Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдістер

Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал қоғамдық пәндердің алдында тұрған талаптар:



  1. Азаматтық пен елжандылыққа;

  2. Өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрін қастерлеуге, қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  3. Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көз қарасын қалыптастыру;

  4. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Тарих пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру - өмір талабы.

Сапалы білім берудің тиімді жолдары:


  1. Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

  2. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсетіп, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

  3. Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

  4. Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра өту;

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  6. Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);

  7. Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

  8. Әр тараудан соң тест-интервью алу:

  9. Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;

  10. картаны көрсете білу сауаттылығын қалыптастыру. Бірін-бірі картадан оқыту, үйрету арқылы сол елдер туралы түсінігін, қызығушылын қалыптастыру;

  11. Көрнекті және техникалық құралдарды пайдалану;

  12. Мұғалімнің мәдениеті, ақыл-ой және адамгершілік бет-бейнесі. Үздіксіз білімін жетілдіруі.

Жоғарыда көрсетілген талаптардың ішінен өз тәжірбиемді жүзеге асырып жүрген бағыттарыма тоқталайын.

  1. Сабақты жоспарлау кезінде;

а)Тірек білімдер;

б)Жаңа ұғымдар, нені меңгеру керек атап көрсетіледі.

11 сыныпта 7-тақырып Солтүстік Еуропа елдері.

Мақсаты:

1. Солтүстік Еуропа елдеріне ортақ бейтараптылық бағыты.

2. Солтүстік Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру.

3.Финляндия .

Швеция – 50 жылдары бейтараптылық саясат ұстады, соғыс блоктары саясатын айыптады. Швед социал – демократиялық үкіметі Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру бағытын ұстайтындығын мәлімдейді.

Финляндия – 1946 жылы Финляндия президенті Ю.К.Паасикиви, 1950 жылы У.К.Кекконен бейтараптылық бағыты және Солтүстік Еуропа елдерін ядролық қарусыз аймақ деп жариялау бағытын ұстағандықтан оны «Паасикиви-Кекконен жолы» деп атады.



2. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету.

9-сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы. Осы ел туралы білсем деген қызығушылығын тудыру үшін дүниедегі сегізінші кереметтің бірі – Франциядағы Эйфель мұнарасы туралы деректі келтіремін, суретті көрсетемін. 1889 жылы бүкіл әлемдік көрмеге арналып Француз инженері – Эйфельдің басшылығымен салынды. Биіктігі – 300метр, толық салмағы – 9мың тонна.

9-сыныпта «Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында Үндістан туралы өткенде дүниедегі сегізінші кереметтің бірі – Тәж-Махал мавзолейі туралы айту, оны көрсету.

Ұлы Моғалдар әулиетінен шыққан ШаҺ-Жаһан 38 жасында қайтыс болған Мумтаз-Махалдың өсиеті бойынша 630-52жылдары салдырған. Тәж-Махал 5 күмбезді, биіктігі-75метр. Мазардың сырты түрлі-түсті тас , күміс, алтын мозаикаларымен нақышталған. Негізгі үйдегі сағаналар 24 қанат мәрмәр шарбақпен қоршалған.

Осы тараудағы Қытай туралы өткенде «Ұлы Қытай қорғаны» туралы айту. Б.з.б. 221 жылы Император Цинь Ши-Хуанди империяны солтүстік батыс жақтағы көшпелі халықтардың шабуылынан қорғау мақсатымен тұтас қамал қабырға тұрғызу туралы жарлық берді. Шығыстан батысқа қарай созылып жатқан Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 4-5мың км, биіктігі 6,6метр, ірге ені 6,5метр.

Африкадағы араб елдері туралы өткенде бұл елдердің пирамидалары елі екендігі атақты Хеопс пирамидасынан танылады, оның биіктігі 146,59 метр екендігі туралы айту.


3. Шығармашылық күш-қуатын дамыту.

Әр елге байланысты жоғарыда көрсетілген ұғымдар туралы толық мағлұмат алу үшін, алған білімдерін тереңдету үшін энциклопедияны пайдалануға ұсыну және өтіп отырған дәуіріне байланысты материалдарды іріктеп пайдалана білуге дағдыландыру.

Бұл оқушының есінде сол ел туралы мағлұматтың ұмытылмай сақталуына, сапалы білім алуына негіз болады. 9-сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы туралы толық мағлұмат алу үшін, энциклопедиядан Бастилия, Версаль, Марсельеза, Эйфель мұнарасы туралы жазып келуге ұсыну.

Версаль сарайы-өте әдемі алтынмен қапталған, қабырғалары айна, хрусталь люстралы, айналасы бақ, фонтан, гүлзарлар XIV Людовиктің бұйрығымен салынған,

Бастилия-1789 жылы 14 шілдеде абсолютизмнің символы – Бастилияны көтеріліс жасаған халық тұтқиылдан басып алды. Бұл Ұлы Француз революциясының бастамасы болды. Бұл күн Францияның Ұлттық мейрамы ретінде атап өтіледі.

Марсельеза- француздардың революциялық әні. Бұл әнді «Марсельдіктер маршы» деген атпен Марсельдің еріктілер батальоны шығарды. Үшінші Республика кезінде мемлекеттік гимн болып бекітілді.
4. Пән аралық байланыс. Көркем әдебиет. Өнер. Кино.

10-сыныпта, 20-шы тақырып, Монғол Халық Республикасының құрылуы, Коминтерннің атқару комитеті Тұрар Рысқұловты Монғолияға жібереді. Шерхан Мұртазаның «Жұлдыз көпір, Қыл көпір» деген романын пайдалану.

1924 жылы 6 қараша күні Монғол Халық Республикасының бірінші ұлы құрылтайы ашылды. Ұлы Хуралда, сол Республиканы жариялап, Конституция қабылданды. Моғол Халық Республикасының астанасын не деп атау керек деген едәуір айтыс болды. Ұрға деген атының өзі қалсын деді.

Ұрға – монғолша «Орда» деген мағынаны береді. Тұрар Рысқұлов: «Монғол халқы – революцияда жеңіске жеткен батыр халық. Халықтық үкімет құрып, қызыл байрақ көтеріп отыр, ендеше астана аты Қызыл Батыр-Улан-Батор болсын» -деді.

Осы кітап оқуға ұсынылды, сабақпен байланысты тарауларынан реферат жасалды.

10-сыныпта, Қазақстан шетелдік соғыс интервенциясы, азамат соғысы жылдарында деген тақырыпта, 1918жылғы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған атаман Дутов, оның талқандалуы туралы «Атаманның ақыры» киносы туралы айту, киноны естеріне түсіру, қайта көруге ұсыну.

Кинорежиссер – Шәкен Айманов, чекист Чадияров Қасымхан рөлінде-Асанәлі Әшімов.

Қасымханның арғы бетке Дутовтың ставкасына жіберілуі және оның өлтірілуі туралы. Бұл киноны айту арқылы азамат соғысы, атаман Дутовтың Қазақстанда жасаған тағылық әрекеттері, оның Қытайға қашу, жазалануы осы кино арқылы көрініс тапқан. Оқушылар әйгілі кинорежисер –Шәкен Аймановпен, әйгілі киноактер – Асанәлі Әшімовпен танысады.


Жаңа педагогикалық технологияларда инновациялық бағыттарды енгізу.

Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Мен өз іс-тәжірибемде С.Н.Лысенкованың «Оза оқыту», В.Ф.Шаталов технологиясы бойынша тірек-жазба және тірек-конспектісінің көмегі арқылы оқыту тәсілін «Адам және қоғам» пәнінде пайдаланамын.
Сабақтың тақырыбы: Жеке адамдар және топтар арасындағы қатынас.
Адамдар Әлеуметтік топтар


Ұсақ топтар





1.ОтбасыӨзара Туыстық сезім

2. Көршілер Қатынас Тілектестік

3. Достар Негізгі Достық пейіл
Мақсатты топтар

Белгілі бір өнім 1.Бірлік

шығару әрекеті 2.Тартыс

3.Бедел


Номиналдық топтар 1.жақсы

2.Ойлау ерекшелігі

3.Тұрағы

1.Билік


2.Мәртебе

Әлеуметтік алмасу 3. Атақ

4.Даңқ

Жаңа оқыту технологияның тиімділігі сонда, оның элементтері арқылы балмен тиімді жұмыс істеуге болады.

1. Ұжымды жұмыс істеуге болады.

2.Ақпаратты өз бетінше түсінуге бағыттайды.

3.Сабақтын тысқары қалатын оқушы болмайды.

5. Конференция сабақ.

Әр елдің тарихы туралы тереңдете білу үшін, әр оқушыға берілген рефераттарды тыңдау. Өтілген конференциялар:

Ш.Мұртаза «Жұлдызды көпір, Қыл көпір».

Қ.Жұмаділов «Соңғы көш».

Н.Анов «Ән қанатында».

6. Жергілікті жер материалдарын пайдалану.

9-сыныпта «Жоңғар шапқыншылығы» деген тақырыпты өткенде батыр бабамыз-Дәлетбайдың 300жылдық тойы туралы айту. Дәулетбай бабамыз-Жоңғар шапқыншылығында еліміздің Шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған.


Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Ә.Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат»2001ж

2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал



3. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989жыл

4.Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983

Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдістер

Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үші

64.28kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарапайым математиканы оқытудағы әдістер а түсіндіру ж/е көрсету

Бақылау кезінде айырмашылығы немесе ұқсастығына қарай заттар мен құбылыстардың ерекшелігін анықтайтыын тәсіл

20.63kb.

18 12 2014
1 стр.


Тарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру

Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру

86.48kb.

14 09 2014
1 стр.


ӘӨЖ 373 02. 78072 бейіндік мектепте музыка пәнін қазақ Ұлттық аспаптар арқылы үйрету

Жыр – ұзақ белгілі бір оқиғаларды айтатын тарих пәні. Қысса – дастан, кино – фильм театр пәні. 10. Айтыс – жарыс сөз, тіл және демократия пәні. 11.Ән – вокалды музыка дауыстың шебе

40.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Программа Гомуми тарих курсын, Россия тарихы курсын һәм Татарстан тарихы курсын үз эченә ала

Анган, тарих фәне буенча дәүләт стандарты федераль компоненты таләпләре, тр фән һәм Мәгариф министрлыгының №7931, 16 октябрь, 2009 ел “Тарих һәм иҗтимагый фәннәрне укыту турында”гы

167.08kb.

24 09 2014
1 стр.


М.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік

В020300 «Тарих» мамандығының «Жалпы тарих» және «Қазақстан тарихы» пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған

188.76kb.

01 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тарих факультетінің «жалпы тарих» кафедрасы Тақырыбы: Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
1798.87kb.

14 12 2014
7 стр.


Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы

Тиімді коммуникацияға кедергі келтіретін ұйымдастыру бөгеттері. Коммуникативті компетенттіліктің тиімді және шиеленіссіз қарым-қатынасына маңызы

62.63kb.

25 12 2014
1 стр.