Перейти на главную страницу
Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады. Кеібір автор оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуды ұсынып келеді. Заманауи принцитер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтіжелерді жоспарлау мен талдау) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принціптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амл – тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтіжелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принйіптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтіжелі болары сөзсіз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларды оқытудың мақсаты сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен – бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцитерге сүйеніп шығармашылық танытсақойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелр принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактикалы принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат – міндеттерін іске асырады.
Біздің оқулықта ранайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық рөлі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеубірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.
Ғылымилық принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптердің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны мұғалімнің іс - әрекетіарқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларды дүниеге диалектикалық, ғылыми материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму дәрежесінесәйкестендіру, жаңа әдістер мен жаңашыл ұстаздардың тәжіребесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми деалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.
- Шкірттеге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістерімен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітәппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру .
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қапайым ұғымдармен берік тірде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан – жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- белгілі ғалымдардың өмір баянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.
Жүйелілік пен бірізділік принциптері
Бұл принцитің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсінілген жүйесін қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; Оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; Ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыс байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелінпен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
- Оқу пәні – ғылымның көшірмесі боғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.
- Бұрын ұғымдарған білімді жүйе қайталыу және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл мұғалімдері емес барлық, педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.
- Әтбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.
-Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды бір сабақта «айлақ орлықпен» ұғындырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білім жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскидің «бүгін оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады» өсиетін нақтылай түседі.
Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның «тәжірибе – танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көтеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды: тәжірибе – ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірімен, тәжірибемен тығыс байланысты; теория мен тәжіибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне түрлеріне тәуелді; оқушылардың мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік.
Саналылық пен белсенділік принцепін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелігін басшылыққа алады.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдеу, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.
Осы принципті іске асыру үшін мұлім бірнеше ережелерді орындау қажет.
Бұл принцип ғасырлай бойы жинакқталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке – дара қарауңды талап етеді.
Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар : оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл – ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтардыжою баланың мінез құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен нәтіжелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы Константин Дмитриевич Ушинский былай деген: «Педагогиканың кең табаны мен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидактикасы том-том болуы мүмкін, университетте лекция оқу дидактикасын екі сөзбен айтуға болады: «өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір». Осы бұлтартпас шындықты түсіндіре келіп, Ушинский: «Білім алатын оқушылардың жасы неғұрлым кіші болса, оларды тәрбиелейтін тәрбиешіден соғұрлым көбірек педагогикалық таным талап етіледі және бұл талап оқушылардың жасына байланысты көбеймей, азаяды». Бұл педагогикалық аксиоманы біз толық меңгеріп, білім саясатын жасағанда және 12-жылдық мектепке өтуді жүзеге асыруда ескеруіміз қажет.
Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндірілген. Адами ойлау – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз.
Мектеп оқушылары ғылыми қоғамының негізгі міндеті – сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстарды оқу – тәрбиелік үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейде көтеру. Оқушылардың ғылыми қоғамын құру үшін мектепте белгілі бір дәрежеде дайындық жұмысы өту керек: пәндік апталықтар, білгірлердің, эрудиттердің ойын байқауы, пәндік олимпиадалар, шығармашылық көрмесін, бейнелеу өнерінің көрмесін өткізу, әлеуметтік зерттеу арқылы қоғамдық мақсат бағдары мен балалардың қабілеттілігін анықтау. Түрлі шаралардың жеңімпаздары қоғамның негізгі мүшелері болып табылады. Осы іс-шаралардың барлығы дерлік мектепте өткізіледі. Атап айтқанда, ғылыми жобалар сайысына оқушылар жылда қатысып отыруы керек
Оқушыларды ізденуге, білуге, талпынуға, ойын қозғап таным көз-қарасын қалыптастыру үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн. Ал оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыратын тарсырмалар беру тиімді.
Сабақ сапасының нәтижелі, ұтымды болуы сабақтың ғылыми – теориялық жағынан жоғары деңгейде болып, мазмұны ғылыми жаңалықтармен толықтыруына байланысты. Ондай шығармашылық жұмыс белгілі нәтиже береді.
Бұл үшін үздіксіз ізденіп өмір талабынан артта қалмай, замана көшіне ілесіп отыруы қажет. Демек, оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Демек оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Яғни оқушы тек білім алып қана қоймай, ол сабаққа қызыға қатысып, белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасап отыру қажет.
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастыары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған мұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне;үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.
Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидиактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.
Білім алудың мотивы мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады .
Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш сыныпты оқытудың дидактикалық принциптері мен заңдылықтарын дұрыс және тиімді етіп қолдану әрбір мұғалімнің тікелей және басты міндеті болып табылады. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ең басты міндет – балардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, яғни сабақты қызықты түсінікті өту.
«Мектеп – кеме, білім - теңіз» дегендей, білім ордасында әр бала жаңаша өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте олар білім алып қана қоймай, халық педагогикасы негізінде тәлім – тәрбие алады.
Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. Оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ, қоршаған ортаға, әсіресе ата-аналар мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жас бүлдіршіндерді саналы, тәрбиелі, мәдениетті, жоғары білімді етіп тәрбиелеуге ат салысайық ағайын.
Оқу процесінде оқыту принциптерін ісе асыру ерекшеліктері
25 12 2014
3 стр.
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
25 12 2014
4 стр.
Ж. Аймауытовтың кешендi(комплекстi) оқыту бағдарламасында бастауыш сыныпта тыныс белгілерін оқыту жөнiндегi ой-пiкiрлерi
25 12 2014
3 стр.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
15 12 2014
5 стр.
25 12 2014
4 стр.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері
25 12 2014
3 стр.
Оқыту мен тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы бейнелеу өнері, 13. 00. 08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандықтар
25 12 2014
1 стр.
Ол білім, іскерлік дағдыны меңгеру және практикалық қолдану барысында жүзеге асады. Ол үшін мынадай міндеттер шешілуі керек: Оқыту үрдісінің ойлау деңгейі оның құрылымын анықтайды,
17 12 2014
1 стр.