Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бакирова Рахима Абибуллақызы №4 ЖББОМ

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында танымдық

іс -әрекетті қалыптастыру

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге үйретедi. Жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін ,әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін,батыл шығармашылық ізденісін,оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың танымдық қабілетін дамытады. Математика пәні танымдық іс -әрекет оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін анықтайтын құрамды бөлім болып табылады. Ол білім, іскерлік дағдыны меңгеру және практикалық қолдану барысында жүзеге асады. Ол үшін мынадай міндеттер шешілуі керек: Оқыту үрдісінің ойлау деңгейі оның құрылымын анықтайды, құрылымына оқыту үрдісінің қатарлары, танымдық іс -әректтің кезеңдері кіреді.

-таным міндеттерін жете білу -жаңа тақырыпты қабылдау -ұғыну жаңа оқу тақырыптарын түсініп, жинақтау үрдісі -білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру -білімді, іскерлікті, дағдыны тәжірибеде қолдана білу -оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бағалау Бастауыш сыныпта 6 жастан 12 жас аралығында танымдық іс –әрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мәселенің бірі –оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру және демократияландыру педагогикалық –психологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тәрбиелеу баршаның ортақ ісі. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастыру бұл оқу әрекетінің субьектілері ұстаз бен оқушының бір бірімен қарым –қатынасының бірлігін дәлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым деген А.Х.Аренованың анықтамасынан көруге болады. Осы анықтамаға сүйене отырып бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетінің қалыптастыру моделін шығаруға болады. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Жаңа оқу технологиясында танымдық іс -әрекетті қалыптастыру басым. Әсіресе математика пәнінде оқушылар үнемі білімділік жаттығуларға ұқсас типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау бір шешім іздеу оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады, танымдық «іс -әрекетті қалыптастыратын жаттығулар оқушының шығармашылық шыңына жетуге көмектеседі. Қызықты математика ( жарыс) Жарыстың мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың өту барысы: 1- Бастаушы: -Сәлеметсіздерме, жиналған көпшілік! Жарысты ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! 2 -Бастаушы: «Қызықты математика» атты жарысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

1-Бастаушы: -Бүгін жарысқа төрт топ қатысып отыр. Топтарды таныстырып өтейік.



Тапқырлар тобы. Ұранымыз: «Оқу –білім бұлағы, білім өмір шырағы»

Білгірлер тобы. Ұраны: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»

Ойшылдар тобы. Ұраны: «Оқу -білім азығы,Білім –ырыс қазығы»

Алғырлар тобы.Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» Алғашқы төрт жарысқа қатысатын әр топтың мүшелері ортаға шақырамыз.(қалған топ мүшелері келесі сайыстарға қатысады) 1 –сайыс. «Жаңылтпаштар сайысы» 1. Ұшып кетті үш құс Ұшып келді ұшқыш. 2.Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш шыбыш 2 –сайыс. Амал таңбаларын қою. Теңсіздіктерді тура болатындай етіп, амал таңбаларын, жақшаларын қою керек. 27...36=63 2. 63.....27 3.64...16 = 48

35...49=8 84.....34 81...51= 30



3–сайыс. Жеміс жинау сайысы Бұл сайыста әр топтан бір оқушы «Жеміс жинауға» барады. Ол жемістерді алу үшін қызықты әзіл есептерді шешу керек. Бұл кейбір түрлері ғана. 1.Маратта бар бес іні, 2.Көлден ұшып кетті жеті қаз, Мұратта бар екі іні. Қайтып қонды екі қаз. Қоссақ бес пен екіні, Қонбады сансшы, неше қаз? Неше болады шешуі? (жауабы 7) (жауабы5)

4 –сайыс. Геометриялық фигуралардан адам бейнесін салу. Бір минутта геометриялық фигурадан адам бейнесін салып, әр мүшесін қай фигураны салғанын айтып өтеді. Әр сайыстың арасында әр топтың жанкүйерлерін ән айтып, би билеп көңіл көтеріп ой ашар жасап отырады. Қорыта келгенде математика пәні танымдық іс -әрекет оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін анықтайтын құрамды терең даярлауда оның жеке тұлға болып қалыптасуына ойлау әрекетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, пәнге деген икемділігін, қызығушылығын қалыптастырады. Әдебиеттер: 1.Сарбасова К.А. «Математикадан дәстүрлі емес сабақтар» 2.Бастауыш мектеп №5 2005ж «Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру» 3.Қазақстан мектебі « Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Ана тілі 1-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан картасы Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуға үйрету.Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, сөздік қорларын байыту. 2.Мәнерлеп,дұрыс оқу, ойлау,есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. 3.Өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсідері: сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру. Сабақтың көрнекілігі: ҚР-сының картасы,интеракивті тақта(тақырып мазмұнына қажетті қарастырылған жаттығулар)

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Достым,байқа тексеріп, Дайынсың ба сабаққа? Қалам,дәптер, оқулық, Табыла ма орнынан? Бәрі дұрыс отыр ма? Тұрақталып зейіндер, Сабақтан осы шаттанып, Бәрі тек «5» ала ма? 2.Танымдық қабілеттерін дамыту. Психологиялық жағдаят тудыру. –Бүгінгі сабақта «Білім еліне» саяхат жасаймыз.Саяхатқа кемемен шығамыз.Жолымызда әр түрлі, қызықты тапсырмалар кездеседі. Біздің міндетіміз игерген білімдерімізді еске түсіре отырып, Білім еліне жету. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ «Білім еліне» дұрыс жол көрсетіледі де, сол елге жетеміз. Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Штурвал қолда, кеттік алға! Бағалау парағы (әр оқушыда болады) Әр берілетін тапсырма үшін 2, 3, 4, 5 ұпай қойылады.Сабақ соңында төмендегі нысандар бойынша бағаланатын боласыңдар.


Бағаланатын тапсырмалар

Ұпай

Көркем жазу




Сөздік




Тапсырма




Оқу




Топтық жұмыс




Өз елім туралы не білемін




Барлық ұпай




Сабақтың бағасы



-Теңіз саяхатшыларына жүзуде сәттілік тілейміз. Дәптермен жұмыс. –Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі саяхатқа шыққан күнді жазып қойыңдар. Сендердің дәптерлеріңдегі жазуларың да осы саяхаттың қорытындысында есептелетіндіктен,өте әдемі және таза болуы керек. 3.Көркем жазу. « Көркем жазу» айлағы. -« Көркем жазу» айлағынан сапарымызды бастаймыз. Теңізде де мына жолдардағы әріптер сияқты толқындар лебі сезіледі.Қазір бір жолға осы әріптерді жазып шығайық: Й й,У у,ң (осы әріптерге ортақ қандай қасиет бар?) (ереже) 4.Сөздік жұмысы. «Сөздік» аралы. –Міне, біз сөздік теңізіне де келіп жеттік. Бұл теңізде сендерге сурет бойынша сөз табу керек.Ол сөзді тапқан соң, тағы бір тапсырма беріледі. (Слайдта түйенің суреті көрсетіледі) Оқушылар түйе деген сөзді айтады.Енді осы сөзді й әрпінен бастап,тасымалдап жазу керек. Келесі сурет қайық, сосын сүйек сөздері де осы ретпен көрсетіліп, оқушылар кезектесіп тақтаға жазады. Келесі слайдта жайылым-мылыйаж, тауық- қыуат, қоңырау-уарыңоқ сөздері керісінше беріледі. Оқушылар оқи отырып, сөзді табады да, осы сөздерді де жазады. –Қандай қорытынды жасауға болады? (сөздердің жазылуын есте сақтау, Й й,У у,ң әріптерінің жазылу емлесін есте сақтау )



5.Тапсырма аралы. -Жүзіп келе жатыр едік, алдымыздан құпия сөздер кездесті.Ол сөздердің кейбір әріптері түсіп қалыпты. Бәріне бір ғана әріп келеді екен. Сол әріпті тауып айту керек. Са...ысқан, да...ыс, жа...ап, та...ық, ба...ыр. -Бәрінде қандай әріп жоқ? -У әрпі жоқ. –Сөз бөлігін у әрпінен бастап тасымалдап айту керек. –қандай қорытынды жасауға болады? 6.Үзіліс жағажайына келдік. -Жағажайда біз біраз демаламыз. Ойын: «Міне,біз осындай!» Әр сұрақтан соң оқушылар «Міне,біз осындай!»деп, бармақтарын көрсете отырып жауап береді. –Қалай тұрып жатырсыңдар? (бас бармағын көрсетіп, «Міне,біз осындай!» деп жауап береді.) -Жүзгенде? -Алысқа қарайсың ба? -Таңертең ұйқың қандай? –Бұзақылық қалай? -Сабаққа қатысу қалай? -Сағатқа қарау қалай? 7.Жаңа тақырып бойынша жұмыс. Біз демалып отырғанда кемемен әрі қарай баратын жолды таңдау үшін көмекке карта келіп қалыпты. Алдымызда үлкен бір мемлекет кездесті. Ол қалай аталады екен? -Қазақстан. Олай болса, осы жерде Ермек Өтетілеуов ағамыздың «Қазақстан картасы» деген өлеңімен танысамыз. 1.Мұғалімнің өлеңді картадағы сызықтық бағыт бойынша жатқа түсіндіре отырып айтып беруі керек. Мұндағы басты мақсат –оқушылардың қалалардың аттарын естеріне сақтаулары,мүмкіндігінше картаның қай жерінде орналасқанын есте сақтауына ықпал ету 2. Сөздік жұмыс. Шұрайлы- құнарлы; қара алтын – бұл жерде көмір; сағасы – өзеннің бөлігі; 3.Оқушылардың тізбектей оқуы. 8.Өткен тақырыпты бекіту. Бізге мынадай әсем тулар кездесті. Алдындағы сөзді дұрыс оқып,аударсақ, Білім елі бізді қарсы алады. «Ту-ған же-рім» деген сөзді буынға бөліп, тулардың алдына орналастырамыз.Соңынан оқығанда - Қа –ра-ған-ды деген сөз шығады. – Бұл біздің қаламыз. Біз өз жеріміздің несімен мақтана аламыз? - Жалпы елімізде қандай үлкен жаңалықтар, өзгерістер болды? -Алдымызда қандай мерекелер болады? 9. Сабақты қорытындылау. Рефлексия – Білім елі. –Өте жақсы, балалар! Сендер көп тапсырмалар орындадыңдар және ол тапсырмалар күрделі болса да, ойлана отырып, шешім таптыңдар. Сөйтіп, Білім еліне де келіп жеттік. – Не білдік? – Сендерге не ұнады? – Өздеріңнің бағалау парақтарыңа қараңдар. Ұпайларыңды санай отырып,мына сызбадан өз ұпайларыңды тауып, сабақтағы еңбектерің үшін өздеріңді бағалап көріңдер. Бағалау өлшемдері

Бағалау

5

4

3

2

Ұпай

20,19,18,17

16,15,14,13

12,11,10,9

8,7,6,5

-Біздің саяхатымыздың соңында көңіл күйлерің қандай болды? 10.Үйге тапсырма. –Үйге қандай тапсырма орындағыларың келеді. Кез-келген бір қаламыз туралы ,ол неге олай аталған деген сұраққа жауап тауып келіңдер. – Жамбылдың өлеңін жазып келіңдер.



Дүниетану 3-сынып Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың дене, зат туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру.Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру. 2.Дамытушылық : Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру,шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету. 3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны аялауға баулу,сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап ,ой қозғау, Венн диаграммасы,топтастыру,баяндау. Көрнекілігі: суреттер, (табиғат құбылыстары), сызбалар, үлестірмелі қағаздар, денелер,заттар,(алма,шеге,қалам). Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,әдебиеттік оқу, бейнелеу. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық.(хормен айту)

Табиғат- біздің анамыз, Жер байлығы көп екен, Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалаймыз. Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгертер, Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы. (топқа бөлу) II.Үй тапсырмасын тексеру. 1-топқа (күн бейнесі) 1.Дене деген не? 2.Дене нешеге бөлінеді? 3.Табиғи денені атап шық? 2-топқп (бұлт бейнесі) 1.Жасанды денені ата. 2.Табиғи дене нешеге бөлінеді? 3.Тірі денелерді атап шық. 3-топқа (тамшы бейнесі) 1.Өлі денелерді ата. 2.Зат қасиеттерін атап шық. 3.Дене неден тұрады? (әр сұраққа жауап ауызша алынады).Тақтаға «дене», «зат», сөздері ілініп, ойлары тұжырымдалады. Алма, бұрыш,жаңғақ,шеге,қаламдарды көрсету арқылы үй тапсырмасын бекіту. III.Жаңа сабақ. Ой қозғау. а) Оқушылардан жыл мезгілдерінің ерекшеліктер туралы сұрау. Көктемде қар ериді,су ағады, су тасиды. Жазда күн ысиды,жел соғады.Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Қыста қар жауады,боран соғады. Ойларын жинақтау. Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде ақпаратпен танысамыз. Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру.(компьютерден көрсету арқылы түсіндіру). ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі,құлайды,шіриді. Жан-жануарлар да өседі, көбейеді,өледі. Ертеңгілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандағы бұлт торлайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады,қар ериді,су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп,салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады. Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді. IV.Дәптермен жұмыс. Сабақ тақырыбын жазу. Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай сөздерін дәптерге жазу. V.Сергіту сәті. Жаңбыр жауды – тырс,тырс, Боран соқты –гу,гу, Жел тұрды -ыли,ыли, Найзағай ойнайды – тарс,тұрс. VI.Шығармашылық жұмыстар. 1.Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазады

1-топ «Күз» 2-топ «Қыс» 3-топ «Көктем» 2.Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу. 1-топ «жаңбыр» 2-топ «боран» 3-топ «бұлт» 3.Венн диаграммасы. 1-топ «жаңбыр-боран» 2-топ «найзағай-қар» 3-топ «күн-түн » VII. Жұмбақтар жасыру. 1.Төгіліп жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта-ақ. (бұршақ ) 2.Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді. (жел) 3.Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (найзағай) 4.Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (күн) 5. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ,желеді, Ауызы жоқ,ұлиды. (боран) 6.Арыстан ақырады, Орман жаңғырады. (найзағай)

VIII.Сабақты қорыту.

Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.



IX.Бағалау. Әр топтағы балалардың еңбегін бағалау. (күн,бұлт,тамшы сандарын санау)

Х.Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. «Табиғатты аяла» шығарма жазу.Осы күнгі ауа райын суретке салу

Ана тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен тиін. Сабақтың мақсаты: 1. Мысалды мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түрде жеткізе білуге,мысалдағы негізгі ойды тауып, оның түрін анықтай білуге үйрету. 2.Ой-өрісін, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету. 3.Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы түлкі мен тиіннің суреттері, тапсырмалар жазылған қағаздар, маркерлер. Сабақтың түрі:аралас сабақ

сын тұрғысынан ойлауды дамыта отырып оқыту.



Стратегия: топпен жұмыс,ой қозғау, сахналау, танымдық сұрақтар,әңгіме кестесін құрау Пәнаралық байланыс: дүниетану сабағымен байланыстыру. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық. –Көз не үшін керек?- Жақсыларды көру үшін. –Екі құлақ не үшін керек? –Ақыл- кеңес тыңдау үшін. –Екі қол не үшін керек? –Елге көмек беру үшін. –Екі аяқ не үшін керек? – Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін. – Олай болса, мен сендердің осы айтылған барлық мүшелеріңе саулық тілеймін. III. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар. 1. Кіріспе әңгіме. –Балалар, орманда жүретін қандай аңдарды білесіңдер? -Жан –жануарлардың ішінен қулығымен танымал қандай аң? –Ағаштың діңіне ұя салып, жаңғақтар жинап, секіріп жүретін, ешқандай зияны жоқ аң туралы білесіңдер ме? (Тиін мен түлкінің суретін іліп қойып, екі қатардың балаларына кезектестіріп не білетіндерін жаздыру керек). « Күн шұғыласы» ойыны арқылы. –Дұрыс, олай болса, бүгін біз сендермен түлкі мен тиін жайлы өлеңді оқимыз . Өлеңнің авторы –Әбдірахман Асылбеков. Автор туралы қысқаша мағлұмат беру. 2.Мағынаны тану. а) Өлеңді өзім мәнерлеп оқып беремін.

Сөздік жұмысы жүргізіледі. қиыр –алыс; маң – өте жақын; жайрады – сұлап жатты, өліп қалды; ә)Оқушыларға оқыту. б) Рөлге бөліп оқыту. в) Сұрақтармен жұмыс. - Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді? – Тиін оған қандай жауап тапты? – Сол сәтте қандай жағдай болды? –Қай аңның айласы пайдалы болды? 3.Өлеңнің толық мазмұнын айту. Өлеңдегі негізгі ой не? Өлеңде қандай әдеттен аулақ болу керектігі айтылған? 4.Топпен жұмыс. 1-топ: «Тоқсан тоғыз айлалы» тіркесінің мағынасын түсіндір. 2-топ: «Тайраңда» сөзінің мағыналас қатарын тауып жаз. 3-топ: Бұл өлеңнің қандай түріне жатады? Неліктен? IV. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Біз тынығып аламыз. Қолымызды созамыз. Алақанды созамыз, Бір отырып, бір тұрып, Орнымызға қонамыз. V. Ой толғау. Бүгінгі өтілген сабақ жайлы білгендерін, бұрыннан білетін деректерін пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу. Топпен жұмыс: 1-топ «Тиін» 2-топ «Түлкі» 3-топ «Қасқыр» Әр топ осы аңдар жайлы мәліметтер жазады.



1-топ:

.
Тиін










2-топ:

.
Түлкі








3-топ: Қ Азулы, өте кекшіл А Жыртқыш С Орманда таулы жерде жүреді Қ Терісі пайдалы Ы Етпен қоректенеді Р Аңшылар атады

VI.Сахналау. Әр топтан өздері келісіп алып ,көрініс көрсетеді . Қай топтың сахналау өнері жақсы екенін айтып бағалау. VII. Қорытындылау. –Үнемі айлакер,қу болатын аң түлкі осы жолы не себепті қасқырға жем болды деп ойлайсыңдар? -Тиіннің аман қалуына не себеп болды? -Тиін мен түлкінің сыртқы бейнелерінде қандай ұқсастық бар? 1-2 топқа тапсырма. Осы өткен мысалдар бойынша төменде берілген кестені толтыру

Мысалдар тақырыбы

Тәкаппар

Түлкі мен тиін

Авторы

Ш.Смаханұлы

Ә.Асылбеков

Оқиға орны

Суда

Далада

Негізгі кейіпкерлер

Балық

Түлкі мен тиін

Негізгі ой

Тәкаппрлық

Мақтаншақтық

Оқиға қалай аяқталды?

Балық өліп қалды

Түлкіні қасқыр жеп қойды

Қорытынды ой: Тәкаппарлық пен мақтаншақтықтан аулақ боламыз. 3-топқа тапсырма. -Тиінге, түлкіге не айтар едіңдер? Оқушылар жауаптары: -Түлкі, мақтана бергеннің пайдасы жоқ.Мақтанғаннан гөрі сақ болуың керек еді. Тиін,сен дұрыс істедің. Сен өте ақылдысың, бір айланың өзімен аман қалдың. Үнемі осылай жүре бер. IX.Бағалау.

VIII.Үйге тапсырма.Мысалды мәнерлеп оқып келіп, сахналауға дайындалу. Ертегі құрастыру. Түлкі, тиін жайлы молырақ мағлұмат жинау.

Математика 3-сынып Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу. Сабақтың мақсаты: 1. 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 7-ге бөлу, кеміту,есе арттыру,есе кемітуге арналған есептер шығару. 2.7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-гекөбейту кестесін құру,ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту. 3.Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу,ұйымшыл болуға, ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ата- дәстүрді қастерлеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдіс – тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,ізденушілік,ойын-сұрақтар. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,қазақ тілі, дүниетану. Көрнекілігі:дидактикалық материалдар, Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. Біз қандаймыз,қандаймыз, Күлімдеген күндейміз, Шұғылалы таңдаймыз! Еш уайымды білмейміз! -Олай болса,балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әр ісімізге сәттілік! 2.Үй тапсырмасын тексеру. –Үйге қандай тапсырма берілді? (Әр қатардан бір оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алып тапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп береді. ) Санды 6-ға көбейту және бөлу жағдайына байланысты ауызша есептеулер «Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейтукестесін пысықтау. 8163 4569 8864 2504 6*3= 18 6*9= 54 6*8 = 48 5*4= 20 –Басқа қандай теңдіктер шығарып алуға болады? Енді мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік: Есепті шығару (ауызша) *Адам 1 күнде 30 000 адым жасайды екен. 6 күрде шамамен қанша адым жасайды? 30 000*6 = 180 000 *Еңбекқор жәндікті білеміз бе? Иә,құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді жердің астына тасиды. 6 құмырсқа 1 күнде қанша дән тасуы мүмкін. 6*20 000=120 000 -Ал,осы 6 цифры туралы не айтар едіңдер? (өлең, мақал,мәтіннен үзінді ) 3.Сабақтың мақсатын хабарлау. – Балалар, бүгін санды 7-ге көбейту,бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ: Адамның басшысы –ақыл, Қорғаны –сабыр, Жетекшісі-талап, Қорғаушысы-мінез, Жолаушысы-ой, Сынаушысы –халық. Жолдасы-кәсіп, Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп,талаптанып,ой елегінен өткізіп,бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр.Атам қазақ 7 санын –киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане,ойлайықшы,өздерің не айта алар едіңдер?

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік

Оқушылар 7 санына байланысты өз білетіндерін жазады.




-Жеті нота-жеті дауыс (до,ре,ми,фа,соль,ля,си) –Жеті күн (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі) –Жеті нан пісіру -Жеті ата (ата,әке,бала,немере,немене,шөбере,шөпшек) - Жеті қарақшы - Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім,жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық,жүйрік тазы) -Жеті керемет (Египет пирамидасы,Вавилон аспалы бағы, Зевс мүсіні,Родос алыбы,Александрия манары, Артемида храмы, Галикарнас мавзолейі), Тәуке ханның 7 жарғысы, Жетіген аспабы, Жетісу, Жеті ғалам, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті қат көк, жеті қат жер ,т.б. –Ал өздерің 7 санына байланысты не айтар едіңдер?(балалар жауабы) «Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жеті атасын білген ер,ел -жұртының қамын жер», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер көп емес». 4.Түсіндіру. Көбейту дегеніміз – бірдей қосылғыштардың қосындысы. 7*7=7*6+7=49 49- болмасын соғыс. 7*8=8*6+8=56 56 – оқы есеп шартын. 7*9=9*6+9=63 63 – жинап алдық бойға күш. 7*10=10*6+10 70 – біз бітірдік үлкен іс. Бөлу амалымен өрнек құру. 49:7= 7 56:7= 8 63:7= 9 5.Оқулықпен жұмыс. №2. Салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын тап. 1 тонға – 7 тері 1 құлақшынға – 2тері 7 тонға - ? тері 63 тері 7 құлақшынға - ?тері ?тері Қалғаны -? тері Қалды - 12тері Ш: 63-7*7=14 Ш:7*2+12=26 Ж: Шеберханада 14 тері қалды. Ж: Барлығы 26 тері. Ұқсастығы – теріден тігіледі, 2 амал. Айырмашылығы – тон – құлақшын, қалғанын – барлығын табу. №3.Өрнектер құрып,мәнін табу. Тақтада талдана отырып 4 оқушы шығарады. 9*7=63 63: 9=7 63:7=9 7*9=63 №4. Ауызша орындалады. Қай өрнектер 7-ге көбейту кестесінде кездеседі?

6. Сергіту сәті «Компьютер ойнайық»

х

3

5

4

6- 7










№6. Математикалық диктант түрінде орындалады. 7- ге 21 мен 7 –нің бөліндісін қос. 7-ге 49 бен 7-нің бөліндісін қос. 7-мен 21 –дің қосындысын 7 есе кеміт. №7.Көрнекілік арқылы орындалады. Қандай сандардың көбейтіндісі 24-ке тең болады?

4*6

8*3 12*2


24*1

7.Шығармашылық тапсырма. Талғат атасынан: Сіз неше жастасыз? – деп сұрады. Атасы: - Егер менің жасымда 7 есе кеміткенде шыққан санды 7-ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін таба ғой, -депті. Талғаттың атасы неше жаста? Х:7-7=2 Х:7=2+7 Х:7=9 Х=7*9 Х=63 Ж: Атасы 63 жаста. 8.Сабақты қорытындылау: Қадыр Мырза Әлидің «Жеті»өлеңін оқу. 9.Оқушылардың білімін бағалау. 10. Үйге тапсырма: №5 мысалды орындау, 7-нің көбейту кестесін жаттау.

Бакирова Рахима Абибуллақызы №4 жббом бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында танымдық іс -әрекетті қалыптастыру

Ол білім, іскерлік дағдыны меңгеру және практикалық қолдану барысында жүзеге асады. Ол үшін мынадай міндеттер шешілуі керек: Оқыту үрдісінің ойлау деңгейі оның құрылымын анықтайды,

192.59kb.

17 12 2014
1 стр.


I – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы

666.79kb.

16 12 2014
2 стр.


Азаматтық және патриоттық білім беру мектебі шарттарында педпгогтар мен оқушыларда субъективтілікті дамыту

Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ҚҰзіреттілігін қалыптастыру

48.83kb.

23 09 2014
1 стр.


Стамбекова асель серкебаевна

Бастауыш мектептің математика сабағында практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық

570.61kb.

06 10 2014
4 стр.


Бастауыш сынып оқушыларының бойына патриоттық ТӘрбиені қалыптастырудың ерекшеліктерін пайдалану жолдары

Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері

519.3kb.

17 12 2014
2 стр.


Қожан наргис николайқызы оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру

М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

1641.43kb.

25 12 2014
7 стр.


Жалғасбаева Гүлвира Шерғазықызы Бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру

6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

339.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Неміс тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жоба бойынша іс -әрекеті Проектная деятельность на уроках немецкого языка в начальной школе

Я знаю, для чего мне надо все, что я познаю. Я знаю, где и как я могу это применить” – вот основной тезис современного понимания метода проектов

77.63kb.

18 12 2014
1 стр.