|
Информационно-справочный материал
|
|
Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб құру туралы БАҚ-на ақпарарттық материалдар
|
|
|
|
|
-
Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб дегеніміз не?
Өңірлік хаб ТМД және Орталық Азия елдерінде мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе, білім және ақпарат алмасу үшін көп тарапты алаң болады.
Өңірлік хаб – Агенттік пен БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен құрылды. Астанада мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хаб құру идеясын Мемлекет басшысы қолдады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Өңірлік хабты құру жөнінде Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Өңірлік хабтың міндеті:
- ынтымақтастықты және үздіксіз тәжірибе алмасуды күшейту;
- өңір мемлекеттеріндегі мемллекеттік қызметтің ағымдағы реформаларын талдау, сондай-ақ, жалпы тиімді шешімдерді іздестіру;
- сарапшылардың желісін құру және оның мүмкіндігін күшейту;
- бірлескен бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру;
- аймақтарда халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге көмек көрсету.
-
Мемлекеттік қызмет саласында білімді шоғырландыру
Орталықтардың және ЖОО-ның ең үздік атқарылған жұмыстары пайдаланылатын Өңірлік хаб – ғылыми-зерттеу құрылымдық желісінің орталығына айналады.
Хабқа қатысушы елдер мемлекеттік қызмет саласында білім және тәжірибе алмасатын болады.
Сонымен бірге, Өңірлік хабта өңір мемлекеттерінің мемлекеттік қызмет саласында тиімділігін жоғарылатуға шоғырланған озық білімдер пайдаланылатын болады.
Мемлекеттік қызмет саласында білім және тәжірибе беру БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
-
Диалогтық алаң
Өңірлік хаб шеңберінде ұлттық және шетелдік сарапшыларды қатыстыра отырып конференциялар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық пікірталастар және т.б. ұйымдастырылады.
Өңірлік хаб қатысушы елдердің мемлекеттік қызмет саласында практиктер, ғалымдар және сарапшылар үшін диалогтық алаңға айналады.
Диалогтар негізінде өңір мемлекеттерінің мемлекеттік қызмет мүмкіндіктерінің дамуына бағытталған бірлескен шешімдер әзірленеді.
-
Институционалдық негіз
Хабтың жедел жұмыс жасауына үнемі Хатшылық әрекет жасайтын болады, сондай-ақ, БҰҰДБ рәсіміне сәйкес қызметкерлерді іріктеу жүргізіледі.
Өңірлік хаб шеңберінде өңір мемлекеттерінің мемлекеттік қызмет мәселелері жөнінде кәсіби және сараптамалық желілердің мүмкіндігі нығаятын болады.
Өңірлік хаб құру шеңберінде мыналар жоспарлануда:
-
мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған өңірлік электрондық журнал жарияланады, оның редакциясы Қазақстанның мемлекеттік басқару Академиясында болады, журналдың редакциялық алқасы өңір мемлекеттерінің қатысушыларынан құрылады;
-
мемлекеттік қызмет мәселелері жөнінде электрондық кітапхана және электрондық портал құрылады. Осы ресурс бойынша халықаралық тәжірибе шоғырланады, мемлекеттік қызмет саласында ақпарат және тәжірибе алмасу болады.
-
Өңір мемлекеттерінің мемлекеттік қызметшілерін оқыту және дайындау
Өңірлік хаб шеңберінде:
-
Өңірлік хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілер үшін курстар және семинарлар, үйрететін іс-шаралар;
-
Өңір мемлекеттерінің мемлекеттік қызмет басымдықтарына бағытталған бірлескен білімдік бағдарламалар және жобалар әзірленетін және өткізілетін болады.
-
Ғылыми зерттеулер
Өңірлік хаб шеңберінде мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері жөнінде ғылыми зерттеулер өткізілетін болады.