Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3 ... страница 19страница 20

мектептің даму стратегия бағдарламасы (2009-2012 жж.)


  • дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің даму тұжырымдамасы (2009-2012 жж.)

  • «Дарынды бала – ел тірегі» дарынды балалармен мақсатты жұмыс жүргізу бағдарламасы (2009-2012 жж.)

  • «Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің білімін жетілдіру жолдары» бағдарламасы (2009-2012 жж.)

    ЖЕРГІЛІКТІ ЛОКАЛДЫҚ АКТІЛЕР /ЕРЕЖЕЛЕР/



    • педагогикалық кеңесі туралы ереже

    • әдістемелік кеңесі туралы ереже

    • мектептің әдістемелік қызметі туралы ереже

    • оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже

    • озық педагогикалық тәжірибе туралы ереже

    • шығармашылық топ туралы ереже

    • жас маман мектебі туралы ереже

    • мектепішілік бақылаудың жағдайы туралы ереже

    • мектепішілік мониторингісінің жағдайы туралы ереже

    Мектеп – интернаттың оқу – тәрбие үрдісін, ғылыми – әдістемелік жұмысын мектеп – интернат директорының басшылығымен директордың орынбасарлары, пәндік әдістемелік бірлестік жетекшілері және мектептің писхологиялық қызметі ұйымдастырып жүргізеді. Өз қызметінде мектеп-интернат оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған біртұтас білім жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлылық принципін басшылыққа алады.

    Мектеп – интернаттың педагогикалық іс – әрекетін ұймдастыру негізгі төрт бағыт бойынша жүргізіледі:



    • оқу

    • тәрбие

    • әдістемелік жұмыс

    • дарынды балалармен жұмыс

    Әр бағыттың нақты функциясы бекітілген.

    Мектептің даму стратегиясының басты мақсаты негізгі үш өлшемді міндеттер кеңістігінде қарастырылады. Атап айтқанда, жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін қоғамдық – гуманитарлық және математика-жаратылыстану бағыттарын қамтитын вариативтік, бейімдік және жан-жақтылық инновациялық оқыту моделін әзірлеу

    Қысқа мерзімді жоспарлау іс – әрекеті жылдық оқу – тәрбие жоспары арқылы жүзеге асады. Жалпы мектептiң жоспары әдiстеме бiрлестiктерi мен шығармашылық топтардың жоспарларымен қиылысады. Мектеп әкiмшiлiгi педагогтардың жоспарлаған мақсаттарының орындау әрекеттерін үнемі қадағалап отырады. Осы барлық жүйелердiң нәтижелi жұмыс атқаруына басқару жүйесi мол ықпал бередi, мектеп бұл жерде бiркелкi, ашық, әлеуметтік – педагогикалық дамыған жүйе түрінде қарастырылады. Оның көрінісі дәстүрлі классикалық қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқыту және Қазақстан мен әлемдік психолого - педагогикалық тәжірибелерінің жаңаша жетістіктерімен үйлесетін дарынды балаларға арналған инновациялық білім беру моделін құру. Ұлттық және әлемдік мәдениет жүйесіне кіріктілікті, қоғамның рухани және экономикалық - әлеуметтік дамуына үлес қосатын, жоғары адамдық құндылықтарға бағдарланған, шынайы мамандықты таңдай білетін жеке интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеп шығуға бағытталған элиталық білім мен тәрбие берудің бір тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйесі.
    Жоғары да айтылғаннан, мектеп-интернаттың басты мақсаты мектеп миссиясы белгiлендi:

    Қостанай облысы бойынша іріктеліп жиналған дарынды балалардың интеллектуалдық потенциалын ұлттық тәлім-тәрбие, халықтың сан ғасырлық педагогикасы, тағылымы негізінде дамыту және тәрбиелеу. Ұлттық   тәлім-тәрбиені  іске  асыратын  ұлттық  тіл (этнолингвистика)  екені даусыз. Сондықтан халқымыздың төл тілінде тәрбиенің сіңірілуі басты қағида. Халық  тәжірибесі  арқылы   тарихи  қалыптасқан   тәрбие құндылықтарын  жаңғырта отырып, жаңаша  өмірмен  байланыстырып, ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің ізгі педагогикалық идеяларын іс – тәжірибеде тиімді   пайдалану  жолдарын  айқындап  көрсету.



    Міндеттері:

    • жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін қоғамдық – гуманитарлық және математика-жаратылыстану бағыттарын қамтитын инновациялық оқыту моделін әзірлеу

    • оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдiстер мен технологоияларды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың өздiгінен ізденіс пен шығармашылық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту

    • жалпы бiлiм беру процессiнде отандық және шетелдiк педагогикалық тәжiрибесiн қолдану, мұғалiмдердiң кәсіби бiлiктiлiгiн және шығармашылық қызметiн көтеру

    • мектеп- интернат жағдайында жинақталған позитивті тәжірибені облысымыздың және Қазақстан Республикасының басқа да дарынды балаларға арналған мектептер мен жалпы орта білім мектептеріне трансляциялау

    Мектеп-интернатты басқару барысында  басшылыққа алатын негізгі принциптер:

    • оқушыларға жеке тұлғалық  потенциалды ашу негізінде адам қызметінің түрлі салаларында табысқа жету технологияларын меңгеруге мүмкіндік беретін    табыс педагогикасы;

    • гуманистік психология,  оның  идеяларын меңгеріп жүзеге асырған жағдайда педагогикалық ұжым оқушы тұлғасының  өзін-өзі іске асыруына, саналы өмірлік таңдау жасауға мүмкіндік  бере алады;

    • шығармашылық педагогикасы педагогикалық ұжым мен оқушылар бойында шығармашыл дара тұлға негіздерін қалыптастыру;

    • ынтымақтастық педагогикасы оқу бағдарламалары педагог пен оқушының біріккен  шығармашылық  әрекеттің негізінде ұйымдастыру;

    • өзін-өзі анықтау педагогикасы адамның түрлі салаларда өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі іске асыруды педагогикалық қолдау, оған жағдай жасау

    Мектеп-интернаттың қызметін ұйымдастырудағы негізгі принциптер

    Өз қызметінде мектеп-интернаттың әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы келесі негізгі принциптерді басшылыққа алады:



    • оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған біртұтас білім жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлылығы (мектеп оқушысының моделі)

    • білім беру процессін ұйымдастыруда пән және деңгей аралық кіріктілікті, бірізділікті, дифференциацияны қамтамасыз ету, өздігінен білім алуға, өзін – өзі жетілдіріп, дамытуға бағыт – бағдар беру

    • оқушыларды іріктеуде ашықтықты, объективтікті және барлығына тең шарттылықты іске асыру, барлық мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуына тең мүмкіндік беретін білім беру моделінің қажеттілігіне сай мектеп – интернаттың кадр саясатын ұйымдастыру

    МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ МОДЕЛІ

    Бағыты

    негізгі мектеп оқушысы
    5 – 9 сынып


    орта  мектеп оқушысы
    10 – 11 сынып





    • дүниетанымы жетілген;

    • сараптама жасай алатын;

    • өзіндік ойы дамыған;

    • білімге қызығушылығы жоғары;

    • өздігінен білім алуға қабілетті

    • эрудициясы дамыған;

    • өмір сүру дағдылары жақсы қалыптасқан;

    • ЖАТ меңгерген;

    • кез келген іске шығармашылықпен қарайтын;

    • сыни тұрғыдан ойлайтын;

    • өздігінен дамуға қабілетті

     




    • мейірімді,қайырымды;

    • шыншыл, әділ;

    • үлкенге құрмет көрсетеді;

    • салауаттылық;

    • еңбекке құрметпен қарайтын;

    • жауапкершілігі мол

    • мейірімді,қайырымды

    • жанындағы адамды түсіне білетін;

    • шыншыл, адал ниетті;

    • әділ әрі еңбекқор;

    • жаупкершілігі мол;

    • өзін-өзі сыйлайтын;

    • өзін-өзі басқара алатын.

     

     

     






    • өз міндеттері мен құқықтарын білуі;

    • туған жерін, өлкесін сүйетін;

    • табиғатты аялайтын;

    • халқымыздың салт-дәстүрін сақтайтын, әрі сыйлайтын;

    • оң шешім қабылдай алатын;

    • белсенді азаматтық позиция;

    • өз көзқарасын дәлелдей алуы;

    • қоғамның саяси дамуын түсінетін;

    • өз елінің патриоты;

    • демократиялық қоғамның белсенді мүшесі.

     




    • мінез- құлық мәдениті;

    • этикет нормаларын білетін;

    • моралдық құндылықтарды бағалайтын;

    • өткенге сыйластықпен қарайтын;

    • тәрбиелілік деңгейі жоғары.

    • полимәдениетті;

    • толерантты;

    • қарым қатынас мәдениті дамыған;

    • моралдық құндылықтарды бағалайтын;










     

    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған

    мектеп-интернатын бітіруші түлек моделі:



    Зерттеуші түлек. Жаратылыстану мен қоғамтану ғылымдарына ерекше қызығушылық танытатын, ғылыми зерттеудің әдістемесін меңгерген;

    Білімді түлек. Өздігінен білім алуға қабілетті, эрудициясы дамыған;

    Іскер түлек. Өзінің және өзгенің ісіне сараптама жасай алатын,бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білетін

    Қайраткер түлек. Қоғамның саяси дамуын түсінетін және қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатын;

    Шығармашыл түлек. Кез келген  іске  шығармашылық тұрғыдан қарайтын;

    Мәдениетті түлек. Өз ұлтының тілін, мәдениетін терең біле отырып, жаһандану үрдісінде   әлеуметтене алатын тұлға.
    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған

    мектеп-интернатының педагог тұлғасының моделі:
























    Мектептің тәрбиелеу жұмыс жүйесі

    Мектептің тәрбиелеу жүйесінің негізін зерттеуші, ой өрісі кең, жұғымды, бір беткей, ашық және сынай ойлайтын, қамқоршы, сараптаушы түлектерді дайындауға бағытталған оқу және тәрбие процесстерінің біртұтас принципі құрайды.

    Тәрбие жүйесі оқушылардың жеке бастық, әлеуметтік, физикалық даму бағдарламасына сәйкес мына бағыттарда жүзеге асырылады:


    • азаматтық-патриоттық тәрбие;

    • интеллектуалды даму;

    • адамгершілік-рухани тәрбие;

    • кәсіптік бағдарлау;

    • мәдени-эстетикалық тәрбие;

    • экологиялық білім;

    • денсаулықты нығайту.

    Тәрбие жұмысының бағыттары сабақ және сабақтан тыс жүйе арқылы, оқушыларды әр-түрлі шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік жұмыстарға, өзін – өзі басқару, жетілдіру жұмыстарына қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.

    Мектептің аталған тәрбие жүйесі оқушыларға ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін толық ашуға, оны жүзеге асыруына, мектеп пен қоғам мәселелерін шешуде өздерінің маңыздылығы мен қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, елдің болашақ басшыларын тәрбиелейтін алаң болып табылады.



    Мектептің тәрбиелеу жұмыс жүйесі

    Мектептің тәрбиелеу жүйесінің негізін зерттеуші, ой өрісі кең, жұғымды, бір беткей, ашық және сынай ойлайтын, қамқоршы, сараптаушы түлектерді дайындауға бағытталған оқу және тәрбие процесстерінің біртұтас принципі құрайды.

    Тәрбие жүйесі оқушылардың жеке бастық, әлеуметтік, физикалық даму бағдарламасына сәйкес мына бағыттарда жүзеге асырылады:


    • азаматтық-патриоттық тәрбие;

    • интеллектуалды даму;

    • адамгершілік-рухани тәрбие;

    • кәсіптік бағдарлау;

    • мәдени-эстетикалық тәрбие;

    • экологиялық білім;

    • денсаулықты нығайту.

    Тәрбие жұмысының бағыттары сабақ және сабақтан тыс жүйе арқылы, оқушыларды әр-түрлі шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік жұмыстарға, өзін – өзі басқару, жетілдіру жұмыстарына қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.

    Мектептің аталған тәрбие жүйесі оқушыларға ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін толық ашуға, оны жүзеге асыруына, мектеп пен қоғам мәселелерін шешуде өздерінің маңыздылығы мен қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, елдің болашақ басшыларын тәрбиелейтін алаң болып табылады.




    ІІ. КАДР ҚҰРАМЫ

    Мектептің кадр саясатын қалыптастыру

    Мектеп- интернаттың кадр саясаты педагог қызметкерлердің, басқарушы кадрлардың және қосалқы қызметкерлердің кәсіптік және шығармашылық, іздену-зерттеушілік деңгейін көтеруге жағдай жасауды көздейді.

    Білім беру процессінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында мектеп – интернатқа мұғалімдер мен тәрбиешілер іріктеу негізінде қабылданады.

    Педагогикалық қызметкерлерді іріктеу параметрлерінің ерекшеліктеріне сай әзірленеді. Оның ішіндегі ең басымдылары болып мыналар табылады:



    • арнайы кәсіби білімі;

    • психологиялық орнықтылық, ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, инновациялық қызметке дайындығы, жұмысында кәсіби-педагогикалық және пәндік білімін кешенді қолдану;

    • шығармашылық қабілет, импровизация, жеке творчестволық ізденіс;

    • коммуникативтік қабілеттілік, риториканы – шешендік өнерді жақсы меңгеру;

    • педагогикалық қызметте жеткен жеке жетістіктері;

    • қазіргі заманның ақпаратты-коммуникативтік технологияларын меңгеру деңгейін анықтау және қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдерді меңгеру;

    Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың білім беру моделіне сай жоғары кәсіби педагогикалық қызметкерлерді қалыптастыруда міндетті шарттың бірі төмендегі бағыттар бойынша мұғалімдерді алдын ала дайындау болып табылады:

    • мектептің білім беру моделімен танысу мен мектептің (миссия, философия, оқу әдістемелері) білу;

    • оқу бағдарламаларының міндеттері мен мақсаттарына жетуге бағытталған білім беру технологияларын және оқу әдістемелерін үйрену және мектептің ақпаратты-коммуникациялық жүйесімен жұмыс жасауды және оқытуды білу

    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернаттың жалпы әкімшілік – басқару құрамы 7 адамнан тұрады: мектеп – интернат директоры, директордың орынбасарлары – 4, менеджер – 1, интернат меңгерушісі – 1.

    Әкімшілік – басқару аппарат мүшелерінің білім беру жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 5 жылдан 40 жылға дейін, басқару қызметінде 1 жылдан 40 жылға дейін. Әкімшілік – басқару аппарат құрамының жас шамасы бойынша көрсеткіші:



    • орташа жасы – 44

    • білім жүйесіндегі орта жұмыс өтілі — 21,3

    • білім жүйесіндегі басқару жұмысының орта өтілі — 8,5

    Әкімшілік – басқару аппаратының барлық мүшелерінде базалық жоғары педагогикалық білімдері бар. Әкімшілік – басқару аппаратының мүшелері өздерінің біліктілік деңгейлерін облыстық және республикалық әр түрлі курстар арқылы үнемі жетілдіріп отырады.

    Әкімшілік – басқару аппаратының әрбір мүшесінің мектеп – интернат директоры бекіткен лауазымдық нұсқаулықтары бар. Онда әрбір басқарушы қызметкердің лауазымдық міндеттері мен құқықтары, педагогикалық кадрлармен жұмыс атқару, олардың оқу жүктемесін анықтау, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау, педагогикалық және оқушылар ұжымының іс – әрекетінің ұйымдастыру және бақылау жасау бағыттары көрсетілген.

    Әкімшілік – басқару аппарат мүшелерінің марапаттаулары:


    • «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің білім ісінің үздігі» - 2

    • «Алтынсарин» медалі – 1

    • Қостанай облысы білім басқармасының грамотасы – 2

    Әкімшілік – басқару аппаратының сандық құрамы штат кестесіне сәйкес келеді.

    Әкімшілік – басқару аппарат мүшелері туралы мәлімет



    Аты-жөні

    Қызметі

    Біліктілік санаты

    Еңбек өтілі/ басқару өтілі

    Марапаттаулар

    Мекен-жайы, телефон

    1

    Қайырова Сәбира Бірмағамбетқызы

    Директор

    Жоғары

    40,05/38

    ҚР білім беру ісінің үздігі

    Ы. Алтынсарин медалінің иегері



    Южная көшесі, 12

    2

    Исетова Бақытжан Қабдылқапарқызы

    Директордың ғылыми –әдістемелік жөніндегі орынбасары

    Жоғары

    23/2

    ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасы

    Темірбаев көшесі, 39/154

    3

    Сейтқожина Шолпан Құрманғалиқызы

    Менеджер

    І санат

    22,11/4

    Облыстық

    ББ грамотасы



    Қайырбеков көшесі, 389/71

    4

    Тасанова Гүлмира Мұхамбетжанқызы

    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

    Жоғары

    14,03/1

    Облыстық ББ грамотасы

    Дорожная көшесі, 1/8

    5

    Сағындықова Айгүл Үмітқалиқызы

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Санаты жоқ

    5/1




    Карбышев көшесі, 49/18

    6

    Самратова Ұмсынай Мұхтарқызы

    Интернат меңгерушісі

    І санат

    21/1

    Облыстық ББ грамотасы

    Затобол кенті,

    Герцена 14А



    7

    Бегенов Жұмат Кеңесұлы

    Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбаары

    Санаты жоқ

    25/13

    -

    Летунова 157

    Әкімшілік – басқару аппаратының сапалық құрамының көрсеткіші:



    Санат

    Жоғары

    бірінші

    екінші

    Санаты жоқ

    2008-2009

    2

    3

    -

    1

    2009-2010

    2

    3

    -

    2

    2010 – 2011

    3

    2

    -

    2

    Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 53 педагог қызмет етуде, соның ішінде 39 мұғалім, 13 тәрбиеші, 1 психолог, олардың 6 – і мектеп-интернат түлектері. 39 мұғалімнің 37 – і (94,8 ) жоғары білімді, 2 мұғалімнің (5,2) арнайы орта білімі бар.

    Педагогикалық ұжымның - 39 мұғалімнің ішінен:







    Негізінде педагогтарда оқытатын пәндеріне сай келетін базалық жоғары білімдері бар. Педагогтар арасында оқу жүктемесін педагоги-калық мақсатқа лайықты тарату жұмысы үнемі қадағаланып отырылады. Мектеп педагогикалық кадрлармен толықтай қамтамасыз етілген, мамандық білімдерімен сәйкес. Барлық пәндер толық жүйеде беріледі, ауырып және басқада себептермен жұмыста болмаған мұғалімдердің сабақтарын өз уақытында ауыстыру жұмысы жедел түрде ұйымдастырылады.

    Педагогикалық ұжымның сандық және сапалық қозғалысы мұғалімдердің зейнеткерлік демалысқа, басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

    2009-2010 оқу жылы мектепке 2 жас маман келді, білімдері жоғары, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын үздік дипломмен аяқтаған түлектер география пәнінің мұғалімі ретінде қызметтерін атқарады. Олар мамандықтарына сәйкес оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілген.



    Мектеп – интернатта оқу – тәрбие үрдісін білікті де білімді, іскер, жаңашыр, ізденімпаз мұғалімдер мен тәрбиешілер жүргізеді. Олардың арасында:

    «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» деген атақтың иелері-4. Олар:

    1. Каирова С.Б.-мектеп-интернат директоры

    2. Көдебаева Г.С.-биология пәні мұғалімі

    3. Исетова Б.Қ.- директордың ғылыми - әдістемелік жөніндегі орынбасары

    4. Әбішев Қ.Ә.-музыка пәнінің мұғалімі

    <предыдущая страница | следующая страница>


  • Ы. Алтынсарин І. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

    Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – бұл 125 жылдық тарихы бар жаңа инновациялық білім беру ұйымы

    4240.91kb.

    09 10 2014
    20 стр.


    Саран қаласының білім беру бөлімінің визит карточкасы Білім беру бөлімі ұйымының атауы

    Білім беру ұйымының бірінші басқарушының аты – жөні: Адиетова Светлана Альхуатовна

    331.67kb.

    25 12 2014
    1 стр.


    Бекітiлген «Алтынсарин орта мектебі»

    «Алтынсарин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) заңды тұлға мәртебесі бар, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған

    315.71kb.

    25 12 2014
    1 стр.


    Саран қаласының білім ұйымының визит карточкасы Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі»

    Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі» мм

    204.77kb.

    05 09 2014
    1 стр.


    Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру ТҰжырымдамасы

    Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б

    224.58kb.

    17 12 2014
    1 стр.


    «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

    Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

    427.34kb.

    13 10 2014
    4 стр.


    «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

    Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

    410.81kb.

    14 12 2014
    4 стр.


    Мектеп директорларына 2012-2013 оқу жылдарда пайдалану мақсатында, Сізге білім беру бөлімдерінде және жалпы білім беру мектептерінде «житс-тің мәселенері және оның алдын алу»

    Сізге білім беру бөлімдерінде және жалпы білім беру мектептерінде «житс-тің мәселенері және оның алдын алу» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, іс-шараларды ұйымда

    124.15kb.

    25 12 2014
    1 стр.