Перейти на главную страницу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің 80 жылдық мерейтойына арналған библиографиялық көрсеткішті ұсынады.
Ұсынылып отырған көрсеткіште ғалымның өмірі мен шығармашылығын сипаттайтын мәліметтер, шығармалары және 1958 жылдан 2013 жылдың ақпан айына дейінгі мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларының тізімдері берілген.
Көрсеткіштегі материалдардың орналасу тәртібі:
Библиографиялық көрсеткіш барша оқырман қауымға арналған.
Бұл көрсеткішті шығару барысында 1993 жылы Алматы қаласы, Ғылым баспасынан шыққан ҚР Ғылым академиясының биобиблиографиялық көрсеткіш негізінен толықтырылып, ұсынылып отыр.
АКАДЕМИК Ж. М. ӘБДІЛДИННІҢ ӨМІРІ МЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 1933 жылы 16 ақпанда Павлодар облысы Май ауданының Майтүбек аулында мал дәрігерінің отбасында туған.
1939-1949ж.ж. Павлодар облысы, Май ауданының «Қызыл еңбек» колхозындағы орта мектептің оқушысы.
1949-1954ж.ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті философия факультетінің студенті.
1954-1955ж.ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты.
1955-1958ж.ж. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты.
1958-1960ж.ж. ҚазКСР FA Философия және құқық ииститутының кіші ғылыми қызметкері.
1958ж. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Нақты ұғымның танымдық роль» тақырыбында диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже алды.
1960-1965ж.ж. ҚазКСР FA Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері.
1965 жылдан Қазақстан Республикасы ҒА Философия институтының диалектикалық материализм, диалектика теориясы мен тарихы бөлімінің меңгерушісі, әрі ғылыми кеңесінің мүшесі.
1968 ж. ҚазКСР FA Философия институтында «Теориялық танымдағы бастау мәселесі» деген тақырыпта диссертация қорғап, философия ғылымдарының докторы деген ғылыми дәреже алды.
– Республикалық «Білім» қоғамының философия бойынша методикалық кеңесінің төрағасы.
– «Мәдениет және тарих ескерткіштері жинағының» бас редакторы,
– Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұраларын зерттеу жөніндегі Қазақстан КП ОК комиссиясының төрағасы.
– Бүкілодақтық «Білім» қоғамы лекторларының құрамында Үндістанға барды.
– «Философия, дүниеге көзқарас, практика» мәселесі бойынша Болгария мен Қазақстан философтарының мәслихатында баяндамашы. Алматы қаласы.
– «Ғылыми таным дамуының методологиялық мәселелері» атты ғылыми конференцияда баяндамашы. Алматы қаласы.
1985 ж. Ш. Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына арналған Бүкілодақтық конференцияның баяндамашысы.
– Бүкілодақтық «Білім» қоғамының лекторлар тобын басқарушы ретінде Францияға барды.
– «СССР-Франция. Диалог-89» өкілдігі құрамында Францияға іс сапармен барды. Париж қаласы.
– Яссауи шығармашылығын зерттеудің актуальды мәселелеріне арналған халықаралық «дөңгелек үстелге» қатысты. Түркістан қаласы.
– Абылайханның туғанына 280 жыл толуына арналған ғылыми конференцияда баяндама жасады. Көкшетау қаласы.
– Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясына барған Қазақстан Республикасы ҒА ғалымдары өкілдігін басқарушысы.
– Мұсылман дінінің өзекті мәселелерін талқылауға қосқаны үлес үшін Сауд Арабиясының Королі атындағы сыйлықтың лауреаты.
– Гегель алтын медалімен.
– Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 60-жылдығына орай «Баршаға арналған әділет пен абырой» медальдарымен.
– Қазақстандағы БҰҰ қызметіне баға жетпес үлес қосқаны үшін «Құрмет белгісі» атаулы тақтасымен.
1949 жылы Павлодар облысының Май ауданына қарасты «Қызыл Еңбек» колхозындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Ж.М. Әбділдин С. М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің, философия факультетіне түседі. Студенттік жылдарда оның ғылымға қызығушылығы мен өмірлік мақсаттарының қалыптасуына қырықыншы жылдарда Қазақстанға келген белгілі философтар Н. П. Дардыкин, В. И. Тимоско, М. Н. Чечин және басқа да ғалымдардың ықпалы мол болды. Сол кездің өзінде-ақ ол ғылымға ден қоя бастады, оны ғылымның философиялық проблемалары, диалектика мәселелері, философия тарихы, әсіресе классикалық неміс философиясының тарихы қызықтырды. Университетті үздік оқып бітірген Жабайхан Мүбәрәкұлы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасына түседі, мұнда ол профессор Е. П.Ситковскийдің жетекшілік етуімен «Нақты ұғымның гносеологиялық рөлі» деген тақырыпта диссертациясын жазуға кіріседі. Ол кезде философияда логика мен таным теориясы ретінде ұғылатын, бірақ жеке басқа табынушылық жылдарында диалектиканың категориялары мен «сипаты» жөніндегі белгілі сталиндік қисындарға әкеліп соқтырған диалектикаға деген қызығушылық едәуір болды. Ұғымның, яғни материалылыққа қарама-қарсы әлде бір идеалылықтың нақтылығы жөніндегі тезисті ұсыну мен негіздеу «жылымық» басталған жылдардың өзінде де белгілі бір ғылыми батылдықты, мұраларына жағымсыз көзқараспен қарау әлі жойылып үлгермеген Кант пен Гегельдің философиялық шығармаларына терең үңілуді талап етті.
1958 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғаған Ж. М. Әбділдин республика Ғылым академиясының жаңадан ұйымдастырылған Философия және право институтында өзінің еңбек жолын бастайды, осында ол кіші ғылыми қызметкерден институт директорына дейінгі қызмет сатыларынан өтеді. Елуінші жылдардың соңында, алпысыншы жылдардың басында Философия және право институтында талантты жас философ-ғалымдардың бір тобы жұмыс істеді. Олар – алматылық А. X. Қасымжанов пен Г. А. Югай. Тбилисиден келген М. И. Баканидзе, мәскеулік Л. Қ. Науменколар еді. Ж. М. Әбділдин бас болып осы жас ғалымдар диалектика теориясының актуальды проблемаларын зерттеуді жүзеге асыру үшін шығармашылық топ құрып, бірлесіп жұмыс істеді және көп ұзамай-ақ олар философия ғылымының алдыңғы шебінен табыла білді.
Осы шығармашылық топ жүргізген зерттеулердің алғашқы жемісті нәтижесі ретінде 1963 жылы жарияланған «Таным логикасы мен диалектикасының проблемалары» атты ұжымдық монографиясы деп атауға болады. Бұл еңбек еліміздегі ғылыми жұртшылықтың жоғары бағасын алып қана қоймай, диалектикалық логиканы құруға қосылған елеулі үлес деп танылып, бұрынғы өткен жылдармен салыстырғанда бір қадам ілгері жылжығандық деп бағаланды. Онда таным процесінің әлеуметтік-тарихи шарттылығы, сезімдік және рационалдық танымның белсенділігі, нақты ұғымның табиғаты, диалектикалық және формальдық логиканың арақатынасы сияқты таным логикасы мен диалектикасының принципті мәселелері талдап түсіндірілген. Соңғы мәселелердің шешілуі одан арғы жердегі зерттеулердің негізін қалағаны сөзсіз.
Ж. М. Әбділдин қазіргі физиканың іргетасын қалайтын осы бір физикалық теориялардың ақиқат философиялық рефлексиясы шындықты танудың диалектикалық-логикалық принциптері негізінде ғана (ал, оның маңызды бір сәті бастаманы, алғашқы пункті негіздеу мен бөліп алу екені сөзсіз) мүмкін болатындығын дәлелдеді. Осы монография ғалымның докторлық диссертациясының негізіне алынып, ол оны 1968 жылы Мәскеу қаласында бұрынғы ССРО Ғылым академиясының Философия институтында ойдағыдай қорғап шықты. Қазақстан философтарының алғашқы елеулі табысы, олар жариялаған ғылыми еңбектер жоғары бағаланып, бүкілодақтық мәртебеге ие болды. Мұның өзі 1968 жылы Алматыда диалектикалық логиканың келелі проблемалары бойынша Бүкілодақтық симпозиум өткізуге мұрындық болып, оның жұмысына Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Минск, Ташкент, Тбилиси ғалымдары қатысты және басқа да қалалардан өкілдер келді. Қазақстан Республикасының FA диалектика теориясы проблемаларына талдау жасауда танылған ғылыми орталықтың біріне айналды, соның нақты куәсі бұдан кейін тағы да үш симпозиумның өткізілуі еді. Атап айтқанда 1977 жылы – «Материалистік диалектика – ғылыми танымның логикасы мен методологиясы»; 1982 жылы – «Диалектика және этика», 1990 жылы – «Материалистік диалектика – әлеуметтік шығармашылық пен ғылыми танымның логикасы мен методологиясы» деген тақырыптарда болып өтті. Бұлар логика, таным теориясы мен методологиясы ретіндегі материалистік диалектика теориясын дамытуда, жүргізілген зерттеулердің философиялық-теориялық деңгейінің өсуінде, Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин басқарған Қазақстандағы философтар мектебінің беделін көтеруде, философиялық ілімді насихаттауда елеулі рөл атқарды. Осы симпозиумдардың әрқайсысы алдын-ала жүргізілген қомақты ғылыми зерттеулердің және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының негізінде өткізіліп, өз алғы шарты ретінде монографиялар тізбегі түрінде жарық көрген Ж. М. Әбділдиннің басшылығымен жүзеге асырылған материалистік диалектиканың теориясы бойынша зерттеулердің нәтижесіне сүйенді. Сонымен бірге әрбір симпозиум Қазақстандағы философтар мектебінің творчестволық өсуіне, оның Ресей, Украина, Беларус, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, басқа да республикалардың ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен творчестволық байланысын кеңейтуге он серпін берген жаңа қадам болды да. Бұл шаралap диалектика теориясының проблемаларын шешуде және түсінуде көзқарастардың жақындасуына, диалектиканы шындықты теориялық тұрғыда түсінудің практика жүзінде жаңартудың шығармашылық методы деп қарастыратын ғалым-философтардың қоғамдастығын нығайтуға мүмкіндік берді. Бұл қоғамдастыққа КСРО ҒА-ның академигі Б.М. Кедров, КСРО ҒА-ның корреспондет-мүшесі II. В. Копнин, профессорлар Э. В. Ильенков. Е. П. Ситковский сияқты аға буын философтардың тамаша саңлақтар тобы кірген болатын. Міне, солар Ж. М. Әбділдиннің шығармашылық жағынан өсіп, қалыптасуына жақсы ықпал жасады.
1968 жылдан бастап Ж. М. Әбділдиннің басшылығымен және оның тікелей қатысуымен ғылыми танымның логикасы, гносеологиясы мен методологиясы ретіндегі диалектиканың принциптері мен категорияларын іргелі зерттеу жүзеге асырылды. Бұл проблемаларды ашып көрсетудің негізгі идеялары оның Ә. Н. Нысанбаевпен бірлесіп жазған «Теорияны құрудың диалектикалық-логикалық принциптері» деген көлемді монографиясында берілген және де осы еңбегі қоғамдық ғылымдар саласында тағайындалған Ш. Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықпен атап өтілді. Кітапта берілетін негізгі ой адамзат білімі жүйесінде ғылыми теорияға айрықша орын беріледі дегенге меңзейді. Ол ғылыми ойдың жүйелі дамуының анағұрлым шынайы синтетикалық формасын бейнелейді. Ол кезде философиялық-методологиялық әдебиеттерде ғылыми теорияның мәнін ашуда оның формальды жақтарына баса көңіл бөлінді. Мәселені қарастырудың мұндай әдісі ғылыми білімнің дамуы мен өмір сүруінің нақты процесін шынайы түрде көрсете алмады. Аталған монографияның авторлары ғылыми теорияның қалыптасу, құру және өмір сүру заңдылықтарын логика мен таным теориясы ретінде ұғылатын диалектика тұрғысынан ашып көрсетуді алдарына мақсат етіп қояды.
Бастауын Канттың философиясынан алатын тарихи-философиялық дәстүрлерге сәйкес ғылыми-теориялық ілімнің өлшемі мен мазмұнды принциптері кітаптың талдау объектісіне айналды. Канттың трансцендентальды логика туралы идеясында теориялық білімнің бастапқы формасындағы принциптері берілген, ал Гегель адамзаттың тектік тәжірибесіне сүйенбейінше логика жүйесінде бұл проблеманы приңципті түрде тиімді шешу ешбір мүмкін еместігін көрсеткен болатын. Кант пен Гегель талдамасының көңілге қонатын тұстарын ескере отырып, Ж. М. Әбділдин ғылыми ойдың күрделі формасы ретінде теорияның диалектикалық-материалистік мәнін аша түсті және оны құрудың методологиялық принциптеріне талдау жасайды. Ол теорияны тұтас предметтік қызметтің негізіндегі нақты тұтастықтың рухани қайта жаң-ғыруы деп түсінуді негіздеді.
Теорияны құру шындықтың объективті қайшылығын бейнелейтін ойлаудағы қайшылықты шешу процесі ретінде түсіндіріледі. Теорияны жасаудың жалпы шарттарына зерттеліп отырған предметтік саланы бөліп алу, жүйенің бастамасын, алғашқы пунктін талдау, жалпы принципті, негізгі ұғымды негіздеу, мән мен оның көріну формаларының диалектикалық байланысын, тарихилық пен логикалықтың бірлігін ашу жатады. Теорияны құру абстрактылықтан нақтылыққа қарай қайшылықты өрлеу, субстанцияның өздігінен дамуы нәтижесінде пайда болатын тұтастықты ұғымдар арқылы қайта жаңғырту, аралық буындардың табылуын ашып көрсету ретінде түсіндіріледі. Осы тұжырымдардың барлығы тарихи-философиялық және тарихи-ғылыми бай деректерге сүйене отырып негізделген, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын құру логикасын талдау жолымен, К. Маркстің «Капиталындағы», В. И. Лениннің еңбектеріндегі озық логика үлгілерімен салыстыру арқылы мақұлданып, беріліп отыр.
Бұл кітаптан соң іле-шала «Қазіргі ғылымдағы қайшылық прииципі», «Қазіргі ғылымдағы нақтылық принципінің рөлі», «Ғылыми танымдағы мазмұндылық пен формальдылықтың ара қатынасы», «Ғылыми танымдағы «идея» категориясының рөлі» дейтін ұжымдық монографиялар, сондай-ақ сол диалектикалық-логикалық мәнде жазылған жас философтардың жеке монографиялары жарық көрді. Олардың көбінде диалектиканың категориялары тарихи-философиялық дәстүрлер негізінде және қазіргі ғылымның жетістіктерімен тығыз байланыста талданды. Мұндай еңбектердің жарық көруі Қазақстандағы философтар мектебінің елеулі жетістігінің куәсі еді. Ж. М. Әбділдиннің ғылыми жетекшілігімен, бұл кезде Ә. Н. Нысанбаев, А. А. Ивакин, Н. К. Мұқитанов, М. С. Орынбеков, T. X. Рысқалиев, М. С. Сәбитов, Г. Г. Соловьева және бүгінде танымал болып отырған басқа да ғалым-философтар белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жабайхан Мүбәрәкұлы жас ғалымдардың өсуіне және олардың шығармашылық күш-жігерлерін біріктіруге көмектесе, философиялық зерттеулердің басты бағыттарын анықтай отырып, оларға басшылық жасауды жүзеге асырды, сонымен бірге өзі де белгілі бір ғылыми деңгейде қалып қойған жоқ, үнемі шығармашылық өсу үстінде болды. Ол жоғарыда көрсетілген ұжымдық монографиялардың ең үлкен бөлімдерін жазды, А. С. Балғымбаевпен бірге «Ғылыми танымдағы субъекті белсенділігінің диалектикасы» дейтін кітабы баспадан шықты. Онда диалектикалық логиканың маңызды принциптерінің бірі – қазіргі заманғы философия мен ғылымда аса ден қойылып отырған ғылыми танымдағы субъекті белсенділігінің принципі жүйелі түрде қарастырылды. Субъект пен объект, белсенділік пен бейнелеудің ара қатынасы жөніндегі мәселелер бойынша философтардың пікір таласына қатыса отырып, Ж. М. Әбділдин адам қызметінің мәнін ғылыми түсіндіруге, заттану мен затсызданудың, теория мен практиканың, бейнелеу мен творчествоның, субъектілік пен объектіліктің диалектикасын ашуға ден қойды, субъектінің белсенділігі акиқатқа барар жолда бөгет болмайтындығын, ол объективті және нақты танымның жалпы шарты екенін көрсетті.
Ж. М. Әбділдин бас бола отырып ғалымдардын бір тобы орындаған диалектика теориясы, оның негізін қалайтын принциптер мен категориялар жөніндегі іргелі зерттеулер нәтижесіне орай оларға 1984 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Диалектиканың категориялары мен принциптерін жан-жақты зерттеу, оларды шығармашылық ойлау мен таным формасы ретінде талдау, олардың логикалық-методологиялық рөлін, қазіргі ғылым мен практика үшін маңызын ашып көрсету күн тәртібіне ең басты міндетті – логика, диалектикалық логика ретінде, диалектика категорияларының жүйесін құру міндетін қояды. Ал, Ж. М. Әбділдин жетекшілік ететін шығармашылық топтың қызметі әу бастан-ақ осы мақсатқа жұмылдырылғаны белгілі.
Егерде диалектика ғылым, адамзат дүниетанымының логикасы ретінде танылатын болса, онда ол да ең алдымен өзінің принциптеріне сәйкес дамуға және абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу ғылыми әдісімен құрылғаны жөн. Бұл міндетті жүзеге асыруға барлық қажетті шарттар мен жағдай жасалған болатын, яғни теориялық дайындық та жеткілікті болды, сондай-ақ кадр мәселесі де шешілгенді. Жабайхан Мүбәрәкұлының төңірегіне бұл үлкен ойды тиісті теориялық деңгейде жүзеге асыра алатын пікірлес ғалымдардың үлкен тобы шоғырланған. Жоғарыда есімдері аталғандардан басқа бұл сапқа Қ. А. Әбішев, З. А. Мұқашев, В. И. Ротницкий, А. А. Хамидов, Е. Ергалиев, С. Ю. Колчигин, А. Г. Косиченко, Р. К. Кадыржанов, Н. Ә. Әміреқұлов және басқалар қосылып, жемісті еңбек етуде. Бұл проблеманы күн тәртібіне қоюдың және шешудің принципті де түбірлі мәселесі, атап айтқанда категориялық анықтамалардың өзара байланысы мен ауысып отыруының өлшемін белгілейтін және оның ішкі өзегін құрайтын реалдық негіз туралы мәселе Ж. М. Әбділдиннің К. Ә. Әбішевпен бірлесіп жазған «Практикалық іс-қимыл процесінде ойлаудың логикалық құрылымының қалыптасуы» деген кітабында зерттелді. Онда категориялар адамның заттық практикалық қызметінің формасы ретінде, ал соңғысы ойлаудың логикалық құрылымын қалыптастырудың жалпы негізі есебінде қарастырылды. Сонымен бұл проблема өзара байланысты екі аспектіде қарастырылды: тарихи-философиялық аспектіде ойла категорияларының табиғатын түсінудегі негізгі кезеңдер анықталған, онда аталған проблеманың философиялық-теориялық күрделілігіне және маңызына орай оны күн тәртібіне қою мен мәнін ашып көрсетуде көп еңбек сіңірген Кант пен Гегельге ерекше орын берілген; ал диалектикалық-логикалық аспектіде – бастапқыда таза күйінде, ал кейін бүған қоғамдық қатынастарды қоса тұтастай алғанда қарастырылған заттық-практикалық қызметтің даму процесінде адам ойлауының, оның логикалық құрылымының қалыптасуына талдау берілген. Мұндай зерттеу ойлау категорияларының өндіріс тәсілмен генетикалық байланысын ашуға, әрбір тарихи дәуірдің логикалық бейнесін қайта жаңғыртуға және жалпы категориялардың пайда болуының жалпы механизмін анықтауға жол ашады. Осыдан категориялардың ғылыми негізделген жүйесі тек қана қызметтік принцип негізінде құрылуы мүмкін және ондағы әрбір категория адамның заттық-практикалық қызметінің даму логикасына сәйкес пайда болуы керек деген түйін жасауға болады. Міне, осындай жолмен объекті мен субъекгінің, сапа, мөлшер және өлшемнің, материя мен форманың, жалпының, ерекшеліктің және даралықтың, бүтін мен бөлшектің, мән мен өмір сүрудің, қозғалыс пен дамудың, тағы басқа категориялардың шығу тегі зерттелген.
1985-1987 жылдары Ж. М. Әбділдиннің жетекшілік етуімен авторлар ұжымы «Диалектикалық логика» атты төрт томдық көлемді еңбек жариялады. Мұның өзі Қазақстан философтарының диалектика теориясы бойынша жүргізген көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі болды. Осыған орай Гегельдің әйгілі «Логика ғылымына» іспеттес диалектикалық-материалистік еңбек дайындалды деп айтуға болады. Бұл мәселені Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Киевтің және басқа да ғылыми орталықтардың ғалымдар тобы шешуге ынтыққан еді. Философиялық рефлексияның ең өзекті мәселелерін көтеруге арналған бұл зерттеулердің маңызын айтып жеткізу қиын. Атап айтқанда, дәл осы зерттеулер шындықты ұғынудың терең теориялық деңгейін анықтады, осында неғұрлым маңызды, жалпыға бірдей және аса қажетті сипаттамаларды адам танымы мен практикасы арқылы түсінуге қол жеткізілген. Кітап бойынша Мәскеу мен Алматы философтарының арасында, Бүкілодақтық философиялық симпозиумдарда болған пікір таласы Қазақстан ғалымдарының бұл іргелі еңбегі осы проблематика бойынша жүргізілген зерттеулер ішіндегі ең үздігі екенін көрсетті. Қазіргі кезде Жабайхан Мүбәрәкұлы өзінің әріптестерімен бірге «Диалектикалық логиканың тарихы» атты көп томдық еңбекті жазуға кірісті. Бұл жауапты іске өзін адамның шығармашылық ойлауының құпиясын ашуға арнаған, Ақиқат, Жақсылық пен Сұлулық идеяларына беріле қызмет етуі арқылы жеңіп алынған адам рухының сарқылмас байлығына енуге құқығы барлар ғана кірісе алады.
Ж. М. Әбділдиннің зерттеулерінде логика мен тарихтың, тарих пен бүгінгі күннің, теория мен практиканың іштей тұтасып келуі оның шығармашылық қолтаңбасының ерекшелігін айқындайды. Ол философия тарихына, әсіресе Канттың философиялық шығармаларына үңіле қараумен келеді, оның туғанына 250 жыл толуына орай «Канттың диалектикасы» деген монографиясын шығарды. Белгілі философ-профессор Е. П. Ситковский бұл еңбекті аса жоғары бағалап, оны ұлы неміс философының шығармашылық мұрасы жайында жазылған кітаптардың ең тәуірінің қатарына жатқызды. Жабайхан Мүбәрәкұлы өзінің жас әріптестері – H. Қ. Сейтахметовпен, А. Б. Қапышевпен және Р. Ж. Әбділдинамен бірге «Шығармашылық ретінде еркіндіктің диалектикасы» атты монография жариялады. Біршама ғылыми нәтижелер «Ғылымды логикалық-гносеологиялык талдау» дейтін жинақтан қорытылған ұжымдық еңбекте де берілген. Мұнда негізінен арнаулы әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі ғылымның мәні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеу жүзезеге асырылған. Ж. М. Әбділдин он бестей жеке және ұжымдық монографиялар, 170-тен астам ғылыми мақалалар жариялады. Оның ғылыми жетекшілігімен 5 ғылым докторы, отыздай ғылым кандидаттары даярланды. Көрнекті ғалым-философ ретінде Ж. М Әбділдиннің есімі Қазақстаннан тыс жерлерге де кеңінен мәлім. Ол баяндамашы есебінде соңғы кездегі Бүкілдүниежүзілік философиялық конгрестің барлығының да (1968 жылы Австрия астанасы – Вена қаласында өткен XIV конгрестен бастап 1989 жылы Англияның Брайтон қаласында болған XVIII конгреске дейін), сондай-ақ VIII (Берлин, 1970 ж.) және X (Мәскеу, 1974 ж.) Гегель жөніндегі Халықаралык конгрестердің, И. Кант жөніндегі Халықаралық симпозиумнің (Рига қаласы,1981 ж.) жұмыстарына қатысты. Жабайхан Мүбәрәкұлы философияның әртүрлі проблемалары бойынша өткен халықаралық ғылыми конференцияларда (Лейпциг, 1983; Прага,1984; Мәскеу, 1987 және тағы басқа), сонымен бірге аса көрнекті ойшылдардың: Әл-Фарабидің (Алматы, 1975 ж.), Давид Анахтың (Ереван, 1980 ж.), Ибн-Синаның (Душанбе – Бұқара, 1980 ж.) Ш. Ш. Уәлихановтың (Мәскеу-Алматы, 1985 ж.), М. О. Әуезовтің (Алматы, 1988 ж.), Ахмет Яссауидің (Түркістан, 1990 ж.), Әлішер Науаидың (Ташкент, 1991 ж.) шығармашылығына арналған конференцияларда, қазақтардың Бүкілдүниежүзілік алғашқы құрылтайында (Алматы, 1992, ж.) ғылыми баяндамалар мен хабарламалар жасады. Оның философиялық еңбектеріне жазылған пікірлер Болгарияның, Алманияның, Польшаның, Чехословакияның, Ресейдің, Украинаның және басқа да елдердің ғылыми басылымдарында жарияланды.
Ж. М. Әбділдин ғылымның талантты ұйымдастырушысы болып табылады, ол ғылыми ұжымдарды топтастыра алады, олардың алдына келелі міндеттер мен проблемаларды қоя біледі, оның бойында ұжымдық сезімді дамытатын, басшылық ету жауапкершілігін сезінетін жақсы қасиеттер мол. Ол қандай қызметте де іске берілгендігімен, шығармашылық ойлай алатындығымен, қай мәселені де философиялық тұрғыда түсінуімен ерекшеленеді. Оның басшылық стиліне демократияға кең жол ашумен бірге, ғылымның алдында тұрған міндеттерді айқын түсіне білу, ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының тиімді саналатын жаңа әдістері мен формаларын табуға шығармашылықпен келу тән. Ол республика Ғылым академиясының вице-президенті, қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы ретінде қоғамдық ғылымдар саласын басқара отырып, институттарда зерттеу жұмыстарына тәуелсіз республика жағдайына сәйкес келетіндей бағыт, бағдар беруге ұмтылып келеді. Оның белсенді ықпал етуімен Ұйғыртану, Ә. X. Марғұлан атындағы археология, Мемлекет және заң институттары, Ұйғыртану институтының жанынан Шығыстану ғылыми орталығы, М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанында қолжазба орталығы, Философия институтының жанында Социология және ұлтаралық қатынастар орталығы, Экономика институтының жанынан Қарағандыдағы қоғамдық ғылымдар орталығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Президиум мүшесі, редакциялық-баспа алқасының терағасы, «Республика FA-ның Хабаршысы» және «Республика FA-ның Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналдарының редакция алқасының мүшесі, «Адам». Ғылым. Қоғам» атты республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі, республика Философтар одағының президенті, Республика Ғылым академиясы Философия институты жанындағы докторлық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңестің төрағасы, диалектика тарихы мен теориясы бөлімінің меңгерушісі, осы институттағы ғылыми кеңестің мүшесі міндеттерін де ойдағыдай атқарып келеді.
Академик Ж. М. Әбділдин бірыңғай философиялық-теориялық проблемалармен шектеліп қалмай, республиканың мәдени және әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды оқиғаларға да үн қосып отырады. Ол әртүрлі ғылыми, ғылыми-практикалық және қоғамдық саяси форумдарда сөйлеген сөздерінде, газет-журналдарда жарияланған еңбектерінде мәселені философиялық тұрғыда қарап аңғаратынын білдірумен келеді. Жабайхан Мубәрәкұлы Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және тағы басқа өкілдерінің шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі, сондай-ақ, 30-40-шы жылдар мен 50-ші жылдарда тарих, әдебиет және өнер мәселелері бойынша қабылданған құжаттарды зерттеу жөніндегі комиссияларды басқара отырып, оларды ақтау ісіне, ақтаңдақтарды ашуға лайықты үлес қосты. Ол Қазақстан Республикасының халық депутаты, тарих пен мәдениет ескерткіштерін табу және зерттеу жөніндегі комиссияның төрағасы, Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, шет елдермен достық және мәдени байланыс жасау жөніндегі Қазақ қоғамы Президиумының мүшесі ретінде көптеген қоғамдық-саяси жұмыстар да атқарып келеді. Оның ғылыми және қоғамдық-саяси қызметі жоғары бағаланып, ол Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен наградталды. Жабайхан Мүбәрәкұлы 1983 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып, сайланды. 1992 жылдың аяғында оған «Қазақстан Республикасының ғылымға енбегі сіңген қайраткері» деген атақ берілді.
Ж. М. Әбділдин – ғылымға шын берілген, өзінің барлық күш-жігері мен талантын, айырықша қабілетін осы жолға арнаған адам. Қазақ халқы даналығының рухында тәрбиеленген Жабайхан Мүбәрәкұлы адамгершілік мәселесінде солқылдақты білмейтін, жаны таза кісі. Ол өзінің маңайында шығармашылық ахуал орнықтырып, адамдарды қайнаған энергиясымен, оптимизмімен, ақылға салып, адамгершілікке жүгінетіндігімен тәнті етеді.
М.С.Сәбитов
философия ғылымдарының докторы
К.Н.Балтабаева
тарих ғылымдарының кандидаты
Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің 80 жылдық мерейтойына арналған библиографиялық көрсеткіш
14 12 2014
5 стр.
Сіздердің назарларыңызға ғылыми кітапханаға 2013 жылдың қаңтар-наурыз аралығында түскен қазақ, орыс, шет тілдеріндегі жаңа басылымдар тізімі ұсынылып отыр
16 12 2014
20 стр.
Сізді Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана 2011 жылдың 17 маусымында Шыңғырлау орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өтетін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аймақта
13 09 2014
1 стр.
«Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша студенттеріне арналған тестер
09 10 2014
1 стр.
Сиқырлы сөз шебері: жазушы О. Бөкей туралы. Ұсыны-латын әдебиеттер тізімі / П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана. Ақпараттық-библиографиялық бөлім
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
12 10 2014
43 стр.
25 12 2014
6 стр.