Перейти на главную страницу
ӘОЖ 577.056.22: 371.212-053.5 Қолжазба құқығында
«6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қызылорда 2013 жыл
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент М.К.Жайлауова
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
кандидаты, аға оқытушы Б.С. Кульбаева
Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтында (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейтестілігі. Кез келген қоғамда және кез келген әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы өте маңызды проблема болып табылады. Денсаулық саламатты өмір салтымен анықталады. Педагогикалық жүйе үшін шамаға лайықтысы - оқушылардың өзінде саламатты өмір салтына ұмтылысты қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері қатарында «адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру» мәселесі көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» делінген.
Қазақстандық ғалымдар Ж. Ембергенова, Б.Қ. Мұхамеджанов, Қ.М. Рахымғали, С.С. Тілеуова, Ю.В. Салов, Г.Ж. Нұрышова, Б.К. Игенбаева Т.К.Бөлеев т.б. еңбектерінде оқушылар мен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
А.С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж.Ж. Нұржанова т.б. еңбектерінде Валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселелері жан-жақты зерттелген.
Т.Н.Беркалиев, Г.Е.Шлымова, Ш.А.Тулепова еңбектерінде нашақорлық, жат әдеттердің денсаулыққа кері әсерін ескере отырып тәрбиелеу мәселелері қарастырылған.
Т.А.Данияров ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын сыныптан тыс жұмыстарда инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру проблемаларын зерттеген.
Оқыту теориясы мен практикасы көрсетіп отырғандай, бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын тиімді қалыптастыру жеткілікті дәрежеде ашып көрсетілмеген. Бұл зерттеу тақырыбының көкейтестілігін қамтамасыз ететін төмендегі қайшылықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі, оның теориялық-әдіснамалық жағынан жеткілікті қарастырылмағандығы зерттеу жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру» деп алуымызға мүмкіндік берді.
- «денсаулық» және «саламатты өмір салты» ұғымдары әлеуметтік
құндылықты категория ретінде қарастырылса;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың аксиологиялық негіздемесін жасалса;
- әлеуметтенуді бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру үдерісі ретінде қарастыру жүзеге асырылса;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық моделі жасалса және негізделсе;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалса және жүзеге асырылса;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың негізгі критерийлері, көрсеткіштері және деңгейлері айқындалса.
-«денсаулық» және «саламатты өмір салты» ұғымдары әлеуметтік
құндылықты категория ретінде қарастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың аксиологиялық негіздемесін жасау;
- әлеуметтенуді бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру үдерісі ретінде қарастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық моделін жобалау;
- бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және негіздеу;
- эксперименттік жұмыс жүргізу жасалған моделдің тиімділігі мен әрекеттілігіне талдау жүргізу және бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарының қалыптасқандық деңгейлерін анықтау.
Зерттеудің практикалық маңызы
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жеке адамды дамыту туралы ілімдері, саламатты өмір салтын жеке тұлғада қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалары, сана мен іс-әрекет бірлігі принциптері, таным теориясы, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, денсаулық сақтау технологиялары.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, мектептердегі салауатты өмір салтын қалыптастыру үдерісін бақылау, пікірталас, сауалнама, тест алу, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Зерттеу көздері: ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған «Қазақстан-2030» жолдауы, «Саламатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы” ҚР үкіметінің қаулысы; зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психолог, педагогтардың еңбектері, пәндік оқу бағдарламалары, оқулықтар, озық іс-тәжірибелер, автордың зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.
негізделген.
Зерттеудің практикалық маңызы «Денсаулық сабақтары» бастауыш мектепте кіші мектеп оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын тиімді қалыптастыру үшін пайланылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелелерін оқу, сыныптан тыс жұмыстар, болашақ педагогтарды кәсіби даярлау үдерісінде пайдалануға болады.
Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов 18 ғасырда «Ресей халқының сақталуы және көбеюі» деген өзінің жолдауын жазған болатын. Жолдауда елдің шаруашылық және саяси өмірі үшін халық санын сақтау және көбейту бойынша шаралар қарастырылды, әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын ұсынды.
М.В.Ломоносов жас адамның тұлғасының дамуы мен қалыптасуы факторларын талдауға көп көңіл бөлді. Ол орыс адамдарының көптеген дені сау ұрпақтарының дүниеге келуіндегі тұқым қуалаушылықтың рөлін көрсетті. Сондай-ақ ортаның тұлғаға әсерін ашты, жас және ересек адамдардың адамгершілік, жыныстық тәрбиесі проблемасына назар аударды.
М.В.Ломоносов адам проблемасын зерттеуді психология, физиология, педагогика және олардың бірлігі тұрғысынан қарастырды. Оның пікірінше, дәл осындай қатынас педагогтардың адам жайлы білуі тиіс объективті мағлұматтарды алуына мүмкіндік берді. «Ресей халқының сақталуы және көбеюі» еңбегі, жасөспірімдердің проблемалары жайлы жұмыстары М.Ломоносовты адам проблемасын медициналық-педагогикалық бірлікте зерттеген алғашқы орыс валеологы деп есептеуге мүмкіндік береді. Ғалымдар С.П.Боткин, П.Ф.Лесгафт қазіргі валеологияның негізін салды.
Валеологияның негізін салушылардың бірі Т.Ф.Акбашев «Денсаулық - адамның өмірлік күш-қуаты қорының сипаттамасы» деген болатын. Оны табиғат береді және адамның оны пайдалануы немесе пайдаланбауы мүмкін.
«Денсаулық» ұғымын анықтау барысында оның нормасы туралы мәселе туындайды. «Норма» ұғымының өзі пікірталас тудырады. Үлкен медициналық энциклопедияда бұл феномен адам ағзасы тепе-теңдігінің, оның жекелеген органдары мен функцияларының сыртқы орта жағдайындағы шартты белгісі ретінде онда денсаулық ағза мен оның өмір сүретін ортасының тепе-теңдігі ретінде, ал ауру сол ортамен тепе-теңдіктің бұзылуы ретінде айқындалады.
Қазіргі таңда денсаулықтың бірнеше компонентін (түрлерін) бөліп көрсетуге болады:
Соматикалық денсаулық - адам ағзасындағы органдар мен жүйелердің ағымдағы күйі. Оның негізін жеке дара дамудың биологиялық бағдарламасы құрайды.
Физикалық денсаулық – ағза органдары мен жүйелерінің өсу және даму деңгейі.Оның негізін бейімделуші реакцияларды қамтамасыз ететін морфофизиологиялық және функционалдық резервтер құрайды.
Психикалық денсаулық – психикалық саланың жай-күйі. Оның негізін қалыпты мінез-құлықтық реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани үйлесім құрайды. Мұндай күй биологиялық қажеттіліктермен қатар әлеуметтік қажеттіліктерге де байланысты.
Рухани денсаулық – өмір әрекетінің саласы, мотивациялық және қажетті ақпараттық сипаттамасының кешені. Оның негізін индивидтің қоғамдағы мінез- құлқының құндылықтар жүйесі, бағдарлары мен мотивтері айқындайды.
Денсаулықтың белгілері мыналар:
Қазіргі түсінік бойынша саламатты өмір салты ұғымын төмендегі негізгі компоненттер құрайды:
1.Дұрыс тамақтану.
2. Жүйелі дене жаттығулары.
3. Жеке бас гигиенасы.
4. Ағзаны шынықтыру.
5. Зиянды әдеттерден бас тарту (темекі шегу, ішімдік пен есірткі пайдалану).
6. Ұнамды эмоциялар.
Саламатты өмір салты – физикалық және психикалық денсаулықты сақтауға және нығайтуға, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге апаратын ерік-жігердің көрінуін, әрекет пен мінез-құлықты түсінуді талап ететін адамның белсенді жағдайы.
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші сияқты. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Мәселен, А.Б.Кирьякова Адам, Сұлулық, Таным, Еңбек сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланудың педагогикалық механизмі мен құрылымын, шарттарын ашып көрсетті. Оқушылардың адам бойында ерекше бағалайтын жетекші белгілерінің қатарында: сүйіспеншілік (адамға, кәсіпке, өмірге), мейірімділік (өзіңнен белгілі бір параметрлер бойынша төмен адамдардың барлығына толеранттылық), қарым - қатынас (басқаны ол қандай болса, сол күйінде қабылдау), бақыт (өзін - өзі жүзеге асыруға қол жеткізу), басқалардың және өзінің алдындағы жауапкершілік, денсаулық (физикалық, психикалық және рухани дамудағы қолайлылық). Өз зерттеулерінің нәтижесінде А.В.Кирьякова оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлану үдерісі күрделі, қайшылықты және сонымен бірге заңды үдеріс екенін анықтады. Сонымен, тәрбиедегі тұлғаның құндылық бағдарлары маңызды болып табылады, өйткені бір жағынан, олар ішкі ынталандырудың рөлін орындайды, екінші жағынан, тұлға оған сүйене отырып, өзінің мінез-құлқы мен әрекетін жүзеге асыратын критерийлердің рөлін атқарады. А.Маслоу ұсынған құндылықтар жүйесінде бізді денсаулық мәдениеті саласына жататын төмендегі экзистенциалдық құндылықтар тізімі қызықтыруы мүмкін (А.Маслоу оларды тұрмыстық құндылықтар деп атайды): тұтастық, жетілгендік, аяқталғандық, өміршеңдік, толықтық, әсемдік, баға жетпес, шынайылық, ойын, жеткіліктілік. Объектінің, құбылыстың, қатынастың, құндылығы, ең алдымен, оның субъекті үшін маңыздылығымен анықталады. Оқушының құндылық бағдарының жеке дара жүйесі (оқуға, мәдениетке, денсаулыққа және т.б.) оның тұлғасының маңызды бөлігі болып табылады. Ол әлі кішігірім өмірлік тәжірибемен, оның қобалжуларының жиынтығымен жасалады және бекітіледі. Бұл жүйе тұлғаның тұрақтылығын, мінез-құлықтағы сабақтастықты, қажеттіліктер мен қызығушылықтардың бағыттылығын анықтайды. Құндылықтар жүйесінің тұтастығы, тұрақтылығы тұлғаның пісіп жетілуін анықтайды. Жақын кезеңде жас ұрпақтың құндылықтары мен құндылық бағдарлары арасында саламатты өмір салтының құндылығын түсіну маңызды болуы тиіс. Сондықтан бүгін балалар мен оқушылардың денсаулығына байланысты қолайсыз жағдаяттарды жоятын шаралар қажет.
Саламатты өмір салтын сақтауға ықпал ететін құндылық құрылымды қалыптастыру критерийлеріне:
Валеологиялық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын қарастырамыз:
Әлеуметтену бойынша философтардың көзқарастарына тарихи шолу төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
- адамның әлеуметтік қалыптасу проблемасы философтарды ертеден қызықтырып келді;
- тұлға дамуындағы әлеуметтік факторлардың рөлі атап көрсетілді (адам-«әлеуметтік жағдайлар өнімі»);
- адам қоғамдық тіршілік иесі ретінде анықталады, сондықтан тұлғаның қалыптасуы қоғам арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі философиялық зерттеулерді оқып үйрену әлеуметтену мәселесіндегі төмендегі бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді:
А.В.Мудриктің пікіріше, әлеуметтену әлеуметтік сапаларды, қасиеттерді,
құндылықтарды, білімдер мен біліктерді қалыптастыру үдерісі ретінде анықталады. Соның нәтижесінде адам әлеуметтік байланыстардың, институттар мен қауымдастықтардың қабілетті қатысушысы болады. Әлеуметтануда әлеуметтенудің мәнін түсінуге екі қатынасты бөліп көрсетуге болады. Олар бір-бірінен адам жайлы және оның өз дамуындағы рөлі жайлы түсініктермен ерекшеленеді. Дж.Балантайн, Э.Дюркгейм. Т. Парсонс әлеуметтенуді субъект-объект қатынасы тұрғысынан қарастырады, ал У. Бронфенбреннер, Ч.Кули, Дж. Мид субъект-субъект қатынасы тұрғысынан қарастырады. Біздің зерттеуіміз үшін екінші қатынас жақын, өйткені әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды бала тұлғасының белсенді позициясымен ажырамас бірлікте қарастырады. «Айна Мен» теориясының авторы Ч.Кули жеке дара «мен» әлеуметтік сапаны коммуникацияларда, тұлғааралық қатынаста алғашқы топтың ішінде (отбасында, құрбы-құрдастарының тобында, көршілерінің тобында) игереді, яғни жеке дара және топтық субъектілер арасындағы өзара байланыс үдерісінде игереді. Субъект-субъектілік қатынастың басқа авторлары әлеуметтенуші адам қоғамға ғана бейімделмеген, сондай-ақ өз дамуының субъектісі, белгілі бір шамада жалпы қоғамның дамуының субъектісі де бола алады. Субъект-субъект саласында жұмыс істеп жүрген зерттеушілер тиімді әлеуметтенуді жүзеге асыратын тұлғаның сипаттамаларын бөліп көрсетті: өзінің құндылық бағдарларын өзгертуге қабілеттілік; өзінің құндылықтары мен рөлдің талаптары арасында баланс таба білуі; әмбебап моральдық адами талаптарды түсінуге бағдарлану. Көптеген зерттеушілердің мәліметтерін қорыта отырып, әлеуметтенген тұлға деп пісіп жетілген тұлғаны есептеуге болады. Пісіп жетілудің, тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі критерийлері: өзін сыйлау, басқаларды сыйлау, табиғатты сыйлау, болжам жасау білігі, өмірге шығармашылықпен қарау білігі (өзгермелі жағдаяттардағы икемділік пен тұрақтылық, сондай-ақ шығармашылық), яғни проблеманы шеше алу білігі, бұл денсаулықтың әлеуметтік аспектісімен байланысты.
Оқушыларда білім беру үдерісінің белсенді субъектісі позициясын қалыптастыру қажеттігіне бастауыш білім берудің міндетті мемлекеттік стандарттары бағдар береді. Онда мектептің бастауыш сатысында оқушыда әрекеттің барлық түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас, көркем әрекет) қалыптасуы тиіс екені атап көрсетілген (оқытудың объектісі емес, субъектісі ретінде қатысатын).
Әлеуметтенуді түсінуге субъект-объектілік қатынас бағытында әлеуметтенушілікті жалпы алғанда осы қоғам беретін статус пен талап ететін сапалардың қалыптасқандығы ретінде түсінуге болады. Осы тұрғыдан алғанда табысты әлеуметтенудің кепілі-адамда институционалдық талаптардың негізгі элементтерін қамтитын мінез-құлықтық модельдерді қалыптастыру деп есептеуге болады. Америкалық психолог және педагог Л. Колберг әлеуметтенудің мұндай типі болашақта рөлдік конфликтілерді болдырмайды деп есептеді. Зерттеуші А. Инкельс әлеуметтенудің мұндай типін «алдыға көз салу» деп атады. Егер индивид ойламаған әлеуметтік жағдаяттарда бағдарлана алса, онда әлеуметтену табысты болады деген пікір кең тараған.
Бастауыш мектеп үшін дайындалған «Денсаулық сабақтары» курсының тақырыптық жоспарын қарастырайық. Ол жылына 12 сағат көлемінде сынып сағаты, үйірме немесе жеке сабақ шеңберінде өткізіледі.
№ |
Бағдарламаның бөлімдері |
Сағат саны |
1 |
2 |
3 |
|
1.Сынып Мен және менің мектебім (3 сағат) |
|
1-сабақ |
Бір-бірімен және мұғаліммен танысу |
1 |
2-сабақ |
Бір-бірімен, мұғалімдермен мектеп қабырғасында қалай байланыс жасауға болады |
1 |
3-сабақ |
Менің қызығушылықтарым, құндылықтарым және денсаулығым |
1 |
|
2.Денсаулық деген не?(9 сағат) |
|
4-сабақ |
Денсаулық, ол неге тәуелді. Неліктен денсаулық біз үшін маңызды. |
2 |
5-6-сабақ |
Денсаулықтың негізгі факторлары және олардың өзара байланысы. Жан мен тәннің денсаулығы |
2 |
7-сабақ |
Денсаулық және табиғат |
2 |
8-9-сабақ |
Денсаулық және қоғам |
3 |
Курс бастауыш сынып оқушыларының өз денсаулығы, оның негізінде «физикалық», «әлеуметтік» және «рухани» аспектілер жатқан «денсаулық» кіріктірілген ұғымы жайлы білімдерін белсендіруді және кеңейтуді көздейді.
Бұл зерттеулерден басқа оқушылармен олар қандай әдеттерді пайдалы әдеттерді, ал қанда әдеттерді зиян деп есептейтіні жайлы сауалнама өткізілді. Сурет№3. 3 – сыныптың соңында оқушылармен жүргізілген қорытынды сауалнама бойынша оқушылардың түсініктерінде көрініс тапқан аспаптық құндылықтардың болуын көрсетеді.
Күнделікті өмірде бастауыш сынып оқушыларының білімдерді практикада қолдануы саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастырудың тиімділігінің негізгі критерийі қызметін атқарады. Бұл нәтижелерді зерттеу оқушылардың сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларды, алған денсаулық жайлы теориялық және практикалық білімдерін олар белгілі бір дәрежеде күнделікті өмірде қолданылатынын көрсетті. Оқыту барысында саламатты өмір салты ережелерін сақтаушы оқушылар саны өзгерді. Мәселен, таңертеңгі жаттығу жасайтын оқушылар саны 61,9%-дан (1-сынып ), 72% - ға дейін ұлғайды (3 -сынып). Таңғы ас ішетіндер саны 80,9% - дан (1-сынып) 97%-ға (2-сынып) дейін, 97,5%-ға (3-сынып) ұлғайған, түскі ас ішетіндер мен кешкі ас ішетіндер 95,2%-дан 98,5%-ға дейін өскен. Сонымен бірге оқушылардың басым бөлігі (74,6%) бастауыш мектептің соңында күніне 8 сағат ұйықтайтын болған. (бұрынғы 61,9%-дың орнына). Бұрын 1-сынып оқушыларының тек 28,5%-ы спортпен шұғылданған болса, 2-3-сыныптарда бұл пайыз 65,5 және 78,4%-ға ұлғайды. Күнделікті душ қабылдайтын балалардың саны өсті; 1-сыныпта - 61,9%, 2-сыныпта -69%, ал 3-сыныпта-77%.
1-сынып оқушыларының «Қауіпсіз мінез-құлық» сауалнамасына жауаптарын талдау осы сала бойынша балалар білімдер мен практикалық дағдылардың жақсы деңгейін алатынын көрсетті. Сауалнама екі рет өткізілді: жылдың соңында қорытынды сауалнама және келесі оқу жылының басында кейінге қалдырылған сауалнама біздің ойымызша оқушылардың белгілі бір әдетті меңгеру деңгейін көрсете алады. Сауалнама нәтижелері оқушылардың түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын жазғы ойнауды ұнататынын көрсетті. Бұл көрсеткіш орташа 53,7% қорытынды сауалнамада және 44,4% кейінге қалдырылған сауалнамада.
Балалар тап болған транспортпен байланысты қауіпті жағдаяттар туралы сұрау оқушылардың 39,2% -ында күтпеген жағдаяттар болғанын көрсетті, ал кейінге қалдырылған сауалнамаларда бұл нәтижелер 31%- ға дейін азайған. Оқушылардың 29,4%- ы бастапқы және 12,5%-ы өздерін кінәлі санайды.
Бұл-жағдайлардың себептері арасында ойын кезіндегі назар аудармаушылық атап көрсетілді; 29,4% және 25% ойын үшін дұрыс таңдалмаған орын. Оқушылардың өзендегі қауіпсіз әрекеттері жайлы сауалнама сұрақтарына жауаптар төмендегі нәтижелерді берді. Бастапқы сауалнама қорытындысы бойынша балалардың 85,7% -ы және 96,1%-ы қорытынды сауалнама қорытындысы бойынша суға түсуге ата-аналарымен барады. Бастапқы сауалнама оқушылардың 7,3%-ы ғана өзенге шомылуға жалғыз баратынын айқындады. Ал қорытынды сауалнама бойынша оқушылар жалғыз суға түсуге бармайтынын көрсетті. Достарымен барғысы келетін оқушылар саны 26,3% -дан 3,8%-ға дейін азайған, жағажайға серуенге бару үшін серік таңдауда ересек балалардың пайызы 30,8%-дан 36,2%-ға дейін ұлғайған.
Судағы күтпеген жағдайлар бастапқы сауалнама бойынша 48,4%- ды, қорытынды сауалнама бойынша - 23,1%- ды құраған. Бұл жағдаяттардан шығуға олардың бағалауы бойынша бастапқы сауалнамада 19%-ы достары және қорытынды сауалнамада 33,3%, 36,5% және 33,3% ата -аналар; 22,2%- сол маңда болған үлкендер немесе олар көмекке шақырғандар; балалардың 25,3%-ы және 33,3%-ы өздері көмектескен.
Қауіпсіз әрекет және таныс емес адамдармен сенімді әрекет жайлы нәтижелер оқушылардың 54%-ы ғана бұндай адамдардың ұсыныстарына жауап беретінін (бастапқы сауалнама) және оқушылардың ешқайсысы бөтен адамдармен сөйлеспейтінін көрсетті (қорытынды сауалнама).
Оқушылар түрлі жарақаттанулар кезінде алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын нашар игерген- орташа көрсеткіш 50% көрсетті. Қатты қан кетуде таңғыш немесе жгут салу керектігін айтып, дұрыс жауап берген (50% дұрыс жауап). Оқушылардың аз пайызы сіңірі созылуда (25%) және сынғанда (41,6%) таңғыш және шина салу керектігін көрсеткен, 95,8% және 91% оқушылар егер біреу суға кетіп бара жатса не мұздың астына кетсе, көмекке үлкендерді шақырады. Оқушылардың 48%-ы көмекке ересектерді шақыратындарын және 29,7%-ы егер біреуді тоқ ұрса, жедел жәрдем шақыратынын атап көрсеткен.
Қатты күйік шалғанда және сынғанда оқушылардың 45,8%-ы және 36%-ы ересектерді көмекке шақыратынын, ал 29,2% және 41,7 %-ы жедел жәрдем шақыратынын айтқан. Автомобиль апаты кезінде оқушылардың 39,5%-ы, жарылыста (37,5%-ы ) және ауыр улануда оқушылардың 39,6%-ы жедел жәрдем шақырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын тиімді қалыптастырудың маңыздылығын атап өте отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады.
3. Әлеуметтену бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына
құндылық бағдарын қалыптастыру үдерісі ретінде қарастырылды. Саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру үдерісі ұзақ, үздіксіз үдеріс, оқу тәрбие үдерісінің нәтижесінде жүзеге асырылады, сондықтан біздің зерттеу жұмысымызда әлеуметтік және психологиялық денсаулықпен тығыз байланысты «әлеуметтену» ұғымы да қарастырылған.
Алынған нәтижелер таңдалған зерттеу тақырыбының көкейтестілігін және бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру технологиясының, зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдейді.
2. Ақмырзаев М.М., Сағымбаев Валеология: Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арн. оқулық. / М.М. Ақмырзаев Ә.Ү.- Астана: Фолиант, 2007.- 296 б.
3. Данияров Т.А. Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын сыныптан тыс жұмыстарда инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру: Пед.ғ.к... дис. автореф.-Түркістан, 2009.-32б.
4. Әділханов.А.С.,Тель.Л.З.,Даленов.Е.Д.,Жаңабердиева М. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушыларына арналған салуатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі "Салауаттану- денсаулықты сақтау"бағдарламасы//Валеология дене тәрбиесі спорт.- 2003.-N 1.-22-56 б.
5. Әліпбек А. Жеткіншектердің салауатты өмір салтында эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы //Қазақстан жоғары мектебі.- 2011.-№2.-30-33б.
6. Байназарова М. Денсаулығы мықтының - ойы да мығым..: "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы //Айқын.- 2011.-30қыркүйек.-6б.
6. Батырғали А. Салауаттылық - өмір салты //Білім технологиялары.- 2012.-№5.-49-50б.
7. Бектұрғанов Ө., Жанпейісов К. Адамның салауатты өмір салты мен қимыл белсендігі//Ұлт тағылымы.- 2010.-№4.-21-25б.
8. Бердашева Г.Б., Дене тәрбиесі болашақ салауатты өмірдің негізі//Валеология : денсаулық және өмірлік дағдылар.- 2010.- №5.- 5-8б.
9. Бөлкенбаева Ә. Салауатты өмір салты //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2012.-№4.-5-8б.
6М010200 - Педагогика и методика начального обучения
Особую значимость эта проблема приобретает в начальной школе, что обусловливается возрастными особенностями младших школьников и их восприимчивостью к воспитательным воздействиям.
Вместе с тем вопросы приобщения младших школьников к здоровому образу жизни как ценности остаются слабо разработанными.
Цель исследования: разработать и экспериментально проверить модель формирования у младших школьников ценностной ориентации на здоровый образ жизни и педагогические условия ее реализации.
Предмет исследования: научно-педагогическое обеспечение процесса формирования у младших школьников ценностной ориентации на здоровый образ жизни.
Методы исследования: системный анализ, сравнение, обобщение, наблюдение, анкетирование, собеседование, эксперимент, статистический метод.
Научная новизна исследования: с использованием системно-деятельностного, аксиологического и личностно ориентированного подходов спроектирована модель формирования у младших школьников ценностной ориентации на здоровый образ жизни; определены педагогические условия формирования у младших школьников ценностной ориентации на здоровый образ жизни; разработана технология формирования у младших школьников ценностной ориентации на здоровый образ жизни.
База исследования: исследование осуществлялось на базе школы-гимназии №1 им.К.Мухамеджанова г. Кызылорда.
Теоретическая значимость исследования: систематизированы научные взгляды ученых к трактовке понятия «ценность», «ценностные ориентации», «здровый образ жизни»; теоретически обоснован механизм формирования у младших школьников ценностной ориентации на здоровый образ жизни.
Практическая значимость исследования.Результаты исследования могут быть использованы в педагогическом процессе общеобразовательных школ при проведении как учебных, тақ и внеклассных занятий, в процессе профессиональной подготовки будущих педагогов.
Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.
Summary
Zhalgasbaeva Gulvira Shergazykyzy
Formation of values in primary school children to take healthy lifestyle
6M010200 - Pedagogy and methods of primary education
The relevance of the research. In the system of universal values, this should capture the younger generation, the fundamental place given to health and a healthy lifestyle.
The special importance of this problem becomes in primary school, which is due to age-primary school children and their susceptibility to the effects of a question.
However, the question of familiarizing primary school children to a healthy lifestyle as values remain poorly developed.
The aim of the research: to develop and experimentally verify the model of the formation of values in primary school children focus on healthy living and educational conditions for its implementation.
The subject of research: scientific-pedagogical support of the process of formation of the younger pupils orientation values for a healthy lifestyle.
Methods of the research: systems analysis, comparison, generalization, observation, questionnaires, interviews, experiments, statistical method.
The scientific novelty of the research: using the system activity, axiological and personality-oriented approach designed model for the formation of values in primary school children focus on a healthy lifestyle, defined pedagogical conditions for the formation of values in primary school children focus on a healthy lifestyle, the technology of formation in primary school children the values orientation a healthy lifestyle.
The base of the research: the study was carried out on the basis of grammar school № 1 after K.Muhamedzhanova in Kyzyl-Orda.
The theoretical significance of the research: A systematic scientific view of scientists to interpret the notion of "value", "value orientation", "healthy lifestyle", theoretically sound mechanism for the formation of values in primary school children focus on a healthy lifestyle.
Practical implications of the research: The results of the research can be used in the pedagogical process in secondary schools during both instructional and extra-curricular activities, the process of training future teachers.
The structure of the dissertation. The dissertation consists of reference, two chapters, conclusion, and bibliography.
Диссертация мазмұны мен нәтижесі төмендегі басылымдарда жарияланды:
1. Бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру// Жансүгіров тағылымы. - Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Талдықорған, 2012. - 126-128б. (М.К.Жайлауовамен бірлестікте)
6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы
16 12 2014
2 стр.
ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері
25 12 2014
4 стр.
Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары
25 12 2014
3 стр.
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
17 12 2014
2 стр.
М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
25 12 2014
7 стр.
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ҚҰзіреттілігін қалыптастыру
23 09 2014
1 стр.
М010300 – Педогогика және психология мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
15 10 2014
1 стр.