Перейти на главную страницу
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
л ежелден әлемнің көп халқына тән Наурыздың мағынасы
Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасын- да Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұш- тастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі индо – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар.
Наурыз неге жыл басы?
ТМД Астрономия геодезия қоғамының толық мүшесі Ж.Сахиев:
Бұл мейрам басқа халықтарға да тән бе?
Көне мейрам Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлайды. Сондықтан да оны халықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп әрқилы атап, тойлаған. Ал енді, Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қазіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп атаған.
Көнедегі Русьте де хрисиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болған. Бұл күні Русь халқы мынандай әдет – ғұрыптар жасаған: 1. Құт құдайының құрметіне деп шырақтар жағып, оны шие ағаштарына ілген.
2. «Түрлі аурулар мен пәле – жаладан сақтайды» деген ырым, сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ пен столдың нақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қойған.
Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісіне бір күн өз орнын берген.
Байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.
Осы дәстүрлер жөнінде кейінгі кезде басылым беттерінде жазылып та жүр.
Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай той-лағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынандай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:
1. Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
2. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
3. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
4. Ескі киімдерін таста-ған.
5. Ескірген шыны аяқты сындырған.
6. Бір-біріне гүл сыйлаған.
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - «күн символын» салған.
8. Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
9. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
10. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
Бұл дәстүрлерге түсінік Мұндағы бірқатар салт-дәстүрлер ежелгі Тәңірлік танымға сәйкес орын алған. Тәңірлік таным бойынша осындағы кейбір нәрселер төмендегідей таңбаларды танытады:
1. Садақ – Кеңістіктің, Ана тектің, Судың таңбасы.
. Оқ – Уақыттың бала- масы ретінде бүкіл Ғалам-ның, Ата тектің, Ағаштың таңбасы.
Түркиядағы Наурыз Түркияның сол кездегі премьер – министрі Тансу Чиллер ханымның тікелей араласуымен, 1995 жылы республиканың ресми мейрамдарының қатарына бай тарихы бар Наурыз мейрамы да қосылғанды. Нау- рыз мейрамы туысқан Түр-кияның түкпір – түкпірінде «Сұлтанай Наурыз», «Нау- рыздың тоғысы», «Наурыздағы мұз бұзылысы» және тағы да басқа атаулармен өткізіледі. Оңтүстік Анадолыда (Ғазиантеп) 22 Наурыз – «Сұлтан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойынша күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғындағы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып, ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін киген жігіт деп те айтылады. Сұлтан Наурыз уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалыптасқан.
Шығыс Анадолыда халық күн теңелген түні Он сегіз мың ғаламның барлық жанды, жансыздары Тәңірге сәжде етеді деп ойлайды. Осы күні табынушылардың бір жылдағы болашағы анықталады деп сенеді. Сондықтан да қаріп - қасірлерге, кембағалдарға жәрдем беріледі. 17 наурыз қарсаңында жасырылған тас арқылы үйдегі қай адамға бақ қонатыны анықталады. Қазақ жеріндегі Наурыз Жас Кеңес өкіметі Наурыз мейрамын халыққа қайта тарту еткенімен, ол 1926 жылы «діни мейрам» саналып, күрт тоқтатылды. Содан, ол халқымызға 1988 жылы әзер оралды. Қазақтардың ежелгі наным – сенімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Қазақтар ұлыстың ұлы күнін жаны – тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады. Адамдар бір-бірімен жылы жүзде амандасып, Наурыз бата береді, Наурыз көже ішеді, араздасып жүрген ағайынды татуластырып, мүсәпір, мүгедектерге жәрдем береді, ұлттық ойындар өткізіп, ән – жыр айтады, күй тартады (өнерпаздар), бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызады. Бұрындары қазақтар таңата биік төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған. Мейрамды ұлықтағандар Көне заманнан бері Наурыз мейрамы, оның салт-дәстүрлері туралы өз еңбектерінде құнды деректерді жазып қалдырғандар, Ұлыстың Ұлы күніне ән-жыр ар-нағандар аз емес. Олардың ішінде Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунәсір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұлама-лары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Наурыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу, харамдыққа жол беру – ауыр күнә. Наурыз мейрамына байланысты атаулар:
Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін!
р күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күнінде:
Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солыңнан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Наурыз қазаққа қалай қайтарылды?
аурызды Қазақстанда тойлау тоқтатылғаннан кейін 62 жыл өткенінде Мұхтар Шаханов бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинге Наурызды халыққа қайтару жөнінде арнайы хат жазды. Және де оған мынандай талап қойды:
Мақтымқұлы:
іржақып Дулатов:
Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл жазғытұрым, қазақ елінде – наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды».
Ардақты ағайын, Әз-Наурыз мейрамы қашанда елімізге ырыс, ынтымақ, бақыт сыйласын!
Главный весенний праздник Наурыз, сохраняя верность древним традициям, столица Казахстана собирается отметить с размахом. Иначе и быть не может, ведь праздник этот особенный. Может быть, кто-то не знает, что 30 сентября 2009 года Навруз ЮНЕСКО включила в Репрезентативный список нематериального культурного наследия человечества. Именно с той поры 21 марта получил прописку в календаре как Международный день Навруз.
22 марта в 10 утра на площади у монумента «Ћазаћ елі» будет дан старт грандиозному театрализованном представлению и праздничному концерту «Наурыз мейрамы». Праздник будет проходить на фоне импровизированного казахского аула, который символизирует единство и благополучие казахстанского народа. В юртах будут продемонстрированы казахские национальные традиции и обычаи. И все, кто придут в этот день к монументу, смогут за праздничным дастарханом отведать наурыз-коже, полакомиться пловом, баурсаками, горячим чаем и десертами на любой вкус.
Сізді Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана 2011 жылдың 17 маусымында Шыңғырлау орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өтетін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аймақта
13 09 2014
1 стр.
Сіздердің назарларыңызға ғылыми кітапханаға 2013 жылдың қаңтар-наурыз аралығында түскен қазақ, орыс, шет тілдеріндегі жаңа басылымдар тізімі ұсынылып отыр
16 12 2014
20 стр.
12 10 2014
43 стр.
Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің 80 жылдық мерейтойына арналған библиографиялық көрсеткіш
14 12 2014
5 стр.
25 12 2014
6 стр.
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б
25 12 2014
10 стр.
М53 Миловская, О. С. Зds Max-ta сәулет және интерьерлер дизайны: оқулық / О. С. Миловская; Ауд. А. О. Жакупова; Қр бғМ. Алматы: Рrint-S, 2012. 325 б. 10 экз
18 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.