрі |
18 | |
8 |
Тоғызқұмалақ |
12 | |
9 |
Волейбол |
62 | |
10 |
Баскетбол |
16 | |
11 |
Фортопиано |
2 | |
12 |
Бокс |
12 | |
13 |
Күрес |
19 | |
14 |
Футбол |
7 | |
15 |
Жүзу |
7 | |
16 |
Сурет |
2 | |
17 |
Теннис |
1 | |
18 |
Дебат |
10 | |
19 |
«Компьютерлік графика» |
10 | |
Барлығы: 432 |
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына әр тұлғаның шығармашылық, мәдени және салауатты да, сымбатты болып қалыптасуы үшін білім ұйымында қолайлы жағдай жасалған. Мектепте барлығы 8 үйірме, 2 секция, 6 клуб жұмыс жасайды. Мектепте барлығы - 405 оқушы. Бірақ, үйірмелер, секциялар мен клубтарға 432 оқушы қатысады. Өйткені 1 оқушы 1-2 үйірме, секцияға қатысады. Мектептен тыс үйірме, секцияларға 50 оқушы қатысса, мектептегі үйірмелерге – 372 оқушы қатысады. Көркемдік - шығармашылық бағытта (домбыра, вокал, би, «Жас ақындар») - 244, спорттық ойындар бағытында (баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, күрес, бокс, т.б.) - 136, танымдық бағытта -10 («Компьютерлік графика»), жалпы гуманитарлық бағытта - 10 (Дебат). Және де мектепте үйірме, секция жұмысымен клуб жұмыстары үлкен орын алады. Мектепте барлығы 6 клуб жұмыс жасайды. Олар: «Ару қыз», «Жас ұлан», «Эрудит», «Зерде», «Архимед», «Ата-мұра» осы клубтарға көлемінде 15-20 оқушыдан қатысады.
Біздің құрған ұйымымыздағы іс-әрекет «Дарын Республикасы» азаматтарын мектеп өмірінің мақсатты және серпінді үрдісіне біртіндеп баулып, бұл үрдісті әрбір жеке бала және олардың барлығы үшін мазмұнды және қызықты етіп келеді.
Мектептің өзін-өзі басқаруының үлгісін жасауда біз өзіміз үшін ең алдымен құқықтық және демократиялық мемлекетке тән болып табылатын билікті бөлісу, сайламдылық сияқты елеулі ұстанымдарды белгілеп алдық. Сондай-ақ бізге мемлекеттің заңдары мен Конституциясының ұстанымдарын, демократиялық биліктің қандай атрибуттары тиімді және жеткілікті болатының түсіну қажет болды. Мысалы, өкілдік билік пен атқарушы биліктің оның алдында есеп беруі, қауымдастық мүшелерінің еркін білдірудің нысаны болып табылатын референдум, сайлау барысындағы жасырын дауыс беру.
Құқықтық негізсіз балалардың іс жүзіндегі құқықтары да болмайды. Сондықтан «Дарын» мектеп-интернатында біз мектеп Конституциясын, «Дарын» мектебі оқушыларының құқықтар декларациясын, «Дарын» мектебі оқушыларының ар-намыс кодексін, оқушылардың мектепті басқаруына негіз болған басқа да құқықтық актілерді жасап шығардық.
Біздің оқушылар мектептің негізгі заңын дайындап қабылдауға шығармашылықпен қарап, онда өзінің қызығулары мен құқықтарын ғана емес, оқушылар ұйымын басқарудың нәтижелі құрылымын мейлінше айқындауға ынталанды. Бастауыш сатыда бастамашыл топ құрылып, ол «Дарын Республикасы» Конституциясының жобасын әзірледі. Екінші сатыда бұл жоба барлық сыныптарда талқыланды және ұсынылған қосымшалар мен өзгертулер жинақталды. Олардың ішінен ең салмақтылары іріктеліп, Конституцияның қайта жасалған және дауысқа қойылған екінші мәтініне енгізілді.
Конституцияны қабылдау жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Дауыс берудің нәтижелері мектеп қабырға үнқағазында жарияланады. Өйткені, бұл демократияның атрибуттарының бірі болған жариялықты қамтамасыз етеді және әрбір оқушының санасына бұл заң қауымдастық мүшелерінің дауыс беруі арқылы қабылданды, сондықтан ол баршаға бірдей күшке ие деген ұғымды енгізуге көмектеседі.
Біз «Дарын Республикасының» азаматтары, өзіміздің қауымдастығымызды іс жүзіндегі демократиялық қоғамға мүмкіндігінше жақындатуға ұмтылып, өкілдік билікті Конституциялық тұрғыдан бекіттік. Мектебімізде екі палатадан тұратын /Мәжіліс және Сенат/ Парламент іс - әрекет жүргізуде. Парламент мәжілісінің депуттары әрбір 8 – 11 сыныптардан сайланады. Әрбір сынып жеке мандатты сайлау аймағы болып табылады. Сөйтіп, Мәжілістегі өкілдік сыныптар бойынша анықталады.
Мәжіліс депутаттары сайланған сынып жиналыстарында сынып жетекшілері мектеп Парламентінің және депутаттардың қызметін түсіндіреді, Мәжіліс депутаты Парламентте қабылданатын «Дарын Республикасы» заңдарының мазмұнына жауапты, өз іс - әрекетінде сайлаушылары болып табылатын сынып оқушыларының мүддесін қорғауға міндетті сынып өкілі екендігіне ерекше зейінді шоғырландырады.
Парламент Мәжілісінің құрамы сайланған соң оның алғашқы сессиясының ашылуына барлық депуттарға мандаттар, яғни олардың өкілеттілігін куәлайтын ресмі құжаттар беріледі. Мәжілістің алғашқы отырысында депутаттарға Мәжілістің қызметі, оның құзыреті, жұмыстың регламенті және мазмұны түсіндіріледі. Мәжіліс төрағасы сайланады, білім, мәдениет, спорт, денсаулық комитеттері құрылып, депуттарға бөлінді.
Біздің Дарын Республикасында депутаттар комитеттері тарапынан заңдарды жасап шығару және қабылдау механизмі оларды әзірлеп талқылауда мектеп қауымдастығы мүшелерінің мейлінше көбірек бөлігін қарастыруға бағытталған. Жалпы өмірдің нормалары мен ережелерін жасап шығаруға балалардың қатысуы, оларды сол норамаларды белсенді түрде алып жүрушілерге айналдырады. Бұл ереже мектептегі бүкіл заң шығарушылық іс-әрекетке қатысты болғаны жөн. Әрине, барлық оқушы бірігіп заң жазу мүмкін емес, ол үшін біздің Парламентте заңдардың жобаларын дайындайтын комитеттер де бар. Мұғалімдер мен оқушылар арасында талқылаудан өткен жобалар Мәжіліс депутаттарының талқылуына ұсынылады. Мәжіліс қабылдаған заң Сенатқа жіберіледі.
Біздің Сенат – бұл мектебіміз мұғалімдерінің және президенттің өкілдігі. Мектеп директоры сенатқа 4 мұғалімді , ал оқушылар ұйымының президенті 5 оқушыны тағайындайды. Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдарды қарайды, оларға тиісті өз шешімін шығарады: келісу немесе келіспеу, Сенат заңдарға келіспеген жағдайда олардың бекітілмеу себептері түсіндіріліп, Мәжілістің қайта қаралуына ұсынылады. Бұл орайда Вице президенттің іс-әрекеті ерекше рөл атқарады. Сенаттың дауысқа ие емес төрағасы ретінде ол Сенат пен Мәжілістің сапалы және уақытылы өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге сондай-ақ заңдардың нәтижелі түрде талқыланып қабылдануын ұйымадстыруға міндетті.
Парламент қабылдаған заңдарға міндетті түрде мектеп директорының келісімі алынуы тиіс. Дарын Республикасы Конституциясына сәйкес мектеп директоры заңға тиым салуға немесе оның іс-қимылын тоқтатуға құқылы. Бұл шарт мектепті басқару мен өзін өзі басқарудың өзара келісімді іс-әректін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тағы да бір міндетті шарт-қабылдаған заңдарды жариялау, оқушылардың зейінін олардың мазмұнына қарату, балалар егес және ділгірлік туындаған жағдайда оларды қолдануына көмектесу.
Дарын Республикасының министірлер кабинеті мектеп қауымдастығының және бастауыш ұжымдардың ұсыныстарының негізінде жалпы мектептік істер бағдарламасын жасап, оның орындалуын ұйымдастырады. Бұл бағдарлама немесе жоспар мейлінше көп адамның шығармашылығының туындысы болуы тиіс. Сондықтан әрбір министірлік өзінің іс-әрекет жасау мерзімінің басында және үнемі пікіртерімдер өткізеді, азаматтардың пікір ұсыныстарын, сұраныстарын, қызығуларын зерттейді. Оларды ескерген түрде министірлік істерінің бағдарламасы жасалады. «Қандай істер мектебіміздің өмірін осы оқу жылында қызықты етер еді?», «Барлық оқушыға мектеп өмірі қызықты болу үшін біздің сынып не істей алады?» т.б осы сияқты сауалнамалар, сыныптардағы есеп беру-қайта сайлау жиналыстары барысында айтылған ұсыныстарды жинақтау; қызықты идеялар мен жобалар байқауын ұйымдастыру т.б. министірліктердің не істей алатынының шағын ғана тізімі. Дарын Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі салауатты өмір салтын насихаттау міндеттерін іске асыруда « Дарындылар темекіге қарсы!» «Есірткісіз өмірге дауыс береміз!» , «Біз салауатты өмірді жақтаймыз!» атты акцияларын өткізуді тиімді пайдаланады. Олардың барысында оқушылар мен мұғалімдердің дауысын жинау, суреттердің жарнама роликтердің, байқауы, дәрігерлермен кездесулер, спорттық ойындар тақырыпты шығармашылық сағаттар өткізеді. Осындай акцияларды өткізу алдында Денсаулық министірлігі мен тәрбиенің жалпы мәселелері кафедрасы оларды қалайша қызықты өткізу туралы қауымдастық мүшелерінің идеяларын, ұсыныстарын жинайды
Денсаулық министірлігі жұмысының тағы да бір бағыты – мектеп азаматтарын сабақтардан мүмкіндігінше қалмауға ынталандыру болып табылады. Бұл үшін Днсаулық министірлігі тоқсан сайын «Ең салауатты сынып» рейтінгін жүргізеді. Онын барысында министірлік әр сынып оқушыларының ауруға байланысты сабақтан қалуларының санын есептеп,жеңімпаздарды және артта қалулашыларды анықтайды. Жеңімпаз сыныпты Дарын Республикасының Денсаулық қорғау министірлігі атынан арнайы дипломмен немесе естелік сыйлықпен марапаттайды. Балалар мен ересектерді жетістіктерге ынталандыратын осындай рейтингтер мен байқаулар басқа министірліктерде де жүргізіледі. Мысалы, Мәдениет министірлігі «Ең шығармашыл сынып» номинациясы бойынша, Білім министірлігі «Ең үздік сынып», «Ең үздік күнделік», Көріктендіру министірлігі «Ең таза бөлме», «Ең жайлы сынып», «Ең көріктендірілген мектеп алды учаскесі», «Ең көгаландырылған сынып» байқауларын өткізеді. Министірлер кабинетінің іс-әрекеті, заңдарды атқару бойынша оның мектеп Парламентімен келісімді жұмысы Дарын Республикасы Президентінің үйлестіруші қызметімен қамтамасыз етіледі. Дарын Республикасының Президентін мектеп қауымдастығының барлық мүшелері жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Дарын Республикасының Президенті – мектептің барлық оқушыларының өкілі, олардың қызығұлары мен мүдделерін қорғаушы және оларды жеткізуші, министірлер кабинетінің басшысы.
-оқу барысында оқушыларды психологиялық-педагогикалық жүйелі түрде терең зерттеу
-оқушылардың тұлғалық және интеллектуалдық айналасын дамыту үшін психологиялық сабақтарды жүйелі түрде өткізу
-оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық ретке келтіру жұмыстарын жүргізу
-сайыс, олимпиада, МАБ, ҰБТ және т.б. кезінде оқушыларға психологиялық көмек көрсету
Жұмыс мазмұны:
-дарынды балаларды анықтау кезінде балалар мен олардың ата-аналарына нақты мәселелерді шешуге көмектесу
-оқушылардың қабілеттерін жүзеге асыру және психологиялық денсаулығын қорғау үшін психологиялық жағдай жасауда мұғалімдерге кепілдеме дайындау
-дарынды балалардың психологиялық мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс жасау және оқушылармен жасалатын психологиялық жұмыстың анализін жасау
-дарынды оқушылардың педагогикалық-психологиялық картасын жасау
-психодиагностикалық әдіс-тәсіл арқылы дарынды оқушыны анықтау
-танымдық қызығуына байланысты сауалнама жүргізу, дарындылықтың түрін анықтау
-дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер мен тәрбиешілерге педагогикалық-психологиялық талаптар қою
-дарынды оқушыларды ата – аналарына психологиялық кеңес ұйымдастыру
1. Диагностика
2. Психологиялық тренинг
3. Әңгімелесу. Топтық пікірталас
4. Байқау. Психологиялық кеңестер
5. Сауалнама, тест
Психолог жұмысының стратегиясы білім мекемесінің психологиялық қызметін көрсетеді: мақсаттар және бала жаратылысының дамуындағы психологиялық есебі: дамудағы қиындықтардың психологиялық себебін анықтау: педагогикалық үрдістің тиімді еместігін, педагогикалық эксперименттердің бағыттарын анықтау, бала мен бозбала білім қызығушылығын және психологиялық денсаулығын қалыптастыру, оның психологиялық, тұлғалық және оқушының жеке дамуына қолғабыс тигізу.
Осы мақсатпен сәйкес есеп берілген:
Дәрігер қызметкерімен психологтың біріккен жұмысы оқушыларға кепілдеме құру, ата – аналармен аурулардың алдын алу, психосоматикалық ауруларын аңықтау. СӨС орталығы салауатты өмір сүру салтына насихаттауға ықпал береді.
Оқушылармен диагностикалық процедуралар, психологиялық алдын алу және түзету шарасын, кеңестер өткізу.
Педагогтар уақытында сынып ұжымдарымен жұмысында (лекторлық, кеңестік,треннигтер) психологиялық көмек алады.
Педагог тұғырының қиындығы, негізгі « оқыту» ісін психологиядан терең білім алмай құрастыра алмайды. Сондықтан мектеп түлегінің моделінің тұлғасын құрастырғанда, біздің ауытқушылығымыз, тұлғаның тұтастығы – оның қоғамдық бейнесі мен таңымдылығы, бір жағынан, адамның мүмкіндігімен және жүргізіп жүрген ісімен қажеттілігі.
Мониторинг міндеті: біріншіден, педагогикалық істі бағалау, түлек тұлғасының қалыптасуына бағыттау, екіншіден, кері байланысын қамтамасыз ету, берілген мүмкіндікті мәлімдеме ісінің нәтижесіне сәйкес, үшіншіден, уақытында тенбе – тең және деңгейін бағалау және моделден ауытқу себептерін анықтау.
Мониторинг бағыты оқытуы жылдар бойынша:
5 сынып Оқушылардың қалыптасуы. Танымдылық үрдісін белгілеу
6 сынып Интеллектуалды мүмкіндіктерін анықтау.
7 сынып Тұлға темпераментін анықтау.
8 сынып Агрессия
9 сынып Аландау деңгейі
10 сынып Оқыту мотивациясының диагностикасы.
11 сынып Стресс дәрежесіне жақын болу
Ұжымдағы қарым қатынасты анықтауда әр түрлі социометриалық әдістер қолданылады. Оның маңызы оқушылармен әр түрлі топ мүшесімен бірігіп жұмыс істеуге таңдалады, (бір партада отыру, бақылау жұмысына дайындалу,киноға бару т.б.). Әр баланын таңдауы көрсетеді, қай сыныптасына оның көңіл бөлетіні және оның да өзара түсіністік, ал санақ нәтижесі көрсетті: таңдаудың өзара түсіністігі, оның айқындығы, өзара тұрақтылығы, әр оқушының қанағаттануы.
«Интеллектуалды мүмкіндіктерін анықтау». Әдіс төрт субтестен тұрады, олар саналық және сапалық ара қатынасын түсіну, ойлау қабілет деңгейін, математикалық қабілеттерін анықтау.
«Жеке тұлға». Осы әдіс бойынша оқушылардың 100% , сезімталдығы 60%, эмоциялы, эмпатиясының дамығаны, үрейлікке жақын, оларға жалпы іс маңызды емес, ұжымдағы жақсы қарым қатынас, басшылығын дайындығымен береді. Балалардың 10% мақсаттарын көздеген, өз мақсатына жетуге жігер, ұйтқы, өз көзқарастарын дәлелдеуге, ұйымдастырушылық қабылеттерін дамыту, көшбасшы қабілеттерін дамыту.
Бейімделу мақсатының кезеңі жалпы мектептің, оқушылар туралы, мектеп ережесімен өмір сүру туралы жалпы ұсынысын құру. Бейімделу мақсатының кезеңі: сапа тәрбиесі, бір – бірімен қатынасындағы керекті және бірлесу ісі (қызметтестік), ара қатынас дағдысының қалыптасуы.
Диагностика нәтижесінде 100% баладан 55% бала ұжымға тез сіңісіп кетеді, мектепке үйренеді, сыныпта жаңа достарын табады, олардың әрқашанда көңілдері жарқын, олар кішіпейілді, мұғалімнің барлық талаптарын мүлт еткізбей орындайды, осы сапалары арқылы олар өз табыстарын бірінші күннен көреді, сонымен олар өз оқу мотивациясын көтереді екенін нәтиже көрсетті. 35% ұзақ бойы қалыптасады Балалар оқыту жоспарында қиналады. Бірақ – та мұғалімнің жақсы жағынан қарауы, балалардын міндетіне айналады. Бұл қалыптасудың орта деңгейі. Осындай балаларға ата – аналар, мұғалімдер наразылықтарын білдіреді.
Психолого педагогикалық қолдаудың мақсаты, балалардың білім алуына ықпал беру.
Темпераментін әдісін оқытуында келесі көрсеткіштер: оқушылардың 100%, 60% холерик, 25% сангвиник,10% меланхолик, 5% холерик.
Әдіс бойынша оқушылардан басқыншылықты анықтау мақсатында, осындай нәтиже: 50% мінезінде белсенділік, табысқа ұмытылуы бар. Олар кеңес беруді ұнатады, сын мінезді көтермейді, өз мүмкіндіктерін асырады, өздерін құрметтеуге талап етеді.
25% талаптылығымен, бетке тұра айтуымен, аққөнілділікпен, қатандылығымен және өткірлігімен басқаларды бағалағанда. Олар күлкілі, ирония, қозғыштық бола алады. Айналасындағының бәрін кінәлауға даяр адамдар.
15% сын көзбен қарау бейімділігімен айрықшаланады. Олардың адамдарға көңілі толмайды, жасырынды, ашуланшақ. Айналасындағыларға сенімсіздікпен қарайды. Вербалдық агрессия кезінде өз жағымсыз қылықтарын көрсетуі мүмкін.
10% достық сүйгіштікпен айрықшыланады. Олар әлеуметтік қабылдауға хабардар, айналадағылардың талаптарын қанағаттандырып орындауға тырысады. Олар сыныптың берекелігіне жұмыс істеуге дайын.
Оқушылардың оқуға деген дәлелін білу үшін сен неге оқисын деген сұрақ қойылды? Осындай нұсқаулар берілді, оқушылар былай жауап берді бұл менің борышым 25%, толық және нақты білім алғым келеді 20%, сауатты болғым келеді 15%, пайдалы азамат болғым келеді 10%, ақылды және бәрән білгім келеді 15%, өзім жеке жұмыс істегім келеді 5%, білім деңгейімді көтергім келеді 2%, жақсы баға алғым келеді 3%, ата – аналарым міндет қылады 3%, сынып жетекшісі міндет қылады 1%,бәрі оқйды менде оқимын 1%.
Дәлелді білуге - нақты деңгейді анықтау, оқушының және сыныптын жақын арада дамуы.
Стресс – жүйкесі психологиялық тұрғыдан басылуы, өмірдің қиын жағдайларына жауап табу. Мектеп түліктерінің және оқушылардың білімін біліп, көптеген мәселері бар, оның себебі өмір сүруге қанағаттары жоқ. «Стресстен қорқу керек пе?» әдісі бойынша, келесі көрсеткіштер берді: болған жағдайларда жеңіл және олар стресстен қорықпайды 90%, шиеленіскен жағдайда бір қалыптан шығып кету денсаулыққа зиян келтіреді 10%. Диагностика нәтижесі көрсетті, оқушылардың стресстік жағдайларға бағынбайтыны көрінеді.
Оқу – тәрбиелік үрдісінің әсерін көтеру мақсатында мектеп психологымен бірнеше нұсқау педагогокалық және психологиялық нұсқаулар педагогикалық ұжымға, оқушыларға, ата-аналарға таратылды:
Мектеп кітапханасы мектеп бөлшегінің құрылымы, ақпараттық білімнің құралы және негізгі қоры болып табылады. Ол баспасөз кезеңінің және кітап қорының, кітапханадан тыс уақытша қолданысқа алынатын мерзімін орналастырады.
Кітапхананың ақпараттық міндеті библиографикалық – анықтамалық база қорына сүйенеді. Кітапханада алфавиттік және жүйелік тізбектер, мұғалімдер үшін педагогикалық әдебиеттер және ғылыми - әдістемелік тізбесі жүреді. Библиография-анықтамылық қорының көп бөлімін анықтамалық басылымы құрайды: энциклопедиялар, энциклопедиялық сөздіктер (жан-жақты және салалық), түсіндірме, терминологиялық, биографикалық және басқада сөздіктер.
Мектеп кітапханасы ақпараттық жұмысты екі бағытта жүргізеді:
- педагогтардың мамандыққа қажеттіліктерін қаматамасыз ететін көмек;
- оқушылардың жалпы білім қызығушылығын дамытуға көмек.
Білім міндетінің бағыты библиографика – ақпараты арқылы оқушы мәдениетін құрастыру. Осы мақсатпен 5-7 сынып оқушыларына кітапхана- библиография сабақтары өтеді. Мектеп кітапханасының жүйесі білімді дамытуда сабақтарды ізбасарлы өткізгенде тереңдетіледі және дамиды. Баланың оқу сапасын көтеруге кітапхана кітап, журнал, газет тағы да басқа өзіне тән түрлер және әдістер арқылы оқырман ғылым негіздерін алады. Кітапхана мұғалімдермен бірге баланың оқу білімін қалай кеңейтуге, оқу материалындағы қиындықтарды қалыпқоюшыларға көмектесуге, баланың қабілетін және қызығушылығын дамытуын анықтайды. Оқушы және педагог көмегіне пәндік айлыққа оқулық таңдауы және әдістемелік әдебиеттер, мерекелерге, олимпиадаларға, ҰБТ және МАБ-ға іске асырылады.
Оқушылармен жаппай жұмыс және жеке үрдісінде мәдениет - тәрбиелік функциясы іске асырылады. Кітапхананың жұмыс жоспарынан қарағанда, кітапхана барлық негізгі бағыттағы анықталған жұмысты жүргізеді: салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырады, экологиялық және ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, оқушыларды патриоттық тәрбиеге қолғабыс етеді, сонымен қатар мамандық шеберлігін көтерудегі үрдісі мұғалімнің жеке стиліне шарты құрылған. Оқу жылының ағымында патриоттық және құқықтық тәрбиеге, өлкетануға, құлықтылыққа, экологиядан стендтер және тематикалық көрмелер, кітап көрме хабары ресімдері жаңа материалдармен толтырылып және жаңартылуда.
Жүйелі түрдегі материал тақырыптары Ұлы отан соғысына, Жеңіс күніне, жаңа жылдық мерекелерге, ғашықтар күніне, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған.
Кітапхананың жалпы қоры 19780 дана кітап
Оның ішінде оқулуқтар -9596
Көркем әдебиеттер-9845
Әдістемелер-339
Жаңа буын оқулықтар -10659
2009-2010ж түскен кітаптар саны -1317
Оқулықтар. -1109
Көркем әдебиет:-4
әдістемелер-204
жылдық оқушылардың қатысым саны -10050
Таратылған кітаптар саны -11150
Оқушылар саны -397
Оқу жылы |
Кітаптар қоры барлығы |
Оқулықтар |
Көркем әдебиет |
Әдістемелік әдебиет |
2008-2009 |
18623 |
8580 |
9845 |
198 |
2009-2010 |
19780 |
9596 |
9845 |
339 |
Мектептің кітапханасында оқушылар және мұғалімдер үшін жағдай жасалған.
Кітапханада ғылыми -әдістемелік әдебиеттің қоры жеткілікті.
Кітапханаға 5,10 сыныптарына арналған ғылыми әдістемелік әдебиеттермен түгел қамтылды.
5 сыныпқа оқыту әдістемесі пән бойынша : Жаратылыстану, Русская речь, әдебиет, Қазақстан тарихынан әңгімелер, қазақ тілі.
кітапханаға 10 сыныптарға биыл жаңа бағдарлама бойынша әдістемеліктер түсті: Жаратылыстану –математика бағытында- география дүние жүзіне жалпы шолу, жалпы биология ,алгебра және анализ бастамалары,қазақ әдебиеті,физика,дүние жүзі тарихы,Қазақстан тарихы,құқық негіздері, русский язык, русская литература.
№ |
Сыныптар |
2008-2009 ж. |
2009-2010 ж. |
2010-2011 ж. |
1. |
5 |
64% |
64% |
69% |
2. |
6 |
100% |
100% |
100% |
3. |
7 |
100% |
100% |
100% |
4. |
8 |
100% |
100% |
100% |
5. |
9 |
100% |
100% |
100% |
6. |
10 |
100% |
100% |
80% |
7. |
11 |
100% |
100% |
100% |
№ |
Түрі |
2008-2009 ж. |
2009-2010 ж. |
2010-2011 ж. |
1. |
Оқырмандар |
400 |
397 |
405 |
2. |
Жаңа буын оқулықтар |
7228 |
10659 |
12473 |
№ |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
1. |
300000 т. |
500000 т. |
500000 т. |
Мақсаттың жүзеге асырылуына келесі тапсырмалар бағытталды:
І бағыт – Басқару қызметі
Мектеп – интернат білім беруді ақпараттандыру мәселесімен 2008 жылдан бері жұмыстанып келеді.
«Компьютерлік сауаттылық» деп аталатын бірінші кезеңде келесі мәселелер шешімін тапты:
Мектептің техникалық жабдықталуы:
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында барлығы 78 компьютер бар.
Оқушылардың саны- 405. 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді. 10 кабинетте интерактивтік тақта бар. Олар: физика, тарих, биология, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, химия, математика, информатика, география. Мектеп- интернат интернет жүйесіне ADSL арқылы қосылған. 78 компьютерден 13 компьютер ауыстыруды қажет етеді. Мектеп – интернатта информатика пәнінен 2 мұғалім жүргізеді. Білімдері жоғары. Олар: Манасбаев Ш.И. –І санат, Байдилдинов Р. санатсыз.
2009-2010 оқу жылында информатика пәнінің мұғалімі Манасбаев Ш.И. Облыстық білім жетілдіру институтында мына тақырыпта «Использование интерактивного оборудования в учебно – воспитательном процессе, современной школы как условия повышения качества образования» атты курсынан өтті. Мектептегі техникалық құрал –жабдықтар саны: принтер - 14, VPS - 10, сканер - 5, ксерокс-3, МФУ -5, модем - 28, факс - 1, телевизор - 22, магнитофон - 1, видеомагнитофон - 0, DVD - плеер - 31, фотоаппарат - 1, видеокамера - 0.
Мектеп – интернатта барлығы 39 мұғалім жұмыс істейді. Соның ішінде компьютермен жұмыс істей алатын мұғалімдер саны -30.
Оның ішінде гуманитарлық бағыт бойынша - 15 мұғалім, математика бағыты бойынша – 15 мұғалім және басқа пәндр бойынша 4 мұғалім .
Мектепте физика (2007 ж), химия (2007 ж), биология (2008 ж) толық жабдықталған жаңа модефикациялық кабинеттер бар.
2010 жылы 3 лингафондық жабдықталған кабинеттер қойылды. Олар: ағылшын тілі - 2, орыс тілі - 1.
Екінші кезең: «Жекелеген пәндерді оқытуда АКТ-ны пайдалану». Бұл кезең кезінде төмендегі мәселелерді шешу қарастырылды:
Үшінші кезең: «Бірыңғай телекоммуникациялық желі құру».
1. Кабинеттерді интерактивті жүйелермен, электронды оқулықтармен, проекторлармен жабдықтау.
2. Компьютерлі және ұйымдастыру ісі техникасымен жабдықтау.
3. Мектептің жергілікті желісін кеңейту.
4. Оқыту барысында компьютер құрылғыларының пайдаланудың тиімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету.
5. Әдістемелік бағдарлама материалдарымен жабдықталу.
Бағдарламаны жүзеге асыруда оның мазмұны мен оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сапалы өзгерістер болады деп үміттенеміз.
«Мектепті ақпараттандыру» бағдарламасын орындау мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты» ММ материалды- техникалық базасын күрделі жөндеуден кейін толықтыру бойынша негізгі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, оқу кабинеттері заман талабына сай жақсы жабдықталған, жоғары білікті оқытушылар оқушыларға бағдарлама материалдарын меңгертуге, қосымша ақпарат алуға, ізденіс, зерттеу жұмыстарына белсене қатысуға, оқушылардың шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған және мектеп интернат жүйесінде болғандықтан балалар бір жерде топтастырылғандықтан дарынды балалармен жұмыс жүргізуге қолайлы әрі тиімді жағдайлар жасалған.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты» ММ ғимаратында қалыпты жобаға сәйкес 425 оқушыны орналастыруға болды. Мектептің жалпы көлемі 9107,7 ш.м.құрайды. Бір оқушыға алған есеп бойынша пайдалы оқу көлемі 2,8 ш.м., бұл санитарлық нормаға және өртке қарсы қауіпсіздік шартына сәйкес.
2010-2011 оқу жылында 405 оқушы 17 сыныпқа топтастырылған. Бұл да сынып және олардағы оқушылардың саны ғимараттың жер көлемі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай.
Білім мекемесі санитарлық – эпидемиологиялық станциясының және өртке қарсы мен төтенше жағдайлар комитетінің актісімен пайдалануға берілген (акт 13 тамыз 2010 ж.)
Бүгінгі таңда мектеп – интернатта лингафон кабинеті – 3, информатика кабинеті –1, интерактивті тақта орнатылған (мультимедиа) кабинеттер саны – 9, АӘД кабинеті бар, әрбір кабинетте теледидар мен видеомагнитофон қарастырылған. Сондай-ақ мектеп оқушыларының патриоттық тәрбиесінде маңызды орын алатын заман талабына сай жабдықталған Республика залы, мектеп мұражайы, әдістемелік кабинеті мен кітапханасы, дене шынықтыру залы мен рәсім залдары бар. Жатақхана бөлмелерінің саны - 90, әр бөлмеде 3-4 оқушыдан орналасқан, бөлмелері жарық, жылы, әрі таза. 160 орындығы бар асхана қажетті жиһаздар , құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, бұл жерде балалар 5 мезгіл тамақтанады. Сонымен қатар, оқушылар денсаулығын үнемі қадағалап, бақылап отыратын және қажетті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсететін жақсы түрде жабдықталған медициналақ ем –шаралар бөлмесі де бар.
Оқу-тәрбие жұмыстары келесі кабинеттерде жүзеге асырылады.
№ |
Оқу жоспарына сәйкес пәндер атауы |
Арнайы сыныптар, аудиториялар, кабинеттер, зертханалар мен шеберханалардың атауы |
1 |
2 |
3 |
1 |
Қазақ тілі |
3 каб., оның ішінде 1 каб.- ЛМК 156,51 ш.м. |
2 |
Орс тілі |
2 каб., оның ішінде 1 каб.-мультимедиа 65/98 ш.м. |
3 |
Ағылшын |
3 каб., оның ішінде 1 каб.- ЛМК 125,89 ш.м. |
4 |
Математика |
3 каб., 156,81 ш.м. |
5 |
Информатика |
1 каб., 84,58 ш.м. |
6 |
География |
1 каб., мультимедиа 52,56 ш.м. |
7 |
Биология |
1 каб., жаңа үлгідегі 53,76 ш.м. |
8 |
Физика |
1 каб., жаңа үлгідегі 53,76 ш.м. |
9 |
Химия |
1 каб., жаңа үлгідегі 104,51 ш.м. |
10 |
Тарих және қоғамтану |
2 каб., оның ішінде 1 каб.-мультимедиа 53,76 ш.м. |
11 |
Өзін – өзі тану |
1 каб. |
12 |
Дене шынықтыру |
Дене шынықтыру залы, 169,39 ш.м. |
13 |
Алғашқы әскери дайындық |
1 каб., 52,19 ш.м. |
Мектеп аймағында футбол, волейбол, баскетбол алаңы орналасқан. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға толық жағдай жасалған: би бөлмесі, домбыра, вокал, хор, үрмелі аспаптар оркестріне арналған бөлмері бар.
Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – бұл 125 жылдық тарихы бар жаңа инновациялық білім беру ұйымы
09 10 2014
20 стр.
Білім беру ұйымының бірінші басқарушының аты – жөні: Адиетова Светлана Альхуатовна
25 12 2014
1 стр.
«Алтынсарин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) заңды тұлға мәртебесі бар, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған
25 12 2014
1 стр.
Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі» мм
05 09 2014
1 стр.
Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б
17 12 2014
1 стр.
Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары
13 10 2014
4 стр.
Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары
14 12 2014
4 стр.
Сізге білім беру бөлімдерінде және жалпы білім беру мектептерінде «житс-тің мәселенері және оның алдын алу» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, іс-шараларды ұйымда
25 12 2014
1 стр.