Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ӘОЖ 37.035.6: 37.037.1 (574)

Қолжазба құқығында




ӘДІЛБЕК МҰХАН ҚОЖАХМЕТҰЛЫ


Жастарды саламатты өмір салтына ұлттық құндылықтар

негізінде тәрбиелеу

6М010300 – Педогогика және психология мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Педогогика» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педогогика ғылымдарының

кандидаты Г.И.Сейілхан

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор А.С.Аралбаев

Қорғау өткізілді:

Диссертация 20_____жылы «_____» ____________сағат______________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалды Музыка-педогогикалық факультеті, (Мекен жайы: 120014, Қызылорда қаласы, 7 оқу ғимараты, Төле би көшесі 36а, Педогогика кафедрасында №411 ауд.)

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

у

ниверситетінің ғылыми - техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан азаматтарының өнегелі тәрбиесін қалыптастыру бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Өнегелі тәрбиесін қалыптарстыру арқылы азаматтардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қасиеттерін жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030 " жолдауында жан-жақты негізделген.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген. Ал, "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнын ізгілендіру тұжырымдамасында "...жеке адамның саламатты өмір салтын ұлттық құндылыұтан негізінде қалыптастыру, адамгершілік пен саламаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау" - міндеті ерекше аталуы біз көтеріп отырған мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.

Оның үстіне азаматтарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан - жақты зерттеулердің ұлттық құндылықтар мәселесімен тікелей байланысты қараластырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың құндылығын күшейте түседі.

Себебі, жастардың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған. "Саламатты өмір салты" ұғымының педагогикалық термин ретінде ғылымии тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Ал, "ұлттық құндылықтар" ұғымының мәні әртүрлі салаларды қамтитыны белгілі. Бірақ, бұл ұғым педагогика ғылымында категориялық деңгейде анықтамаға ие бола қойған жоқ.

Бір қатар ғалымдардың (В.М Коротов, И.С Марьенко, Р.К Төлеубекова, М.В Новоштова, А.Е Дайрабаева, А.Қ Қисымова, Ж.Б Сәдірмекова, В.А Ким. т.б.) зерттеулерінде жастарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу жан -жақты қарастырылғанымен, оларды оған ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мағынасына көңіл бөлу мәселесі жете ескерілмегені анықталды.

Қазіргі кезеңде саламатты өмір салтына бет - бұрыс оқу - тәрбие жұмысын ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастырып, жастардардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір зерттеулерде қарастырылған. Ол зерттеулердің мынандай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: Ұлттық құндылықтар мәні,тәрбиелік маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам-қайраткерлері мен ағартушы – педагогтар ой-пікірлері мен көзқарастары (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, ҚожаАхметИассауи, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, т.б.); Құндылыққа бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселері (Г.К.Нұрғалиева, Г.К.Байдельдинова, Б.Р.Айтмамбетова, т.б.); Адамсүйгіштік, имандылық қасиеттерге баулу (А.А.Бейсенбаева, Қ.Әтемова, Н.С.Әлқожаева т.б.); Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылар мен студент жастардың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері (Ж.Ембергенова, Б.Қ.Мұхамеджанов, Қ.М.Рахымғали, С.С.Тілеуова, Ю.В.Салов, Г.Ж.Нұрышева, Б.К.Игенбаева,т.б.); Валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселері (А.С.Иманғалиев, А.Ақанов, Ж.Ж.Нұржанова, т.б.); Ұлттық құндылықтардың әлеуметтік - философиялық негізі (С.Нұрмұратов, Е.Әлсатов, Б.С.Ерасов,т.б.); Жас білім алушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді, тәрбиешілерді даярлау А.А.Калюжный, К.С.Успанов, Э.А.Орынбасарова, А.А.Аманжолова, Ж.С.Хасанова Г.А.Мұратбекова, т.б.).

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушылар мен жас білім алушылардың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды.



Жас білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми - әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық орын алып отырғандығы байқалады. Сондықтан, біздің зерттеу мәселеміз ұлттық құндылықтар жүйесін құру арқылы, жастарды саламатты өмір салтына ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу теориялык негіздеу болып табылады. Бұл мәселе біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап, магистрлік диссертация тақырыбын таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны: – жас білім алушылардың (мектеп оқушыларының) оқу - тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні - ұлттық құндылықтарды ескеру негізінде жастардың бойында саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу мақсаты - ұлттық құндылықтар негізінде жас білім алушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды ғылыми тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері мен жаңа заман ғалымдары еңбектерінде ұлттық құндылықтарды жүйеге келтіріп, тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктеп, жас білім алушылардың оқу - тәрбие үрдісіне енгізіп, жас білім алушылардың саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдаланылса, онда ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, саламатты өмір сүру дағдылары қалыптасқан. Адам қалыптастыруға мүмкіндік туындайды, себебі білім алушылардың оқу - тәрбие үрдісі, тәрбиелік шаралар, тәрбиелік жұмыс мазмұны ұлттық құндылықтар негізде құрылады және сол арқылы бүкіл білім бері ортасының тыныс - тіршілігіне оң ықпал жасай алады.

Зерттеудің міндеттері:

1."Ұлттық құндылықтар","Саламатты өмір сүру дағдылары" ұғымдарының анықтамаларын нақтылау;

2.Ұлттық құндылықтар негізінде жас білім алушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін
айқындау;

3.5-9 сынып мектеп оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастырудың өлшемдерін,


көрсеткіштерін және деңгейлерін айқындау.

4.Ұлттық құндылықтар негізінде 5-9 сынып мектеп оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;



Зерттеудің жетекші идеясы: Ұлттық құндылықтар негізінде жас білім алушылардың (мектеп оқушыларының) саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру.Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • "Саламатты өмір сүру дағдылары", "Саламатты өмір салты", "Ұлттық құндылықтар" ұғымдардының мәні анықталды.

  • Ұлттық құндылықтар негізінде 5-9 сынып оқушыларының
    саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.

  • Оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын 5-9 сынып аралағында қалыптастыру динамикасы анықталды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Философиялық танымдык ілімі, жеке тұлғаның даму теориясы, құндылықтар теориясы, іс -әрекет теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар.

Зерттеудің көздері: Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, " Білім беру туралы" Заңы, Қазақстан республикасының "Қазақстан-2030" даму стратегиясы, "Этномәдени білім беру" тұжырымдамасы, т.б.), оқу - әдістемелік құралдар, бағдармалар мен озат педагогтардың іс - тәжірибелері, зерттеушінің өзінің жеке басына тән іс - әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, мектептегі оқу - тәрбие үрдісін бақылау, оқушыларға сауалнама жүргізу, пікірталас, әнгіме өткізу, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, импирикалык жолмен алынған деректерді статистикалық өңдеу әдісі.

Зерттеу базасы - Қызылорда облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, Қызылорда қаласының №12, 140, 136 орта мектептері.

Зерттеудің практикалық құндылығы: "Саламатты өмір сүру негіздері" атты арнайы тәрбие курсының бағдарламасы жасалып, тәжірибеге енгізілді.

Қорғауға зерттеу төмендегі қорытындылары ұсынылады:

- ұлы ғұламалар ой-пікірлері мен құндылықтар және адамгершілік тәрбие теориялары негізінде нақтыланған "саламатты өмір сүру дағдылары";

-"ұлттық құндылықтар" ұғымдарының анықтмалары олардың құрылымдық - мазмұндық жүйесінің сипаттамасы;

-ұлттық құндылықтар негізінде саламатты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері.

- саламатты өмір сүру дағдыларын эксперимент барысында қалыптастыруда тиімділігін дәлелдеген белгілі қағидаларға негізделген әдіс - құралдар жиынтығын құрайтын педагогикалық әдістеме.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі - талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың кезеңділігімен және зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін тәжірибе жүзінде тексеру, практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.



Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.

Білім алушылардың негіздері саламатты өмір сүру дағдыларын ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздеріатты бірінші бөлімде ұлттық құндылықтар жүйесі - оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың негізі, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырудың ғылыми зерттелу деңгейі, мектеп оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар негізінде калыптастырудың теориялық моделі берілді.

Оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар негізінде қалыптастыруға арналған педагогикалық – тәжірибе жұмыстарын талдау атты екінші бөлімде мектеп оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар негізінде пән сабақтарында қалыптастыру, 5-9 сынып оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар арқылы сыныптан тыс шаралар негізінде қалыптастыру, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын рухани – адамгершілік ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру динамикасы берілді.

Жастардың бойына саламатты өмір салты мәдиниетін қалыптастырудың жолдары атты үшінші бөлімде оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, оқушыларды саламатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары көрсетілді.



Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада құндылықтар арқылы оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру мәселелері бойынша анықтауға арналған сауалнама, ата-аналарға арналған сауалнама, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын игеруге көмектесетін ереже, халық даналығының көңілге түйген мына жағдайлары үнемі есіңде болсын, сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі тақырыптары, мысал ретінде ғұлама, ойшыл АБУЛЛАХ ИБН – МОКАФ-тың " ұлым менің..." әңгімесінен үзінді,«саламатты өмір суру негіздері» арнайы курсының бағдарламасы көрсетілген.

Диссертацияның көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, 5-суреттен, 15-кестеден, көлемі 80 - беттен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын рухани – адамгершілік, ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру динамикасы. Қалыптастыру динамикасының негізгі компоненті - оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар арқылы нәтижелі бағалау. Бұл негізгі компонент оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларының құндылықтар арқылы қалыптасу серпінін анықтауға мүмкіндік туғызады. Негізгі аталуына сай «нәтиже - баға» тізбегі эксперименттің нәтижесі мен қорытындысына берілген бағаны анықтайды, сонымен бірге іс-әрекеттің маңызды көрсеткіші болып табылады. Бағалау іс-әрекетінің басқа іс-әрекеттерден айырмашылығы бағалау әсері, бағалау құралы, бағалау нәтижесі секілді көрсеткіштермен анықталады. Бағалау әдісі мақсат пен міндеттерді шешудің тәсілін үш ұғыммен анықтайды: бағалауға деген мұқтаждық, бағалау құндылығы, бағалау мотиві. Бағалау оқушының мінез - құлығына, сана - сезіміне, шығармашылығына, тәрбиелілігі мен білім алу жақтарына әсер ету әдісі ретінде алынады. Мұғалімнің оқушыға берген бағасы мұғалім шеберлігіне байланысты. Себебі, осы бағалау арқылы құндылықтар әлемінің саламатты өмір сүруде қаншалықты маңызы зор екенін білуге болады. Бағалау нәтижесінде іс - әрекеттің қаншалықты қажеттілігі мен қалыптасқандығы анықталады. Жалпы жұмыс негізі Қызылорда қаласының №136мектеп гимназия, №12,140 мектебтерінде өтті. Осы мектептердегі 5-9 сыныптардан эксперименттік жұмысқа 612 оқушы мен олардың ата-аналары қатыстырылды. Эксперимент тобында 352 оқушы, бақылау тобына 260 оқушы қатыстырылды. Мұндағы алынған нәтижелер оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудағы құндылықтардың маңызы үш деңгейде: жоғары, жеткілікті, төмен деңгейлер бірлігі мен деңгейлердің өлшемдері (эмоциялық - сезімдік қасиеттер, өзіндік санасы, сенім - мұраттары, СӨС дағдылары және іс - әрекеттінің сипаты) және оның көрсеткіштері анықталған болатын. Мұндағы жоғары деңгей - рухани - адамгершілік құндылықтардың мәнін жете меңгерген, саламатты өмір сүру дағдысы (өзіндік сана, сенім мұраттары, эмоциялық - сезімдері) қалыптпасқан, өмір сүру жолдарын түсінетін,оны өмірде іс-әрекетте қолдана алатын нәтижені көрсетсе, жеткілікті деңгей нәтижелері - рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні туралы ұғымы бар, бір-ақ саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыруда құндылықтың мән мағынасы барлығын ескермейтіндігін, саламатты өмір сүру жолдарын білгенмен, күнделікті іс-әрекетте сақтамайтындығын көрсетті. Ал, төмен деңгейдің нәтижелері - рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтың мәні туралы ұғымы аз, саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыруда құндылықты ескермейтінін, оны өзіне жасалуға тиісті тәрбие ретінде қабылдайтындығын көрсетті. Зерттеу жұмысы үш кезеңде өтілді. Анықтау кезеңінде жүргізілген сауалнамалар, әңгімелесу, бақылау жүргізу арқылы оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру туралы білімі мен біліктері талданып сарапталынды. Сараптама нәтижесі көрсетілген деңгейлерде оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын құндылықтар негізінде қалыптастыру туралы білімі мен білігі төмен деңгейде екендігін көрсетті.Оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар негізінде қалыптастырудың деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей жұмыс түрлері жүргізілді:

Бірінші - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, меңгерілетін білім беру мазмұнын анықтау, қосымша өзгертулер енгізу. Мақсаты - оқушылардың білімге деген кызығушылығын тудыра отырып, рухани қажеттілігін байыту, өмірге деген құлшынысын арттыру.

Екінші - білім беру үрдісінде оқушылардың жан дүниесіне сезім арқылы рухани адамгершілік құндылықтың негізгі дағдысын қалыптастыру. Мақсаты - оқушының сезімдік сферасын оята отырып саламатты өмір сүруге дағдысын қалыптастыру.

Үшінші - оқушының рухани - адамгершілік құндылық белсенділігін қалыптастыру. Мақсаты - құндылықты ішкі түйсікпен дағдыға айналдыру.

5-9 сынып оқулықтарының білім мазмұньшың күнделікті ұғымдар мен байланыс мазмұны, негізгі пәндік ұғымдарды меңгерту барасында теориялық білімдерге қоса енгізілген қосымша тақырыптардың пәндерде қалыптасуы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа өту барысында күрделеніп берілуі өз нәтижесін берді.Қалыптастыру эксперименті кезінде негізгі мектептердің рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы меңгерген білім, дағдыға деңгейі, көрсеткіштері қаншалықты сәйкес екендігі әңгімелесу, пікір сайыс, диспут, дөңгелек стол, кездесулер сияқты әдістер арқылы зерттелді.

Рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар мазмұнындағы саламаттылық дағдылардың қалыптасуы, оқушылар іс - әрекетінде көрініс беруі осы кезеңдегі эксперимент жұмысының елеулі жетістігі больш саналады. Оқушылардың рухани – адамгершілік, ұлттық құндылықтары арқылы саламатты өмір сүру дағдыларын калыптастыру динамикасы эксперименке дейін келесідей тұрғады көрініс тапты (1-сурет). Мұны зерттеу барысында (В.Б.Олыпанский, Г.К.Нұргалиева, В.С.Леднев, Ж.Ембергенова, т.б.) сияқты ғалымдардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын рухани –адамгершгілік, ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру деңгейінің өзгеруінің салыстырмалы динамикасы анықталды. Қалыптастыру динамикасы кезінде оқушылардың кұндылық жайлы білімі, тәрбиелілігі, саламатты адам болу туралы түсінігі және оған өзінің қатынасы ескерілді. Сондай-ақ оқушылар өміріндегі құндылық басымдылығы мен оны қолдана білуі анықталды.



1- валеология; 2 - биология; 3 - экология

1-сурет. Пәндер арқылы қалыптасу динамикасы (5-9 сынып аралығы) экспериментке дейін

Е с к е р т у: Эксперимент нәтижесіне сәйкес автормен құрылған.


Оқушылардың рухани – адамгершілік, ұлттық құндылықтары арқылы саламатты өмір сүру дағдыларын калыптастыру динамикасы эксперименттен кейін келесідей көрініс тапты (2-сурет)

1- валеология; 2- биология; 3- экология; 4 - СӨС (саламатты өмір салты)

2-сурет. Пәндер арқылы қалыптасу динамикасы (5-9 сынып аралығы) эксперименттен кейін.

Е с к е р т у: Эксперимент нәтижесіне сәйкес автормен құрылған.


Динамика көрсеткендей сынып оқушыларының сыныптан - сыныпқа өту қарсаңындағы өзгерістер эксперимент соңында жоғары деңгей көрсеткенін байкатты. Ал, бақылау сыныптарында деңгей өзгеріссіз қалады.

1- жоғары; 2- жеткілікті; 3- төмен

3-сурет. 5-9 сынып окушыларының СӨС-н құндылықтар негізінде

қалыптастыру динамикасы

Е с к е р т у: Эксперимент нәтижесіне сәйкес автормен құрылған.
Динамикалық көрсеткіште көрсетілгендей, эксперимент кезінде сыныптан тыс жұмыстардың және пән сабақтарындағы қосымшалардың нәтижелілігі жоғары болды. Мәселен, эксперименттер оқушылардың салауматты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру экспериментке дейін деңгейлері -47,3% -50,6%-тен, 21,2% -27,2%-ке төмендесе, жоғары деңгей-20,2%-тен -61,2%-ке өсті, ал жеткілікті деңгей-38,1%-35,7% - тен, 39,7%-47,5%- ке көтерілгенін көрсетті.

Сондықтан, жаңа білім жүйесіндегі пәндерде оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыратын ұғымдар: биология пәндерінде -52,3% - ті құраса, валеология пәнінде - 47,5%-ті, ал, экология пәнінде -40,7%-ті құрайды, ал бұрынғы оқулықта биология пәнінде небәрі - 19,7%, валеология пәні - 17,9%, ал; экология пәні - 11,9%-ті қамтыған болатьш. Олай болса, мектептің білім беру жүйесі «Білім» туралы (1998) заңының сатылы білім беру туралы стандарттың негізіндегі білім мазмұны біздің жұмысымызда пәндердегі ұғымдарды толықтыруға көмегін тигізді. Сонымен бірге мектепте жүргізілетін пәндермен қатар, оқушыларды саламатты өмір сүруге құндылықтар арқылы тәрбиелеуде, оқушыны көздеген мақсатына ұмтылдыруда тәрбие жұмыстары негізінде ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың да мәні зор. Сыныптан тыс жұмыстарға факультативтік сабақтар, арнайы тәрбие курстар мен мектепте өткізілетін тәрбиелік шаралар қамтылды. Эксперимент нәтижесі көрсеткендей, 5-ші сыныпта оқушылар қатысы - 4,2%-ті қамтыса, 9-шы сыныпта олардың деңгейі - 13,8%-ке өсті. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай толықтырылып отырылды. Жалпы, мектептердің де өзіндік ерекшеліктері ескерілді.Мәселен,эксперимент жүргізген мектептерде оку - тәрбие үрдісі түгелге жуық оқушының саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру іс-әрекетіне бағытталды. Әйтсе де, мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне сай нәтиже қала мектептерінде дербес алынды.

Рухани - адамгершілік, ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру эксперименті кезінде катысқан оқушылардың сандық динамикасы (Кесте 1,2,3).
1-кесте. Қызылорда қаласы №136 мектеп-гимназиядан экспериментке қатысқан оқушыларының сандық динамикасы (2011-2012 оқу жылы)


Сынып

Қатысқандары

9 сынып

150 оқушы

8 сынып

150 оқушы

7 сынып

146 оқушы

6 сынып

144 оқушы

5 сынып

144 оқушы

Е с к е р т у: Эксперимент нәтижесіне сәйкес автормен құрылған

2-кесте. Қызылорда қаласы №12 мектептен экспериментке қатысқан оқушыларының сандық динамикасы (2011-2012 оқу жылы)




Сынып

Қатысқандары

9 сынып

150 оқушы

8 сынып

150 оқушы

7 сынып

148 оқушы

6 сынып

146 оқушы

5 сынып

146 оқушы

Е с к е р т у: Эксперимент нәтижесіне сәйкес автормен құрылған

3-кесте. Қызылорда қаласы №140 мектептен экспериментке қатысқан оқушыларының сандық динамикасы (2011-2012 оқу жылы)




Сынып

Қатысқандары

9 сынып

52 оқушы

8 сынып

52 оқушы

7 сынып

48 оқушы

6 сынып

46 оқушы

5 сынып

44 оқушы

Е с к е р т у: Эксперимент нәтижесіне сәйкес автормен құрылған

Экспериментке қатысқан әр сынып 5 (3) сынып кешенімен қалыптасқан.
Сонымен, біз зерттеу барысында алған нәтижелеріміздің қалыптасуын анықтау барысында 5-ші сыныптан басталған эксперимент нәтижелерінің қазіргі таңдағы мемлекеттік білім беру жүйесіндегі стандарт талабына сәйкес келіп, шындалғанына көзіміз жетті. Бұрынғы стандарт жүйесінен, қазіргі білім беру стандартының ерекшелігінің ең басты өзегі оқушылардың денсаулығын қоргау, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып, пәндер арқылы имандылық пен ізгілікті, парыз бен намысты, ар мен ұятты, қайырымдылық пен мейірімділік ұғымдарын құндылық ретінде түсіндіре отырып, оқушыларды саламатты өмір сүруге баулу. Жалпыға бірдей білім беретін оқу орынының типтік оқу жоспарының негізгі сатысы 5-9 сыныптардағы білім салаларына 17 оқу пәндері енгізілген. Сондай - ақ, жалпы білім беретін орта білімнің вариативті компонентіне қосымша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарынан тыс (таңдау бойьшша сабақтар, факультативтік сабақтар, бағдарлы пәндер мен қолданбалы курстар) әр түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары жүзеге асады. Зерттеу экспериментінің нәтижесімен салыстыра отырып, осы білім беру саласьшдағы мемлекеттік стандартқа қойылатын талап негізі біздің эксперимент қорытындысы нәтижесіне сәйкес келетіні анықталды. Түсінікті болу үшін, білім беру стандартының мазмұнындағы «Биология» пәнін оқытудың басты мақсаты мен міндетіне тоқталамыз. «Биология» пәнін стандарт талабына сай оқытудың басты мақсаты - тіршілікті жоғары құндылық ретінде түсінетін, дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің орны мен өмір сүруге біліктілігі бар биологиялық және экологиялық сауатты тұлға дайындау (қараңыз 2.1. бөлімді).

«Биология» пәнін оқытудың басты міндеттері:



  1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, оларда тірі жүйелерге және ең жоғарғы құндылық, мінсіз әсемдік ретінде қатынас жасаудың этикалық,
    эстетикалық нышандарын қалыптастыру.

  2. Биологияны мәдениет құбылысы ретінде таныстыруды қамтамасыз ету.

  3. Биологияның негізгі идеялары мен деректерін, ұғымдары мен теорияларын, олардың өзара байланысын, қалыптасып дамуын, алмасуын
    саналы меңгерту, т.с.с. Биология оқу пәнінің базалық білім мазмұны-тіршіліктің құндылығын, экологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге және де саламатты өмір сүрудің қажеттілігін терең сезініп, қабылдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, білім мазмұнының негізгі сатысына: адам және денсаулық, антропосоциогенез, адам - әлеуметтік тұлға, саламатты өмір сүру негіздері, дұрыс тамақтану, тыныс алу, көбею, даму, адам және ғасыр, адам болашағы сияқты қосымша тақырыптар мен толықтырулар енгізілген. Бүгінгі таңдағы білім мазмұнындағы осындай жаңартулар мен педагогикалық үрдістердегі өзгерістерге біздің осы саладағы зерттеу нәтижелеріміз өзіндік үлес қосады деп сенеміз.

Қорытынды

Біздің зерттеуімізге нысана етіп алған саламатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру мәселелері туралы философия, педагогика, әлеуметтану, психология ғылымдарындағы еңбектерді және негізгі мектепте жүретін пән (жаңа буын) оқулықтарын (дүниетану, дене тәрбиесі, т.б.) мен оқу бағдарламаларын зерделей келе, төмендегідей қорытындыға келдік:

Педагогика ғылымы саласында, оқушылардың саламатты өмір сүру қасиеттерін рухани - адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру қашан да өзекті болғандықтан, оның көптеген ғылыми зерттеулерге нысана болғаны белгілі. Осы мәселенің зерттелу тарихын бүгінгі күнге дейінгі кезеңге жіктедік.

Барлық кезеңде де әдебиеттер мен зерттеулер нәтижесін талдауда, рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар туралы ой-пікірлер өзгеріп, сараланып, өз заманына сай түйінделіп отырған.

Соңғы он жылдықта жалпы адамзаттық құндылықтың өзгеріске ұшырауына сай, адамгершілік қасиет ұғымына құндылықтар, саламаттылық сияқты ұғымдар жанаса бастады. Біздің зерттеуімізде осы терминдердің әрқайсысын категориялық деңгейде қарастырып, аражігін ажыратуға қадамдар жасалды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі - мұнда оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру біртұтас педагогикалық кешен екені дәлелденді.

Зерттеу жұмысымызда оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын рухани - адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері психология, педагогика, философия, әлеуметтану ғылымдары тұрғысынан талданып, нәтижесінде зерттеудің өзегі болып табылатын құндылықтар ұғымның мәні мен мазмұны айқындалды.

Сондай-ақ зерттеулерге талдаулар жүргізілу нәтижесінде оқушылардың саламатты өмір сүру дағдысын құндылықтар арқылы қалыптастырудың бағыт-бағдары айқындалып, оны жүзеге асыру жолдары анықталды. Соған орай, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар арқылы қалыптастырудың өз мәнінде зерттелмегендігі, оның жетіспей жатқан түстарының бар екендігі көрсетілді.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі буынының 5-9 сыныптарында оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай құндылықтарға оқыта отырып тәрбиелеудің қазіргі таңдағы жай - күйі бақылаудан өткізіліп, оның нәтижесіне талдау жасалды. Оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы оқытуға, тәрбиелеуге болатындығы көрсетілді.

Рухани - адамгершілік, ұлттық құндылықтар негізінде саламаттылык өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың мазмұны мен құрылымы пән сабақтары мен тәрбие жұмыстарында жан-жақты қарастырыльш, нәтижесінде оның тиімді жолдары іріктеліп, жіктелді.

Тәжірибелік - эксперименттік жұмыс кезінде оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру деңгейін көтеруге көмектесетін түрлі тапсырмалардан (тақырыптық) тұратын «Саламатты өмір салты негіздері» атты арнайы тәрбие курсы мен оны өткізу әдістемесі ұсынылды.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан дана ғұламалардың бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған ой-тұжырымдары мен өсиеттерін пайдалана отырып, оқушылардың саламатты өмір сүру дағдыларын оқушылар жас ерекшеліктеріне сай құндылықтар арқылы, қалыптастырудың негізгі ұтымды жақтары мен мәні, маңызы ерекшеленіп көрсетілді. Бұл негіздің оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастыруда ықпалы бар екендігі айқындалды.

Рухани - адамгершілік, ұлттық құндылықтар арқылы 5-9 сынып окушыларына арналған, саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың негізіне айқындау үшін, мақсат-міндеттерін, тиімді құралдар мен әдістері арқылы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға арналған ықшамдалған саламатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың моделі жасалды.

Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың толық мазмұны, мақсаты, міндеттері мен әдіс-тәсілдерінің нәтижесі мен корытындысы көрсетілді.

Негізгі мектептің 5-9 сынып оқушыларына саламаттылық өмір сүру дағдыларын құндылықтар арқылы қалыптастыруда қол жеткен нәтижелер негізінде мұндай ұсыныстар жасауға болады:



  • оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларъш рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастырудың маңызын толық жолға қою үшін оқу-тәрбие бағдарламалары мен әдістемелік кешенді жетілдіру;

  • оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру үшін жалпы білім беретін мектептің барлық сыныптарына (ерекшеліктерін ескере отырып) және арнайы орта оқу орындарына арнайы тәрбие курсын енгізу;

  • оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыруды жоғары (бағдарлы) мектептің 10-11 сыныптар шеңберінде зерттеуді жалғастыру.

Қорыта келгенде, оқушыларының саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар арқылы қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы тұрғысында өзінің қажеттігімен, өзектілігімен құнды. Ол қоғам мен адамдардың әлеуметтік сұранысынан талабынан туындап отыр. Олай болса, бүгінгі таңдағы педагогикалық процестің біртұтастылық білім мазмұнына, оны жаңартуға бағытталған ұсыныстарға біздің зерттеуіміз мүмкіндігінше өзіндік үлес қоса алады деп есептейміз.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1.“Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ұлттық ойындардың ролі” Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Атырау, 2011, №4(23). 62-63 бб.

2. “Саламатты өмір салтын қалыптастыру әлеуметтік педагогикалық мәселе ретінде”: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Атырау, 2011, №3(22).125-126 бб.



РЕЗЮМЕ
Адильбек Мухан Кожахметулы
Воспитывать молодых людей для соблюдения здорового

образа жизни с национальными ценностями
6М010300 - Педагогика и психология
В настоящее время соблюдения здорового образа жизни означает организация учебно - воспитательной работы с учетом национальных ценностей, а также определяет необходимости выработки навыков у молодых людей в соблюдении здорового образа жизни.

Актуальность исследовании: История, значения и функция в воспитании молодых людей на основе соблюдения здорового образа жизни тесно связано с проблемой национальных ценности.

Объект исследования: учебно-воспитательный процесс учеников.

Предмет исследования: процесс формирование навыков у молодых людей на основе национальных ценностей.

Цель исследования: организация навыков в соблюдении здорового образа жизни с национальными ценностями с научной точкой зрения , и образовать методологию.

Научный прогноз исследования: если ученые и просветители, деятели общества и ученые XXI века в своих научных трудах будут отражать национальные ценности и будут направлять их на воспитание и становление «человека» соблюдающего здорового образа жизни, тогда учебно-воспитательный процесс учеников, воспитательные меры, значение воспитательной работы будут организовываться с национальными ценностями и с этим он помогает учебному процессу.

Задачи исследования:

1. Конкретизация значения «Национальные ценности» и «Навыки здоровой жизни».

2. Определение теоретических основ в формировании навыков здорового образа жизни с национальными ценностями у учеников.

3. Определение показатели и уровни формировании навыков здорового образа жизни с национальными ценностями у учеников 5-9 класса.

4. Организовать методологию в формировании навыков здорового образа жизни с национальными ценностями у учеников 5-9 класса и проверять его эффективность на практике.

Главная идея исследования: организация навыков в соблюдении здорового образа жизни с национальными ценностями с научной точкой зрения, и образовать методологию дает возможность смотреть с доверием на светлое будущее Казахстана. Направляет ценить жизнь.

Научная новизна и теоретическая ценность исследования:

1. Конкретизировано значения «Национальные ценности» и «Навыки здоровой жизни».

2. Определено теоретические основы в формировании навыков здорового образа жизни с национальными ценностями у учеников.

3. Определено показатели и уровни формировании навыков здорового образа жизни с национальными ценностями у учеников 5-9 класса.

4. Организовано методология в формировании навыков здорового образа жизни с национальными ценностями у учеников 5-9 класса и проверено его эффективность на практике.

Практическая значимость исследования: обработано специальная программа воспитательного курса "Основы здорового образа жизни," и введен на практику.

К защите предоставляются следующие заключении:

- "навыки здорового образа жизни" конкретизировано на основе мнении и нравственности ученых, а также на основе теории нравственной воспитаний.

- значение "Национальных ценности" и описание структурно – содержательной системы.

- модели, показатели и уровни формирования навыков здорового образа жизни на основе национальных ценности.



Структура диссертации: В диссертации заключено введение, три главы, заключения, использованные литературы и приложения.

Во введении написано актуальность исследования, цель, объект, научный прогноз, главная идея, задачи, научная новизна и теоретическая важность, практическая ценность и заключение.

В заключительной части показаны результаты исследования.

Объем диссертации составляют 80 страниц, список 88 наименований литературы, 5 фотографии, 15 таблиц.

SUMMARY
Adilbek Muhan Kojahmetuly
To educate young people with the national values

to keep a healthy lifestyle
6M010300 - Pedagogy and Psychology
Nowadays keeping a healthy lifestyle means the organization of educational work with national values ​​and determines the need to develop skills in keeping a healthy lifestyle.

The urgency of the research: History, values and the function are closely related to the problem of national values in the education of young people to keep a healthy lifestyle.

Object of the research: educational process of students.

Subject of the research: the process of building the skills of keeping a healthy lifestyle with help of national values among young people.

The purpose of the research: organization skills in observing a healthy lifestyle with national values ​​from the scientific point of view, and form a methodology.

Scientific forecast of the research: if scientists and educators, community leaders and scholars of the XXI century will reflect national values in his scientific writings​​, and will direct them to education and the formation of "man" respectful of a healthy lifestyle, then the educational process of students, educational measures, the value of educational work will be organized with national values ​​and it helps to the learning process.

Objectives of the Research:

1. Specifying the meaning of the words ​​"national values" and "healthy lifestyles"

2. Determine the theoretical foundations of keeping a healthy lifestyle with national values ​​among students.

3. Define the levels of keeping a healthy lifestyle with the national values ​​for the students of 5-9 grades.

4. Organize the methodology of keeping a healthy lifestyle with the national values ​​for the students of 5-9 grades and verify its effectiveness in practice.

The main idea of research: to organize the skills in keeping a healthy lifestyle with national values ​​from the scientific point of view, and form the methodology which makes it possible to look with confidence for a bright future of Kazakhstan.

Scientific novelty and theoretical importance of the research:

1. Concretized the meaning of the sentences "national values" and "healthy lifestyle"

2. Defined theoretical basis of keeping a healthy lifestyle with the national values ​​for the students.

3. Defined the ways of entering to keep a healthy lifestyle with the national values ​​for the students of 5-9grades.

4. Organized by the methodology in the formation of a healthy lifestyle with the national values ​​of the students grades 5-9 and tested its effectiveness in practice.

The practical value of the research: done a special program have done for the educational course of "Basics of a healthy lifestyle," and put into practice.

To the protection provided to the following conclusion:

-the term "A Healthy lifestyle" is based by the opinions and morals of scientists, also on the basis of the theory of moral education.

- The meaning "national values" is given and their structure and the content of the system.

- The model, parameters and the levels are given in promoting a healthy lifestyle with national values.



Structure of the thesis: The thesis concluded the introduction, two chapters, conclusions, references and applications.The urgency of the research, the aim, object, scientific prediction, the main idea, problems of the scientific novelty and theoretical importance and practical value, the conclusion are included in the introduction part.

The application provides: the questions, tests that determine the level of knowledge of students.
The volume of the thesis is 80 pages, a list of 88 items of literature, 5 photos, 15 tables.





Әділбек мұхан қожахметұлы жастарды саламатты өмір салтына ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу

М010300 – Педогогика және психология мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

309.13kb.

15 10 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ОҚушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру

ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері

587.27kb.

25 12 2014
4 стр.


Жалғасбаева Гүлвира Шерғазықызы Бастауыш сынып оқушыларының саламатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру

6M010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

339.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдістер

Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үші

64.28kb.

15 10 2014
1 стр.


Шет тілін білгіңіз келсе Қазақстан Республикасының «Білім туралы»

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кә

48.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2011-2012 оқу жылындағы дене тәрбиесі пәнінің берілісі жөнінде есеб і

Нен мұғалімдер Мырзағалиев Ғ және Батабиева а сабақ берді. Гимназия бойынша спортты және дене шынықтыру, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, спортты насихаттауға, оқушылардың ден

72.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Ә. Х. Пірметовтың 20 жылғы

Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру

78.19kb.

25 12 2014
1 стр.


Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына бағытта

Көрнекілігі: Ішкі құрылыстардың макеттері,бет плакаттар,тақпақтар, көрініс,ауру адамның макеті

26.18kb.

12 10 2014
1 стр.