Инвесторларға қызмет көрсету орталығының
2012 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат
2012 жылғы сәуір айында «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ жанында
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды. Орталықтың басты мақсаты инвестиция тарту және облыстың инвестициялық климатты жақсарту.
Облыс әкімшілігі Инвесторларға қызмет көрсету орталығымен бірлесіп төмендегідей жұмыстар жүргізді:
2012 жылы сәуір айында Абу Даби Аэрпортс өкілдерінің Шымкент қаласына іссапарында қала әуежайының жаңа пассажирлер терминалының құрылысы талқыланды.
Мамыр айында Францияның Қазақстандағы елшілігінің қорғаныс жөніндегі атташесі полковник Кристиан Бартленнің Шымкент және Қызылорда қалаларындағы іссапарында Шымкент қаласы әуежайы және теміржол станцияларының мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен қатар, Түркия Республикасының Бас консулы, Италияның төтенше және өкілетті елшісі Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапарда болды. Облыс әкімдігі мен «BT-Invest» ЖШС арасында өзара түсіністік жайында меморандумға қол қойылды.
22-25 мамыр күндері V Астана экономикалық форумында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық ахуалы бойынша презентация жасалынып, түрік «Агрокаен» және «Трафомаг» компанияларымен меморандумға қол қойылды.
2012 жылғы 5 маусымында Францияның Қазақстандағы елшілігінің қорғаныс жөніндегі атташесі полковник Кристиан Бартлен бастаған делегацияның іс-сапары барысында Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстаннан мультимодальдық жүк транзиты мақсатында Шымкент қаласы әуежайы және теміржол станцияларының мүмкіндіктерін қарастырды.
19-21 маусым күндері Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Пэк Чухен мырза және елшінің кеңесшісі Ли Бенг Хунмен кездесу өткізіліп Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық ахуалы және мүмкіндіктері таныстырылды.
20 шілдесінде Түркия Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі өкілі мен 40 жуық түрік кәсіпкердің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым шаруашылығы жөнінде бизнес-форум ұйымдастырылды.
6 тамызында Түркиялық «Санко» текстиль компаниясының өкілдерінің Шымкент қаласына іс-сапары ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында «Ютекс», «Oxy Textile», «Хлопкопром» компанияларының басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып, ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.
15 тамыз күні Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консулы Шымкент қаласына іс-сапары барысында кездесу өткізіліп Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық ахуалы және мүмкіндіктері таныстырылды.
Қыркүйек айының 3-7 аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі Н.Сауранбаевтың басшылығымен Түркия Республикасына іс-сапар ұйымдастырылды.Облысымыздан әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевқатысты. Делегация іс-сапар барысында Қазақ-Түрік индустриалдық аймақ туралы өткен бизнес-семинарға қатысып, түрік кәсіпкерлеріне облыстың инвестициялық ахуалы туралы ақпарат берілді.
27-28 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен Германиянің экономика күні іс-шарасына облыс әкімдігінің және кәсіпкерлері қатысты. Іс-шара барысында неміс компанияларының өкілдерімен танысып, Гермения экономикасының өкілдігі қызметкерлерімен ынтымақтастық туралы пікір бөлісті.
Қазан айында түрік «Сарай Халы» компаниясының өкілдерінің облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевпен кездесу өткізіліп, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері талқыланды.
Қараша айында Тараз қаласында өткен «Тараз-2012» халықаралық инвестициялық форумға облыс әкімдігінің өкілдері қатысты.
Үндістандық «Меркатор» компаниясының өкілі Сант Сингх мырза, облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Үндістандық компания Созақ ауданы, Тайқоңыр ауылында күкірт қышқылын өндіру жобасын қолға алуда. Жобаға салынатын инвестицияның көлемі 55 млн. АҚШ доллар.
Оңтүстік Кореялық «Инвестициялар және сауда агенттегі «Котра» өкілдерімен және Кореяның Қазақстандағы шағын және орта бизнес ассоциациясының Президентімен кездесу өткізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктері таныстырылды.
21 қараша күні түрік «Гюльбудак» және «Бадемли Кооператив» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіліп, бау-бақша шаруашылығында қажетті көшет жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
29 қараша күні «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында туризм кластерін дамыту жөніндегі республикалық кеңес өткізілді. Кеңес аясында ОҚО-да туристік мүмкіндіктер жайында презентация жасалынды.
12 желтоқсан күні Ирандық «Кайсон» компаниясы өкілдерінің облысқа іс-сапары барысында Сауда логистикалық орталық (СЛО) құрылысы жобасын жүзеге асыру жөніндегі мәселелер талқыланды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылуы күтілуде.
Корея Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Сон Чхи Кын мырзаның Шымкент және Түркістан қалаларына іс-сапары барысында ОҚО әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында облыстың инвестициялық ахуалы және ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды.
Малайзия Елшілігінің Сауда Атташесі Али Шер мырзаның облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Малайзиялық компаниялармен ортақ жұмыс жасау бойынша ақпарат алмасып, ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Осы жылдың қаңтар айында 7-8 Малайзиялық құрылыс компаниялары Шымкент қаласына іс-сапармен келеді. Олардың ішінде заманауи базар құрылысында маманданған компаниялар да бар.